СЫБАНБАЙ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Сыйынғаным Құдірет Және бір де сыйындым.
Айналайын, Мұхаммед,
Түркістанда Әзірет, Сыйынғанда себеп ет! Мыңнан шыққан байқай гөр, Дауылбай атлы Есдәулет.
Қобыз шалдым «Алла» деп, Негіз шалдым «барлы» деп, «Әділ сөйле, аңды» деп.
Ары-бері толғайын,
Өтірікші болмайын, Ал, сөзіңді аңдайын.
Әділ бір енді сөйлесең,
Шақыруды қоймайын. Малғұн шайтан кез болса, Айқай салып байлайын.
Айтуға енді ерінбей,
Тірі бір жанға көрінбей,
Басқандарың білінбей,
Қарасы көзге көрінбей,
Дауылбай атты Ер Көбен
Кері төбел ат мінген,
Жал құйрығын шарт түйген.
Әділ сөзді сөйлейтін, Міне, кісі кез келген.
Жетісуды жайлаған,
Аруақ болса айдаған, Малғұн болса байлаған, Әділ сөйле, Ер Қабылан! Ақмарал атты еріміз, Әділ сөйлеп келіңіз.
Сырдың бойы сыр қақты, Ашамайлы күн қақты,
Байқап сөйле аруақты. Алтын қылыш белінде, Жақсылықтың жөнінде, Аралаймын елін де. Өтірік сөйлеп, ерлерім, Сындырмағай белімді.
Үйдеріңде жандар бар, Түзде жүрген малдар бар. Тегісімен көзің сал, Әділ сөйлеп болжай қал! Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп,
14-0139
Тоқсан беске келген Кемпірбай, Кішкене қана көзің бар, Әділ бір ғана сөзің бар.
Екі ұртың суалған, Көттің жүні қуарған.
…………….. ене … бер,
Жауабын айтып кете бер!
Шақырмай енді келген-ай, Ақылымды білген-ай, Әр нәрсені көрген-ай! Байқап сөйлеп келіңдер, Енді қайтып жүре бер!
Әнеки, менің қырық қожам,
Қырық қожаның ішінде Әділ сөзді бір қожам. Ақ сәлделі ол қожа,
Көк асылы—ол қожа,
Әділ сөйлеп сен болжа! Басқан жерің бармақтай, Түскен жерің оймақтай. Ашамайлы күнқақтай,
Байқап сөйле аруақтай. Албыраған атты алған, Қаны тамған бетті алған.
Алпыс екі тамырдан Аралап жүріп дерт алған, Байқап сөйле, қарт бабам!
Айқайлап енді өтейін, Көзіңе салып кетейін. Өтірік енді сөйлесең, Шақырып сені не етейін. Атамнан келген он аруақ, Алшаңдамай, кел бері. Әділ бір сөйле, кел бері,
Байқап сөйле, сен, бері. Өтірік енді сөйлесең, Ал қараңды көрмейін,
Жөніңе түсіп жүрмейін!