БАЛБИКЕ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Айдатұғын күн болды, Байлайтұғын түн болды. Аққан бір сумен айдаймын, Қараңғы түнде байлаймын.
Жын атасы—Жирентай,
Жал құйрығын түйді тай. Су атасы—Сүлеймен,
Сүлеймен, сенен тілеймін! Қарабурам, қарт Бурам, Міншіл қара әулием, Ақ буралы ат әулие! Кереге бойы кер жылан, Керілмей ішті арала! Босаға бойы көп жылан, Былқылдамай кетіңдер!
Парасатты әулие,
Буын-буын аралап,
Сегіз көзді түгендеп,
Тапсырамын аманат!
Әр пәлеңнен қорғап жат,
Жынға жынды саламын.
Періні пері алады, Дию да пері болады…