Елдік пен ерліктің киесіндей…
Бір дауыл сапарды кеп өрт теңізін
Теңселтіп темір топан дүние жүзін.
Бетінде туған жердің өшпестей ғып,
Ер жазды өз қанымен жүрген ізін -деп Қасым Аманжолов атамыз айтқандай, Бауыржан Момышұлы ерлігін бүкіл қазақ мақтан етеді.
Бауыржан Момышұлы 1910 шы жылы 24 ші желтоқсан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мұңбұлақ ауылында қарапайым мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. Ол мектепті бітіргеннен кейін шалғай ауылдардың біріне мұғалім болып барады. 1932 жылы әскерге шақырылды сол жақтан 1941-ші жылы соғысқа атанады. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірі өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Бауыржан Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Баукең – әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат. Қазақтың Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі. Соғыста 207 рет шабуылға шығып, бірнеше рет жараланып тірі қалғаны, өмір бойы ешкімге бас имей тек өз ар-намысының ғана құлы болғаны, халқының қамын ойлап, болашағы үшін күресіп өткені, өмірдегі өзі арқалаған ауыр жүгін, қоғам алдындағы өз парызын терең түсінгені – осының бәрі Баукең шығарған қанатты сөздердің қайнар бұлағы. Баукеңнің нақыл сөздеріне айналған, оның басынан кешкен жайттары ғана емес, өмірден көріп білгені, көкірек-көңіліне түйгені, жүрегіне ұялағаны, қоғамға, болашаққа деген ой-пікірлері.
Халқымыздың тау тұлғалы азаматтары аз емес, десек те Бауекеңнің орны бөлек. Ары қарай заңғар тұлғаны таныстыру да артықтық етеді деп білем. Біздей бала буынға ол кісіге қарап бой түзеу әрі соған ұқсау бұл бір – ғанибет!