Өскенбай Қалмамбетов (1860-1925ж.ж.) — Маңғыстауда
«Жанай мектебі» деп аталатын күйшілік мектеп калыптаскан, оны барынша дамытып, негізін күрған. Өскенбай Батыс Қазакстанның, Түрікменстанның барлық өңірінде болып, күй тартыстарга катыскан. Сол кездегі өрелі күйшілер Қартбай, Жолды, Есір, Жоламан, Мылкайдарлармен жиі араласып тұрған.
Ол аты аңызға айналған түрікменнің бахшысы Құлыбаймен күй тартыска түсіп, жеңіп шыккан. Атакты Абыл мен Есірдің күйшілік мектебін жетік меңгерген. Өскенбайдың өнері мен мүрасын оның бел баласы Мұрат толык сактап жалғастырған. Мүрат Өскенбайүлы (1904-1982) — Маңғыстау күйшілік дәстүрін, сонымен бірге түрікменнің дутар шалу өнерін мейлінше толык игерген дэулескер күйші. Түрікмендер Мұратты «казактың мақтанышы — үлы бахшы» деп атаған. Мұрат 300-дей күй білген, оның ішінде атакты «Ақсақ күлан» аңыз-күйлері, түрікмен шығармалары, «Өрелі мая» атты түрікменнің тартыс күйлері жэне әкесімен өзінің төл күйлері, атышулы Науаи әуендері бар. Маңғыстау өңірінің күйшілік өнері жалпы төкпе күй дәстүріне жатқанымен, өзіне ғана тэн стильдік, орындаушылык, кұрылымдык айырмашылығымен дараланады. Мәселен, осы адай күйлеріндегі «»шалыс кағыс», «сүйретпе кағыс» баска өңірде байкалмайды. Төкпе күйдің «Бөкейлік», «Аралдык» дэстүрлеріне
20
Караганда «маңғыстаулык» үрдісте күйшінің орындаушылык мәнеріне, оның дене козғалысына, екі кол шеберлігіне үлкен мэн беріледі. ЬСүй тарту кезінде кағыстар мен оң қолдьг түрліше ойнату тэсілдері шағын музыкалык театр іспетті эсер беріп, күйшіден үлкен шеберлікті, ептілікті кажет етеді. Шыгарған күйлері: «Сокыр қыз», «Жаңылтпаш»,«Қынжал», «Өрелімая», «Ықғайтөк», «Жеті бұл-бұл», «Бала науайы», «Өмір күйі», «Ак желеу», «Шоқай», «Кербез Айша», «Жирен жорға» т.б.