БӘДІК

БӘДІК
Бәдік-ау, бәдік құрғыр, бәдік қасқыр, Қасқырдан қан тамызған қан басқыр. Жолыңа мен садақа, Құдайым-ау,
Бәдікті темір торға салып, тас қыл.
Көш, бәдік, көшер болсаң, сайларға көш, Сайлардағы малы көп байларға көш. Парша тон, зер жағалы ішік киіп, Ханның қызы отырған жайларға көш.
Көш, бәдік, көшер болсаң, сайларға көш,
Жау жасырынып жатырған тауларға көш.
Таудан орын таппасаң, мен айтайын, Тауларға бие жайған байларға көш.
Көш, бәдік, көше ғойса, бәдік құрғыр, Қайеріңде тұрады кәдік құрғыр.
Ұшырайын дегенде алма құрғыр, Қуырдаққа жығылып мойны сынғыр.
Қу бәдік, ойға айдаймын, қырға айдаймын, Жиде, талқан жесін деп сырға айдаймын. Қу бәдік, жалғызбын деп қамықпағын, Екі жігіт қосақтап бірге айдаймын.
Бәдік кетіп барады Мекесіне, Ешкі арығын білдірмес текесіне. Қыздардың да барып жабыс жүрегіне, Үйіне жылап барсын шешесіне.
Бәдік самар, бәдік самар,
Арғымақ жақсы бие құлын табар.
Аулыңда тойдан қызық бәдігің бар, Хабарласып тұрмасаң, Құдай табар.
Бәдік кетіп барады таудан асып, Таудан ары бұлтпенен араласып. Құдай оңлап бәдікті қолға берсе, Шер-құмардан шығар ек сабаласып.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *