БІР БАҚСЫНЫҢ ҚОБЫЗЫНА ЖАЛЫНҒАН ЖАЙЫ

БІР БАҚСЫНЫҢ ҚОБЫЗЫНА ЖАЛЫНҒАН ЖАЙЫ
—Қарағайдың басынан Қайырып алған қобызым. Қызыл қыршын тобылғы Шашақ қылған қобызым. Желмаяның терісін Қапшық қылған қобызым.
Ортекенің мүйізін Тиек қылған қобызым.
Жүйрік аттың қылынан
Ішек қылған қобызым. Тасқа шыққан ырғайдан Құлақ қылған қобызым! Осы бойы келмесе, Көтеріп жерге ұрайын. Мен жайыма тұрайын, Өз алдыма тұрайын.
Мен, мен едім, мен едім, Мен кімдерден кем едім. Бар құрбымнан кем болдым, Қара жермен тең болдым.
Қаным қалды бір қасық, Етім қалды көк сасып, Ғарыпта жаным қу асып!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *