[ЖОЛ, ЖОЛ ЖАТЫР, ЖОЛ ЖАТЫР…]

. [ЖОЛ, ЖОЛ ЖАТЫР, ЖОЛ ЖАТЫР…]
—Жол, жол жатыр, жол жатыр, Жол жағалай қол жатыр. Сол қолдардың ішінде Саразбан деген ер жатыр.
Саразбанда сиық жоқ,
Көкшолақта кекіл жоқ.
Арқадағы ауылдай,
Қырға біткен қауындай, Бәрекелде, ерлерім, Келіп ұршы дауылдай.
Егінші киген шекпендей, Базардағы кетпендей, Жаңа келді Дауылбай.
Қарсы алдынан қарасам, Тұжырып қойған таяқтай. Ту сыртынан қарасам, Қырғиға қойған аяқтай. Бүйірінен қарасам, Белге асқан садақтай. Толғанып жатқан жыландай, Келіншек таққан қырандай.
Қара шұбар қабыланым Абжыланды ат еткен, Су жыланды сүт еткен.
Жәдігөйім, жарғышым,
Тінтуші қара байғызым,
Түйе басты шара көз,
Айналайын, жарғышым, Қанға тоймас байғызым!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *