Жәлаладдин Руми (1207 – 1273 жж.).

Шығыс пен Батыс: көңіл күнделігінен үзінділер

Сырлы әлемнің сұлтандары

Жәлаладдин Руми (1207 – 1273 жж.).

Ол селжұқтар салтанатына қарасты Konya шаһарында даңқты қази болатын. Бірде қаумалаған қызметшілерімен жұма намазынан қайтып келе жатты.

Жолда оның жолын бір дәруіш бөгейді. Аңтарылған қази оған не керек екенін білмек болады. Сонда дәруіш: — Тақсыр, менің бір сұрағым бар еді ,- дейді… Жәлаладдин Руми ол кезде 37 жаста болатын…

Осыдан кейінгі 26 жыл ғұмыры осынау сұрақтың тұңғиығына сүңгумен өтті.
Осынау сапарында адамзат танымының көкжиегінен шығып, сырлы әлемнің сұлтанына айналды.

1. Іслам әлемінде Мұхаммад алахиссаламнан соң, ең көп оқылатын ғұлама;
2. Бүгінгі Тәжікстанның аумағында туылған. Ғұмырының басым бөлігін Түркие жерінде өткізген. Шыңғыс ханның замандасы. Тәжікстан, Ауғанстан, Иран және Түркие азаматтары Румиді өздерінің отандастары деп, әлі күнге таласып келуде;
3. Өлеңдерін төрт: парсы, араб, түрік және грек тілдерінде жазған;
4. 2000 жылы «Time» агенттігі жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша Руми өткен мыңжылдықтағы әлемдік мәдениеттің ең ұлы қайраткерлерінің жүздігіне енгізілді;
5. Әлемдегі ең жемісті еңбек еткен ақын. 70 000 астам өлең жолдарын жазған;
6. Өзге ақындардан айырмашылығы, Руми өлеңді есейген шағында – 37 жасында жаза бастаған;
7. Руми өзін ақын деп санаған емес: «Аллаһтың атымен ант етейін, мен ешқашанда поэзияға құмартып, ынталық танытқан емеспін, менің түсінігімде онан асқан берекесіз тірлік те жоқ»- дейді, екен;
8. Шығыста, Үндістаннан Мавританияға дейінгі аралықта Руми поэзиясын ХШ ғасырдан бастап күні бүгінге дейін қалыптасқан дәстүр бойынша арнайы мектептерде оқып, үйренеді;
9. Батыста Руми поэзиясы негізінде үш опера жазылды – соның ішінде, әйгілі сазгер, саз революционері Филип Гласс сандық «Monsters of Grace» 3D операсын, Поп-ару Мадонна Деми Мур және Голди Хоунмен бірлесіп Румидің өлеңдерінен құралған «A Gift of Love» альбомын шығарды;
10. Ақынның туылғанына 800 жыл толуына байланысты ЮНЕСКО шешімі бойынша 2007 жыл — Руми жылы деп жарияланды.

***
* * *
Дөңгелеткен дүниені әпсәтте-ақ,
Ай сәулесін сатып жұртқа алаяқ.

Ай сәулесін өлшеуменен сан бейбақ,
Құн төлеуде енді оны бақ санап.

Хан базарға дүрілдеген айқай сап,
Біз де келдік, бақ алуға сор айдап.

Өткен жылдар өкінішін өтемге ап,
Өлшеп берді ай сәулесін сол сәтте – ақ!

Қайда сол нұр сатып алған сан бейбақ?
Базар бітті, қайтты сонан құр-алақан сан ұрпақ…

* * *

Мен жайраны көріп кейде таңданам,
Сол шіркінді талай адам таяғымен сабаған.

Уытымен сол таяқтың — о, ғажап!
Жайра толып, дөңгелене жайнаған!

Күнә істеген көңіліме зер салсам,
Жайра емес деп, қалай оны айталам.

Әлде, мүмкін адамдардан таяқ жеп,
Пайғамбарлар өзгелерден оза алған?

Ермахан Қалмырзаев парақшасынан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *