ШАҚАР БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым,
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым,
Жалтаңдамай, жасқанбай, Әбден де сөйле, доңызым!
Анық сөйле, ақ сөйле, Дертті қуып денеден, Арам тамақ қоңызым! Ке-ге-ге, желігім,
Гекку-Гекку терегім, Әрқашанда кезегім. Тағы да досым Бостанай, Қалма сен де қостамай!
«О, о, оқо-қой, оқо-қой!»—дейді екен.