А.С. МҰСАҒАЛИЕВА
тарих ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІМЕТТІК ИНСТИТУТТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ТӨТЕНШЕ КОМИТЕТТІҢ ҚЫЗМЕТІ
Мақалада Қазақстандағы Бүкілресейлік төтенше комитеттің қызметі анықталады. Оның ішінде, аталмыш мекеменің Кеңес мемлекетінің орнығуы мен нығаюындағы атқарған жұмысы ашылады. Сонымен қатар, аталған мекеменің республикада большевиктік өкіметінің қудалауын жүзеге асырғаны, жергілікті халықты аяусыз жазалауға араласқаны туралы деректер беріледі. Негізгі мәліметтер қазақстандық бірнеше мұрағаттың материалдары негізінде дәйектеледі.
Түйін сөздер: өкімет, комитет, репрессия, саясат, жазалау жүйесі, мекеме, дерек.
Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына, жалпы большевиктер мемлекетінің орнығуына жол ашып берген шарасы – 1917 жылғы 7 (20) желтоқсанда В.И. Лениннің ұсынысы бойынша құрылған контрреволюция мен саботажға қарсы күрес бойынша Бүкілресейлік төтенше комиссия болды.
Комиссияның міндеті: 1) кімнің жағынан шығып жатқанына қарамастан, бүкіл Ресейдегі барлық контрреволюциялық және саботаждық әрекеттер мен қадамдарды кесу және жою; 2) революциялық трибуналдың сотына барлық контрреволюционерлер мен саботаж жасаушыларды беру және олар- мен күрес шараларын жасау; 3) комиссия тек қана алдын — ала тергеуді жүргізеді, өйткені бұл жолды кесу үшін қажет. Комиссия бөлімдерге бөлінеді: 1) ақпараттық; 2) ұйымдастыру; 3) күрес. Комис- сия ең бірінші баспаға, саботажға, саботажшыларға және ереуілшілерге назар аударады. Шаралар тәркілеу, карточкадан айыру, халық жауларының тізімін жариялау арқылы жүргізіледі [1].
Бүкілодақтық төтенше комитет өкіметтің жоғарғы органдарын елдегі жағдай туралы ақпараттау құрылымында маңызды буын болып табылды. Онымен бірге бұл функцияны басқа ведомство- лар – Ішкі істер және Әскери істер халық комиссариаты да орындады. Олардың әрқайсысында тақырыптары бөлек, бірақ жалпы ұстанымды құрылымы бір ақпараттық материалдардың өзіндік жүйесі болды. Оперативті қызметтен басқа Бүкілодақтық төтенше комитет елдегі саяси жағдайды әрі қарай талдау және өкіметтің жоғары органдарын ақпараттандыру үшін жергілікті жерлер аху- алы туралы ақпарат жинауды міндетіне айналдырып отырды. Осы мақсатта Бүкілодақтық төтенше комитеттің жергілікті органдары орталыққа ақпараттық шолу материалдар жіберіп отырды [2].
Негізі, уақыт ағысымен, жазалаушы саясаттың жалғыз құралы – Бүкілресейлік төтенше комиссия
— Бүкілодақтық саяси мемлекеттік басқарма болды, оның артында Коммунистік партияның Орталық Комитетінің Саяси бюросы тұрды [3]. Бұл жаңа түрдегі мемлекеттік қауіпсіздік, пролетарлық диктатура органы еді. В.И. Ленин Бүкілодақтық төтенше комитеттің құрылу қажеттілігі туралы төмендегідей дәйектеді, ол чекистік органдар міндетін анықтауда және оның қызметінің саяси ли- ниясын жасауда жеке үлесін қосты [4]. Бүкілресейлік төтенше комитеттің басшысы болып В.И. Лениннің ұсынысы бойынша Ф.Э. Дзержинский тағайындалды. «Бұл қарақшыларды, тығылып қалған помещиктер мен капиталистерді ұстап алу және олардың ізіне түсу керек, оларды аямай жазалау қажет…» [1,71 б.] деп В.И. Ленин ашып айтты. Осылайша, жазалаудың басты органына айналды. Аталған мәселенің күн тәртібіне қойылуы Кеңес өкіметінің саяси репрессиясының баста- луын айқындап береді.
Кеңес тарихын зерттеушілер еңбектерінде Бүкілодақтық төтенше комитеттің қызметіне баға беріп кеткен болатын. Мысалдар келтірелік. А. Солженицын Бүкілодақтық төтенше комитет- ке былай сипаттама берді: «Бүкілодақтық төтенше комитет — революция сақшысы, аңду, қамауға алу, тергеу, прокуратура, сот және шешімді жүзеге асыру сияқты істерді түгел қолына жинақтаған адамзат тарихындағы жазалаушы жалғыз орган». Ол Кеңес өкіметінің қуғын — сүргін саясатының 1917 жылдан бастап В.И. Ленин жүргізген шаралардан бастау алатынын баяндай келе, 1921 жылы Бүкілодақтық төтенше комитеттің №10 бұйрығындағы (8.1.21) «буржуазияға репрессияны күшейту керек» деген сөзді талдайды. А. Солженицын азамат соғысы бітсе де, репрессияның одан әрі күшейгенін атап көрсетеді [5]. Ал француз тарихшысы Н. Верт: «Бүкілодақтық төтенше комитет басында тергеу органы ретінде ойластырылды және олардың репрессивті шаралары мүлік пен азық
— түлік карточкаларын тәркілеуге бағытталды. Осындай полицияны құру жөнінде міндет жергілікті кеңестерге жүктелді. Жергілікті төтенше комиссиялар тез арада қысқа соттан кейін қамалғандарды
ату құқығын өздеріне алды» деп сипаттама берген болатын. Ал Ресейдегі қызылдардың террорын зерттеуші С.П. Мельгунов «Төтенше комиссия – бұл соттар органдары емес, коммунистік партияның орталық комитетінің терминологиясы бойынша «аяусыз жазалаулар». Төтенше комиссия «бұл тер- геу комиссиясы, сот, трибунал емес» – деп төтенше комиссияның міндеттерін анықтайды, — бұл аза- мат соғысының ішкі майданы бойынша жұмыс істейтін әскери орган. Ол жауды соттамайды, соққы береді. Кешірмейді, баррикаданың ар жағындағы кімді болса да күлге ұшырады» [6] деп көрсетті.
Көптеген құжаттар В.И.Лениннің Бүкілодақтық төтенше комитеттің қызметіне ерекше назар аударғанын көрсетеді, бұл, әсіресе, қылмыс жасады деп кінә қойылған тұлғалардың жауапкершілікке тартылған, ұсталған істерінен көрінеді. В.И.Лениннің Бүкілодақтық төтенше комитетті басқарудағы қызметі аталған мекеме және оның органдары туралы құжаттық мәліметтерде анық көрінеді. 1917 жылғы 7(10) желтоқсанда В.И.Ленин Дзержинскийге жазған хатында контрреволюционерлермен күрес жолдарын анықтады. Бүкілодақтық Төтенше Комитеттің қызметін В.И.Ленин өзі бақылап, нұсқау беріп отырды.
Бүкілодақтық төтенше комитет жергілікті жерлерде комиссариаттар мен болыстық кеңестерді, милицияны, партия ұйымдарын қадағалап отырды. Уездік, губерниялық мекемелер мен ондағы қызметкерлер туралы мәліметтер де жиналды. Орган жергілікті жерлерде ешбір мекемеге бағынбады. Бұл оның қолындағы шексіз билікті пайдалануына зор мүмкіндік берді. Саяси репрес- сияны жергілікті жерлерде жүргізу аталған мекеменің қызметімен тікелей байланысты. Күрес үшін құрылған мекеме болғандықтан, оның қызметі жергілікті мекемелердің үстінен сынға толы болды. Олардың басты мақсаты жау іздеу болды. Аталмыш комитеттен келген бұйрықтардың көшірмелері облыстарға міндетті түрде жіберіліп тұрды. Бұл, орталықтан- дырылған жүйе қызметін көрсетуші еді. Репрессиялық шараларды жүргізу туралы деректер жоғарыдағылардың жергілікті мекемелерге халықты билеуде қатаң шараларды қолдануға мүмкіндік бергенін ашып береді.
Мәселен, 1920 жылы 17 сәуірде Мәскеуден, Бүкілодақтық төтенше комитеттен барлық жергілікті жерлерге арналған бұйрық келіп түсті [7]. Кеңес өкіметінің репрессияға ұшыраған адамдарды ла- герлерге жіберудің бастамасын осы құжаттан көруге болады. Бұйрықта репрессияның қатал және өзгермейтіндей етіп жасалуы айтылады. Сонымен қатар, кейбір тұтқындарды кеңестік лагерлер- ге жіберу керектігі көрсетілген. Бұйрықта барлық губерниялық комитеттерге репрессияны қатал жүргізу ұсынылды. Осы тұрғыдан шыға отырып, жергілікті төтенше комитеттердің өкілеттілігі күшейтілді және олардың революциялық трибуналмен бірігіп жұмыс істеуі басты мақсат етіп қойылды. Сонымен қатар, лагерлерге тұтқындар жіберуге қолдау айтылады, бұны кеңестіктерге тегін жұмысшы күшінің қажеттілігінен деп түсінеміз.
Қазақ интеллигенциясын қудалау губерниялық төтенше комиссиялардың негізгі ісіне айналды. Жалпы, Ресейде де Бүкілодақтық төтенше комитет большевиктер партиясынан өзге партия (кадет- тер, эсерлер) мүшелерін де қудалауға ұшыратқан болатын. Бұл туралы белгілі француз тарихшысы Н.Верт өз еңбегінде көрсетіп өткен болатын [8].
Қазақстанда төтенше комиссияның адамдарды тұтқындауларының көптігі жергілікті мекемелерді, оның ішінде губерниялық революциялық комитеттерді де ойландырмай қоймады. Олар кеңестік мекемелер қызметкерлерін тұтқындаған әр жағдайды хабарлап отыруды ұсынды [9]. Жергілікті мекемелердің бассыздықтарын Орталықтан келіп түскен деректер арқылы анықтауға болады. Қырревком төрағасы Пестковский қол қойып, Cемей облыстық ревкомы, әскери-революциялық кеңес пен Сібір ревкомына жіберген жеделхатында казак-орыстар мен жергілікті өкімет орын- дарына қазақ халқына байланысты жасап отырған зорлық және бассыздықты тоқтатуды өтінді. Құжатта жағдай нақты былай көрсетілді: «Казактар мен қоныс аударушылардың қазақтарға құл ретінде қарауға үйренгенін жақсы білеміз және тіпті Кеңес өкіметінің кезінде де жергілікті орган- дар мен өкіметтің жекелеген агенттері қазақ тұрғындарын қыспаққа алуға бет бұрып тұрады. Біздің басқаратын территорияда бұл құбылыспен жемісті күресудеміз, әскери-революциялық кеңес пен Сібір ревкомына қазақ халқын әртүрлі сипаттағы бассыздықтан қорғау үшін барлық шараларды қабылдауды өтінеміз» [10].
Төтенше комиссияға жергілікті мекемелердің қызмет еткені белгілі. Сондықтан да, жергілікті жерлерге бас сауғалап кетіп қалған алаштықтарды ұстап берген болыстық, губерниялық мекеме- лер іс жүргізу құжаттары көп мәселенің бетін ашып береді. 1920 жылы 22 мамырда губерниялық революциялық комитеттерге кеңес мекемелерінің қызметкерлері мен жұмысшылар, әскери қызметкерлердің тұтқындалғаны, тергеуге тартылғаны туралы мәліметтерді беріп отыруды ұсынды [11]. Ондай адамдар уақытша немесе толықтай жұмыстан шығарылды.
1920 жылы 5 шілдеде РКФСР Ішкі істер халық комиссариатынан келіп түскен хабарламада көрнекі
жерлерге ілінген большевиктердің хабарландырулары, үндеулері, газеттерін революцияға қарсы адамдардың жұлатыны, жоятыны айтылды. ІІХК губерниялық атқару комитеттеріне кінәлілерді революциялық трибуналдың сотына беру жолымен Төтенше комиссия арқылы әкімшілік жолмен күштеп жұмысқа пайдалануға, тұтқындауға, концлагерлерге қамауға алып, барлық репрессиялар туралы ашық, кең түрде жариялауды ұсынды [13]. Көкшетау уезі революциялық үштігі ерекше бөлімі бастығы Ганикевич бұйрыығында: «Әр атылған немесе өлтірілген коммунист, қызыләскерге немесе атқару комитеті мүшесі, жалпы кеңес қызметкері үшін аманатқа алынған он адам атылаты- нын тұрғындарға хабарлаймын. Бұл хабарландыруды жұлған адамдар заңнан тыс деп есептеледі және атуға бұйырылады» [14].
Бұл мәселе Ф.Э. Дзержинскийдің В.Р. Менжинскийге жазған хатындағы пікірінде анық көрінген:
«Біздің мәліметтеріміз мынадай, олар тек біржақты картинаны — мүлдем қара – болашақсыз және біздің нақты ролімізді сипаттамай береді» [2, 4 б.]. Террорды ұстанымды түрде заңдастыру және дәйектеу, оны қолданудың шегі мен қажеттілігіне назар аударудың лениндік қадамы қауіпсіздік органдарымен төтенше жағдайларда қарсыласудың қатал формаларын іске асыруды анықтады. Бұл — аманаттар алу жүйесі, шеңберленген кепілге алу және жауап берушілер институты. Аталған шаралар төтенше болып табылды және саяси жүйенің орнығу дәрежесі бойынша біртіндеп 1920 жылдардың ортасына қарай алынып тасталды [15].
Мекеме қызметін ашып беруге жеке тұлғалардың баяндамаларын талдау да көмектеседі. Облыстардағы большевиктердің шектен шығушылықтары туралы Кеңес өкіметінің өз қызметкерлері де баяндап отырды. Оның ішінде, РКП (б) губерниялық бюросына Басқарма бөлімі меңгерушісі Большаковтың 1920 жылы 2 ақпанда жіберген хатын айтамыз [16]. Ол өз хатында Семей қаласы мен губернияда 1919 жылдың қыркүйегінен басталған көптеген тұтқындаулар туралы мәліметтер береді. Азамат соғысынан кейін ұсталынған адамдардың көптігі, мекемелер мен жекелеген адамдар атынан арыздар, пікірлер, қолдаулар түсіп жатқанына қарамастан, түрмеден босатылмай отырғаны айтылады. Сонымен қатар, облыстық төтенше комиссияның жіберген қателіктерін де көрсетіп өтеді. Оның айтуынша, төтенше комиссия мүшесі Бархатов қаңтар және ақпан айларында қарусыз жергілікті халыққа тиісіп, нәтижесінде оның озбырлығы мен зорлығына шыдамай, тұтас аймақ қарсы көтеріліп, қақтығысулар болды.
1919 жылы 17 ақпанда БОАК — тың «Бүкілресейлік төтенше комиссия туралы» декреті шықты [17]. Онда қарулы көтерілістерді басуда, жазалаудағы аталмыш мекемеге құқық берілетіні көрсетілді. Ал жергілікті жерлерде бұл жұмысты төтенше комиссиялар атқарды.
ХХ ғасырдың 20 жылдарында партияның Орталық Комитеті аппарат- ында ақпараттық бөлім құрылды. Республикалық және облыстық комитеттер оған өзінің конференциялары мен пле- нумдары хаттамаларын, сонымен бірге аймақты саяси және шаруашылық жағынан сипаттайтын ақпараттық есептерді жіберді. Бұндай практика аудандық комитеттен-облыстық комитетке сияқты деңгейде жасалды. Жалпы есептер жоғары тұрған партиялық комитеттердің салалық бөлімдері та- лап ететін арнайы есептермен толықтырылды. Осылайша, Кеңес мемлекеті өмір сүру қызметінің барлық сферасын қамтитын мәліметтердің негізгі көлемі қалыптасты. Мемлекеттік мекемелердің іс жүргізуіндегі сияқты партиялық органдардың құжаттамаларында оған қарастыруға келіп түскен еңбекшілердің хаттары мен шағымдары секілді материалдар кең берілді [18].
Бүкілодақтық төтенше комитеттің ақпараттық жүйесі 1918 жылдың екінші жартысында елдегі ішкі саяси жағдай туралы мемлекеттік ақпараттар деректерінің практикалық тәжірибесіне негізделе отырып, құрыла бастады. Ақпараттық деректер ІІХК және әскери істер бойынша халық комисса- риатында да болды. ІІХК саласы бойынша аталған мәлімет Халық комиссариаты басқарма бөлімі ақпарат бюросында жиналды. Оның дерек көздері — Кеңес өкіметінің жергілікті атқару органдарының басқарма бөлімдері. Әскери істер бойынша халық комиссариаты құрылымында жергілікті жер- лер туралы ақпаратты терумен оперативті бөлім жанындағы байланыс және ақпарат бөлімі, со- нымен қатар әскери комиссарлардың бүкілресейлік бюросы айналысты. Олар үшін ақпарат көзі губерниялық және уездік әскери комиссариаттар мен әскери құрылымдар штабы болды [2, 23б.].
Сондықтан да, кеңестік ұлт республикаларының бірі ретінде қазақстандық жергілікті органдардың барлығы әр ай сайын жүргізілген террор туралы материалдарды жинақтап, орталыққа жіберіп отырды. Мәскеудегі құзырлы органдардың құжаттарында басқалармен қатар еліміздің барлық облыстары туралы мәліметтер жинақталған. Осыдан шыға отырып, репрессивті шараларды ашу ресейлік мұрағаттардың деректерін пайдалану арқылы жүзеге асады деген пікір айта аламыз. Ал біздің орталық және жергілікті мұрағаттарда республикалық дәрежедегі мекемелердің жүргізген іс-қимылдары, әрекеттері мен қызметтері айтылады.
Мәселен, 1920 жылы қарашада Қазақ КСР Бүкілодақтық төтенше комиссиясы өкілі Лебедевтің
«Қазақ КСР саяси, экономикалық және шаруашылық жағдайы туралы» атты баяндамасында партия- да жоқ қайраткерлердің мемлекеттік қызметі анықталады: «Басқа партиялардың ішінде, 1918 жылы талқандалған және осыдан кейін тұрғындардың төменгі табы, әсіресе ауылдар бойынша бөлініп өздерінің үгіт жұмыстарын жүргізген жергілікті сипаттағы «алашордалықтар» партиясын айтып кетпеске болмас. Торғай саяси бюросының меңгерушісі көрсеткеніндей, барлық өкімет Кеңестердің (ауылдар мен болыстар бойынша) және болыстық атқару комитетінің қолдарында емес, керісінше алашордалықтардың пікірлерін нақты ұстанатын түземдік хатшыларда болып табылады. Кеңес өкіметіне, коммунистік партияға қарым-қатынас халықтың кездейсоқ жиналған бөлігі арасындағы әңгімелесулерде көрінетін жаулық сөздерінен, сонымен қатар шаруаларды өз басшылықтарымен ұйымдастырғысы келетінен көрінеді» [19].
Аталмыш мәліметтерді РФ федералды қауіпсіздік қызметінің мұрағатындағы құжаттар кешенінен таба аламыз. 1920 жылы 11 желтоқсанда қараша айы бойынша көтерілістер туралы Бүкілодақтық төтенше комиссияның құпия бөлімінің баяндамасында Қазақстандағы жағдай былай суреттеледі:
«Революциядан кейін және қазіргі кезде қырғыздар көптеген жерлерде орыс тұрғындардың отарла- уына ұшырауда және сондықтан ұлттық жеккөрушілік шығатын жер іздейді, бұл рулық патриархал- ды және феодалдық плутократияны үгіттеумен өрт шығаратын жиі көтерілістер мен бандылыққа апарады» [2, 364-365 бб.]. Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихы құжаттамалар орталығында 1920 жылдың соңындағы төтенше комиссияның ұлт зиялыларына қарсы «қызыл террордың» жалғасуы жайлы мәліметтер бар [20].
1922 жылы 23 қаңтардағы РКП(б) Орталық Комитетінің Саяси Бюросы мәжілісінде Бүкілодақтық төтенше комиссияның жойылуы туралы мәселе қаралды [1, 549-552 бб.]. Оның орнына Ішкі істер халық комиссариаты жанынан Мемлекеттік саяси басқарма құрылды.
Шын мәнінде, Бүкілодақтық төтенше комитеті — Бүкілодақтық Мемлекеттік саяси басқарма — Ішкі істер халық комиссариаты — Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті секілді органдар бір-бірін жалғастырушы болды. Олардың басты мақсаты — Кеңес өкіметінің бастау көзінде жүргізілген жаппай қудалауды қоғам өмірінде орнықтыру. Большевиктердің мақсаты орындалды, олар миллиондаған адамдардың тағдырын талқандауда теңдесі жоқ мемлекеттік аппарат құрды. Бұл аппарат жылдан- жылға күшейіп, шарықтау шегіне И. Сталиннің кезінде жетті.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Ленин В.И. и ВЧК. Сборник документов (1917-1922 гг.). – Москва: Политиздат, 1975. – 679 с.- С.14-16. 2 Советская деревня глазами ВЧК-ОГПУ-НКВД. 1918-1939. Документы и материалы. В 4-х т. / Под ред.
А. Береловича, В. Данилова.-Москва: «Российская политическая энциклопедия» (РОССПЭН), 2000.- 864 с. — С.718.
3 Яковлев А. Крестосев. Вагриус, — Москва, 2000. — 270 с. — С.18.
4 Оболонский А. Драма Российской политической истории: система против личности. — М.: Институт го- сударства и права РАН, 1994. — 38 с.
5 Солженыцин А. Архипелаг ГУЛАГ. В 4 т. – М.: ИНКОМ НВ, 1991. — 432 с., С.36-38.
6 Верт Н. История советского государства: Пер.с фр. – М.: Издательства “Весь мир”, 2006. – 560 с.; С.П. Мельгунов. Красный террор в России. 1918-1923. 4 — е издание. Нью — Йорк: Телекс, 1989. — 203 с.
7 Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихы құжаттамалар орталығы (әрі қарай — ШҚОҚЗТҚО), 72-қор, 1- тізімдеме, 89-іс, 3-101-пп.
8 Верт Н. История советского государства: Пер.с фр. – Москва, Издательства “Весь мир”, 2006. — 560 с.- С.
153.
9 ШҚОҚЗТҚО, 72-қ., 1- т., 89-іс, 3-101-пп.
10 Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. ХХ век. Алматы: Университет “Туран”, 1997.- 360 с. — С. 11.
11 ШҚОҚЗТҚО, 73-қ.,1-т.,18-іс, Б-1-10
12 ШҚОҚЗТҚО, 72-қ., 3- т., 2-іс, 13-264-пп.
13 ШҚОҚЗТҚО, 72-қ.,1-т.,1-іс, 365-п.
14 ҚРОМА, 66-қ., 1-т., 9-іс, 13-п.
15 Молдаханова Г. Деятельность ОГПУ в Казахстане (1922-1934 гг.): автореф… дисс. канд. ист. наук. — Ал- маты, 1999. – 27 с.
16 ШҚОҚЗТҚО, 72-қ., 3- т., 2-іс, 13-264-п., 264, 265 бб.
17 Сборник законодательных и нормативных актов о репрессиях и реабилитации жертв политических репрессий. – М.: Республика, 1993. – 245 с. — С.56.
18 Голиков А.Г., Круглова Т.А. Источниковедение отечественной истории. — Москва: Издательский центр
«Академия», 2007.- 464 с. — С.292
19 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1920-1928 ж. — Алматы: “Ел-шежіре”, 2007.
— Т.3. — К.1. — 304 б. — Б-80, 84 б.
20 ШҚОҚЗТҚО, 72- қ.,1- т., 82-іс, 224-п.
REFERENCES
1 Lenin V.I. i VChK. Sbornik dokumentov (1917-1922 gg.),. – Moskva- Politizdat- 1975. – 679 s. — S.14-16.
2 Sovetskaya derevnya glazami VChK-OGPU-NKVD. 1918-1939. Dokumenti i materiali. V 4-h t. / Pod red.
A. Berelovicha. V. Danilova. – Moskva: «Rossiiskaya politicheskaya enciklopediya» (ROSSPEN,) 2000. — 864 s.- S.718.
3 Yakovlev A. Krestosev.Vagrius, — Moskva, 2000. — 270 s. — S.18.
4 Obolonskii A. Drama Rossiiskoi politicheskoi istorii — sistema protiv lichnosti. — M.: Institut gosudarstva i prava RAN, 1994. — 38 s.
5 SoljenicinA. Arhipelag GULAG. V 4 t. – M.: INKOM NV, 1991. — 432 s.- S.36-38.
6 Vert N. Istoriya sovetskogo gosudarstva: Per.sfr. – M.: Izdatelstva “Vesmir”, 2006. – 560 s.; S.P. Melgunov.
Krasnii terror v Rossii.1918-1923. 4 -eizdanie. Nyu–Iork: Teleks, 1989. — 203 s.
7 Shigis Kazakhstan oblistik kazіrgі zaman tarihi kujattamalar ortaligi(arіkarai — ShKOKZTKO), 72-kor1- tіzіmdeme, 89-іs, 3-101-pp.
8 Vert N. Istoriya sovetskogo gosudarstva: Per.sfr. – Moskva, Izdatelstva “Vesmir”, 2006. — 560 s.- S. 153. 9 ShҚOҚZTҚO_ 72-қ., 1- t., 89-іs, 3-101-pp.
10 Abilhojin J.B. Ocherkisocialno-ekonomicheskoi istorii Kazahstana.XX vek.Almati:Universitet “Turan”, 1997.- 360 s. — S. 11.
11 ShKOKZTKO, 73-қ.,1-t.,18-іs, B-1-10
12 ShKOKZTKO, 72-қ., 3- t., 2-іs, 13-264-pp.
13 ShKOKZTKO, 72-қ.,1-t.,1-іs, 365-p.
14 KROMA, 66-қ., 1-t., 9-іs, 13-p.
15 Moldahanova G.Deyatelnost OGPU v Kazahstane (1922-1934 gg.):avtoref… diss. kand.ist. nauk. – Almatiб1999. – 27 s.
16 ShКOКZTКO, 72-қ., 3- t., 2-іs, 13-264-p., 264-265 bb.
17Sbornik zakonodatelnih i normativnihaktov o repressiyah i reabilitacii jertv politicheskih repressii. – M.: Respublika, 1993. – 245 s. — S.56.
18 Golikov A.G., KruglovaT.A. Istochnikovedenie otechestvennoi istorii.–Moskva:Izdatelskiicentr «Akademiya», 2007.- 464 s. -S.292
19 Alash қozgalisi. Kujattar men materialdarjinagi. Sәuіr 1920-1928 j. – Almati: “El-shejіre”, 2007. — T.3. — K.1.
— 304 b. –B-80,84b.
20 ShКOКZTКO, 72-қ.,1-t., 82-іs, 224-p.
Мусагалиева Арайлым Сабитовна, д.ист.н., профессор ЕНУ имени Л.Н. Гумилева.
Деятельность Всероссийского чрезвычайного комитета в процессе формирования и функциониро- вания институтов власти в советском Казахстане
В статье рассматривается деятельность Всероссийского чрезвычайного комитета в Казахстане. В частности, выполняемая работа данной организации в формировании и укреплении советской власти. А также ее деятельность в исполнении преследований большевистской властью в республике, их карательные операции против местных народов. Основные сведения обосновываются на основе материалов нескольких архивов Казахстана.
Ключевые слова: власть, комитет, репрессия, политика, карательная система, учреждения, источник.
ArailymMussagaliyeva, doctor of historical sciences, professor Eurasian national university named after L.N. Gumilev. Activities of the All-Russian Extraordinary Committee in the process of formation and functioning of the institutions of power in Soviet Kazakhstan
The article discusses the activities of the All-Russian Extraordinary Committee in Kazakhstan. In particular, the work performed by the organization in the development and strengthening of the Soviet power. As well as its activities in the execution of persecutions of the Bolshevik power in the republic, their punitive operations against the local people. Basic justified on the basis of several archives in Kazakhstan.
Key words: power, committee repression policies, punitive system, institutions, power.