ЕСТЕЛІКТЕР ӨНЕР ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕККӨЗІ РЕТІНДЕ (1974-2001ЖЖ.)


Г.Ж. ӨТЕН
т.ғ.к., «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

ЕСТЕЛІКТЕР ӨНЕР ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕККӨЗІ РЕТІНДЕ (1974-2001ЖЖ.)

Мақалада өнер қайраткерлері өмірге әкелген естеліктердің ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениетін бай- ыта түскен театр, опера-балет және кино өнерлері тарихын зерттеуде алатын орнының ерекшелігі көрсетіледі. Естеліктердің өзіндік ерекшеліктеріне сай деректанулық талдау жасай білу арқылы қайта құру және тәуелсіздік жылдарындағы өнерлер тарихына қатысты шынайылық деңгейлері де, ғылыми маңыздылығы да жоғары мағлұматтар алуға болатындығы туралы атап көрсетілген.
Түйін сөздер: мәдениет тарихы, өнер қайраткерлері, естеліктер, өнер тарихы.

Қазақстан мәдениеті тарихының қарама-қайшылықтарға толы кезеңдерінің бірін – кеңестік кезең мәдениеті тарихы құрайды. Бір жағынан, ұлттың сан ғасырлық дәстүрлі шаруашылығы күйретіліп, халықтың жаппай аштан қырылуы, ұлттың бетке ұстар мәдениет, өнер, ғылым өкілдерінің үздіксіз қуғын-сүргінге ұшырап, көбінің опат болуы, екінші жағынан, өнердің жаңа түрлерінің пайда болып, қазақ жастары арасынан жаңа, «пролетариаттық мәдениет» өкілдерін дайындау сияқты қоғамдық құбылыстар бір мезгілде қатар жүріп жатты. Большевиктер партиясы басқарған Кеңес өкіметінің осындай екіжүзді саясатының салдарында қазақ халқы бір жағынан, өзінің ондаған жылдар бойы табиғи жолмен өсіп жетілген ұлттық мәдениет өкілдерінің алдыңғы тобынан айырылса, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа буын, жас толқынына ие болып жатты.
Жеке адамдық дерек көздері түрлерінің үлкен бір бөлігін, өзіндік ерекшеліктері бар естеліктер құрайды. Мысалы, дерек көздерінің өзіндік ерекшеліктері мол осы түрлерінің субъективтілігі мен негізгі түрлік ерекшеліктері туралы деректанушы Қ. Атабаев: “Бұлардың ең басты түрлік ерекшелігі пайда болу негізі жағынан жеке адамдық деректер тобына жатқандықтан, олардың аса субъективтілігі. Сонымен қатар ол дерек көздерінің түрлік айырмашылықтарының айқынсыздығы. Ол бір жағынан ондағы мәліметтердің құжаттылығында (немесе ғылымилығында), екінші жағынан олардың мазмұны мен формасының көркемділігі мен публицистикалығында” дейді [1, 236 б.].
ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті тарихының дерек көздерінің маңызды бөлігін құрайтын біз қарастырып отырған өнер қайраткерлері естеліктерінің басым бөлігі кеңестік кезеңде пайда болған. Сондықтан кеңестік кезең ерекшеліктерінің естеліктер мазмұнына, ондағы мәліметтердің сипаты- на әсер етуі заңдылық. Кеңестік дәуірдің өзіндік ерекшеліктері туралы академик М. Қ. Қозыбаев ғұмырнама жанрын зерттеу мәселесі туралы айта келе: “Ғұмырнаманың тағы бір қайнары – естелік, мемуарлық еңбектер. Екеуі егіз қозыдай етене жақын жанр. Қазақ сахарасында бұл жанр негізінен ХХ ғасырда дамыды. Төңкерістен кейін Сәкен Сейфуллин бастайды да, Әліби, Тұрар, Сәбит қостайды. 1916 жыл туралы естеліктер жинағы баспаға терілген жерінен 1937 жылы зынданға түскен. Социалистік дәуірде, жеке басқа табыну заманында азаматтар естелік айтудың өте қауіпті екендігін түсінді. Естелікті тек партизандар, Отан соғысының қаһармандары ғана жазатын бол- ды”- деп, біздегі естелік жазу тарихының өзіндік ерекшелігі туралы айтса [2], “Казахстан на рубе- же веков: размышления и поиски” деген еңбегінде кеңес өкіметінің көшпенділер тарихына, оның ішінде қазақ халқының тарихына да қатысты жүргізген саясаты мен оның салдарын өте анық та, дәл көрсете білген. Академик ойын сол қалпында жеткізу мақсатында кітаптың жазылған тіліндегі, яғни орыс тіліндегі нұсқасынан сілтеме келтіргенді дұрыс көрдік. Онда: “Система запретительной политики ограничивала источниковедческую базу исследований, особенно советского периода. Го- сподствовала методология, в основу которой был положен классово – социальный подход ко всем явлениям жизни общества, базирующийся на марксистско – ленинской интерпретации классов и классовой борьбы.
Недооценивалось богатейшее культурное наследия казахского народа, роль кочевой цивилиза- ций в мировой историй. Развитие мировой культуры связывалось только с оседлым образом жизни и хозяйствования. Все достижения человеческой культуры и техники приписывались исключитель- но европейской цивилизации, в особенности – России. Эти тенденции находили широкое распро- странение в официальной историографии. Народ был лишен возможности знать, где его истори- ческие корни, какое место он занимает в истории Европы и Азии, каковы были его подленные взаимоотношения с другими странами и народами в прошлом” — делінген. [ 3, 26 с. ].

Мұндай таптық көзқарасқа негізделген большевиктік методалогия, орыс емес халықтардың та- рихына қатысты саналы түрде жүргізілген кеңестік саясат өнер қайраткерлері естеліктеріне де әсер етпей қойған жоқ. Өнер иелерінің Қазақстан мәдениетінің, оның ішінде өздері қызмет еткен өнер салаларының дамуын да, өздерінің үлкен өнер иелері ретінде қалыптасуын да партияның, кеңес өкіметінің атымен байланыстыруы, бәрін қазан революциясының жеңісінен бастаулары соның сал- дары. Мысалы, театр және кино өнерлерінің патриархтары Қ. Бадыров: “Октябрь таңы атты. Совет өкіметі орнағаннан кейін республикамызда театр дүниеге келіп, бірте-бірте қанат жайды” десе [4, 3 б.], С. Қожамқұлов: “Октябрь маған үлкен өнерге жол ашты. Совет өкіметінің орнағанына қырық жыл – шын мәнінде, бұл менің бүкіл өмірім. Мен өзімнің балалық, жігіттік шағымды, революцияға дейінгі қазақтардың өмірін еске аламын. Біздің ауылда жүз шаңырақтың бірінде ғана сауатты қазақ болды” деп жазады [5, 66 б.],
Бұл жерде, басқасын айтпағанның өзінде, С. Қожамқұловтың “Біздің ауылда жүз шаңырақтың бірінде ғана сауатты қазақ болды” деп, сол кездегі кеңестік ресми тарихнамада қалыптасып, бұлжымас шындықтай болып санаға сіңген “Октябрь революциясына дейінгі қазақтардың екі-ақ проценті сауатты болған” деген тұжырымға сәйкес айтып отырғандығына күмән жоқ. Мұндай, өз естеліктерін партияның саясатына сай жазушылық немесе баяндаушылық аталған өнер салалары негізін қалаушылардың көбіне тән. Мысалы, елімізде театр өнерінің дамуына, ал кино және опера өнерлерінің ірге тасын қалауға ат салысқан Қанабек Байсейітов өзінің естелігінде өзі куә болған тарихымыздың қара түнек беттері туралы: “Сұрастырып көрсем, бұрынғы мен білетін кісілерден ешкім қалмапты, көбі сол отызыншы жылдардың бас кездерінде әр түрлі жағдайға ұшыраған көрінеді” деп [65, 208 б.] немесе “Өкініші, трагедиясы көп болғанмен, отыз сегізінші жылы жас театрымыз біраз алға басты” деп, жұмбақтап жеткізеді [6, 160 б.].
Ал, ешкімді қалдырмаған “сол отызыншы жылдардың бас кездеріндегі әр түрлі жағдайдың” қандай жағдай екендігі немесе “Өкініші, трагедиясы көп болған, отыз сегізінші жылдың” қандай жыл екендігі, неге сол жылы өкініштің, трагедияның көп болғандығы, ол қандай трагедия екендігі туралы ештеңе айтпайды. Әрине, оның бәрі де сол естеліктердің пайда болған кезіндегі тарихи жағдаймен байланысты екендігі бүгінгі ұрпаққа түсінікті. Десекте, келешекте де зерттеушілер кеңестік кезең естеліктері тобының мазмұнына әсер еткен мұндай тарихи жағдайдың да маңызды фактор екендігін ескерулері керек.
Тәуелсіздік жылдары дайындалып, жарық көрген белгілі өнер қайраткерлері Бикен Римованың, Асанәлі Әшімұлы және Тұңғышбай Әл-Таразидің естеліктері. Бұл жерде Бикен Римованың 1997 жылы жарық көрген “Өнердегі өнегелі өмірлер” атты естелігінің, 1987 жылы өнердегі өнегелі өмірлер сериясымен шыққан “Еңлікгүлім” атты естелігінің толықтырылып қайта басылған екінші нұсқасы екендігін айтуымыз керек. Демек, ол да кеңестік кезең туындысы. Ал, А. Әшімұлы мен Т. Әл-Таразидің естеліктері таза тәуелсіздіктің “жемістері”. Оларда Октябрь революциясы жеңісінің маңызы да, партияның дана басшылығы да жоқ. Керісінше, сол уақыттың шынайы шындықтары туралы айтылған объективті пікірлер бар.
Мысалы, А. Әшімұлының естелігіндегі кеңестік өмір салты туралы: “Махаббат зұлымдыққа, зұлымдық махаббатқа, батырлық опасыздыққа, опасыздық батырлыққа, дана дүмшеге, дүмше данаға, тұлпар жабыға, жабы тұлпарға, бұлбұл шымшыққа, шымшық бұлбұлға айналып, бәрі де сатылып, сатылып алынып жатқан мына дулы өмірде… ” деген жолдарды өмір шындығына сай емес деп кім айта алады? [7, 50 б.]. Немесе Т. Әл-Таразидің өз естелігінде Желтоқсан көтерілісіне қатысты: “Осы үкімет қит етсе қазақты неге қырғысы кеп, жоқ қылғысы кеп тұрады?.. Он алтыда бір қырды, он сегізде екі қырды, жиырмасыншыда аштықтан үш қырды, отыздың аштығында төрт қырды, отыз жетіде бес қырды, қырық бір-қырық бесте алты қырды, қырық тоғыздан бастап поли- гонмен жеті қырды, әлі қырып жатыр, сексен алтыда сегізінші дүркін сайланып кеп тағы да атып, азаптап жатыр. Осы қазақ десе үкіметтің мылтығы мен түрмесі даяр тұратыны несі? Алғашқыларын көрмесем де, соңғы екеуіне куәгермін, ішінде болдым. Оққа кеудемді тоспасам да, таяққа тойдым. Адамды тулақша талаған итін де көрдім, тепкілеп сабаған иттен бетер итаршысын да көрдім…” деуін кеңес үкіметіне жабылған жала деп кім айтады? Бәрі де рас. Дәл солай болған. Кезінде өнер ардагерлерінің өз естеліктерінде ризашылық білдірген кеңес үкіметінің шынайы бейнесі осындай [8, 124 б.].
Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген естеліктердің тағы бір сипатты белгісі, оларда ұлттық мүдденің алға шығуы, ашық айтылуы. Өнердегі ұлттық үрдістің маңызы мен орнының айқындалуы. Мысалы, А. Әшімұлы: “Ұлттық үрдістен ажыраған елдің өнерін ешкім де қабылдай алмайды,

тұшынып көрмейді” деп жазса [7, 65 б.], Т. Әл-Тарази: “Біздің халқымыз сөзге тұрған, сөзге жүгінген жұрт… Ендеше, артистеріміз, режиссерлеріміз ана тілінің қасиетін білмесе, бұл қасірет. Ендігі жерде қазақ театрын ұстап тұратын жалғыз-ақ тірек – ұлттық сана” дейді [8, 168 б.].
Естеліктерді бір ғана хронологиялық принцип бойынша сыныптаудың өзі, уақыт айырмашылығына сай, дерек көздерінің мазмұны мен бағыт-бағдарларының да үлкен өзгерістерге ұшырайтындығын көрсетіп отыр. Бұл, дерек көздерін дұрыс сыныптай білу қажеттігінің тағы бір дәлелі, сонымен қатар, Қазақстан мәдениеті тарихының дерек көздері ретінде қарастырып отырған өнер қайраткерлері естеліктерін мазмұнына қарай: естелік авторларының өздері туралы, өз өнерлері туралы, өнердегі әріптестері туралы, өнер тарихы туралы, өнер проблемалары туралы т.б. сыныптауға болса, естелік авторларының негізгі мамандықтарына қарай театр, кино актерлерінің, опера әншісінің, балет бишісінің, режиссердің, өнер ұжымы басшысының естеліктері деп те сыныптауға болады.
Дегенмен, мұндай сыныптау да әдетте шартты түрде жүргізіледі. Өйткені көбіне естелік авторы бір өзі театр және кино актері де, опера әншісі де, режиссер де, театр директоры де болып келеді. Сондықтан ол өз естелігінде бірде театр немесе кино туралы айтса, бірде опера өнері, бірде ре- жиссура туралы баяндайды. Мысалы, өздерінің өнердегі өмір жолын театр актері ретінде бастаған Қ. Байсейітов, кейіннен опера әншісі, кино актері, режиссер, директор, драматург міндеттерін де атқарды. А. Әшімұлы мен Т. Әл-Тарази да солай, алдымен театр және кино өнерлерінің жас актерлері ретінде бастап, режиссер, ұлттық театр директоры сияқты қызметтер атқарды. Демек, зерттеуші өзінің алдына қойған нақты мақсатынан шыға отырып, бір естеліктен өнер тарихына қатысты әр түрлі мағлұматтар алаалады.
Сонымен, қорыта айтқанда, өнер қайраткерлері естеліктері Қазақстан мәдениеті тарихының маңызды дерек көздері болып табылады. Естеліктерде өнер зерттеушілерінің еңбектерінде, басқа да құжаттарда кездеспейтін мағлұматтар сақталған. Дегенмен, өнер қайраткерлерінің естеліктерінің басқа жазба дерек көздері сияқты, пайда болуының өзіндік себептеріболғандығы белгілі.Сондықтан, өнер адамдарының естеліктерін Қазақстан мәдениеті тарихының дерек көздері ретінде деректанулық талдаудан өткізу, мәдениетіміз тарихының жаңа қырларын айқындап, өнер иелерінің мәдениет тарихындағы тұлғалық бейнелерін аша түсуге жәнешынайылық деңгейі жоғары мәліметтер алуға көмектесері күмәнсіз.

ӘДЕБИЕТТЕР
1 Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері.- Алматы: Қазақ университеті. 2002. — 236 б. 2 Қозыбаев М. Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері // Қазақ тарихы. 1997. — № 4. — 42 б.
3 Козыбаев М. К. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски: — Алматы: Рауан. — 2000. — Т. ІІ. — 26 с. 4 Бадыров Қ. Естен кетпес есімдер. – Алматы: Өнер, 1981. — 3 б.
5 Қожамқұлов С. Шеберлік мектебі. – Алматы: Өнер, 1973. — 66 б.
6 Байсейітов Қ. Құштар көңіл. – Алматы: Жазушы, 2004. — 208, 160 б. 7 Әшімұлы А. Жан бөлек. – Алматы: Санат, 2001. — 50 б., 65 б.
8 Әл-Тарази Т. Наз. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2001. — 124, 168 б.

REFERENCES
1 Atabayev K. Basicsof sourcehistory of Kazakhstan. – Almaty: Kazakh University. 2002. – 236 p. 2 Kozybayev M. Problems of researchbiographical genre // Kazakh history. 1997. — № 4. — 42 p.
3 Kozybayev M. K. Kazakhstanat theturn of the century: reflectionsandsearching: — Almaty: Rauan. — 2000. — Т. ІІ. — 26 с.
4 Badyrov K. Unforgettablenames. – Almaty: Oner, 1981. — 3 p. 5 KozhamkulovS. School of skill. – Almaty: Oner, 1973. — 66 p.
6 Baiseitov K. Passionatemood. Almaty: Zhazushy, 2004. — 208, 160 p.
7 Ashimuly A.Another soul. – Almaty: Sanat, 2001. — 50 p., 65 p.
8 Al-TaraziT. Offense. – Almaty: NurlyAlem, 2001. — 124, 168 p.

Өтен Гүлзағира Жақсылыққызы, к.и.н., Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» института повышения ква- лификации педагогических работников по ЮКО
В статье рассказывается об особенной роли воспоминании деятелей искусства Казахстана XXвека в исследовании истории театра, оперы, балета и кино. Отмечено то, что анализируя воспоминания можно узнать важные научные сведения об истории искусства Советского периода и в годы Независимости.

Ключевые слова: история культуры, деятели искусства, воспоминания, история исскуства.

Oten Gulzagira Zhaksylykyzy, Вranch of the company National Centre of Excellence «Orleu», Candidate of historical science
The articletalks about theroleof artin Kazakhstanremembranceof the XX centuryin the study ofthe history of theater, opera, balletand film.It is notedthat theanalysis ofmemoriescanlearn importantscientificinformation about the historyof artof the Sovietperiod andinthe years of independence.
Keywords: history of culture,the arts, memories, history of art.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *