Момбеков Төлеген (1918-1997ж.ж.) — домбырашы, композитор, күйші, ҚазССР-нің еңбек сіңірген мэдениет
қайраткері. 1918 жылы Шымкент облысында туған. Төлеген Момбековтың алғашкы ұстазы — оның атасы, белгілі күйші
Бапыш Қожамжаров, мұнан соң ол композитор күйші Сүгір Әлиевтің орындау мәнерінен үйренеді. Оның “Тел коңыр”, “Бес жорға”, “Шадкыма”, күйлерін орындауда ол жаңа стильдік жаңалыктар ендірді. Төлеген Момбеков “Салтанат», “Мешін”, “Қат-кабат”, “Анама”, “Қоштасу”, “Қаратау шертпесі» сияқты күйлердің авторы, бүлар халык арасында кең танымал. Момбековтың шығармалары “Отырар сазы” фольклорлык этнографиялық оркестрінің, “Сазген”, “Шертер” ансамбльдерінің репертуарына кірді. Төлеген Момбеков Тәттімбет, Сүгір жэне тағы баска халык композиторларының музыкалык дэстүрін жаңа биікке көтерді. Күйлері: «Азамат», «Анама», «Арман»,
«Жайдары», «Жеңіс», «Аңсау», «Мың жылқы», «Отырар»,
«Өрлеу», «Сағыныш», «Салтанат», «Толкын», «Толғау», «Інілеріме», «Сарыарка сапары», «Ел жаңа» т.б.