БАСТАН, БАСТАН, БАСТАН КЕЛДІ…

[БАСТАН, БАСТАН, БАСТАН КЕЛДІ…]
—Бастан, бастан, бастан келді, Бастан өтіп қастан келді.
Хақия темір қырған келді, Қырған менен бұрқан келді. Кәпір келді, жәһүт келді, Арбау келді, қира келді.
Онда келді, мұнда келді, Ол да келді, бұл да келді. Бастан-бастан, бастан-ды, Басты қара қастанды.
Кез мегер,
Ашындау, пушундау,
Дарындау, мирандау,
Килюки, Килю сасыр, Бары була, бары тула. Исиндау, фишиндау,
Имандау, шимандау. Шыны-шыны, шыны би, Шыны қожа, Тыны би.
Құдай бастан,
Мен жастан,
Шыға берсін бір бастан. Еңкіл-еңкіл, еңкіл құрт, Еңкіл басты қара құрт.
Қыр мергері құрт, Қыран басты сары құрт.
Шығар болсаң, жылдам шық, Шықпас болсаң,
Қайта өргін, қара құрт.
Талақ-талақ, талақ құрт, Талағы айрылған шолақ құрт.
Арсыны, күрсіні,
Мұртыны, шұртыны, Қырғаны, қыртыны.
Шуя, шуя,
Шыға, шыға,
Бара, бара, Дауа, дауа.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *