[ӘУЕЛІ АЛЛА БІСМІЛЛА …]

 [ӘУЕЛІ АЛЛА БІСМІЛЛА …]
—Әуелі, Алла, бісмілла, Қолтықтай гөр біздерді. Алтын сандық, шағыр ат, Біздерге де бер мәдет! Айналайын, Құдірет, Ісламға пана Мұхамбет, Сыйындым сізден бір медет!
Су басында Сүлеймен,
Жұмлә әулие қолдасаң, Жүйрік аттай үдеймін.
Сайрамда бар сансыз бап, Ең үлкені—Арыстан бап.
Күн көзінде әулие,
Жер жүзінде әулие,
Мәшіріптегі әулие,
Мағрыптағы әулие,
Таңда жүрген әулие,
Таста жүрген әулие,
Көлде жүрген әулие, Шөлде жүрген әулие, Жаратқан жандар келіпсің!
Тайғақ кешу тар жолда Сыйынғанда сіздерге, Абырой берер жолда.
Жаңа келді Шарабас, Алпыс қойдың терісінен Бөрік шықпаған Шарабас. Жетпіс қойдың терісінен Жең шықпаған Шарабас. Тоқсан қойдың терісінен Тон шықпаған Шарабас!
Жаңа келді дәу пері,
Жаңа келді су пері,
Жаңа келді ай пері,
Жаңа келді Күнқожа,
Жаңа келді қолаң шаш, Екі иінімнен мықтап бас!
Жаңа келді Теңгетай, Ойдан келді он қожа, Қырдан келді қырық қожа.
Сол қожалар ішінде, Әсіресе бір қожа Жаңа келді Жирентай.
Әулие берер бәрін де Астына мінген бір-бір тай. Шақырғанда осынша, Келмеймін деп қорқытып, Арып-шаршаттың пірлер-ай!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *