[ЖЫННЫҢ АТЫ—ҚАРАМАН…]

[ЖЫННЫҢ АТЫ—ҚАРАМАН…]
—Жынның аты—Қараман,
Енді қайда барамын. Атамнан қалған Қараман, Сеніменен боламын.
Үлгісіз көйлек пішпеймін, «Алдалап» жолға түспеймін. Айтқанымды қылмасаң,
Алдыңа, сірә, түспеймін.
Жын атасы—Жирентай,
Қолыңа жасыл ту алдың,
Найзаңды қанға суғардың.
Дертті көріп қуандың,
Ақсақ қойдай маңыранып,
Соқыр қойдай жамыранып,
Зияндасты қатыннан
Бар Құдайым ажыратып, Жын келеді, айдап ал, Аяқ-қолын байлап ал!
Жын атасы—Жирентай,
Жал құйрығын түйген тай.
Айналайын, пірім-ай, Қара сақал балталым,
Құй мақпалдан қалталым, Зияндасым алмасаң, Бір ай да болса жатқаным. Ел емес едің, ер Дәу-ай, Ерінбесең кел, Дәу-ай! Қатты қайырым іс болды, Көрсетші күшің енді-ай!
Арқадан келген Ақтөбет Айлана үрген сақ төбет.
Төбетім үріп қашырған, Жайына кетсін пәлекет.
Екі бетің албырап,
Қызыл тілің салбырап,
Сауулы інгендей ыңқылдап, Өзінің сөзін мақұлдап, Сарықыз келді жақындап. Шақырдым, келгін, Сарықыз, Келмегенге барыңыз.
Көмегіңді көп қылып, Бәлені байлап алыңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *