Нұрғиса Тілендиев

Тілендіүлы Нүрғиса (1925-1998ж.ж.) — казактың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып- өскен жері — Алматы облысының Іле ауданына карасты Шилікемер ауылы. Топырак бүйырған жері — Жамбыл кесенесінің
іргесі. Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваториясының дирижерлық факультетін (проф. Н.П. Аносовтың класы бойынша) бітірді. Қазактың Абай атындағы опера жэне балет театрында (1953-1961), казактың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялык халык аспаптар оркестрінде (1961-1964) жэне тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер кызметін аткарды. Сондай-ак, 1968 жылдың «Қазакфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазакстанның халык әртісі, Қазакстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО-ның халық эртісі. Қазакстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіүлына 1998 жылы «Халық Қаьарманы» атағы берілді.
23
Тілендіұлы Нұрғиса — казактың музыкалык мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із калдырған суреткер. Ол — 500-ден астам музыкалык төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлык аясы да қайран калдырады: эн, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т.б. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазакстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» жэне оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халык куанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сиякты увертюраларын атауға болады. Оның «Акку», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қоркыт туралы аңыз»,
«Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Акжайық», «Ак қүсым», «Өз елім» сиякты ондаған әндері халықтык бояу накышының каныктығымен, өзіндік колтаңбасының айкындығымен
жүртшылыктың сүйіп тындайтын рухани казынасын айналған. Мұның сыртында кырықтаи астам пьесаға жэне жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай ак «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым — Қожа», «Қарлығаштың қүйрығы неге айыр?», «Ақсақ күлан» фильмдері әлдеқашан казак сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған. Тілендіүлы Нұрғиса — қазақтың музыкалык мәдениетіндегі сал-серілік дэстүрдің соңғы
тұяғы. Ол өнер туындату барысында уакыттың идеологиялык өктемдігіне, ассимиляцияшыл эсіресе, үрдісіне мүлде мойын ұсынбастан, өзінің тәңір дарытқан төлтума калпынан қылдай ауытқымай жүріп, шығармашылык даралығын сақтап кала алды. Бұл ретте, Нұрғиса жерден қуат алатын Антей сияқты, казақтың музыкалык дэстүріне табанын нық тіреп түрып, өзінің арман- аңсарын еш жасқанбастан дыбысқа айналдыра білді. Ол өз заманының музыкалык танымын терең игерген кэсіпқой музыкант бола тұра суырып салмалык дәстүрді үдайы шабыт тұғыры етіп отырды. Былайша айтқанда, көргенді күштеп, естігенді жаттап отыратын оркестрлік қасаңдықка Нұрғиса буырқанған шабыт еркіндігін дарыта білді. Бұл ретте, Нұрғиса сахараның ақбас абыздары сияқты, өз үнін көп дауыска тұншыктырмай, өз лебізін көп даңғазаға ілестірмей, қазактың
24
дәстүрлі музыкалык тіліндегі дарашыл касиетті (монодийность) тәу етіп өтті. Нұрғисаның композитор, дирижер, орындаушы ретіндегі ойы көпке ортак, тілі көпке түсінікті. Егер, сал-серілер өнері адамның жан жүрегіне бағытгалуымен дараланса, сол үлы дәстүр Нүрғисаның да барша шығармашылык болмысында аста тек болып, шалкып шашылып жатты. Дэл осы түрғыда Нүрғиса қазактың дэстүрлі музыкасының эрін тайдырмастан, нәрін жоғалтпастан тек кана өзіне тэн профессионализмді қалыптастыра алды. Күйлері: «Акку», «Аңсау», «Арман», «Ата
толғауы», «Әлкисса», «Қоркыт туралы аңыз», «Көш керуен», «Махамбет», «Фараби сазы», «Баламишка», «Атадан мүра» т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *