[ҚОЙҚАПТА ЖАТҚАН ПЕРІЛЕР…]

[ҚОЙҚАПТА ЖАТҚАН ПЕРІЛЕР…]
—Қойқапта жатқан перілер Мен шақырдым, келіңдер. Бәрекелде, ерлерім, Тілеуімді беріңдер! Әскері тұтар Қарабас, Үйіліп қонар аралас.
Қобызыңды көтеріп,
Қойқаптан келші, Шарабас,
Тоқсан қойдың терісі
Тон шықпаған Шарабас,
Сексен қойдың терісі Бөрік шықпаған Шарабас! Тіпті қиын іс болды, Кідіргенің жарамас.
Тоқсан қойдың терісі
Тон шықпаған Көкаман,
Сексен қойдың терісі
Жең шықпаған Көкаман,
Келші бері, Көкаман, Заһарыңнан қорқамын!
Тоқсан тоғай қыдырған,
Балағын жеңіл сыдырған, Келші бермен, жолбарысым, Жан аямас жолдасым!
Жазылмай қалса бағиым, Келмей ме менің намысым. Арқадан келген, боз үлек, Мойныңды сөз, үлек.
Есіктің алды құба тал, Қайырып басын суға сал. Атаңа нәлет Тілкөрнек, Алдыма келіп ойын сал. Көкенай деген жын келді, Айқайлап бәрін алға сал!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *