Ортағасырлық Қазақстан мәдениеті

Ортағасырлық Қазақстан мәдениеті
1.Қазақтардың материялды мәдениеті: қолөнер және кәсіпкер,үйі, киімі, азығы.
2.Рухани мәдениет: қазақтардың халық білімі, күнтізбе, дін мейрамдары (наурыз, соғым, құрбан айт), дәстүрлі салттары.
3.Әдебиеті,халықтың ауыз екі өнері (мақалдар мен мәтелдер,еңбек және салт өлеңдері, тарихи және жазба әдебиеттері (Қыдырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар Дулати).
XVI-XVII-ғасырлардағы қазақ мәдениеті өзіндік сипаты бар ұлттық мәдениет болды. Материялдық ескерткіштер Қазақстанда мәдени дамудың біркелкі болғандығын көрсетеді.
Отырықшы және жартылай отырықшы тайпалар Сырдария бойымен Қаратауға орын тепті: ірі қолөнер және сауда орталықтары-Сығанақ, Сауран, Түркістан болды. Феодалды соғыстардың жиі тұтануы өндіргіш күштердің дамуына, мәдениеттің өркендеуіне үлкен кедергі жасады. Әсіресе елге үлкен ойран салған жоңғарлар феодалдардың дамылсыз шапқыншылығы XVI-XVII ғасырларда мәдениеттің құлдырауына әкеп соқты.
Қазақстан территориясында тұратын халықтарда тұрғын үйдің екі түрі болды. Жазды күндері тасымалы жеңіл үйлерде тұрса, қысты күні жер үйде шымнан, балшықтан немесе тастан салынған жылы үйде тұрды. Жазғы үйдің екі түрі болды. Оның бірі кәдімгі қазақ үй, екіншісі дөңгелек үстіне орнатылған жылжымалы үй- күйме еді.
Киіз үй- жаздыкүні жайылымнан-жайылымға көшіп отыруға қолайлы құрама жеңіл үй.Бұл үш бөлімне тұрады, қабырғасын кереге деп атады. Одан жоғары құрама бөлігі – уықтар, ең жоғарғы түйісу тұсы – шаңырақ деп аталды. Кереге сыртынан тоқылған ши ұсталды. Үйді жауып тұратын киіздер-туырлық,үзік,түндік деп аталды. Түндік арқылы үйге жарық түседі,түтін шығады.Үй сыртынан жабылған киіздерді жел ұшырмас үшін, әрқайсысының ұшына жіп тағылады да, ол тартылып қазыққа байланады. Уықтың үстінен тартылған жалпақ тоқымаларды-құр деп атаған. Ол сәндік үшін және уықты берік ұстау үшін қажет болды. Үйдің түстік жағынан ағаш есік орнатылады. Оң жағына ағаш төсек,жүкаяқ,сандық,кебеже қойылады. Үйдің дәл ортасында ошақ болады. Онда тамақ асылды,үйді жылытты.
Қазақтың ауыз әдебиеті
Қазақ халқының ауыз әдебиеті XV-XVII ғасырлардан кеңінен дамыды. Өлең, жырлар, тапқыр шешендік сөздер, халықтың қоғамдық және рухани өмірінде көрнекті орын алды. Ауыз әдебиеті дегеніміз – қоғам өмірінің айнасы. Патриархалдық – феодалдық уклад, халықтың көшпелі тұрмысы қазақ халық ауыз әдебиетінің идеялық – көркемдік мазмұнына өшпес із қалдырды. Өлең жырлар халықтың қоғамдық тұрмысына салт-дәстүріне байланысты туып отырды. Қазақ халқының арасында әдеп – ғұрыптарға байланысты өлең жырларда көп болған. Мысалы: Тойбастар, Әужар, Жар-жар, Сыңсу, Қоштасу, Беташар секілді салт дәстүр жылары қыздың үйінде және қайын жұртында айтлды. “Жар-жар”, “Сыңсу”, “Қоштасу” жырлары қыздың бөтен ауылға баруы және оның бауырлары мен туып – өскен елімен, жерімен қоштасуына байланысты шыққан. “Беташарды” күйеудің үйіне келгенде жас келінге арнап айтады. Тойды бастаушы адамның рұқсатымен жыршы жігіт жаңа түскен жас келінге “Беташар” өлеңі арқылы оның міндеттері туралы жарасымды әзіл мен аңғартады. Күйеудің ата-анасымен, туыстарымен, ел жақсыларымен таныстырып шығады.
Өлімге байланысты “Қоштасу”, “Естірту”, “Жоқтау” сияқты қайғылы, зарлы өлеңдер айтылған. Ауру адам өлімнің болмай қоймайтынын байқап сезген соң жақын туыстарымен, ел жақсыларымен, қатар-құрбыларымен, үлкен-кішімен, жер-сумен соңғы қоштасу сөзін айтып, кешірім-ризалығын өтінген. “Естірту”-қайғылы қасіретке байланысты айтылатын болғандықтан, бұған өте ептілік, тапқырлық, шешендік керек болған, айтқыш ақын жыраулар арқылы астарлы сөздермен ептеп жеткізген. Осыдан кейін “Көңіл айту”, “Жұбату” жыры айтылады. “Жоқтау”-өлген кісіге арналады. Ол жыл бойы айтылып, ас берілгеннен кейін тоқталады. “Жоқтауды” өлген кісінің жақын туыстары анасы, әйелі, қарындасы, апалары айтатын болған. Жоқтау күніне екі рет күн шығарда және күн батарда айтылған. Салт-дәстүр,әдет-ғұрып жырлары қоғам өміріндегі болып жатқан оқиғаларға сәйкес түрлі кезеңдерде түрліше әлеуметтік топтардың таптық мүддесіне де бейімделіп отырған
Тіл және жазба.
Қазақ тілі Қазақстан территориясында ертеден тұратын тегі жағынан бір-біріне жақын қаңлы, үйсін,қыпшақ, найман, арғын және бақа тайпалардың тілдері негізінде қалыптасқан. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты қазақ тілінің құрылуы процесі біртіндеп дамып отыр. Тіл қазақтың қоғамдық экономикалық өміріне қарай жаңа сөздердің есебінен байи береді. Мұны мен бірге тілдің грамматикалық тұрпаты да жетіле түсті. XV ғасырда қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері мен дербес тілге айналды. Қазақтар ислам діні мен бірге келген араб әліппесін пайдаланды. Ауқатты адамдардың балалары Бұқар, Самарқан мен Орта Азия қалаларына барып оқып онда араб тілін, араб философиясын, шариғатты, парсы және өзбек тілінде жазылған трактаттарды оқып үйренді. XV-XVII ғасырларда қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды. Солардың арасындағы шежірілердің бір сыпырасы біздің заманымызға келіп жетті. Мысалы, Жәңгір ханның кітапханасында сақталған шежіре бұл күнде Ленинград университетінің кітапханасында сақталған. Осындай маңызды жазба әдебиет мұрасы “Жамиғ ат-тауарих” (шежірелер жинағы). Бұл кітаптың автгоры “Жалайыр руынан шыққан би”, Тәуекел ханның жиені Қазақ сұлтаны Ораз мұхаммедтің тәрбиешісі, ақылшысы болған. Автор өз кітабін “Жалайыр” деген атпен 1578 жылы Борис Годуновқа достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. Кітапта автор әліппесімен жазылған Араб әріптерімен жазылған түркі тілдес шығармалар “Түкі” деп аталған. Оған “Шыңғыс-нама”, “Бабыр-нама”, “Темір-нама” секілді туындылар жатады.
Парсы тілінде жазылған “Тарих-и-Рашиди” дейтін шығарма қазақ халқының тарихына тікелей қатысы бар құнды кітап болды. Кітаптің авторы дулат руынан шыққан Мұхаммед Хайдар еді. Оның ана тілінде жазылған шығармаларыбіздің заманымызға келіп жетті. “Тарих-и-Рашидиде” Мұхаммед Хайдар Моғолстан мен Қашқария тарихын жазды. Керей мен Жәнібек сұлтандардың қазақ халықтарын құрғандығы олардың арасындағы өзара байланысы қазақтар мен өзбектердің қарым-қатынасы туралы жағдай сипатталады. XVI ғасырдың 40-шы жылдарында Усман Кухистани “Тарих-и-Әбілхайыр хани” деген кітап жазды. Шах Махмұд “Тарих-и-шах Махмұд Бен мырза Фазил Чорас” деген кітап жазды. Онда қазақ хандары – Қасым мен Тәуекел туралы тарихи деректер бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *