[БӘДІК САМАР ЖАҚСЫ БИЕ АРҒЫМАҚ ҚҰЛЫН ТАБАР…]

[БӘДІК САМАР ЖАҚСЫ БИЕ АРҒЫМАҚ ҚҰЛЫН ТАБАР…]
Бәдік самар, жақсы бие арғымақ құлын табар, Тойдан қызық аулыңда бәдігің бар.
Хабарласып тұрмасаң, Құдай табар,
Бәдік өркеш, наршалардан туады айыр өркеш.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік, Осының тілін күрмеп, қолына көш.
Бір бәдігім бар еді алыс деген,
Шақырсам да келмейді қамыс деген.
Тезек сырын айтпайды теппесіне, Аудармалап қоймайды кеппесіне.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік, Осының барып жабыс шекесіне.
Енді көшсең, әй, бәдік, долыға көш, Даңғыраған Ташкенттің жолына көш.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік, Мақта терген осының қолына көш.
Енді көшсең, әй, бәдік, ылаңға көш, Шұбарала ысқырған жыланға көш.
Ежелгідей тілімді алсаң, бәдік, Қасы-көзі қиылған бұраңға көш.
Ауылымда бар екен төрт күн бәдік, Сүтке салған тарыдай бөртсін бәдік. Төсек салып береді жайластырып, Аманбайдың үйіне көшсін бәдік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *