БҮЙІ, БҮЙІ ДЕДІ…

[БҮЙІ, БҮЙІ ДЕДІ…]
—Бүйі, бүйі деді, Бүйі базар әулие Дарын-дарын деседі. Дарын базар әулие Тайым ұлы секірген.
Сайымшайх әулие, Мағрұпта әулие, Машрихта әулие.
Баймұр ұлы берімен
Мақмурза ұлы әулие,
Хақ Сүлеймен пайғамбар,
Тақ Сүлеймен пайғамбар, Енді Дәуіт пайғамбар,
Ұста Дәуіт пайғамбар.
Бүйі-бүйі, бүйі, шық,
Бүйі егес, Қамбар, шық,
Қамбар болсаң, қалмай шық, Тас төбеден таймай шық, Май табаннан қалмай шық! Атқан оқтан жылдам құрт, Ағын судан қатты құрт.
Айыр құйрығын аша шық, Алақаннан аумай шық.
Мен де келдім, сен де шық, Менің атым онан шық, Онан келді, мұнан шық! Бүйі-бүйі бүйімін, Менің бүйінің үйімін. Қара құрттың қанымын, Қаса құрбас өзімін.
Өзі берген дертімін,
Шық Сүлеймен демімен.
Бүйі-бүйі, бүйімін, Мен бүйінің кенімін. Алмас қылыш жүзімін, Айтулының өзімін.
Ақыраспан жүзімін, Алабота гүлімін,
Өткір пышақ ұшымын. Тұрымтай келді, тұрмай шық, Захәріңді жаймай шық. Әй, келеңгiр, келеңгiр, Бабаң назар келеңгір.
Шатырыңды бұзайын,
Танауыңды тілейін, Тәңірі ұрғандай қылайын.
Аққан суға салайын, Тірі ғаріп қылайын,
Сеніменен болайын.
Қу пыраққа тоймаған,
Тоқсан би қоймаған
Ай, келіңкір, келіңкір,
Ала қонды, бәле қонды, Яуры шұбар қонды.
Ала мекер,
Қара мекер,
Шала мекер,
Шайша мекер,
Тола мекер,
Толшы мекер,
Сен мекер,
Семек мекер,
Шығар болсаң, жылдам шық!
Шықпасаң, көкірегіңді бұзар мекер. Шыңғыл оты жылаулар, Кекіре мен миялар.
Жаным деген жалбыздар Және де қоймай шабарлар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *