МЕХМЕТ ШАХИНГӨЗ1, А.К. МОЛДАДОСОВА2
т.ғ.д., Гази университетінің профессоры, Анкара қ., Түркия Республикасы1
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің РhD докторанты2
1939 ЖЫЛҒЫ В.П ПОТЕМКИННІҢ АНКАРАҒА САПАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КЕҢЕС-ТҮРІК ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ОРНЫ
Түркия және Қара теңіз бұғаздары – аймағы геосаяси күштердің және әртүрлі елдердің мүддесі түйіскен жер. Бұл аймақ Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында да әлемнің күшті державаларының назарын өзіне аударды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында КСРО мен Түркия Республикасы арасындағы 20-жылға жуық орнаған достық қатынастарға сызат түсе бастады. Мақалада Түркия мен Кеңес Одағының соғыс қарсаңындағы қарым-қатынастары, 1939 жыл сәуір айындағы В.П.Потемкинның Анкараға жасаған ар- найы іс-сапары, Түркияның англо-француз одағы мен КСРО арасындағы келіссөздерді жақындатуға әрекет жасауы мәселелері жарияланған архив құжаттарын талдау негізінде жазылған. Сонымен бірге Анкара мен Мәскеу арасындағы екіжақты келісімдерге Түркияның Англиямен, Франциямен қатынастары негізінде қарауға әрекет жасалған.
Түйін сөздер: В.П. Потемкин, Түркия, КСРО, халқаралық қатынастар, келіссөздер, Екінші дүниежүзілік
соғыс қарсаңы.
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Түркия сыртқы саясатында белсенді бола түсті. Бұл ең алдымен ұлы державалардың осы стратегиялық жағынан маңызды аймаққа қызығушылығының ар- туымен байланысты болды. Алдағы болатын дүниежүзілік соғыста Анкара үкіметі кімнің жағын алса, негізінен Таяу Шығыс пен Шығыс Жерортатеңізі жағалауындағы жағдай соған байланысты болатын болды. Түркия өзінің географиялық орналасуына қарай Парсы шығанағындағы мұнай қорының мол көзі мен Еуропадан Таяу Шығысқа шығатын қақпа және Суэц каналы аймағына шығуды қамтамасыз етті. Әскери қақтығысқа ілігіп қалудан қорыққан Анкара, өте күрделі дипломатиялық ойын жүргізе отырып, пісіп жетіліп отырған әскери қақтығыста бейтарап қалуға ұмтылды.
Түркия үкіметі өз елінің Жерорта теңізі мен Қаратеңіздегі қауіпсіздігіне баса назар аударды, ал бұл жағдай Англия, Франциямен одақтық қатынастар жасауға итермелесе және КСРО-мен достық, серіктестік қатынастарды сақтап қалуға тырысты. Жерорта теңізі аймағында Италия жақтан қауіптің артуы түрік басшылығының алдына одақтас табу қажеттілігін қойды. Бұл жағдай Анкара үкіметінің алдына КСРО-мен ынтымақтастықты сақтай отырып, Ұлыбританиямен достық қатынастарды қалпына келтіру міндетін қойды. 1939 жылдың көктемінде Түркия бір мезгілде Ан- глиямен, Франциямен келіссөздер жүргізіп жатты. Түркия ағылшын-француз блогы мен КСРО ара-
сында жақындастырушы ролін атқарғысы келді.
1939 жылдың 29-сәуірінде В.П.Потемкин Анкараға келді. Ол өзінің Анкараға сапары бары- сында президент Исмет Иненюмен, сыртқы істер министрі Ш.Сараджоглумен және сыртқы істер министрлігінің бас хатшысы Н.Менеменджиоглумен әңгімелесті. Анкарадағы британ елшісінің ай- туы бойынша В.П.Потемкин сапарының мақсаты кеңес және түрік саясатындағы үйлесімділікке қол жеткізу, сонымен бірге кеңес-түрік және ағылшын-француз-кеңес келісімдерін де реттеу болып табылады.
Келіссөз барысында кеңес өкілдері Түркия, Англия және Франция арасындағы келісімдерге баса назар аударды. КСРО-ның сыртқы істер министрлігіне 1939 жылы 29-сәуірде жазған телеграм- масында В.П.Потемкин «Сараджоглу Менеменджиоглуның көмегімен өздерінің ағылшындармен және француздармен жасаған келіссөздерінің негізгі кезеңдерімен таныстырды. Соңғыларына (француздар-М.А.) қатысты айта кетер жәйт, олар өз ұсыныстарын айтқан жоқ, тек сөз жүзінде не- месе қағаз жүзінде түріктерге ағылшындардың ұсыныстарына қосылатынын жеткізген. 25-сәуірде Сараджоглының айтуынша парламенттің партиялық топ жұмысынан кейін Түркия атынан ағылшындарға алдыңғы келіссөздерде қозғалған негізгі мәселелер бойынша төмендегі жауаптарды беретін уәкілетті өкіл болды:
1) егер барлық Түркия ұсынған талаптар қабылданса, онда Италиямен қақтығыс бола қалған жағдайда Түркия мен Англия бір-біріне көмек көрсетуіне келісті;
2) Балканға агрессия ұйымдастырылған жағдайда Түркия Англияға тек сол қауіп өзіне қауіп төндіретін жағдайда ғана көмектесетін болды;
3) өзара көмек туралы ағылшын-түрік келісімі Англия мен КСРО арасындағы осы тектес келісіммен толықтырылуы керек;
4) Түркия мен КСРО арасында бұғаздар мен Қара теңіздегі өзар көмектің тәсілдер мен шартта- рын анықтайтын арнайы келісім қажет;
5) Түркия әскери жабдықтармен қатар, экономикалық және қаржылай көмекпен қамтамасыз етілуі қажет;
6) Түркия келісімді 15 жыл мерзімге жасауды ұсынады;
7) келісім парламентте ратификацияланып, жариялануы қажет» [1].
В.П.Потемкин «Сараджоглуның мәліметтерінде кейбір түсініксіздіктер бар екенін» және Кеңес Одағы ағылшындармен келіссөз басталғанға дейін жеткілікті дәрежеде ақпараттандырылмауы үшін
«ол кейбір жәйттарды әдейі айтпай отырғанын» ескертті.
Одан әрі түрік тарабы кеңес өкілдерінің өтінішімен Англиямен жасалатын келіссөзге байланы- сты бірқатар нақтылықтар енгізді. 29-cәуірде КСРО істері бойынша уақытша өкіл И.О.Никитников В.П.Потемкиннің тапсыруымен Менеменджиоглумен сөйлесті. Ол «Жалпы «оське» қарсы бағытталған бірінші параграфы тек Италияға қарсы бағытталған, сонымен бірге егер Англия агрессиялық ниетінің жолын кесу үшін Италияға қарсы шығу керек деп шешсе Түркия агрессияның кез келген жағдайында Англиямен бірге қимылдайтынын» айтты. Германияға қарсы өзара көмек бұл пунктте қарастырылмады. 2-параграфта Менеменджиоглуның сөзі бойынша «Негізінен Гер- манияны басты назарға алады. Егер Балқанға герман қаупі төнген жағдайда өзара көмек Түркияға қауіп төнген жағдайда ғана басталады». Мұндай түсіндірме келісімнің бұл пунктінің мүмкіндігін тарылтты, яғни Түркия бейтараптық сақтау туралы шешімді өзінде қалдырды.
25-сәуірдегі түрік жауабының 5-параграфындағы қаржылық және экономикалық көмек пен әскери қамтамасыз етуде Түркия нақты қандай талаптар қойды деген сауалға, Менеменджиоглу
«Түркияға 1-әскери қару-жарақ;2-ақшалай көмек; 3-экономикалық көмек, бұл түрік тауарларын са- тып алудан бас тартқан Германияның орнына Англияның сатып алуынан көрініс табуы мүмкін». Англия барлық осы сұрақтар бойынша нақты талаптарды қанағаттандырмайынша өзара көмек туралы ағылшын-түрік келісіміне қол қойылмайды. Сондықтан Англияның түбегейлі келісімінен соң Англия Түркияға нақты нені және қанша көлемде беретіні жайлы ұсыныстарды қарайтын ар- найы комиссия құру көзделіп отыр. Менеменджиоглу Түркияның «ақшаның үстелге қойылуын» талап етілетінін айтты. Сонымен бірге Түркия өзінің нақты талаптарының соғыстың басталуын күтпестен, өзара көмек туралы келісім жасалған кезден жүзеге асуын талап ететін ескертті.
30-сәуірде В.М.Потемкиннің Түркия президенті Исмет Иненюмен кездесуі өтті. Президент В.М.Потемкинге Түркияның Балқан елдерімен және Англиямен келіссөздерінің барысын сөз етті. И.Иненюдың пікірі бойынша Балқан елдері біріккен жағдайда агрессорға айтарлықтай қарсылық көрсете алар еді. Бірақ Болгарияның Балқан Антантасына қосылуына оның территориялық талап- тары кедергі келтірді, себебі Болгария Румынияның оған Оңтүстік Добруджаны (Бұл Болгарияның
солтүстік-шығысындағы Румыниямен шегарасындағы территория. 1877-1878 жж. орыс-түрік соғысынан кейін Оңтүстік Добруджа Болгар княздығының құрамына, ал Солтүстік Добруджа Румынияға берілді. 1913 жылы екінші Балқан соғысында Болгарияның жеңілісінен кейін Оңтүстік Добруджа территориясы да Румынияға берілді.) қайтарып беруін қалады. Иненю мұнай келісімді жасау үшін қолынан келген барлық мүмкіндікті пайдаланатынын және бұл істе Англия мен КСРО та- рапынан ықпал болатынына үміт артатынын білдірді. В.М.Потемкин Иненю мен Сараджоглуға Ру- мынияны зондаж жасау туралы кеңес жоспарын ұсынғанда бұл идеяны «қуанышпен» бастаған пре- зидент пен министрдің «өңдері суынып» Румынияның зондажы КСРО мен Түркияның агрессорға қарсы тұру туралы негізгі позицияларын келісіп алмай тұрып және Болгария мен Румынияның территориялық талаптарын қанағаттандырмай, екеуінің агрессорға қарсы қорғану ұйымына кіруіне кепілдік бермейінше басталмайтынын айтты [2].
1-мамыр күні Сараджоглу Потемкинге екі құжат берді. Бірі 15-сәуірде Сараджоглу ағылшын елшісіне берген жазбасының мәтіні, екіншісі 25-сәуірде өзінің ағылшын елшісіне жазған хаты. Бұл екі құжаттың да мәтіні алдын ауызша беріліп қойған болатын. Түріктерді кеңес жағының олардың Англиямен жүргізіп жатқан келіссөздері мен Сараджоглуның 25-сәуірдегі жауабындағы ұсыныстарына қандай көзқараста екені қызықтырды. Потемкин тікелей жауаптан қашып, өз кезегінде түрік үкіметінің Кеңес Одағының, Франция мен Англияның жасаған ұсыныстарына қатысты өз ұстанымын қалыптастыруын, екі жақтың позицияларын салыстыра отырып, КСРО-на да Түркияға да сәйкес келетін қандай да бір ортақ формула табуды ұсынды.
1939 жылы 3-мамырда кеңес-түрік қатынастарының алдағы уақыттағы жағдайын бағамдай отырып, Литвинов И.Сталинге хат жазды. Ағылшын-түрік келіссөздерінің жалпылама көрінісі енді түсінікті. Англия мен Түркия арасында Жерорта теңізінде Италияға қарсы өзара көмек ту- ралы толық келісім бар сияқты. Түркия Германияға қарсы және Балқанды қорғауда өзара көмекке келіскендей, алайда шын мәнінде түрік мүддесіне қауіп төнген жағдайда ғана көмек көрсетеміз деп түсіндіруі Түркияға толықтай шешім қабылдау құқығын беріп, бұл келісімді жоққа шығарады. Түркия КСРО-мен келісімнен Германияға да, Италияға да қарсы және олардан бұғаздарды қорғау үшін материалдық көмек береді деп ойлап отыр. Литвиновтың ойынша Түркия мұндай көмекті біржақты деп ойламайды. Себебі бұғаздар Түркияға тиесілі болғанменолардың халқаралық маңызы бар. Түркия бұғаздар күзетін өз мойнына ала отырып, ортақ іске қызмет етіп отыр және бұл істе ұлы державалардан көмек сұрайды. Түріктердің Қара теңізде ынтымақтасуы жайлы Литвинов онда да бұғаздарды басып алу мен Босфорға, одан әрі Қара теңізге шетелдік кемелердің кіруі жағдайында ғана біздің көмегіміз айтылып жатыр деп жазды.
Нәтижеде Литвинов Потемкинге түрік үкіметіне бұғаздарды қорғауда біріккен кеңес-түрік міндеттемелерін беру туралы принципальды келісім беруді ұсыныс жасады, ал келісімді егжей- тегжейлі кейінрек, мүмкін Сарджаоглының Мәскеуге келген кезінде қарастырамыз делінді.
Алайда Литвиновтың Потемкинге жауап беру туралы дерективасының орнына, 1939 жылдың 3-мамырында Литвиновты КСРО Халық комиссары председателі В.Молотовпен арадағы келеңсіздікке байланысты сыртқы істер халық комиссары қызметінен босатып, орнына В.Молотовты тағайындады [3; 327]. Сол күні Анкарадағы Потемкинге нұсқауды енді В.Молотов жіберді.
Молотов Потемкинге кеңес үкіметінің ағылшын-түрік келіссөздеріне көзқарасы мен бағасын беруді тапсырды. Түркия мен Англияның өзара көмек туралы идеясы жаңа сыртқы істер халық комиссарының айтуынша «өте жақсы» деп бағаланды. Дегенмен кеңес басшылығы өзара көмек беру туралы ағылшын-түрік келісімін тек қана Англия мен Түркияның ісі деп санады және бұл келісімге қосылуға айтарлықтай ниетті болған жоқ. Англия мен Түркияның Балқан аймағындағы герман агрессиясына қарсы бірігіп қорғану туралы идеясы да В.Молотов үшін өте қызық идея бо- лып, бірақ бұл идеяның басты кемшілігі Румыния герман шапқыншылығына бір өзі қарсы тұра алмайды, ал бұл жағдайда Болгария бұғаздар мен Стамбулға айтарлықтай қауіп туғызады. Бұдан құтылу үшін герман агрессиясына қарсы бейбітшілік сүйетін елдер қатарына қосылу керек. Осыдан келіп болгарларға Оңтүстік Добруджаны беру қажеттілігі туындайды. Барлық тірлік түріктердің румындарға қысым жасауында, ал мәселе оларда емес. Молотов қорытынды ретінде Потемкинге бұдан әрі бөгелмей, Мәскеуге тез қайтуға тапсырма берді, себебі Потемкинге жүктелген негізгі міндет «алдын ала барлау мен ақпарат алу» болатын [3; 328].
В.М.Потемкиннің Анкарадан 1939 жыл 5-мамырдағы КСРО-ның сыртқы істер комиссариатына жазған хатында Терентьев екеуін Исмет Иненюдың қабылдағанын және әңгіме біржарым сағатқа созылғанын жазды. Исмет Анкарадағы біздің кездесуіміздің нәтижелеріне оң баға берумен баста- ды. Ол Кеңес үкіметіне біздің таңдаған байланыс тәсілімізге ризашылығын жеткізуді тапсырды.
И.Иненю кеңес-түрік достығының жаңа кезеңге көтерілгендігін айтты. КСРО-ның Түркия мен Ан- глия арасындағы келіссөздерге, атап айтқанда Жерорта теңізіндегі өзара көмек туралы келісіміне қатынасына Түрік үкіметі дән риза болды. Бұл келісімнің Балқан елдерін агрессияға қарсы біріктіріп, осьті талқандап, ортақ бейбітшілікті құтқаруға тең екенін атап өтті. Батысытың ұлы державаларының ұстанымы жайлы айта келіп, алғашқыда олардың Шығыс Еуропадағы герман экс- пансиясына қарсы шықпағаны, тіпті сол арқылы әскери қақтығыстан тысқары қалып, Шығыстағы қақтығыстар арқылы Германияны әбден тұралатып, болашақта өздері Еуропа тағдырын шешетін қожайын ролін атқарғысы келді деп түйіндеді. Бірақ Англия мен Франция мұндай жағдайдың өздеріне қаншалықты қауіпті екенін түсінгеннен кейін, олар агрессорға қарсы тұру үшін келіссөздер бастады. Олар Польша мен Румынияға өз кепілдіктерін берді, Түркия және КСРО-мен келіссөздер бастады. Исмет Иненюдың пікірінше «КСРО ұсынылып отырған ынтымақтастықтан бас тарт- пауы керек. Оның томаға-тұйықтығы бейбітшілік ісіне айтарлықтай зиян әкеледі. Халқаралық қауымдастық Еуропадағы бірде-бір сыртқы саяси үлкен мәселе Кеңес Одағының қатысуынсыз шешілмейтінін білуі қажет. Түркияның барлық күш-жігері осыған бағытталған».
И.Иненю Кеңес үкіметін өзінің Шығыс Еуропадағы көршілеріне біржақты кепілдік беріп, сол арқылы үлкен моральдық көмек беруге шақырды. Бұл арқылы Исмет КСРО көсемдеріне ақыл айт- пайтынын және оларды әлемдегі ең дана саясаткерлер ретінде танитынын айтты. Айта кетер жайт
генерал Вейганмен болған әңгімесінде Исмет оған КСРО-ның қолдауынсыз Франция Германияға қарсы қорғана алмайтынын дәлелдеді.
И.Иненю Қаратеңіз пакті мәселесіне де тоқталды. Ол бұл мәселемен бар жігерімен, ынта- ықыласымен айналысуға сөз берді. Түркия үшін бұл мәселе жай ғана оң мағнада шешілетінін, алай- да шешілуі қажет екі мәселенің барлығын айтты. Біріншіден, Румыния мен Болгариямен татуласты- ру қажеттігін, екіншіден, Қаратеңіз келісімін Балқан пактімен сәйкестендіру керек.
Түркия президенті Түркияға ең алдымен Германия тарабынан шабуыл жасалуы мүмкіндігімен келіседі және оны шабуыл болған жағдайда Кеңес Одағы оған қандай көмек бере алатыны қызықтырды. Англия мен Франция егер соғыс бастала қалған жағдайда көмектесу туралы көптеген уәде беріп отыр, алайда соғыс болған жағдайда Түркия мен Батыс арасындағы байланыс үзіліп, жеткілікті жағдайда көмектесе алмайтыны белгілі. Ал Түркияға танктер, самалеттер, танкке қарсы артиллерия, грузовиктер, тракторлар қажет. Егер Түркия Кеңес Одағынан осындай көмекті ала алса, фашистік Германиямен жекпе-жекте төтеп бере алар еді.
Исмет ағылшындарға Түркия екіжақты кеңес-түрік пактін жасауды қажет деп есептейтінін айтып қойды. Ол іс-жүзінде Түркия мен КСРО одақтас деп есептейді. Бұл одақты заңды түрде рәсімдеу екі мемлекетте бұны қажет деп танығанда жүзеге асады деп қортындылай отырып, Исмет Сталин, Молотов, Ворошилов және Калинин мырзаларға тебірене отырып Түркияға қатынасында көрсеткен сенімі мен достығы және Анкарадағы келіссөздер кезінде көрсеткен шынайылығы мен турашылдығы үшін өзінің ыстық лебізін жеткізуін сұрады [3; 332-334].
Бұл әңгіменің Ресейлік жазылымдарында өкінішке орай Потемкиннің Түркия президентінің әңгімесіне не деп жауап бергені, Иненюдың сөздеріне оның реакциясы қандай болғандығы жайлы ештеме айтылмайды. Түркия жазбалары әлі күнге дейін тарихшылар үшін қол жетімсіз болып отыр. Бұл іс-сапар нәтижесінде Түркия мен КСРО арасында ресми түрде келісімге қол қойылмаса да, Түркия жағы Потемкиннің Анкараға сапарының нәтижесіне оң баға берді. 1939 жылы 12 мамырда Түркия парламентінің мәжілісінде премьер-министр Рефик Сейдам сөз сөйлеп, былай деді: «Түрік үкіметі біздің ұлы көршіміз, досымыз Кеңестер Республикасымен шын жүректен және өте жақын байланыстарын жалғастыра береді. Потемкин жолдастың Анкараға жасаған іс-сапары бізідің көзқарастарымыз бен түсініктерімізде толық үйлесім бар екенін және біздің ертеңгі саясатымыз да осы негізде дамитынын көрсетті». Рефик Сейдамнан кейін сөз алған парламенттегі сыртқы істер коммисиясының төрағасы Сафет Арыкан, депутат Фетхи Окаяр және юстиция министрі, парла- мент депутаты Казым Озал кеңес-түрік достық қатынастарының болашақтағы дамуы жайлы айтқан премьер-министрдің мәлімдемесінің қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Айта кетер жайт Сайдамның да, Фетихтың да КСРО туралы айтқан сөздері парламенттің барлық депутаттарының қол шапалақтауымен қарсы алынды. Мәжіліс отырысынан кейін Сайдам КСРО-ның саяси өкілі Терентьевты өзіне шақырып, «түрік үкіметінің басшылары Потемкин жолдаспен болған кездесуден көңілдері толғандығын» тебіреніспен жеткізді. Сейдам жақын арада КСРО мен Түркия өкілдері арасында нақты мәселелер бойынша келіссөздер басталатыны және оң шешімдер екі ел арасындағы
іс-жүзіндегі одақты құқықтық жағынан рәсімдейтінін мәлімдеді.
В.М.Потемкиннің Анкараға жасаған ақпараттық мақсаттағы іс-сапары әйтсе де дұрыс мәнге ие болды. Ол Еуропадағы ұжымдық қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселесінде Түркияның ұстанымын нақты анықтап беруге және сол елдегі реакциялық топтардың сол кезде белсенді бола түскен антикеңестік тіміскілігіне қарсы күш болды. Іс-сапар өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға да септігін тигізді [4]. Потемкиннің іс-сапары кезінде Анкарада Таяу Шығыстағы француз әскерлерінің бас қолбасшысы Вейганды И.Иненю қабылдаған кезде екеуі КСРО, Франция және Англия арасындағы келіссөздер жайын сөз етті. Генералдың Франция мен Англияның Германияға қарсы күресіне КСРО-ның белсенді көмегіне күмәнім бар, себебі КСРО мен Германияның ортақ шекарасы жоқ, ал Румыния мен Польша Кызыл Армияны өз территориясынан өткізе қоймас деген пікіріне Германиямен соғыс болған жағдайда КСРО-на Прибалтика арқылы әскерін өткізу қиынға соқпайды деп жауап берді. Ал Вейганның КСРО Туркия мен одақтастарға қандай көмек бере ала- ды деген сұрағына, Исмет Түркияға Италия мен Германия соғыс аша қалған жағдайда Англия мен Франциядан гөрі, КСРО-на айтарлықтай үміт артатынын және КСРО-ның көмегі әскери қару-жарақ, авиация және адам күшімен болатынын, егер қажет болған жағдайдап Түркия Кеңес Армиясына өз тылын ұсынатынын айтты [3; 330-331].
В.П.Потемкиннің іс-сапарының аяқталуына байланысты жазылған ресми коммюникеде «өзара
пікір алмасу екі мемлекет арасында достықты нығайтуға деген ұмтылыстың бар екенін көрсетті» [5]. Осы мәліметке түсіндірме жасай отырып, түрік газеті «Вакыт» 1939 жылы 12-мамырда екі көрші мемлекет имперализмге қарсы күресіп жатыр, сондықтан да «Қара теңіз бен Каваказ шегара- сында бейбітшілік үстемдік етіп тұр» — деп жазды [6].
1939 жылы 31-мамырдағы КСРО сыртқы істер халық комиссарының КСРО Жоғарғы Кеңесінің сеесиясында жасаған докладында КСРО-ның тату көршісі Түркиямен қатынастары «бірқалыпты» дамып келе жатқаны, таяуда ғана В.М.Потемкин мырзаның ақпараттық мақсатпен Анкараға іс- сапармен барып қайтқаны айтылды [7].
В.П Потемкиннің Түркияға іс-сапары ресейлік және түркиялық тарихшылардың еңбегінде әртүрлі бағаланды. Кеңес дәуір тарихнамасында Түркияның Кеңес Одағымен келіссөздері « КСРО- мен келісімге саботаж жасап, батыс саясатына қосылу», нәтижесінде түрік үкіметі кеңес ұсынысына нақты бір жауап бермеді деп бағаланды [8]. Б.М.Поцхверияның кеңес-түрік қатынастарың бірінші кезеңінде Түркия ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне қатысуға ұмтылыс жасады [9] деген пікірі негізділеу болды. И.Ф.Черников өзінің «1934-1972 жж. кеңес-түрік қатынастары» атты диссер- тациясында «айтылған мәлімдемелер мен ишаралар үнемі шынайы іс-қимылға аса бермейді. Ірі импералистік елдердің жолына түсе отырып, Түркия біртіндеп Ататүрк салып кеткен сыртқы сая- сат бағытының принцптерінен алшақтай бастады және бұл Кеңес Одағымен байланысына да әсер етпей қоймады» — деп жазды.
Түрік тарихшылары Түркия Англиямен одақтастықтан өзінің оңтүстіктегі шекарасын қамтамасыз етуді көрсе, КСРО-мен келіссөздерден өзінің солтүстік шегарасын нығайтуды көздеді деп жазды [10].
Жалпы алғанда 1939 жылдың көктемінде Түркия үкіметі өз кезегінде Түркиямен одақтасуға баса назар аударып отырған Ұлыбританиямен одақтасуға мүдделі болды. Сонымен бірге Түркия Кеңес Одағы мен Ұлыбритания келісімге келуі мүмкін деп, КСРО-мен достық қатынастарын қолдауын жалғастыра берді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 СССР в борьбе за мир накануне второй мировой войны (сентябрь 1938 — ав¬густ 1939 гг.). Документы и материалы. — М.: Политиздат, 1971.336-337-б.
2 Год кризиса, 1938 — 1939: Документы и материалы: в 2-х т. Т. 1. — М.: По¬литиздат, 1990. 415-416-б.
3 Документы внешней политики. Т.22: В 2 кн. Кн. 1. 1 января -31 августа 1939. — М.: Международные от-
ношения, 1992.
4 История второй мировой войны 1939-1945, Т.2, 277-с. 5 Известия, 1939, 8-май
6 РФССА. Ф.4459, оп,31/5, д.1040, л.145
7 Документы и материалы кануна Второй мировой войны 1937-1939. 2-х томах. Т.2. М.,1981. 110-б. 8 Новейшая история Турции. — М.: Наука, 1968. 170-б.
9 Поцхверия Б.М. Турция между двумя мировыми войнами: очерки внешней политики. М.1992. 227-б. 10 Olaylarla Turk diş politikasi. Cilt:1 (1919-1973). –Ankara: Ankara Siyasal Bilgileri Fakultesi Yayinlan, 1982.
685-б
REFERENCES
1 SSSR v borbe za mir nakanune vtoroy mirovoj voiny (sentyabr 1938 — avgust 1939 gg.). Dokumenty i materialy.
— M.: politizdat, 1971. 336-337-b.
2 God krizisa, 1938 — 1939: dokumenty i materialy: v 2-x t. t. 1.- M.: politizdat, 1990. 415-416-b.
3 Dokumenty vneshneipolitiki. t.22: v 2 kn. kn. 1. 1yanvarya -31 avgusta 1939. — M.: mezhdunarodnye otnosheniya, 1992. 327-b.
4 Istoriya vtoroi mirovoi voiny 1939-1945, t.2, 277-s. 5 Izvestiya, 1939, 8-mai.
6 AVPRF. f.4459, op,31/5, d.1040, l.145 .
7 Dokumenty i materialy kanuna vtoroi mirovoi voiny 1937-1939. 2-x tomax. t.2. M.,1981. 110-b. 8 NoveishayaistoriyaTurciy. — M.: nauka, 1968. 170-b.
9 Pocxveriya B.M. Turciya mezhdu dvumya mirovymi vojnami: ocherki vneshnej politiki. M.1992. 227-b.
1 Olaylarla Turk diş politikasi. Cilt:1 (1919-1973). –Ankara: Ankara Siyasal Bilgileri Fakultesi Yayinlan, 1982.
685-б.
Визит В.П.Потемкина в Анкару 1939 году и его роль в Советско-турецких отношениях
Турция и Черноморские проливы – регион, где всегда переплетались интересы разных стран и конку- рирующих геополитических сил. Этот регион и во время Второй мировой войны был в интересах мировых держав. Накануне Второй мировой войны несмотря на 20-летнюю дружбу, началось охлождение в отноше- ниях Турции и СССР. В статье анализированы отношения СССР с Турцией накануне Второй мировой войны, поездка В.П.Потемкина в Анкару в апреле 1939 года, проблемы попытка сближения Турции, англо-француз- ского блока с СССРна основе опубликованных архивных документов. Особое внимание уделяется истории двухсторонних отношений между Анкарой и Москвой, в контексте отношений Турции и Великобритании, Франции на начальном этапе Второй мировой войны.
Ключевые слова: В.П.Потемкин, Турция, СССР, международные отношения, переговоры, канун Второй
мировой войны.
V.P.Potemkin visit to Ankara 1939 and its role Soviet-Turkish relations
Turkey and the Black Sea straits — a region where there is always intertwined interests of different countries and competing geopolitical forces. This region and during the Second World War was in the interests of world powers. On the eve of World War II, despite the 20-year-old friendship begunCoupling relations between Turkey and the Soviet Union. The article to analyze relations of the USSR with Turkey on the eve of World War II, V.P.Potemkina trip to Ankara in April 1939, the problems of Turkey’s rapprochement attempt Anglo-French bloc and the USSR on the basis of unpublished archival documents. Particular attention is deleted history of bilateral relations between Ankara and Moscow in the context of relations between Turkey and the United Kingdom, France, at the beginning of World War II.
Key words: V.P.Potemkin, Turkey, USSR, international relations, negotiations, the eve of the Second World War.