ЗИЯНДАС АЙНАЛДЫРҒАНДА
—Бірден, бірден бірге шабар, Шабар тілі шапты қарлық. Қарлық тілі—қамшы батыс, Батыс тілі мама туған. Туған тілі тоқтамалық, Малық тілі бес ағаш. Ағаш тілі—алма құдық, Құдық тілі—қу талқы. Талқы тілі—дардан өгіз, Өгіз тілі—өрме қайыс. Қайыс тілі—қара желім, Желім тілі жеті құлаш. Құлаш тілі—қу томат, Балпаң, балпаң кім баспас.
Сары тонын жамылған,
Әй, зияндас,
Мен де келдім, сен де қаш!