XIX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Пән: Тіл біліміне кіріспе
Топ: К2Б Күні: 01.06. 2020 жыл Уақыты: 10.10-11.40
Пән оқытушысы: Қажыбаева Жадыра Кенжеханқызы
Сабақ тақырыбы: XIX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер
Жоспары:
1. XIX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер
2. XX ғасыр тіл білімі
Тіл білімі өзінің бүгінгі көтерілген сатысына ішкі қайшылықтарсыз, талас-тартыссыз бірден жеткен жоқ. Оның даму тарихында әр түрлі ағымдар, пікір таластары болыпотырды және қазір де бар. Ондай ағымдардың тууына түрткі болған себептердің бірі – тілдің өзіндік табиғаты мен мәнін ашу мәселесі. Кейбір ғалымдар тілдің қоғамдық мәнін дұрыс түсініп,оны қоғамдық құбылыстар қатарына жатқызса, енді бір топ зерртеушілер тілді табиғат құбылысы деп түсініп, оны зерртейтін ғылымды табиғаттану ғылымдары тобына қосты, тілді таза психикалық құбылыс деп санап, тіл білімін психология ғылымына тәуелді етпекші болғандар да болды. Осындай көзқарастағылар өткен ғасырдың екінші жартысынан бастапөз алдарына лингвистикалықмектептер болып қалыптасты. Олардың қатарына натуралистік, психологиялық, жас грамматикалықдеп аталатынлингвистикалық мектептер жатады.
Жасграмматизм — XIX г. 70 жж. Германияда салыстырмалы тарихи тіл біміне қарсы пайда болған Еуропа тіл біліміндегі бағыт. Жасграмматизм тіл үзіліссіз дамиды дей отырып, тілді жеке адамдардың психофизиологиялык әрекетінің жемісі деп түсіндірді.
Бұл ағым өкілдері салыстырмалы – тарихи тіл білімінің өздеріне дейінгі өкілдерін «бұлар – жорамалға толы қапырық шеберханада үнді – еуропалық ата тілді мүсіндеушілер» деп кетіп, тіл ғылымдарын сол «сасық шеберхананы» тастап, жаңа жол табуға шақырған болатын. Олардың осы қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф. Царнке оларды «жас грамматистер» деп ажуалаған еді. Осы ажуа ат бірте — бірте лингвистикалық мектептің аты болып қалыптасты.
Жас грамматистік көзқарасты қалыптастырушылар Бругман, Остгоф, Дельбрюк Пауль, т.б. Лейпциг университетінің тіл ғалымдары болғандықтан, кейін ол Лейпциг лингвистикалық мектебі деп те аталды.
Жас грамматистер мектебі өз зерттеулерінде екі түрлі принципті негіз етті. Оның бірі –тарихи принцип те, екіншісі-психологизм принципі. Осы себептен де жас грамматикалық бағытты кейде психологиялық салыстырмалы –тарихи тіл білімі деп те атайды.
Натурапистік бағыт — XIX ғ. I жартысында салыстырмалы тарихи тіл білімі аясында пайда болып, тілді, сөйлеу кызметін зерттеуде жаратылыстану ғылымдарының принциптері мен әдістерін таратқан. Бұл бағыт тілді материалдық құбылыс деп таныған, өйткені ол дыбыстар мен таңбалар арқылы көрінеді, есту жэне көру мүшелерімен қабылданады, сөйлеушілердіңеркінентыс, өсімдік не жан-жануарлар сияқты табиғи эволюциялық жолмен дамиды деп есептейді. Сол себепті тіл білімін жаратылыстану ғылымдарына жатқызып, оны адамдар жасаған мәдени ескерткіштерді, мәтіндерді зерттейтін филологиядан бөліп қарайды.
Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Август Шлейхер /1821-1869/есімімен байланысты. А.Шлейхер- салыстырмалы- тарихи тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үнді- еуропалық ата тілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генеологиялық бірліктерін жан-жақты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі.Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Салыстырмалы-тарихи әдісті жетілдіре, оның обьектісін айқындай түсумен бірге А.Шлайхер ХІХ ғасырда туған тіл философиясының да көрнекті өкілі болды.Көптеген пайдалы істермен қатар ол тіл біліміне бірсыпыра концепциялар да енгізді.Оның сондай теріс көзқарастарының бірі-тіл білімінде натуралистік көзқарасты қалыптастырды.
Оның натуралистік көзқарасы «Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу», «Неміс тілі», «Дарвин теориясы және тіл білімі» дейтін еңбектерінен толық көрінеді.
Бұл еңбектерінде А.Шлайхер тілді табиғи организм,тіл де табиғи организмдер сияқты басқаларға тәулсіз,өз бетінше өмір сүреді,туады,өседі,қартаяды,жаратылыс заңына бағынады,сондықтан тілді зерттегенде,жаратылыс заңдарын басшылыққа алу керек,тіл білімі жаратылыстану ғылымдары тобына жатады,соның бір саласы дейді.Тіл табиғаты жөніндегі тұжырым,әрине,қате.Өйткені тіл қоғамдық құбылыстар қатарына жатады да,оны зерттейтін тіл білімі қоғамдық ғалымдар тобына қосылады.
Философиялық екінші тұжырымы — тілдің мәніне байланысты. Оның пікірінше, тілдің негізгі функциясы — ойды қалыптастырып, жарыққа шығару. Тіл дегеніміз — дыбысты ойлау дейді. Тілдің ойды қалыптастыратын құрал екені даусыз, бірақ ол тілдің негізгі және бірден-бір қызметі емес, оның негізгі қызметі коммуникативтік. Бұл жөнінде ол ештеме айтпайды.
Логикалык бағыт — тілді ойлауға және логика мен философиядағы әр түрлі ағымдар мен концепцияларға қатысты зерттейтін көзқарастар жиынтығы. Бұл бағыт XIX ғ. 60-80 жж. дамыған.
Психологиялык бағыт — тілді адамның не халықгың психологиялық күйі мен қызметінің ерекше құбылысы ретінде қарастыратын ағымдар мен мектептердщ және жеке тұжырымдардың жиынтығы. 1 Стоиктер — Эллинизм дәуірінде қалыптасқан, тіл туралы ілім тарихындағы аса ірі философиялық мектептердің бірі — Стоаның өкілдері. Мектептің негізін салған Кипрдегі Китионнан шыққан Зенон (б.з.д. 336-244 жылдар шамасы) деп есептеледі. Тіл психологиясының объектісі – адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің профессоры Гейман Штейнтальды /1823-1899/ жатқызуға болады. Кейініректе Штейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің профессоры Александр Потебния /1835-1891/, неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вундт /1832-1920/, Герман Пауль, тағы басқалар қолдады. Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету – ХІХ ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктіреді.
Мәскеу лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебі.
Мәскеу лингвистикалық мектебін 19ғасырдың 70-80жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі – академик Филипп Федорович Фортунатов (1848-1914). Ол Германияда, Францияда, Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, Үндіеуропа тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеп, бұл салада біраз еңбектер берген.
Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академик Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1878-1933), т.б. болды.
Қазан лингвистикалық мектебі. Бұл Қазан қаласындағы университетте 19 ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған дем беруші – поляк-орыс тіл ғалымы, Қазан университетінің профессоры Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ (1845-1929). Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан.

Тақырып бойынша тапсырмалар:

1-тапсырма. Дәрісті оқу, қысқаша ақпараттар қарау
2-тапсырма. XX ғасыр тіл білімі презентациямен танысу
3-тапсырма. Жалпы тіл білімінің тарихына байланысты еңбектерді қарастыра отырып,
1) XIX ғасыр тіл біліміндеғі тілдік ағымдардың пайда болу себептері;
2) Логикалық бағыттың негізгі мақсаты;
3) Психологиялық бағыттың нысаны;
4) Нагуралистік бағыттың жаппы сипаты;
5) Жас грамматикалық бағыттың сипаты, оны қолдаушы мектептер жайында мәлімет беріңіз.

Үй тапсырмасы: Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап алып реферат әзірлеңіз.
Реферат тақырыптары:
1. Тіл біліміндегі логикалық бағыт.
2. Тіл біліміндегі психологиялық бағыт.
3. Тіл біліміндегі наіуралистік бағыт.
4. Жас грамматиктер бағыты.
5. Мәскеу лингвистикалық мектебі: негізгі бағыты.
6.Қазан лингвистикалық мектебі: негізгі бағыты.
7.Женева лингвистикалық мекгебі: негізгі бағыты.

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
9. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту.
-Алматы,1985
10. Қордабаев Т.Р. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *