ЕРКЕК СУ МЕН ҰРҒАШЫ СУ ДЕГЕН НЕ?

ҚАЗАҚТЫҢ ӨЗЕН ЖАЙЛЫ ТАҢҒАЖАЙЫП БІЛІМДЕРІ

ЕРКЕК СУ МЕН ҰРҒАШЫ СУ ДЕГЕН НЕ?

Алтайдың еркек суын ішкен басым,
Қаланың кір суына қор болды ғой!

Қазақ өзенді де жынысқа бөліп қарап, еркек су және ұрғашы су деп қарастырады.
Қазақ судың киесі жайлы былай дейді:

«Судың ең басынан әулие шығады, ортасынан ақын шығады, өзеннің аяғы жағы киесіз болады» деп қарайды.

Біздің Алтайда «Көктоғайдың суы көк тұнжыр, батыр көп шығады. Шіңгілдің суы мөп-мөлдір, ақын көп шығады» деген дана сөз желдей борап айтылып жатады.

Көктоғай мен Шіңгіл — Алтайдың өр жағындағы екі ауданы. Атақты Ертіс өзені осы Көктоғайдан басталады да, атақты Үліңгір өзені Шіңгілден басталады.

Кезінде Үрімжі қаласында тұратын бір ағамыз «Алтайдың еркек суынан бірнеше құмыра әкеліп берсең!» деп Үрімжіге келіп-кетіп жүретін Алтайдың бір шофер балаларына тапсырады.

Олар мұны түсінбей көзіне көрінген жерден бір су әкеліп бере салады. Суды ұрттап көрген кісі «мынауың ұрғашы су ғой, неге еркек судан әкелмегенсің!» депті.

Еркек су мен ұрғашы суды былай айырады: табиғи жайылымдағы ешкіні әр жылы қараша айында текеге қосады. Сол кезде кейбір малшылар өздері тұрған жердегі өзеннің еркек су немесе ұрғашы су екенін айыру үшін тау басындағы таза өзенге ешкілерді айдап барып су ішкізеді.

Оны текеге де қоспайды. Белгілі уақыт өткенде еркек судан ішкен ешкілердің барлығы болмаса да, бір бөлімі өздігінен буазы болып қалады, ұрғашы судан ішкен ешкілер буазы болмайды.

Еркек су деген осындай ғажайып дүние! Табиғатпен етене болған Қазақ бәрін инерген ғой!

Көкбөрі Мүбәрак Қизатұлы.
Фотода: Алтайдағы Қанас көлі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *