БӘДІК
Бәдік кетер дегенде, бәдік кетер,
Мың теңгелі қаракөк жылқы жетер. Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ, Алды-артына қарамай өзі-ақ кетер.
Бәдік десең, біз келдік нарттай болып, Тау жайлаған қаракөк аттай болып.
6-0139
Бәдікті бес-алты ауыз біздер айтсақ, Өзі-ақ кетер жауыраған сарттай болып.
Бәдік кетіп барады таудан асып, Таудан асып бұлтпенен араласып. Құдай оңдап бәдікті қолға берсе,
Шер-құмарлар шығар ек сабаласып.