Фотометрия
Жылаттың сен,
Жұбаттың сен,
Жүдеттің,
Көлеңкелі шын бейнесін аптамның.
Тым құрыса тұтқын болған жүректің,
Жазығы не?
Соны айтсаншы қатпар мұң.
Жарқыратшы,
Барша әлемді дәл қазір.
Ағын өтсін…
Арманыма бұрылып.
Сәуле шашып, қадам басып алға жүр,
Жарық беріп, алып келіп, тығылып.
Қайғы десең…
Қателестің, шатастың.
Оны айтатын, молайтатын құрғақ зіл.
Ол бір сезім…
Заң серігі — қақас күн.
Ол бір сезім…
Жан серігі — жұмбақ жыр.
Тыныштыққа бойлап барса —
Толқыны…
Ғаламшардың мынау жатқан назы елес.
Тұншықтырса мені ойларым…
Сол түні.
Сұрасандар жағдайымды…
Мәз емес.
Жүрегімді жұртшылыққа байлатпай,
Жүрсемдағы
шырпы ойлармен шырмаусыз.
Санам көктен сырғи түскен айғақтай,
Тоқайласқан тұжырымсыз.
Тұрлаусыз…
Мазалаған
Мекен-жайсыз сұрақтар —
Балғын бақыт байлығымның балқуы.
Тереземді тұмшалаған сынақтар —
Титықтатқан
Тағдырымның тартуы…
12.11.20
Суық сезім
Жанымды келіп жылытасың ба?
Мұз қатқан суық сөздеріңменен.
Әлде сен мені ұмытасың ба?
Сезімді адал сезгенінменен.
Тербетті сол бір жанды уақиға,
Келеді содан көңілім өсіп.
Телефоныннан мәңгі бақиға,
Қалса екен деймін нөмірім өшіп.
Өмір дегенін қас-қағым.
Шегін!
Тосқауыл күтсе қастық та қалған.
Бұл күнде әлі жастарың сенің,
Кеппеген шығар жастыққа тамған.
Отырам үнсіз көне күнді алсаң,
Шындығың сенің «ей»- десе маған.
Түсіңде мені көретін болсаң,
Сол кезде ғана сөйлесе алам.
Жалғыздықпенен достасайыншы,
Кеткесін бағым тым қылмай қылық.
«Сау бол»- деп қана қоштасайыншы,
Сауалын сенің ұмтылмай тұрып.
Қайраттың бәрін басу күштің де,
Таусылар демі…
Бастырма төзім!
Отырған болсаң ашу үстінде,
Тапталып жатыр астында сезім!!!
Өшті сезімім, атырап таңым,
Жанған отымның күліндей болып.
Сенің де түсті жапырақтарың,
Ерте көктемнің гүліндей солып.
2020.
Күз де кетіп барады
Дер кезінде қалыппыз алтын ішіп,
Қиналуда негізсіз нарқым үсіп.
Көне қыс қолын бұлғап қарап тұрса,
Күз де кетіп барады алқымы ісіп.
Шаңқай түсте шайқалып шаңырақтар,
Қара бұлттар көшуде тағы қаптар.
Күннің қысқы тоқырау нүктесіне,
Күз де кетіп барады сары мақпал.
Күн нұрына көміліп күйіктері,
Жылап, сықтап қарап тұр сүйікті елі.
Жалғыздықтан жан ұрып жүрген кезде,
Күз де кетіп барады қиып мені.
Қырық күн көрсеткенде ала қырсық,
Ақ қайыңдар қалуда жаңа бүрсіп.
«Енді өзіме келемін»- деп жүргенде.
Күз де кетіп барады маған ұрсып.
1.11.2020
Сен берген гүл
Түн жарым…
Жұлдызды аспан, жыр жалын…
Әперуге, әкелуге,
Құмар екен мың зарын…
Жетегінде, етегінде,
Салғырттықтың жүр жаным.
Негіз көп,
Сені ойлауға… «Теңіз» деп —
Аялдадым, баяндадым,
Үміт дейтін егіз кеп,
Қалың тұман арасынан
Бәрі де жүр сені іздеп.
Елден мен,
Бөлек болсам ерленген.
Арыс түсім, намыс күшім,
Жығылмастан жел берген.
Сағыныштың қуатты отын,
Жұлып алдың кеудемнен.
Қайдасың?
Сені таппау — ойға сын.
Дақыл бердің, жақын келдің,
Қанатымды жайғасын.
Алаяқтар қызғануда,
Асыра алмай айласын.
Тоныпты…
Барлық әлем оны ұқты.
Тек елесін жебемесін…
Одан ақын қорықты.
Сол көктемде сен берген гүл,
Осы күні солыпты.
Менің үнім
Естілсін аласұрып,
Шырағы жаңа ашылып.
Күн көрген көздер болса,
Келбеті дара шығып.
Талықсып төзген болса,
Хикаят кезген болса,
Болады арасы нық.
Менің үнім
Кетпесін құлақтардан,
Еді ғой тұрақталған.
Құмар ма ұшыруға?
Желегі жыраққа арман.
Лайық деп ысылуға,
Болмайды ұсынуға,
Нәр алған бұлақтардан.
Менің үнім
Жаңғырық жалғастырып,
Төрімде малдас құрып.
Отыр ғой шындығында,
Арқама қар бастырып.
Шөгіліп шылбырымда,
Сөзімнің сұмдығында,
Алмайын алмастырып.
[14.01, 20:00] Ulagat.com: Жұмыр жүрек
Көніп жүрген,
Не болса да азабын көріп жүрген.
Өзіме өз үнімді төгіп зілмен,
Ойымның таптаурынын бөліп жүрген,
Қызғыштай қамымды ойлап қорып жүрген,
Жұмыр жүрек.
Жолықтырған,
Мендегі оймен арасын көрік қылған.
Дәті бармай қарауға төніп қырдан,
Дәл қазіргі сәтте де тоңып тұрған,
Секунд сайын дүрсілдеп соғып тұрған,
Жұмыр жүрек.
Асырумен,
Бағамды күнде беріп басылумен.
Жеткізуге миыма асығумен.
Шұғыласын жинаған шашылумен,
Сырларымды сақтаған жасырумен,
Жұмыр жүрек.
Қорғасындай,
Берік болған әрдайым жан қашырмай.
Мөлдір таза бұлақтың арнасындай.
Жүргеніне мән бермей таңда ашылмай,
Шабытымның серігі жан досымдай,
Жұмыр жүрек.
Ептелмеген,
Болсам да кейбір кезде көп терлеген,
Асыра көріп тұрар өктем менен.
Ұясының қасында көктем деген,
Мені ешқашан шырылдап, жек көрмеген,
Жұмыр жүрек.
Тайдыратын,
Есімнен де белгісіз жәй құратын.
Қылдыруға беттеген айбын ақын.
Өзіңсің шауып келген айғыр атым,
Мен үшін керек болса қайғыратын,
Жұмыр жүрек.
Жыр дәурен
Жазамын,
Шер көрмеген шаттығымды,
Сайратса жөн болғаны жақ тілімді.
Қазағым,
Көрген кезде тапқыр үнді,
Санасақ қарапайым тәтті күнді,
Белеске жеткізуде бақ құлынды.
Арманым,
Сан параққа симай селмен нұр берген,
Артқа қайтпай шаңға бөккен жыр керуен.
Жалғадым,
Бабалардың ұлы жолын гүлденген,
Жырлаймын деп жанарыма мұң келген.
Жүз барлап,
Астарлы өлең «жаза алдым ба?»-деп күнде,
Шимай шатпақ қылуға ойым жоқ мүлде.
Қызғалдақ,
Сезімімнің қор болмауын көп түрде,
Қалап жүрдім жыр жел беріп шоқ тілге.
Қайта ашам,
Жинақ бетін кітабымның сый тұрған,
Басыма өзім болмасам да қиқым жан.
Байқасам,
Секілденіп көкейіме күй тұнған,
Оятады өз туындым ұйқымнан.
Жан етіп,
Шығаратын тұлғалығы дауды өрген,
Еңбек қылар жастайынан қау реңнен.
Әкетіп,
Бара жатыр өрнекті өлең дәуреннен,
Жастық шағым — емес кезім жау көрген.
Қазыбек Жалғас Серікболұлы — жас ақын. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жарық кентінің тумасы. Абай атындағы РММИ-дің 9-шы сынып оқушысы. Халықаралық, Республикалық, Облыстық байқаулардың жеңімпазы. Өлеңдері Республикалық басылымдарда тұрақты түрде жарияланып тұрады.