АЯПБЕРГЕН БАҚСЫНЫҢ ЖЫН ШАҚЫРУЫ

АЯПБЕРГЕН БАҚСЫНЫҢ ЖЫН ШАҚЫРУЫ
—Бала бақсы атандым, Үлкендерден бата алдым. Қарағай қобыз алғаным, Айқай сүрең салғаным.
Жын атасы—Қойлыбай,
Дертке шипа бере гөр, Жаратқан Алла бір Құдай! Есік алды майдан тал, Майдан талға қосым сал. Шақырғанда сал, Жүзей, Бөгелмей тез келіп қал! Ал, Қарамес, Қарамес, Алпыс қойдың терісі Ат болмаған Қарамес. Жетпіс қойдың терісі Жел шықпаған Қарамес. Ақылымды алмай кел, Шақырғанда, қалмай кел!
Сағым желдей сал, Жүзей,
Келе алмасаң, қал, Жүзей. Су атасы Сүлеймен, Мәдет сұрап тілеймін!
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Жиырма сегіз машайық, Қырық шілтен қолдай гөр, Бәріңізден тілеймін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *