Дина Нұрпейісова (1861-1955) — 1861 жылы Батыс Қазакстан облысының Жаңакала ауданында туып-өскен. Халықтың күйші- композиторы, казак мәдениетінің көрнекті кайраткері. Әкесі белгілі домбырашы адам екен, кызы Динаға 8 жасынан бастап-ақ сол өнердің кыр-сырын үйрете бастаған. Онын ұлы күйші Құрманғазымен апғаш кездесуі де осы кез. 8-9 жасар Дина ұстазының күйлерін үйреніп кана коймай, оның күйшілік- орындаушылык өнердегі ерекшеліктерін, дэстүрін жалғастырады. Динаның тырнакалды «Бүлбүл», «Байжүма», «Көгентүп» атты күйлерінде халыктың күйшілік дәстүрі айкын сезіледі. 1916 жылғы окиғаға шығарған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байкалады.
Дина Нұрпейісованың композиторлык творчествосының кемелденіп, күйшілік-орьгндаушылык өнерінің шабыттанған шағы — кеңестік дэуір. 1937 жылы ол халык өнерпаздарының Республикалык байқауына катысып, жүлделі орын алса, екі жылдан соң Мәскеуде өткен халык музыка аспаптарында орындаушылардың байкауында I орынды иемденіп, «Домбыраның Жамбылы» атанды. Дина күйлері өзінің үлттык музыкалык бояуымен, терең психологиялык мазмүнымен ерекшеленеді. Бүлардың катарына атакты «Әсем коңыр», «Тойбастар», «Ана аманаты», «Сегізінші март» т.б. жатады. Дина казак халкынын музыка мэдениетіндегі өткендегі жэне казіргі бай материалдарын творчестволыкпен игерді, осы аркылы өзінің табиғаты бөлек күйлерін, оны орындаудын өзіндік тәсілдерін жаркырата көрсетті. ¥лы Отан соғысының сұрапыл жылдарында да атакты домбырашының композиторлык кызметі бір сэтке токтаган жок- «Ана аманаты» күйін өмірге экеледі, ал согыстың біткендігі жөніндегі хабарды «Жеңіс» күйімен куана
21
карсы алады. Нұрпейісованың көмегімен Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Қазак халык аспаптар оркестрі көптеген ғажайып күйлерді меңгерді. Ол оркестрдің орындаушылык мәдениетін домбырада ойнаудың алуан түрлі ерекше эдіс-
тәсілдерімен байытты. Сол арқылы оркестрде Құрманғазының және баска да көптеген казак аспаптық музыка өкілдерінің күйлері орындалып, куатты симфониялық ансамбльдің үніне айналды. Динаның күйлері: «Ана бүйрығы», «Әсем коңыр», «Байжұма», «Бозшолак», «Бүл-бұл», «Домалатпай», «Енбек ері»,
«Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Көгентүп», «Қаракаска ат», «Мендікара», «Науысқы», «Оң алтыншы жыл», «Өттің дәурен», «Партия туралы күй», «Сауыншы» т.б.
Сейтек Оразалыүлы — 1861 жылы Орда ауданында дүниеге келген күйші-композитор, казактың төкпе күй эдісінің негізін салушы. Бес жасында әкеден қалып, ағайыны Шошактың тэрбиесінде болған. Алғаш домбыра тартуды ағасынан үйренген.
Ауыл арасында бала домбырашы атанып, сол кездегі Әлікей
Салауаткерей, Түрып, Мэди сиякты домбырашылардың алдын көреді. Олар аркылы эйгілі Дэулеткерейдің күйлеріне ден қойып, оның күйлеріндегі шеберлік-шалымдарды игереді.
Сейтек заман әділетсіздігіне қарсы шыққаны үшін куғындалып, Орда, Иркутск, Астрахань, Бутырка (Мәскеу) түрмелеріне камалады. Сібірге жер аударылады (1897). Осы кезенде «Айдау», «Түңілдім», «Арман» атты күйлерін шығарады. 1905 жылы каторгадан босап, еліне оралады. Мұнда ол анасы мен баласының кайтыс болғанын естіп, өзінің қайғы-қасіретін «Жоқтау», «Ғазиз» атты күйлерінде бейнелейді. «Жігер», «Заман-ай» т.б. терең психологиялык мазмұнға күрьілған күйлері Сейтек шығармаларының жан-жақты өріс алғандығын танытады. 1923 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтык ауыл шаруашылығы көрмесіне катысып, өнер көрсетеді. Ол түрікмен күйлерінде колданылатын негізгі бас пернені домбыраға пайдаланады. Бүл перне казір де «Сейтек перне» деп аталады. Сейтек сонымен бірге эн де шығарған. Оның «Сейтек әнін» А.3атаевич «1000 эн» жинағына енгізген. Күйлері: «Айдау», «Ак Еділ», «Арман»,
«Арпалыс», «Байжүма», «Баламайсан», «Бұл-бұл Айша»,
«Ғазиз», «Жігер», «Заман-ай», «Еркінбек», «Көк ала ат», «Қызыл
22
сұнкар», «Сексен ер», «Он алтыншы жыл», «Он жетінші жыл», «Ортпа», «Теріскакпай» «Сейтек» т.б.