Мұсылман ренессансы

Мұсылман ренессансы
1.Көрнекті өкілдері
2.Екінші ұстаз – Әль-Фараби
3.Сопылық ілімнің негізін қалаушы – Қожа Ахмет Иассауи

Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина,Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мұсылмандықпен қатысы қанша деген сұрақ заңды туады. Оның негізі де бар. Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афроеуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет,Сирия) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап еді. Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз әсерін тигізді. Еліміздегі көптеген түрік тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатұқ, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. X ғасырда оғыздар мен қыпшақтардың да бірталай бөлігі мұсылмандыққа өтті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді. Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мұсылманның рухани өміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің терең әсерін қалдырды. Бірінші бағыт Платон,Аристотель сияқты грек философтарына сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты. Оның негізін қалушы — дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы, ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн әл-Фараби ат-Түрки. Әл-Фарабидің рухани мұрасы қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген. Ал әл-Фарабидің өзі зерттеу жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ, Б. Ғафуровтың есебі бойынша, ол 200-ден астам трактат жазған. Әл-Фараби Әл-Фараби өзінің трактаттарын сол замандағы рухани-ғылыми құрал саналған араб тілінде жазғанымен, өз отанының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетінен әрқашан нәр алып отырған. Әл-Фарабидің ұлылығы оның өз отанының мәдени көңіл-қалпына ирандық, үнділік және антикалық мәдениеттерді ұштастыра білуі. Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб мәдениетінің мына 4 тармағына байланысты: 1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәлелдеу). 2. Шариғат (мұсылмандық тұрмыс-салт заңдары). 3. Тарихат (Аллаға қызмет өткен әулиелер өмірі). 4. Маарифат (білімділік, парасаттылық идеялары). Мыңжылдар тарихы бар Иран өркениетін бұл елді жаулап алған арабтар, осы мәдениеттегі өте терең парсылық әдебиетті меңгеру жолын әдеп деп түсінді. Әдепке жататын шығармалар өзінің қарапайымдылығымен, түсініктілігімен, ой ұшқырлығымен адамды баурап алады. Әдепті адам ілімін әл-Фараби өзіне тән гуманистік тұрғыдан қарастырады және осындай адамдағы бірінші қасиет деп оның парасаттылығын көрсетеді. Оның шығармаларында кездесетін адамды «хайуани ақли» (ақылды жан) деп анықтау кейінгі еуропалық ағартушылықтағы Homo sapiens-ке сабақтас. Ақылды жанмен қатар әл-Фараби еңбектерінде адамды «Хайуани мадани» (мәдениетті жан) деп анықтаудың да терең сыры бар. Осындай тұлғалық деңгейге ең алдымен ел басшысы көтерілуі керек. Ол өзінің аңдағыш қасиеті арқасында дана, философ, кемеңгер, парасат иесі болып шығады, ал оның қиялдау қабілетіне қасиет дарыған адам пайғамбар, сәуегей және өмірдегі оқиғаларды түсінгіш, білгір болып көрінеді, — міне, осының бәрі оның тәңірілікті танып білетін болмысының шарапаты. Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Бақыт жолын сілтеу», «Ақылдың мәні туралы», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Бақытқа жету жайында» ж.т.б. трактаттарында жан-жақты талдаған. Оның жиі қолданатын ұғымы — «қала». Қаланы әл-Фараби жай ғана қоныс, тұрғын жер деп түсінбей, оны адамдардың мәдени топтары, мемлекет мағынасында қолданады. Бұрын айтып кеткеніміздей, тіліміздегі мәдениет ұғымының арабшасы «маданият», мадина, яғни қала сөздерімен түбірлес. Ӏзгілер қаласының тұрғындары, ұлы ұстаздың ойынша, өздерінің инабаттылығымен, әділеттілігімен, білімділігімен, өнер сүйгіштігімен көзге түседі. Әл-Фарабидің адамзат мәдениетіне қосқан үлесін, оның төмендегі өлең жолдарынан жақсы байқаймыз. Бауырым, сен теріс жолға түскен жандарға ерме, Олардан аулақ жүр, кашанда оділдік жағында бол. Бұл дүние — біз мәңгі тұратын мекен-жай емес, Әлемде ешкім өлімді жеңе алмайды. Адамдар әлде құмға түскен із бе екен? Біз соншалықты дөрменсіз болғанымыз ба? Бір рет самал соқса-ак, бәріміз Мына омірден үшты-күйлі жоғалып кетеміз бе? Адамға бір сәттік қысқа ғұмыр берілген. (Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – А., 1999. – 124-бет). Жалпы алғанда, әл-Фараби — Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алады. Оның рухани мұрасы өзінің ұлы ізбасарлары ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т.б. суалмайтын қайнар болды. Сопылық Шығыс Ренессансы туралы сөз еткенде оның тағы бір бастауы сопылық бағыт (суфизм) жөнінде айтпай кетуге болмайды. Қазақстан жеріндегі ұлы ғұламалар Жүсіп Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани, әсіресе, Қожа Ахмет Иассауи шығармашылығында сопылық сарын үлкен орын алған. Онан соң Ренессанс идеясын тек Платон мен Аристотельдің шығыстық ізбасарлары қолдады деу де сыңаржақтылық. Сопылық бағыт ислам әлемінде о баста ресми дінге қарсы оппозициялық қозғалыс ретінде туады. «Суфь» термині арабтың «жүн шекпен» деген сөзіне орайластырып алынған. Сопылар — киім талғамайтын, бар ойы руханилық төңірегіндегі тақуа адамдар. Сопылық бағыттың тарауының бір себебі, әуелде ой бостандығын шектемеген араб халифаттарында X ғасырдан бастап фанатиктер күшейе береді, олар Құранға қарсы деп әр түрлі ағым өкілдерін қуғынға ұшыратады. Әсіресе, Иран, түрік және үнділердің көне мәдениетінен қалған мұралар Алла сөзіне жат деп жарияланады. Осы қуғын салдарынан Иран, Араб жерлерінен көптеген сопылар (өздерін дәруіштер деп атаған) Түркістан жеріне қарай ағылады. Орта Азияда 300—400 мың дәруіш пайда болды. Сопылар Құдайды парасатпен емес, жүрекпен түсіну керек деп жариялайды. Осы бағыттың көрнекті өкілі, кейін мұсылман пірлерінің біріне айналған — Қожа Ахмет Иассауи. Оның ең үлкен жетістігі ғасырлар бойы қалыптасқан бай түрік мәдениетін мұсылман өркениетімен шебер байланыстыруында жатыр. Қожа Ахмет Иассауи Қожа Ахмет Иассауи жазған негізгі шығарма — «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы»), Қожа Ахметтің өмірде жасаған бір ерлігі оның 63 жасқа келгеннен кейін, «пайғамбар жасына жеттім, одан әрі өмір сүру, жарық дүниені көру күнә» деп бар байлығын мүсәпірлерге таратып, өз еркімен жер астындағы үңгірде тіршілік етуімен байланысты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *