Бабалар сөзі

29. [КІНЕТ, КІНЕТ, КЕР ЖЫЛАН…]
—Кінет, кінет, кер жылан, Кереге бойлы бір жылан. Өмендегі бір жылан,
Шөпендегі бір жылан, Манара таудың басында Дегелек келді, шық, жылан! Шығар болсаң, жылдам шық, Шықпасаң, қайта оқимын. Көспеңді қой, келді, Күп, шық!
30. [АЛА ҚАНДА, ҚАРА ҚАНДА…]
—Ала қанда, қара қанда,
Қайылғанда, жайылғанда, Толған қанда, анда қанда Кім келді?
Сүлеймен пайғамбар келді, Деміменен көспенді.
Күп, шық!

31. [ҚАМБАР, ҚАМБАР, ҚАМБАР ШЫҚ…]
—Қамбар, Қамбар, Қамбар шық, Қамбар болсаң, қалмай шық.
У заһаріңді жаймай шық!
Менің демім емес,
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демі.
32. [КЕЛЕҢ, КЕЛЕҢ, КЕЛЕҢГЕР…]
—Келең, келең, келеңгер,
Бауыры шұбар келеңгер,
Үсті шұбар келеңгер,
Тас төбеңнен түсермін, Таң ұрғандай қылармын. Танауыңды тілермін, Шатты, бұтты қылармын!
33. [ӘЙ, МӘКІР, ӘРІ МӘКІР…]
Әй, мәкір, әрі мәкір, Келді мәкір, кезенді мәкір. Үт түйлі, мүт түйлі, Ігір-мігір, шытынай мәкір, Зыңғылдай шық!
Мысық келді,
Тақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен шық!
34. [ӘЙ, МӘКІР, АЛА МӘКІР…]
—Әй, мәкір, ала мәкір! Алмас, келмес, Аттап өтпес.
Апы-күпі
Сар жаулы мысық келді.
Тақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен шық!
35. [ЖЫЛАН БОЛСАҢ ЖЫЛЫП КЕЛ…]
—Жылан болсаң, жылып кел, Жылдырған басын қиып кел. Қара жерді қазып кел, Қара топырағын шашып кел!
Жеті қабат жер астында
Түн түсті қара жылан, Сенің арбауыңнан
Қара мақпал тон кеткен.
Айда, залым, суырылып шық!
36. [ҚАРАҒАЙ ОҚАЙ СУ ҚАЙТТЫ…]
—Қарағай оқай су қайтты, Тілім оңай су қайтты.
Айдап келген алты құдірет,
Ай алдына барған құдірет,
Ханнан келген қара құдірет, Хан алдына барған құдірет! Хан алдында не дейді, Қатты демді сал дейді. Құдірет болсаң, қыдыр сыйқат, Жара болсаң, жабы сыйқат.
Таң атқанша, күн шыққанша Бақты баят деміменен шық, Бір Құдайдың жарлығымен шық.
Пайғамбардың өкімімен шық,
Тақ Сүлеймен пайғамбардың деміменен шық!
37. [АЙ, МЕКЕР, АНПАР МЕКЕР, КЕР МЕКЕР…]
—Ай, мекер, Анпар мекер, кер мекер, Құдіреті құдірет!
Айып келді, қайып келді, дау келді, Ас тарат, үс тарат.
Мар құнда, қара құнда, сейкәр құнда, Келдім-келдім қар бастым, Келдім-келдім жар бастым. Мұқамбет құлыйып, Мұқамбет байыз, Мұқамбет тайыз.
Нар дәрі,
Теген жерің сардар.
Жеті қара молданың, Демімен Тақ Сүлеймен Үф-күф, шық!

38. [КЕЛДІМ, КЕЛДІМ, КЕЛДІМ БИ…]
—Келдім, келдім, келдім би, Керегенің көзі би.
Таулым би, таулықанның өзі би.
Қой келді, қозы келді, Су келді, субан келді,
«Шықсын» деп Мұса келді.
Мұса тілін алмасаң,
Дайыр тақсыр, пайғамбардың өзі келді.
Қара қойдан қалмай шық,
Сары қойдан салмай шық,
Тұрымтайдай тура шық,
Жағалтайдай жандап шық, Жан-жағыңа қоймай шық!
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!
39. [АЙ, МЕКЕР…]
—Ай, мекер,
Ақар мекер, кер мекер,
Кемер мекер,
Үнді мекер, үнсіз мекер, Келді кесіртке,
Шанышар шаян.
Қара қой келді,
Қара шұнақ қошқар келді.
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!
40. [КІЛЕҢКІР…]
Кілеңкір,
Әукір баба,
Назыр кілеңкір,
Шатыр-бұтыр, кілеңкір,
Шатырыңды бұзбасам,
Ташкір ұрғандай қылмасам,
Білім-білім қылмасам,
Тілім-тілім қылмасам,
Тәңір ұрғандай қылмасам, Менен емес, Құдайдан!
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!

41. [БҮЙІ, БҮЙІ, БҮЙІ МЕН…]
—Бүйі-бүйі, бүйімен,
Алабота дәмімен,
Жыңғыл оты күлімен,
Өткір пышақ ұшымен, Өтпес пышақ дүзімен. Алмас қылыш қолымда, Өлсем сенің жолында!
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!

42. [АЙДЫҢ АЛА ҚҰРТЫ…]
—Айдың ала құрты,
Күннің күміс құрты,
Өр Алатаудың басынан
Дегелек келді қасынан. Үрпек бас өзі келді, Бізге бұйырды. Қара қойдан қалмай шық,
Сары қойдан салмай шық.
Тұрымтайдай тура шық, Жағалтайдай аңдап шық,
Жан-жағыңа қоймай шық.
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!

43. [АРЫ БАР, БЕРІ БАР…]
—Ары бар, бері бар, Кекіре мен миялар.
Дүйім жалбыздай
Жан қинамай, үзіп шық,
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!
44. [ТАМАМ ТАЗДЫҢ АТАСЫ…]
—Тамам таздың атасы—
Нарым базар әулие
Нарым базарға жол берген.
Қарақожа әулие
Сайым сойдым десе де,
Сары секет әулие
Ақырып та бақырып,
Мың бір ауыз әулие,
Байдың ұлы Тілеуке,
Теліқара әулие
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!

45. [АРЫСТАН, АРЫСТАН, ҚҰШТАЙЛЫҚ…]
—Арыстан, Арыстан, құштайлық,
Қылта таба мекірет
Дүние тілкер.
Адыр-мадыр
Төтекен су қатыр.
Алеке мамыр,
Қой көшек,
Тақ Сүлеймен пайғамбардың демімен шық!
46. [БАСТАН, БАСТАН, БАР БАСТАН…]
—Бастан, бастан, бар бастан,
Құм құрайда,
Құтпан парайда
Теген зенде тіміті керез. Ағаштай байладым, Тастай қат!
47. [ЫБЫР, ЫБЫР, ЫБЫРЛАМА…]
—Ыбыр, ыбыр, ыбырлама, Мен тұрғанша қыбырлама. Қой қорадан өрген жақ, Бала-шаға тұрған жақ. Морт байладым,
Шарт байладым,
Тура жыланның аузын байладым.

48. [ЫБЫР, ЫБЫР, ЫБЫРАМА…]
—Ыбыр, ыбыр, ыбырама, Қыбыр, қыбыр, қыбырама. Матаудан түйе өргенше, Қорадан қой өргенше.
Өзімнен бұйрық келгенше,
Мент түйдім,
Жеті қабат мент түйдім.
Мүхәмәт рәсүлолла,
Тура қара, құрттың аузын байладым.
49. [БАСТАН, БАСТАН, БАР БАСТАН…]
—Бастан, бастан, бар бастан, Бәлікейлер мұнда бар, Арма-шырма жер табар. Қотанды қой елді маңыратып, Оны көрген Ыбыт—мен.
Берік байладым,
Шарт байладым, Соңымнан жет керден!

50. [ОРМАН ТАУДЫҢ БАСЫНДА…]
—Орман таудың басында
Дегелек келді қасынан, Сен де келдің, мен де келдім.
Ақ боран, тілім ойран, Өзен-судың басынан Шаңлаттым да арбадым. Тәтті бүйе, кетті бүйе, Кесмұран қара бүйе.
Тақ Сүлеймен пайғамбар, Деміңді ал да, қуып шық!

51. [ТЕМІР, ТЕМІР, ТЕМІР ЖАН…]

—Темір, темір, теміржан, Темірдің ұлы қауғажан.
Тасырқасаң, тас жаудыр, Қаһарлансаң, қар жаудыр. Буырқансаң, мұз жаудыр, Мұздай темір құрсандыр. Кел, кел, кел, бұлт, Екі енеге тел, бұлт. Ағысы қатты сулардан Аса соғып кел, бұлт.
Шырай соғып, кел, бұлт.
10-0139
Шөптің басын аймалай, Жүгіре соғып, кел, бұлт! Қайың басын айыра соқ, Арша басын айыра соқ. Тобылғы басын толғай соқ, Атан түйені жыға соқ.
Ат бауырынан өте соқ,
Үзеңгіні үзе соқ,
Тебінгіні тебе соқ,
Мәңкі байды баса соқ,
Қошқарбайды қоса соқ!
Түрлі таудан тау қойма! Ақ атыма мінейін, Алладан сені тілейін. Көк атыма мінейін, Көктен сені тілейін.
Оныменен көк жирен,
Көк Сүлеймен пайғамбардың деміменен Тасымнан медет тілейін! Ербек-ербек бай атай, Еркек қана күрең тай.
Шиын қара, шиын қара,
Құлан-бұлан тай, Тартай, мартай, Түрлен, қара бұлтым.
Дария шор, дария шор!
52. КҮН ЖАЙЛАТУ
—Тақ Сүлеймен, Сүлеймен, Сенен медет тілеймін, Алла, сенен тілеймін! Қой басындай көк бұлт, Қожам, сенен тілеймін!
Қоғалы көлдер құрыды, Құба жондар шөлдеді,
Қолдан қара жауын бер?!
Қара сабам қаусады, Сары аяғым саусады.
Қасымнан қараң-құраң кетті ғой, Маңдайымнан ащы шуақ өтті ғой. Жандай досым, ақ бұлт, Омыраудан соқ, бұлт!
Топай-топай ақ бұлт, Омыраудан соқ, бұлт! Есек желді сұр бұлт, Зеріктірмей жете көр!
Мен тасымды торлайын,
Торсыққа салып қорлайын, Тәңірі өзің берсең зорлайын.
Тұңғиық қара көлдерден Шөп алайық, ақ бұлт, Омыраудан соқ, бұлт! Ербек-сербек бай атай, Еркек қана күрең тай.
Шеп қара, шеп қара,
Құлан, жылан, бұлан тай,
Тартай, мартай, Тері тоқым мар тұрғай, Қай тұрғай. Түрлен, қара бұлтым, Мен де сенің ұлтың.
Дария шор!
Дария шор!
53. КӨКШЕНІ АРБАУ
Көкше десем көкшесің, Ақша десем ақшасың.
Қонар жерге қонбапсың, Қонбас жерге қоныпсың. Қонақ қайтты, сен де қайт, Бала бүркіт тырнағы.
Куф…Шық!
54. ТЕМІРЕТКЕНІ АРБАУ
—Темір, темір, теміреткі, Пайғамбарым егін екті. Егіні судан құрыды, Сен де құры.
Теміреткі темірден
Тәзғұнә, тәкули, тәрһәкуһа Қатирә, Куф… Шық!
55. БАЛАНЫҢ ИТ АУРУЫН АРБАУ
—Иттің аты елеуіт, Елеуіттен телеуіт. Бері бақпа, ары бақ, Арба толы телеуіт.
Мұрнын қанатып, тісін қақ. Куф…Шық!
56. [АЛСҰР, АЛСҰР, КҮЙТ-КҮЙТ…]
—Алсұр, алсұр, күйт-күйт, Тұйғын, тұйғын, күйт-күйт. Сұңқар, сұңқар, күйт-күйт,
Лашын, лашын, күйт-күйт. Жетір, жетір, күйт-күйт, Басар, басар, күйт-күйт. Алақұс, алақұс, күйт-күйт, Алаша тайдан ауып түс. Ауыздағы отыз тіс,
Бірің шығып қалмай түс!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *