ҚАРА ҚҰРТТЫ СӨЗБЕН ОҚУ

ҚАРА ҚҰРТТЫ СӨЗБЕН ОҚУ
—Абдаду қазатей, Уа, карбанды, Шашбанды, мүсабанды. Лейбайлы қашар қанды, Бихи апай қанды. Апай акуй, какуй, Келу куй.
Жалақ ташмақа,
Ташар қонда, Дерсизде, Арсизде.
Келең, келең, келеңгір, Бауыры шұбар келеңгір.
Шатыр-шұтыр келеңгір, Шатырыңды бұзайын, Танауыңды тілейін. Тәңірі ұрғандай қылайын, Сүйтіп кегімді алайын.

Бүйі-бүйі, бүйі, шық, Бүйі шықсаң, жиі шық. Атқан оқтай жіті шық, Аққан судан жылдам шық. Солқылдаған бүйректен, Сомса қара жүректен Бір зәредей қалмай шық!
Ақ Сүлеймен пайғамбар,
Тақ Сүлеймен пайғамбар,
Демде, Дәуіт пайғамбар, Қолда, Дәуіт пайғамбар,
Өзіңізден сұраймын,
Өзіңізден тілеймін,
Өзің медет бергейсің, Өзің қуат бергейсің?!
Бісмілла мәрмәр, Бісмілла зәрзәр.
Бісміллахи құтан кеш, Бісміллахи сұлтан кеш.
Сұлтан Сәбит саю,
Деркөметкә барсаң, гаухар бар. Ақ қонда, қара қонда, Зер қонда, зәмін қонда. Әгар сен шықпасаң, Тышты армыс мені мұнда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *