Қоғамның рухани өмірінің ерекшелігі
Рухани қызмет
Қоғамның рухани қажеттіліктері мен тұтыну
Қоғамның рухани өмірі – қоғамның өмір сүруі мен қызмет етуінің маңызды жағы болып табылады. Егер де, ол бай мазмұнға ие болатын болса, онда адамдардың өміріне қолайлы рухани жағдай, тиісті моральдық-психологиялық климат қалыптасады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнына оның нақты адамилық мәні айқындалады. Өйткені руханилық тек қана адамға тән және оны басқа тіршілік иелерінен ажырататын, табиғаттан жоғары қоятын қасиет.
Қоғамның рухани өмірі өте күрделі ұйымдасқан. Ол адам санасының әр түрлі көріністерімен, олардың ойлары мен сезімдерімен шектелмейді, бірақ, олардың санасы рухани өмірдің өзегі, тірегі деуге толық негіз бар. Қоғамның рухани өміріне келесі негізгі элементтерді жатқызуға болады:
а) тиісті рухани құндылықтарды өндіру мен тұтынуға бағытталған адамдардың рухани қажеттіліктері;
б) рухани құндылықтар;
в) рухани қызмет;
г) тұтас рухани өндіріс жүйесі;
д) рухани тұтыну;
е) рухани қатынастар.
Рухани қызмет рухани өмірдің негізін құрайды. Оны сананың қызметі ретінде қарастыруға болады, оның барысында адамдардың табиғи және әлеуметтік құбылыстар жөнінде бір ойлары мен сезімдері, ұғымдары мен түсініктері қалыптасады. Мұндай қызметтің нәтижесі ретінде адамдардың дүние туралы белгілі бір
көзқарастарын,
ғылыми идеялары мен теорияларын,
моральдық,
эстетикалық және діни ой-пікірлерді қарастыруға болады.
Бұлардың бәрі тиісті моральдық принциптер мен мінез-құлық номаларында, халықтық және кәсіби өнер туындыларында, діни жол-жора, салт-дәтүрлерде және т.б. көрініс табады. Рухани қызметтің нәтижесінде тиісті рухани игіліктер немесе құндылықтар қалыптасады. Рухани құндылықтарға адамдардың кез келген көзқарастарын, ғылыми идеяларды, гипотезалар мен теорияларды, көркем туындыларын, моральдық және діни сананы, адамдардың рухани қарым-қатынасын дәне сананың негізінде қалыптасатын моральдық-психологиялық жағдайды жатқызамыз. Рухани құндылықтарды тарату, тұтынушыға дейін жеткізу рухани қызметтің ерекше бір түрі болып саналады. Бұл, олардың сауаттылығы мен рухани мәдениетін арттырудағы өте маңызды әрекет. Осыған байланысты қоғамдағы білім беру мен тәрбие мәселесі, ғылым және мәдениет мекемелерінің қызмет етуі дұрыс жолға қойылу керек.
Адамдарды рухани қызметпен айналысуға итермелейтін негізгі күш – рухани қажеттіліктер. Соңғылар, адамды рухани шығармашылықпен айналысуға, рухани қүндылықтарды жасау мен тұтынуға, рухани қарым-қатынасқа бағыттайды, соған жол ашады. Рухани құндылықтар мазмұны жағынан объективті болып табылады. Өйткені олар өмірдің өзінен туындайды және адамдардың қоршаған дүниені рухани тұрғыдан игерудегі объективтік қажеттілігін айқындайды. Сонымен бірге, рухани қажеттіліктер формасы жағынан субъективті болып келеді, өйткені, олар адамдардың ішкі дүниесінің, қоғамдық және жекедаралық санасы мен өзіндік санасының көріністері ретінде байқалады.
Қоғамның рухани өмірінің келесі маңызды элементі – рухани тұтыну. Сөз рухани игіліктерді тұтыну туралы болмақ. Рухани игіліктерді тұтыну арқылы адамдар өздерінің рухани қажеттілктерін қанағаттандырады. Рухани тұтынудың нәрселері (өнер туындылары, моральдық, діни және т.б. құндылықтар) тиісті қажеттіліктерді туғызады. Сондықтан қоғамның рухани мәдениетінің нәрселері мен көріністерінің көп болуы адамның әр түрлі рухани қажеттіліктерінің қалыптасуының маңызыды алғышарты болып табылады. Рухани тұтыну процессі әр қилы жүзеге асады.