ҚАРА БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

ҚАРА БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Ал, кел бері, кел бері, Желден жүйрік жел пері. Жолбарыстай айбаттым,
Жолды аяқтай қайраттым!
Жолың болсын, кел бері! Аю мінез аңғыртым,
Алып мінез салғыртым,
Әңгүдігім, шалғыртым,
Бұқа мойын қабаным,
Қарынды, жалпақ табаным,
Көк жұлыным, қырсауым,
Көк есегім, мылқауым,
Керт басыңды ойламай, Кежегеңді кекшитпей.
Келелі жауға кез болдым, Келер болсаң, кел бері,
Жылан көзді Сымсығым!
Ұлдан туған ұлшығым, Арбауығым, алдашым, Жалмауыздай жалмашым!
Жеті жыл бойға жел берген,
Жеті өлікке дем берген,
Жолыңда тұрған кеселдер Кезбас болып сенделген.
Жаңа перім Жанпозым,
Жаңа шыққан қамқорым, Лек-легіңмен кел бері!
Жалғыз көзді Жымрайым,
Жалғыз аяқ сұмырайым,
Адам кеуде, аң бастым,
Ақ сайтаным, албастым, Бірің қалмай, кел бері! Сендер едің, сен едің Иеңнің жалғыз сенгені. Сергелдеңді сырқатты Сескендіре сермейін, Семсерімді бер бері!
Асу да асу бел еді, Аса бір соққан жел еді.
Анау жатқан үлкені Өрлей қонған ел еді,
Өлкенің суы сел еді. Белдеуде тұрған кербесті Екі енеге тел еді.
Осынау жатқан Көшербай,
Тәңірдің берген бағыңда,
Болып бір тұрған шағыңда, Қай қасқаңнан кем еді?! Ақылы мол кен еді, Етек-жеңі кең еді. Аузынан шыққан лебізі Ағайынға ем еді. Арту елмен кездессе, Терезесі тең еді. Ер дұспанмен белдессе, Елінің қамын жер еді. Жатқа намыс жібермес, Екпінді туған ер еді.
* * *
Атаңа нәлет су пері,
Ерімді қор еткендей,
Өңменімнен өткендей,
Жебіріме жеткендей,
Жеті атама кеткендей,
Аузына дәм салғызбай,
Қолына қыран алғызбай,
Жауына қарсы барғызбай,
Құлдыққа бола туғандай, Тұншықтырып буғандай,
Өркенімді өсірмей,
Өрісімді тарылтып,
Жүрісімнен жаңылтып,
Бақ-дәулеттен арылтып, Не ақың бар ед ерімде?! Осынша мазақ ететін, Жетпіс жеті әкеңнің
Басы бар ма ед жерімде?!
* * *
Атаңа нәлет, су пері,
Сумаңдаған қу пері, Қол-аяқты улаған
Тиген жері у, пері! Жаның барда кет, пері, Жер түбіне жет, пері! Жындарым қаптап келеді, Көрсетейін тепкіні! Басыма шауып, сен жауыз, Түбіме кеп пе ең жеткелі?
Жетпек болсаң түбіме,
Жеті бүзірік, қырық шілтен, Ерлерден медет сұрайын! Көрде жатқан әкемнің Қу басымен ұрайын! Жаныңды қылдай қылайын, Қыл бұраумен бұрайын! Сақалыңды бір талдап, Шыңғыртып тұрып жұлайын!
* * *
—Ій-яу… ықық-ым… Ій-яу-ау! Отырғанда көп жалқау,
Ій-яу… ықық-ым… ій-яу-ау!
Қалғып, шұлғып жабырқау, Ій-яу… ықық-ым… ій-яу-ау! Не боп кетті ойпырмау!
Ій-яу… ықық-ым… ій-яу-ау!
Бұзды-ау шырқын ій қалқау!
Ій-яу… ықық-ым… ій-яу-ау!
Ій-яу… ықық-ым… ій-яу-ау! Қос пікірді ій-яу-ау!
Ій-яу… ықық-ым… ій-яу-ау! Жазып алсақ есен-сау!
Ій-яу… ықық-ым… ій-яу-ау! Болар сонда той тарқау!
Ій-яу… ықық-ым… Ій-яу-ау!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *