БӘДІК
Алғашқы айтқан бәдікті не деп айтар, Қаршығаның қанаты бедер болар. Бес-алты ауыз бәдікті біздер айтсақ, Алды-артына қарамай жөнеп кетер.
Алғашқы айтқан бәдікті не деуші еді, Қолдан сүйеп, қолтықтан демеуші еді. Бес-алты ауыз бәдікті біздер айтсақ, Алды-артына қарамай жөнеуші еді.
Бәдік салар,
Жақсы бие арғымақ құлын табар. Тойдан қызық ауылыңда бәдігің бар, Хабарласып тұрмасаң, Құдай табар.