ҚҰРТТЫ БАЙЛАУ

ҚҰРТТЫ БАЙЛАУ
—Ла илаһа-иллаһу кәрдәм, Мухаммаду рәсуалла құнт кәрдәм. Құл ағуз бираби ку алу ақырап, Уа ғинда уа һия—еннаһум, әкидунә.
Кәйдан уа әкиду уа кәйдан
Ялмаһу—кулли кәпиринә—әм һул һум.
Бәнт-бәнт байладым
Ту қара бүйінің аяғынан, Ту қара сиырдың сирағынан. Мен де жаттым, сен де жат, Қыбырлама, қара құрт, Жыбырлама, қара құрт.
Ертең ерте тұрғанша,
Беті-қолым жуғанша,
Қойшы қойға барғанша, Түйе мойнын салғанша, Бәнт- бәнт байладым!
Құртты шешу
Ла—илаһа иллаһу басайыш,
Уа ба һақ Мұхаммаду рәсулалла күшайыш. Сен шешілсең, мен шештім—жер-жеріңе,
жекен суыңа
Топырақтай тоз, құмалақтай бүлін,—
деп бір уыс топырақты шашып жібереді. Құрт кетеді. Екінші рет дем салғанда оқылады:
—Бүйі-бүйі деседі, Бүйі базар әулие Нарын-нарын деседі. Нарын базар әулие
Қара құртпен қас болған.
Қара қотан әулие. Арбаушының атасы— Сайым серкеш әулие.
Жер біткенде су біткен, Баба Сейіт әулие.
Тақ Сүлеймен әулие Демібірлән күп шық!
Кел бүйі, кет бүйі, Керегеден өт бүйі. Бұзау басты мұз тептім, Мұзды суға жібердім. Он екі бұзау, жүз Тақ Сүлеймен пайғамбар Демібірлән күп шық!
Қой келді, қозы келді, Сиыр келді, сыпы келді.
Жігіт келді, жыны келді,
Пышақ келді, қыны келді,
«Шықсын» деген
Тақ Сүлейменнен қабар келді.
Шықпасаң, ту қара бүйіні
Турап жемесем, тойман-ды. Шынымменен оқысам,
Сені бұ жерге қойман-ды. Тақ Сүлеймен пайғамбар Демібірлән күп шық!
Бау-бау бәлекейін, Тиген жерің сілекейің.
Өкпе менен бауырдан,
Шеке менен тамырдан
Буын-буын аралап,
Сирағыңнан домалап,
Тас төбеңнен таймай шық, Өз зәріңді жаймай шық! Тақ Сүлеймен пайғамбар Демібірлән күп шық!
Ер шығанды керуенді, Саһил мәкіру шәнді.
Ақ қонда, қара қонда,
Кәди-мәди мәршұғында Баба тары быжы-бұжы талам бұжы. Камар камандар бұжы, Сабыр саманда бұжы. Бартану бұжы, От меңіреу бұжы. Мүкі үкім мүкім, Он-онан үкім.
Қон-қонда мүкім,
Саһилы бар қазанда Тақ Сүлеймен Пайғамбар Бұжы олан күп шықтым!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *