Мәдениет түсінігі

Мәдениет түсінігі

Мәдениеттану ғылым ретінде «культорология» атауымен Еуропада қалыптасқан. Бұл сөздің өзі екі: латын және грек тілдеріндегі екі сөзден құралған. «Культура» сөзі латын тілінде жер айдау, топырақ өңдеу дегенді білдіреді. Ал «логос» сөзі грек тілінен алынған. Ол көп мағыналы: «ғылым», «ілім», «теория» деген ұғымдарды береді. Демек, культорология – мәдениет туралы ілім, теория, ғылым. Мәдениеттану ғылымының қалыптасуында мәдениеттің табиғаты мен мәнін түсіне білу маңызды орын алды. Мәдениет ұғымының даму тарихы мәдениет туралы жан – жақты тұжырымдаманы: марксизмнің еңбек құралы тұжырымдамасын; Н.Я.Данилевскийдің мәдени тарихи тип тұжырымдамасын; мәдениеттің ойын ретіндегі теориясы және басқа тұжырымдамаларын өмірге келтірді. XIX – XX ғасырлар бойында мәдениетті зерттеуде антропологиялық бағыт қалыптасты, онда адам мен мәдениеттің қарым қатынасы басты назарға алынды. Мәдениеттанушылар оның дамуындағы жеті кезеңді бөліп көрсетеді:
Этнографиялық кезеңде (1800-1860) жазуға дейінгі кезеңнің этностық қауымдастықтары зерттелді.
Эволюциялық кезеңде (1860-1890 жылдар ортасы) Э.Б.Тайлор еңбектері басшылыққа алынды.
Тарихи кезең (1890-1920) эмпириялық сипаттама енгізген Ф.Боастың қызметіне байланысты.
Психологиялық кезеңде (1920-1950) М.Мид, Р.Бенедикт сияқты ғалымдар мәдени орта жағдайындағы жеке тұлға мінез құлқын зерттеді.
Құрылымдық функционалдық кезеңге (1930-1950) мәдениеттің әр бөлігі өзінше қызмет атқаратын біртұтас нәрсе деп қарауға ұмтылыс тән болды.
Жаңа эволюциялық кезең (1950-1980) классикалық эволюционизмнің негізгі идеяларын өңдеген түрде қайта тудырды.
Постструктурализмнің ерекщелігі (1980 жылдан бері) анықталмаған, тұрақсыз мәдени құбылыстарға көңіл бөлу болды.
Мәдениет — философия, әлеуметтану, антропология, этнография, т.б. ғалымдардың басты назарында тұрады. Ғалымдардың анықтауынша, мәдениеттің анықтамалары көп. Мәдениеттің — екінші табиғат ретіндегі анықтамаларының бірінде мәдениеттің табиғат қойнауынан өсіп шығатыны, бірақ оған қарсы тұратындығы айтылады. «Мәдениет — қарсы табиғат», — латынша бұл осылай айтылады. Мәдениет ұғымы көбінесе білімділік, білім тарату ұғымымен салыстырылады. Мәдениеттің екі: материалдық және рухани жағы бар. Мәдениеттің бұл екі көрінісі өзара байланысты.Мәдениеттанушылар мен әлеуметтанушылар мәдениетті типтерге бөледі. Мәдениеттер типологиясын А.И.Кравченко өзінің «Культорология» оқулығында барынша толық қарастырған. Ол типология құрылымының принциптері мен өлшемдері жайлы айтады. Мәдениетті жіктеу өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Мәдениеттер типтері – жеке – жеке құрылымдар, тұтастықтың бөлімі емес. Кез келген ұлттық немесе этностық мәдениетті мәдени типіне жатқызуға болады. Мысалы, қазақ, орыс, қытай, неміс, мәдениет типтері. Сондай-ақ шаруашылық жағдайына қарай мәдениет типтеріне бөліп көрсетуге болады: аңшылар мен терімшілер мәдениеті, бақшашылар мен фермерлер мәдениеті; малшылар мәдениеті; егіншілер мәдениеті; өнеркәсіп мәдениеті.
Мәдениеттер тілдесуі – мәдениеттер қақтығысы кезінде ортақ тіл табысу. Мәдениеттерді бір біріне қарсы қоюда ең кеңінен тарағаны Батыс пен Шығыс мәдениеттерін бір- біріне қарсы қою.
Еуропоцентризм теориясына сенсек, мәдениет тек Еуропада бастау алған.
Панафриканизм немесе афроцентризм негрлер мәдениетін асқақтатпақ болады.
Шығысцентризм Шығыс, мысалы, Үндістан, мәдениетін ардақтап, оның діні мен философиясына басқа коңіл бөледі. 2003 жылы қыркүйек айының соңында ҚР Президентінің төрағалық етуімен Астанада Әлемдік және дәстурлі діндер жетекшілерінің бірінші съезі өтті. Н.Ә.Назарбаев өркениеттер, конфессиялар, елдер және халықтар арасында тілдесулер орнатуға шақырды.Өкінішке орай, грек қоғамының даму барысында, әсіресе эллинизм дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалтуына байланысты грек «пайдейясының» идеалдары бұзыла бастады.
Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей-берекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке нұқсан келді. Білім берудің және тағы да басқа мәдени құндылықтардың дәрежесі түсіп кетті. Бірақ қоғамдағы мұндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға қарамастан мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық мәдениет политеизмге монотеимзді, натурализмге — руханилықты, геодонизмге (сүйсініп — рақаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және логика арқылы тануға Библияға сүйенген және оны шіркеудің белгілі қайраткерлері арқылы түсіндірілетін — кітаби білімді қарама-қарсы қойды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *