[ЖАЛҒЫЗ ШЫҚҚАН ТОБЫЛҒЫ…]

[ЖАЛҒЫЗ ШЫҚҚАН ТОБЫЛҒЫ…]
—Жалғыз шыққан тобылғы Жай шық болған қобызым. Желмаяның терісі Шарайна болған қобызым. Жүйрік аттың қылынан Жайшық қылған қобызым! Жеті кенттің мақпалын Тұмар қылған қобызым!
Айналайын, дәулерім,
Дулығалы су перім, Бәрекелде, беклерім, Тартшы бермен, дәулерім!
Баймөңке келді осында,
Малайы бар басында.
Қырық жігіт қасында, Айдаһары астында, Айда бермен, шұбарым! Нар күмістен тұмарың,
Шұбарым менің келмесе, Тарқамайды құмарым.
Айда бермен, сексен шоқ, Бармағың бар, өкшең жоқ. Сірә, уайым қылмаймын, Қуалар деп көңілім тоқ. Айдаушы Қара, айдап кел, Жүрмегенін байлап кел. Шашау шығып қалмасын, Бәрін алып жинап кел!
Баймөңкемдей ер қайда, Ер Баймөңкем келгенде, Зәлімдерге күн қайда?!
Айда бермен, Қарамыс, Қарамыстың аузын шеш. Мен шақырдым сіздерді, Кісілердің атын шеш!
Айда бермен, Боқбасар, Хайқайласа жау қашар. Қырық байталды Құлашар, Айдашы бермен, Құлашар!
Алпыс атты ауғаным, Атын байлап сауғаным. Араласып алып қал, Аямайын жау малын.
Ауадағы ала атым,
Торып жүрген тор атым,
Шабуылшы сары атым,
Айда бермен, қара атым. Аруақ қоймай тербеттім, Бәрекелде, Күрбеттім!
Қиядан ұшқан сұңқардай,
Жүгіріп жүрген тұлпардай, Бәрекелде, Жирентай, Келдіңіз бе теңдерім! Жын келеді жиылып, Аруаққа тігіліп.
Байлағалы келгенде, Аяқ-қолы қалар бүгіліп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *