БЕРКӘЛІ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

БЕРКӘЛІ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Ойдан келген он қожам, Қырдан келген қырық қожам. Аруана туар бұйдалы,
Арғымақ тұлпар кеуделі Разы қылған бендені. Айналайын, Көлмекем, Сенсің менің бабакем. Ауру болған адамға Қожекем менің жар екен. Мына бір мүскін адамның Мұқтажы сізде бар екен?
Тарлау жерде табысқан, Ауру болған жабысқан. Науқас жанын білетін Ардақтарым данышпан. Жеңді қара жарғышым, Тінтуші қара байғұсым! Айып менен майыптан, Зияндасқа зайыптан. Қоймай қарап дерт алған, Бұ байғұсқа өрт алған. Қанжарларым темірден, Мойыны шынжырлым.
Келер күні бұ күнде Бұ күннен соның қиын-ды. Тарықтырмай жауап бер, Мына бір мүскін сыйынды.
Салдым саған бұйымды,
Пайғамбарлар әулие, Әулие мен әмбие, Сыйынамын сендерге!
Қазалы болған мал бар ма, Ренжитұғын жан бар ма?
Төгілетұғын қан бар ма, Адамға түсетұғын төр бар ма? Хабар берген түсімде, Әгар болсам есен де. Қожадан сұрап бал аштым, Жөн білмесем адастым. Садақа айттым жолыңа, Аруақпенен жарастым.
Ауруды саған тапсырдым, Рахым етсең дос қылдым, Қарамасаң, бос қылдым.
Бұл мүскінге жәрдем қыл, Қожекем, саған тапсырдым. Жәрдемдес мүскін бендеңе, Бенденің өзі де білмей ме.
Адам ұлы қимылдақ Құдіретпенен жүргені. Құдіреттің біреуге Қаза жетіп өлгені.
Бұ мүскінге жәрдем ет,
Дертіңе жақсы пәрмен ет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *