Адал мен арамның таразысы

Адал мен арам

Бір кедей пенде жалғыз сиырын сауып, соның сүтін сатып динар ақша жинайды екен. Бір қалта динар жинаған әлгі кісі кемеге мініп, бір жағдаймен жолға шығады.

Кемеде келе жатып ұйықтап кетеді. Сонда бір маймыл оның динар салған қалтасын ұрлап алып, кеме желкенінің ұшар басына шығып кетеді.

Жолаушы оянып, ары бері қараса, динар салған қалта жоқ! Ары іздейді, бері іздейді. Ақыры желкеннің ұшар басында отырған маймылды көреді.

Қараса, маймыл бір динарды алып мұның қолына лақтырады. Келесі динарды алып теңізге лақтырады. Сөйте сөйте қалтаны босатады.

Мәнісі, әлгі міскін сиырын сауып, сүтін сатарда аздап су қосады екен. Иесіне лақтырған динар- адалдан. Теңізге лақтырған динар- арамнан. Яғни судың үлесі суға, сүттің үлесі иесіне.

Шерхан Мұртаза.
Раушан Жакешбай парақшасынан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *