ЖАҺАНДЫҚ МӘН МӘТІНІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМ


Ә. МАМЫРБЕКОВА
филос.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті

ЖАҺАНДЫҚ МӘНМӘТІНІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМ

ХХІ ғасыр басындағы жаһандық үрдіс қарым-қатынастардың күрделенуі мен өрістеуін білдіреді. Бұл мемлекеттер арасындағы өз ара қатынастардың тәуелділігі мен күрделену үрдісі. Әлемдік ақпараттық кеңістіктің қалыптасуы қарқынды дамуда. Технологияның түбегейлі өзгерісінен тұтас жалпы білім беру кеңістігін қалыптастыру қажеттілігі пайда болуда.
Түйін сөздер: философия, жаһандану, білім, құндылық, ұлт, еркіндік, адамгершілік.

Қазіргі жаһандану кезеңінің ерекшелігі – ғылыми, ғылыми-техникалық, әлеуметтік- экономикалық, саяси және басқа да факторлардың күрделі араласуымен сипатталатын өзгерістердің қарқынымен көлемі.
Жаһандану тұтас және көпөлшемді процесс ретінде міндетті түрде болады, бірақ ол тікелейе мес,оныңкөріністеріауыспалы болып табылады. Жаһандану жеке халықтардың мәдениетінде
ұлттандырылады, ал ұлттық сана әлемдік мәдениеттің жалпы адамзаттық құндылығы көлемінде жаһанданады. Жаһандану — адамдар мен әлеуметтік топтардың жаңа байланысы қалыптасатын кездегі қоғамдық қатынастардың ерекше күйі.
Демек, объективті үдеріс ретінде жаһандану адамзаттың тарихи даму логикасына сәйкес, белсенділіктің, шығармашылықтың және жауапкершіліктің белгілі бір деңгейдегі білімі бар тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін туындатады. Білім және ғылымның болуы шекаралар мен аумақтарға байланысты емес. Жаһандану үдерісі кезінде бүкіл әлемнің білім беру аумағында әр түрлі модельдер мен үлгілердің таралатындығына қарамастан, білім берудің тиімді, ортақ жүйесі және олардың интеграциясы, координациясы қажет.
ХХІ ғасырдағы білім жаһандану жағдайындағы адамның рухани бағытының өзгерісіндегі, жаңаша ойлау жүйесінің қалыптасуындағы, адамның қоғамдағы, тарихтағы, әлемдегі орны туралы жаңа түсініктерінің пайда болуындағы мәселелерді түбегейлі шешуі тиіс. Әлемдік білім беру негізі
-демократиялық қоғам өміріне қажет өзіндік сана негізінің динамкасын өсіруге қолайлы жағыдай жасау.
Жалпы білім беру кеңістігін қалыптастырудағы алғашқы қадамды бейнелеуші бұл Болон үдерісі (маусым, 1999 г.), мақсаты: тәлім-тәрбиенің интеграциялануы, білімнің нарықтық бағдарлануы, бірыңғай еңбек нарығын құру. Сондайақ ұлттық білім беру жүйесі адамзаттың интеллектуалды игіліктерін қуаттандырады, ұлттық құндылықар жүйесін сақтай отырып, өзіндік мәдени негізінде қалады.
Білім беру саласындағы қоғамдық қызығушылық – бұл өзгеше бір, өзінің болашағына деген қызығушылық секілді. Болашақ, осы болашаққа елеулі әсер ететін бүгінгі жасалып жатқан істерге байланысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында Қазақстан халықына Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру — Қазақстанның дамуының басты бағыты» (қаңтар, 2012) адам капиталының сапалы өсуі білімге байланысты екенін атап өтті. Білім беру жүйесін жаңғыртуда, оқу үдерісіне алдыңғы қатарлы техника мен технологияларды кіргізу маңызды болып табылады.
Мұндағы шешілетін дилемма: білім беру — бұл мемлекеттің дамуына әсер ететін экономикалық механизм немесе мемлекеттердің әлеуметтік-мәдени тұтастықта тіршілік ету тәсілі ретінде?
Бұл дилемманы шешу үшін, жаһанданудың мүмкін болатын салдарын айқындап (оң немесе теріс), білім беру жүйесіндегі маңызды міндеттерді анықтау керек.
Осылайша, XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында адамзаттың әлеуметтік дамуы, уақыт қажеттілігіне жауап беретін және адамды жаһандану шартында өмір сүруге үйрететін, білім философиясының дамуына себеп болды.
Білім философиясы – білім беру саясатының стратегияларының тұжырымдамалық негіздерін қалыптастыруға бағытталған ұтымды ойлаудың жеткілікті жоғары деңгейі, теориялардың белгілі бір тәсілі.
Білім философиясы тек білім беру кеңістігінің ұстанымдарын анықтайды және талқылайды,
«таза үлгілермен» жұмыс жасайды, ал оның құрылысы үшін нақты ұсыныстарды әзірлемейді.
Білім беруде философиялық тұжырымдамалардың болмауының салдарынан, тәлім-тәрбие мақсатындағы түсінікте қайшылықтар туындайды, анықтама көп жағыдайда әлеуметтік қиял деңгейінде қалып қояды, мұндай жағыдайда бізге қоғам дамуындағы қажеттіліктерді нақты көрсете алатын бағдарлама қажет.
Батыстағы секілді ТМД елдерінде де философия қазіргі заманғы білім мәселелерін өте сирек талқылауда («дөңгелек үстел» талқылауларын жағымды дәлел ретінде атауға болады. -»ХХ ғасыр соңындағы білім» –Философиялық сұрақтар, 1992, №9).
Білім философиясы дидактикалықты талап етпейді, оны педагогикамен шатастырмау керек. Пе- дагогика, оқыту үдерісін жетілдіретін нақты әдістермен тәсілдерді зерттейтіні белгілі.
Білім берудің философиялық-мәнділігінің анықтамасы – тұлғаға білім беру тәсілдерін зерттеу, яғни адамға лайық «бейне» беру. Осыдан туындайтын сұрақтар: Білім беру үдерісі қалай жүреді? Нәтижесінде адамды білімді тұлғаға айналдыратын білім мен танымның қандай түрлері мен фор- малары бар?
«Еркіндік — кенеттен пайда болатын мәңгілік өмір сүретін адамның рухани орталығы ретінде, адамдағы адам – бұлсапалы және маңызды қандай жағыдайда болмысын алынатын алғашқы білім шарты және ағартылған адам — деп жазды М.Шеллер» [1, 64 б.].
Осы орайда, философиялық көзқарас бойынша, — білім – бұл «адамның тұлғалық әлемінің қалыптасуы», үлкен әлемге қатынаста («макрокосмның») өзіндік жинақлықтың қалыптасуы, даралық-индивидтегі («микрокосмға») рухани орталыққа айналуы М.Шеллер.

Егер де білімге қандай да бір ерекше жетілген, идеал ретінде қарасақ, онда ол әрбір кезеңдегі индивидттік — өзіндік болмыс түрлеріндегі, салтындағы, ырғақтарындағы, шекаралардағы сәйкестік барлық еркіндіктегі көрініс тұрғысында, адамның рухани әрекеттері, адамның барлық жүріс- тұрысын бағыттаушы және басқарушы.
«Білім, — бұл адамзат болмысының қосындысының айқын түрі деп жазады М.Шеллер [1, 90.]. Осы қалыптасқан субъект болмысына тек қана бір әлем сәйкес келеді ол-«микрокосм» (тұтастық),
адамның білімі.
Тарихи білім жүйе ретінде негізгі үш мәселені шешеді:
1. Ғылыми білімді жастардың рухани әлеміне тарату (адамның ішкі әлемі болып табылатын ақпараттық қабат). Білім, болашаққа инвестиция секілді, пайда әкелетіні заңды. Жастар, кәсіби қызметтен бастап, қандайда бір алғашқы «бастапқы» капитал көлеміне ие (қабілеттілік), білім үдерісінде ол өсіп отырады.
2. Халықты мәдени құндылықтарға, сондай-ақ әлемдік өркениеттің (тұлғаның ізгіленуі) мәдени жетістіктеріне тарту.
3. Адамдарды қасиеттеріне сәйкес әлеуметтік мәртебеге бөлу (білім-әлеуметтік бақылау тәсілі ретінде және тазарту құрылғысы ретінде).
Э. Дюркгеймнің жазғанындай, — білімнің ең маңызды позитивті қызметі – мәдениеттерге басыңқы әсер ететін құндылықтарды тарату, әлеуметтік өзгерістерге жағдай жасау, жаңа технологияларды еңгізуге байланысты, бар білімді қайта бағалау.
Басқаша айтқанда, қоғамдағы жаңа қажеттіліктерді тұтас және оның жекелеген үзінділеріне қызмет ету, яғни жоғары технологиялы әлемде және техногендік қоғамда адамның жеке өміріне жағыдай жасау.
Білім беру мазмұны екі бағыт арқылы анықталады:
1. Ұрпақтан ұрпаққа өтетін дәстүрлер, сондай-ақ қазіргі қоғам үшін ең маңызды болып табыла- тын құндылықтар мен заңдылықтар.
2. Шындықтағы бейненің алдын алып, болашақты алдын ала көру және болжау.
«Білім философиясы үшін, таза күйінде еш жерде және ешуақытта жүзеге аспайтын модельдің өзін айқындап алу аса маңызды, бірақ білім үдерісіндегі бағытты айқындауда ақиқат ретінде қызмет етуші» [2, 21 б.].
Болашақтағы адамның әлеуметтік үлгісін көре алатындай, әмбебап жаңа білім моделін жасау қажеттілігі, білім философиясында маңызды міндет болып отыр.
Осы жерден екі мәселе туындайды: әлеуметтік тапсырыс мәселесі және мемлекеттік стандарт мәселесі. Мемлекеттік білім беру стандарттары жиі талқыланады. Оны кей кездерде оқу жоспары- мен, енді бірде білім үдерісін меңгеруші оқушыға міндетті және қажетті білім деп шатастырады.
Шындығында, мемлекеттік стандарт — бұл қазіргі ақпараттық-индустириялдық қоғамның даму- ына сай келеу үшін тұлғалардың сұраныстарының өсіуімен тұрақты «жетілдіріліп» отырылатын, қоғам мен білім мамандарының арасында қабылданатын келісім.
Егер де Елбасшымыздың (19.03.04 ж.) жолданған Жолдауында білімнің еуропалық стандартына сәйкес келу қажеттілігі айтылса, (18.02.2005 ж.) Жолдауында Қазақстандағы білім жүйесін әлемдік стандарт деңгейіне көтеру керекті туралы мәселе қойылды, ал (2012, қаңтар) Жолдауында білім беру үдерісінде барлық оқу орындарында тәрбиенің міндетті компонентері ретінде: отансүйгіштікке, адамгершілікке, ұлт аралық татулық пен келісімге, шыдамдылыққа, заңға бағынуға, рухани және физикалық жағынан жетілуді іске асыруды негізгі мақсат етіп қояды.
Жалпы еуропалық білім беру жүйесінен мемлекеттік стандартқа сәйкес келетін бірнеше тәсілдерін бөліп қарауға болады. Оған мысал немістің білім беру моделі, мемлекеттік стандарт Жер көлемінде қарастыралады, білім сапасын бағалау оқу прцесімен байланысты, бұған оқу үдерісінің мазмұны мен білім беру уақыты кіреді. Англияда автономды білім жүйесі болғандықтан, мемлекеттік стан- дарт өте төмен, сапа оқу нәтижесімен айқындалады. Білім беру сапасының өлшемдеріне төмендегі көрсеткіштер жатады:
1. оқушының бәсекеге қабілеттілігі;
2. кәсіби қызметке кіретін табыс көлемі; 3.маманныңәлеуметтік мәртебесі;
4. тұлғаның әлеуметтік және пәндік-әдістемелік біліктілігі, танымға дайындық пен қабілеттілік және жалпы қабылданған үлгідегі тәртіппен жүру; келешектегі ұзақ мерзімді еңбек әлеміне бейімделу.
Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жаңару әлемдік тәжірибені ескере отырып өтуі қажет, еуразийялық үрдіс, ұлттық ерекшеліктер және сонымен қатар өзіндік дәстүрді сақтау.

Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудағы мемлекеттік жобаға кіретін
көп деңгейлі ұлттық білім жүйесіндегі кезең-кезеңмен құрылған логикалық жаңару, сапалы адам ресурсын көтеруге арналған дайындық, өзіне мыналарды кіргізеді:
1. білім көрінісінен алда болу;
2. әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу;
3. бірыңғай білім беруде ақпараттық ортаны қалыптастыру;
4. білім беру жүйесінде мемлекеттік, қоғамдық, жеке тұлғалық қызығушылықтардың деңгейін тең ұстау.
Бағдарламада білім беру реформасының тұжырымдамасында мемлекеттің рөлін нақты анықтайды — білім беру тәжірибесінде плюрализм қамтамасыз етіледі. Алайда білім беруді орталықсыздандыру, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және білім беру, ағартудағы қоғамның даму сфераларындағы келісімдердегі жауапкершілктен бас тартады дегенді білдірмейді. Мәселе мынада, білім беру программасын қаржыландыру үшін керек қаражатты қайдан алу керек. Осылайша, білім беру, ғылым секілді өз тағдырын өзі жаңаша айқындау қажеттілігі алдында тұр. Мұны қайта қарастыру тек мемлекет алдында ғана тұрған мәселе емес. Қандай нақты міндеттерді орындау үшін, қоғам білім беру жүйесін қаржыландыруы керек, қандай сапада, қандай ресур- старды қолдана отырып, ең бастысы не үшін керек деген секілді сұрақтарға қисынды негіздермен дәлелдеу қоғамның өз алдында тұр. «Білімнен бастап жалпы» деген аргументті көбіне жекеленген негіздермен алмастыру қажет, тек қана жалпы қоғамға ғана емес сонымен бірге әртүрлі деңгейде қажет ететін әлеуметтік топтар мен қоғамның әртүрлі қабаттарына неғұрлым сараланған мақсатта бағытталуы тиіс. Ең маңызды міндет, ол қоғамның барлық қабаттарына, білімге құйылған инвести- ция – өте тиімді және нәтижелі салымдардың бірі екендігіне көздерін жеткізу. Білім беру жүйесінің алдында егер адам материалды және қаржы жағынан жақсы қамтамасыз етілген болса, онда адамға әсер ететін интеллектуалды деңгейін өзгертуге дайын екендігін көрсету міндеті тұрады.
Осының нәтижесінде кәсіби интеллектендіру жүйе қызметі қоғамның орта тап өкілдерінің білімін, талаптарын нарықтық қоғам деңгейінде қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады.
«Білім барлығы үшін» — жаңа мыңжылдықтың жаңа мақсаты, — БҰҰ-ның дамыту жобасы, жоғары білім беру сапасына көңіл бөлуде және оны қаржыландыру, оның қол жетімділігін қамтамасыз ету, сонымен бірге білім беру жүйесін басқару қажеттілігіне аса мән берілуде.
«Болашақта қандай білім болады?» байыпты қойылған сұрақ — білім философиясының концеп- туалды мәселелеріне келіп тіреледі. Олардың біріне элитарлық және бұқарлық білімнің қатынасы жатыр.
Қазіргі индустриялды-ақпараттық қоғамның стратегиясын жүзеге асыруда формальді жоғарғы білімді азаматтар керек пе? Экономикада, ғылымда, техникада жаңа өзгерістер әкеле алатын білімді элита тобын қалыптастыру тиімдірек емес пе? Егерде элитаның негізгі атрибуттық белгісі ретінде интеллекті, шығармашылық әлеуетін, ойлау жүйесін стандартты және шаблонды емес деп қарайтын болсақ, онда элитарлық білім өзекті және маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру — Қазақстан дамуының басты бағыты» (2012, қаңтар) жолдауында менеджерлердің білікті саяси тобын әзірлеу- маңызды міндет болды. Ол біздің Қазақстанды ХХІ ғасырда жоғарғы дәрежеде басқаратын жаңа элиталық топ өкілдерін құрауға негіз болады.
Осылайша, жалпы білім беру — ол мемлекеттің алдында тұрған болашақ білімді ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыратын принципі болып табылады. Осы жерде білім сферасында
«әлеуметтік тапсырыс» деген мәселеге көңіл аудару қажеттілігі туындайды және оның мемлекеттік маңызы қандай?
Бұрынғы және қазіргі білім беру жүйесіндегі тәжірибеде, ешқайсысы толықтай «әлеуметтік тап- сырыс» мәселесін шеше алғанемес. Білім беру жүйесіне техникалық-өндіріс базасын «тартпайын- ша» дамытудың керегі жоқ деген ұсыныспен келісуге болмайды. Ал Қазақстандағы технология- мен қамсыздандыру жеткілікті дәрежеде дамымағаннан кейін, білім беру жүйесін өзгертудің қажеті жоқ. Бұл білім беру мен әзірше моральды түрде тозған аймақтағы өндіріс құралдарының дәрежесі арасындағы байланыссыздықты «білімдегі шығын» деп атайды.
Мұндай бағыт жемісті емес және әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика құру саяса- тына таңдалынып алынған Қазақстанның даму стратегиясына сай келмейді. Білім философиясы қоғамды жаңа деңгейге көтеретін адамдар тобын тәрбиелеуге ғана бағытталуы керек, мақсат тек
«әлеуметтік тапсырыс» орнын толтыру барысында жоққа айналуемес. Білім беру ортасы өмір сүріп жатқан қоғамның моделі бола алмайды, сонымен қатар одан алшақтап кете алмайды. Мәселе басқада. «Білім беру ортасындағы көркемдіктің шегі бар ма?»

Барлық білім беру теориялары мен практикаларының ең маңызды мақсаттарының бірі ғылыми білімді философиялық талдау. Білім білу үшін деген еш жерде жоқ, болуы мүмкін емес және
«болмауы» да керек. Нағыз білім әрбір нақты тұлға үшін өзінің өрбуімен пайдалы, құралдық тексерілген, басқа сөзбен айтқанда білім күнделікті қолданысқа дайын, инновациялық білім. Қоғам инновациялық тәжірибеде сұраныстарға ие, адам бейнесі қарастырылатын жаңа философиялық модельдерді қажет етуде.
«Біліктілік — ол дамудың, ойлаудың, әлемді бағалаудың, өзін-өзі дамытудың, талқылаудың жеке құрылымын меңгерген адам» деп жазады М.Шеллер [1, 74 б.].
Философиялық білім моделі мынадан шығады, алынған білім ауқымы мен нашар меңгерілгендігі маңызды емес, оқушының интеллектуалды әлеуеті де емес, ол әлеуметтік және рухани іденіс, бұл жолда әркім өзінікін алады – тек оған керек білім – алынған білімдегі потенциалды пайданың мәнін түсіну. Басқа сөзбен айтқанда парагматизм философиясында ең маңыздысы «білу емес, қалай білу керек» екендігі айқын анықталған. Қоғамдық санадағы өзгерістерге, жай еріп отырудың келешегі болмайды. Тек озық білім ғана тұлғаның ішкі мүмкіндіктерін қоғамның «әлеуметтік тапсырысына» қосылуға емес, онда өз орнын бекітуге көмектеседі.
«Білім –бұл «бір нәрсеге» дайындайтын оқу үдерісі емес, мамандыққа, кәсіпке, қандайда бір өнім шығару түрі емес. Керісінше, «бір нәрсеге» дайындайтын әртүрлі оқу үдерісі, білім үшін барлық
«ішкі мақсаттардан» айырылған, ізгілік бейнесі үшін қалыптасқан адам [1, 64 б.].
Қазіргі кезеңдегі білім философиясы келесі шарттар негізінде құрылуы керек [3, 21 б.].
Ғылыми-ақпараттық технологизм. Білімге негізделген қоғам – рационалды тұрғыда ұйымдастырылған ғылым өнімі.
1. Танымдағы еркіндік императиві, яғни білім беру ортасы жағыдайында танымдық белсенділіктегі еркіндіктің таңдау мүмкіндігі.
2. Барлық білім беру бағдарламарының іс-шараларындағы нәтижелік пен жүйелік принципі, олардың гуманистік бағыты.
3. Әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселедегі, қоғамның тұрақтыдамуына кедергі болатын болжамдарға қатысты түзетулер әзірлеудегі озық мінезді және білімдегі нормативті реформалаудағы нақты өлшемдерді іске асыру.
Қазіргі заманғы әлемдік білім беру кеңістігіндегі өзекті міндет — ол білімнің біржақты бағыттарын теңестіру мен бір мезгілде бірін-бірі толықтыру жолдардын табудағы ізденіс.
Әлемдік тәжірибеде демократиялық білімнің дамуындағы бейімделуде білім қызметіне сыни түсінікпен қарауды жоққа шығармайды. Қоғамның нақты қызығушылық позициясы тұрғысынан сырттан ұсынылған құндылықтарды қабылдауда аса сақтық пен мұқияат талқыға салуды қажет етеді. Еуропо-американдық өркениеттерде пайда болған білім беру үдеріс түрлері, күмәнсіз жалпы адамзаттық мазмұнда, бірақ оларды басқа елдерге үнемі қолданылатын стандарт (шаблон) ретінде әрқашан және үнемі барлығына пайдалануға жарамды деуге болмайды.
Еуропалық білім жүйесіне не тиімді боласа, соның Еуразия мемлекеттерінде толықтай қолданыла қойылуы екіталай. Қазақстанға американдық немесе еуропалық модельдерді ойланбай қолдана салу мүмкін емес, сондықтан Қазақстан өзіндік модернизацияланған білімді жетілдіру жо- лын айқындауы қажет, бірақ, өз дәстүріне, менталитетіне, инновациялық дамуына көмектесетін нәрселерді ескермеуге де болмайды.
Қазақстандағы білім философиясы қазіргі үлгіде өңдеу реформасына икем, білім беру үлгісін бiрегейлікте қалыптастыратын, гуманитарлық-мәдени жетiстiктерге мөлшерленген және білімді дамытудағы озықтық, қоғам дамуының тұтастығын жүзеге асырады. Бізге керек білім жүйесі қоғамның мақсатын дәлме-дәл бейнелей алатын, жан-жақты еркін қалыптасқан, жаңа технологиялардың жасампазы, менеджмент сұрақтарында жаңашыл адам.

ӘДЕБИЕТТЕР
1 Шеллер М. Формы знания и образование – «Человек». 1992. – № 5. – С.64, 90, 74, 64. 2 Шестаков А.А. қараңыз — «Евразия». 2003. – № 6. –С.21.
3 Карпов А.О. Принципы научного образования. // Вопросы философии. – М.: Наука, 2004. – № 11. –С.23.
REFERENCES
1 ShellerM. Formyznaniyaiabrazovaniya – «Chelovek». 1992. – № 5. – Р. 64, 90, 74, 64.
2 Shestokov А.А. look at the Eurasia. 2003. – № 6. –Р. 21.
3 Karpov А.О. Principynauchnogoobrazovaniya // Voprosypholosophii. 2004. – №11. – Р. 23.
А.К. Мамырбекова. Философия образования в контексте глобализации
Глобализация в начале XXI века находит свое выражение в процессе расширения и усложнения взаимос-

вязей. Это үдерісс расширения и усложнения взаимозависимостей между государствами. Происходит фор- мирование планетарного информационного пространства. Из технологической революции вырастает не- обходимость создания единого общеобразовательного пространства.
Ключевые слова: философия, глоболизация, образования, ценность, нация, свобода, нравственность.
A.K.Mamyrbekova. Philosophy of Education in the context of globalization.
Globalization at the beginning of the XXI century is reflected in the expansion and increasing complexity of relationships. Іn the process of expansion and complexity of interdependencies between states.There is a formation of planetary information space. From the technological revolution grows the need to create a single educational space.
Key words: philosophy globalization, education, the value, a nation, the future, freedom, morality.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *