Қарындастарыңды қадірле!
Баяғыда Қорқыт ата қырық жыл өлімнен қашқан екен. Ажалға айла таптырмай ұзақ жасапты.
Өлімге себеп болар барлық апаттың алдын алып, Аралда қобызын зарлатып отырады екен.
Оған шәкірттері тостағанмен ас әкеліп тұрыпты.
Бір күні қарақұрт тостағанға жабысып Аралға өтіп кетеді. Қорқыт ауқаттанып отырғанда өрмекші башпайын шағып алады. Қорқыт қарақұрттың уынан ісініп, дірілдеп, жаны алқымға келеді.
Соңғы демі үзілер шақта шәкірттеріне:
– Мені кебіндеп жерлегенде сол аяғымның башпайларын көмбей, сыртқа шығарып тастаңдар, – деп өсиет айтады.
Шәкірттері:
– Баба, неге олай дейсіз? – дейді.
– Себебі бозбала шағымда сол аяғымның башпайы қарындасыма тиіп кетіп еді. Қарындасына қолы не аяғы тигендердің көрдегі азабы қатты болады.
Осы қателіктің өкініші өзекті өртеп кетті. Көмілмеген аяғым кейінгі ұрпаққа өнеге болсын.
Қыз балаға қол көтермеңдер. Құдайдың қаһарына ұшырайсыңдар, – депті жарықтық…
Қызы жақсыны қыдыр қориды, қызы жаманды сайтан ториды.
Қыз берген жерге дау жүрмейді.
Қыз деп төріне шығарып сыйлайтын,құрметтейтін аға болайық!
Қашанда қыз-келіншектеріміз қылықтыда, көрікті болғай!
Манарбек Бисекенов.