ҚҰРАНЫ КӘРІМНІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ ЖЫРЛАНУЫ

Ш.Е. АУЕЛБЕКОВА
С. Демирел университеті

ҚҰРАНЫ КӘРІМНІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ ЖЫРЛАНУЫ

Мақалада қазақ әдебиетіне Құранның тигізген әсері зерттеледі. Ислами құндылықтардың қазақ әдебиеті туындыларында көрінуінің заңдылықтары мен ерекшеліктері сарапталады. Исламдық дәуірден бүгінгі күнімізге дейін исламдық құндылықтарды баяндаған туындылардың табиғаты тұжырымдалып, қазақ әдебиеті тарихының «кітаби ақындар», «діни-ағартушылық ағым», «кеңес дәуірі әдебиеті» шығармалары талданады.
Қазақ әдебиеті тарихына көз салсақ, әдебиет тарихшылары- М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Ө.Күмісбаев сынды ғалымдар, «кітаби ақын» деп топтастырған ақындар шығармашылығын бірауыздан Құраннан бастау алған шығармашылық деп тұжырымдаған.
19 ғасырдың Ақмолла, Әбубәкір, Нұржан, Мақыш, Мәшһүр Жүсіп, Шәді сияқты ақындары 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында өз орнын алатын, үлкен мұра қалдырған, өзіндік стильдері бар ақын-жазушылар. Қазақ әдебиеті тарихында бұл кезең ақын-жазушылары шығармашылығына «діни- ағартушылық» ағым деген атау береді.
Кеңестік заманда ислам дінінің құндылықтары қоғамдағы жат қылық саналып, адам бойындағы ең жа- ман, адам тіксінетін қасиеттер болып көрсетілді. Исламдық құндылықтар бұрмаланып, кеңестік адам бойында болмауы керек мінез-құлық ретінде айыпталды. Кеңестік қоғамның заңы да, дәстүрі де исламдық

құндылықтарды жоқ ету жолында қызмет етті. Соған қарамастан исламдық құндылықтарды ешқандай күштің түбірімен жоя алмағанын көреміз.
Түйін сөздер: Құран кәрім, ислам, кітаби ақындар, хикмет, дін, мұсылман.

Қазақ әдебиеті тарихы, ежелгі дәуірден бүгінге дейін рухани бастауы Құран болған шығармаларға бай. Бұл шығармалар ауыз әдебиеті туындылары, қисса-дастандар, жыршы-жырау толғаулары, ақын тебіреністері.
Бұл туындылар қасиетті Құраннан сусындаған хикмет пен парасатқа толы өркениет жемістері.
Құран кәрім – қазақ халқының рухани мәдениетіндегі ең басты қайнар бұлағы.
Үндерден не жақсы – Құран үні!
Түндерде не жақсы – Қадір түні! [1, 69] — деп жырлап кеткен жүрегі иманға толы, парасатты ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.
Исламдық дүниетаныммен байланысты эстетикалық түсінік қазақ әдебиетін қай саласын алып қарасаңыз да көптеп кездесіп отырады. Ауыз әдебиеті үлгілеріндегі сұлу қызды «хор қызына» теңеу, өте сұлу, әдемі, жайлы жерді «жұмаққа» теңеу сияқты образдар халық санасына мүлдем сіңіп кеткен бейнелер ретінде қолданылады.
…Көз сипатын қарасаң, Сегіз бейіш ішінде Хорлардың жаққан шырағы,
…Қыз Жібектің екпіні
Ұжмақтан самал ескендей… («Қыз Жібек» жырынан)
Әдебиетіміздің Құранмен байланысы туралы, танымал ғалым Ислам Жеменей «Түркілердің ортағасырлық әдебиеті, қасиетті Құран-Кәрім, Ислам ұлылары мен Ислам тарихына негізделген» [2,http://turkiya.kz] — деп жазады. Бұл ерекшелік тек ортағасырлық әдебиетімізге ғана тән сипат емес. Қасиетті Құран мен сүннеттен бастау алған көптеген жәдігерлер ислам дәуірінен күні бүгінге дейін үнемі дүниеге келіп отырды. Бұл құбылыс ешқашан тоқтаған емес.Ұрпақтан ұрпаққа рухани мұра ретінде беріліп, қазірге дейін жалғасып келеді. Ешбір сыртқы күш бұл құбылысты тоқтатып санадан өшіріп тастай алмады. Барлық уақытта халқымыздың рухани мәдениетінен Құран үні естіліп тұрды.
Қазақ әдебиеті тарихына көз салсақ, әдебиет тарихшылары М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Ө.Күмісбаев сынды ғалымдар «кітаби ақын» деп топтастырған ақындар шығармашылығын бірауыздан Құраннан бастау алған шығармашылық деп тұжырымдаған. «Кітаби ақындар» қазақ әдебиеті тарихында көркем сөз өнерінің үздік туындыларын жазған, Абылай заманынан ба- сталып, соңы Абайға дейін жалғасқан ақындар болып табылады» [3,45]. «Кітаби ақындар» шығармашылығын топтастырған ортақ қасиет, шығармаларының Құраннан бастау алған терең мазмұндылығы мен исламдық дәстүрді баяндаған стильдік ерекшеліктері болатын. Ғалым С. С. Ергөбеков өзінің «Қазақтың дәстүрлі жазба әдебиеті (ХІХ-ХХ ғғ)» атты кең көлемді моногра- фиясында кітаби ақындар» шығармашылығы табиғатын жан-жақты ашып береді. Бұл зерттеуде:
«Олардың әрбір туындысында дерлік кітаби сюжет желісі жатыр. Оларды бірлестіретін ең басты ерекшелік «Құран» сюжеттерін жырлауы; Кітап, кітаби сөзі осы Құраннан бастау алып жатуын- да»; «Кітаби ақындардың» ерекшелігі Құран ұстаған молдалығы, құран сюжеттерін жырлауы; Төл шығармаларында да дінді, діни фәлсафаны, Құранды, яғни кітапты уағыздауы. Кітап етіп басты- руы, Құран сюжеттерінің жырлануы», пікірі бұл дәуір ақын-жазушылары шығармашылығының қайнар бұлағын көрсетіп береді. «Кітаби ақындар» шығармашылығына тән ортақ сарын, ортақ стиль, ортақ тіл мәнері болды. Яғни, кітаби ақындар сөйлеген сөзімен де, жазған шығармаларының табиғатымен де ел ішінде өзінше өзгеше құбылыс болып қабылданды [4,84 ]. Бұл өзгеше құбылыстың тақырыбы Құранның адамзатқа түсірген нұры, ақиқат жолы исламдық құндылықтар [5,242] бола- тын. Ақиқат нұрын көре білу, рухани құндылықтарды бағалау, мұсылманшылықты дұрыс Құранда көрсетілгендей өмір салтына айналдыру, надандықтан бас тарту, қай кезеңде болмасын басты тақырып еді.
Қазақ әдебиетінің тарихында көбінесе тақырыбы Құран және исламдық құндылықтар болған тағы бір жанр қисса-дастандар. Ислам дінінің келуімен қазақ жерінен шыққан мұсылман ғұламалар, ақын-жазушылар, жыраулар дастан-қиссаларды Құран Кәрімге, діни әңгімелерге негіздей отырып жазған [6,201]. Өнер иелері қайнар бұлағы Құран болған рухани, аһлақ құндылықтарын көркем сөзбен жеткізіп отырған.

Қазақ әдебиеті тарихындағы қисса-дастан жанрының пайда болуының негізгі себептерінің бірі — көркем сөзбен дінді уағыздау, исламның қағидаларын, діни ұғым-нанымдарды насихаттау болатын. Қисса-дастандарды біріктіретін өзіндік стиль мен баяндалатын тақырыптың бастауы- Құран екендігі әдебиет тарихын зерттеген көпшілік ғалымдар бірлескен тұжырым. «Кітаби ақындар ескіше оқыған молда ақындар еді. Олар ата-бабамыздың ғасырлар бойы қолданып, түрік халықтарына ортақ қазынамыз болып келген “түрки”, “шағатай”, “қадым” аталып жүрген тілде – түркіше оқыған, ескі мәдени тіліміздің қыр-сырын толық меңгерген, сол арқылы көне әдеби, мәдени, діни мұраларымызды игеруге толық мүмкіншілігі болған ақындар»[4,92]. Бұл пікір ақындардың дүниетаным, білімдерінің салт-санасының Құранмен сусындағанын ашып көрсетеді. Ақиқат ілімін терең меңгерген, кезінде шығармашылығы оқылуға тиым салынған ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) парасат толы өлеңдерінің бірінде өз өлеңдерінің табиғатын:
«…Өлең деп қарапайым қапы қалма,
Құдай сөзі-Құранның переводы(пирауаты») – деп сипаттайды [1,19].
…Алланың Калам Шариф аятынан, Келтірдім осылайша сөздің нәшін. Замандас құрбыларым естісін деп,
Құраннан қылдым мағынасын, – деп Құранды өлеңмен түсіндіреді [1,84].
«Ықылас сүресі» деген өлеңі арқылы «Ықылас» сүресінің мағынысын ашып, оның хикметі мен берекетін түсіндіріп береді.
Құранда сүре «Ықылас» аятында Білдірген құдіретімен өз сипатын.
… Үш рет ықыласымен айтса оны,
Бір Құран оқып шыққан сауабы бар [1,10].
Қазақ әдебиеті тарихында орны ерекше ұлы ақын Абай шығармашылығының Құранмен байланыстылығы жан-жақты зерттелді, әлі де жалғаса береді. Абай шығармашылығының исламға қатысы туралы дінтанушы-ғалым Оңғаров Е. А. «Қазақ халқының кемеңгері Абай Құнанбаев ақын ғана емес, ол – Ислам дінін терең түсінген теолог ғалым болған десек артық айтқандық емес.
«Ислам ғылымдарының ең бір қиын да, күрделі саласы кәләм, ақидаға жататын мәселені Хәкім Абайдың өлеңге қосып жырлауы, сол кезеңдегі қазақ халқының діни сауаттылығының едәуір жоғары дәрежеде болғанына дәлел етеді» [7, муфтиат.кз]. Бұл пікір, ұлы ақынның Алла тағаланы танып, оның «хикметін сезіп» ақиқат ілімдерін меңгергендігінің айғағы. Ислами білімді терең меңгеріп, қазақ халқының рухани мәдениетіне ақындығымен ғана емес ақиқат ілімін меңгеріп, халқына түсіндіру жолында еңбек еткен ақын — Шәкәрім Құдайбердіұлы. Ғибраты мол өлең жазу- мен ғана шектеліп қалмай, халыққа исламды үйрету, насихаттау мақсатында «Мұсылмандық шар- ты» деп аталатын еңбек жазған. Исламның негізгі қағидаларын, көпшілік түсінетін тілмен баяндап, Құранның кейбір бөлімдерін қазақ тіліне аударған » [8, sunna.kz.].
Абай шығармашылығындағы Құран Кәрімнің рөлі туралы әдебиет танушы ғалым У. Қалижанұлы «Ол үш-ақ жыл медреседе оқып, ислам мәдениеті жайлы, діні жайлы, соңғы абзал пайғамбар Мұхаммед (Ғ.С.) туралы, «Құран Кәримнің шындығын дәлелдейтін құнды пікірлер жа- зып қалдырған данышпан», деген баға береді. [9,144]
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
…Распенен таласпа мумин болсаң,
Ойла, айттым, адамдық атын жойма! » [10,58] — деген ұлы ақын адамдық кілтінің Құранда екенін айтады. «Адам бір боқ көтерген боқтың қабы» деген өлеңінде адамның адамдық қасиетке ие болуы «алланың хикметін сезуде», «ғапыл» қалмай ақиқат ілімін үйренуде жатқанын айтады. Алланың хикметін тани алмаған, ғибадаты, біліміне сай амалы болмаған «адам бір боқ көтерген боқтың қабы» күйінде қалатынын айтады. Данышпан Абайдың соншалықты ашық, соншалықты образды айтып тұрған сөзінің астарынан осыны ұғамыз.
19 ғасырдың Ақмолла, Әбубәкір, Нұржан, Мақыш, Мәшһүр Жүсіп, Шәді сияқты ақындары 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында өз орнын алатын, үлкен мұра қалдырған, өзіндік стильдері бар ақын-жазушылар [9,17]. Қазақ әдебиеті тарихында бұл кезең ақын-жазушылары шығармашылығына «діни-ағартушылық» ағым деген атау береді [9,21]. Адам баласын құртатын үш нәрсе: надандық, кедейлік, ауызбірліктің жоқтығы. Сол кездегі қоғамның да басты мәселесі бо- латын. Осы мәселе қазақ зиялыларын ойландырмай қоймады. Халқын надандықтан, кедейшіліктен құтылуға үндеді. Олар надандықтан да, кедейшіліктен де құтылудың жолы-оқу, білім екенін түсіне білді. Өз еңбектерінде елді оқу-білімге, надандықтан құтылуға шақырды. Бірақ үнемі жазылып ай
тылып келгендей, ескішілдіктен құтылу, мұсылманшылық білімнен бас тарту емес еді. Өз халқының қамын ойлаған парасатты жандар, керісінше, халықты надандықтан бас тартуға үндеді. Бұл кезең ақын-жазушылары еңбектерінде айтылып, жазылған надандық тақырыбының аясы өте кең. Сол кездегі қазақ зиялыларының көтерген мәселесі-ислам құндылықтары болатын. М. Қалтайұлы ай- тып отырған «надандық»:
…. Надандықтан қашар бар ма, Болсын нәсіп нашарларға, Білмеген мен белген қандай,
Мысалы оның тән мен жандай, [9,242]. Құранда айтылатын «надандық» ұғымымен астасып жатыр. «Оларға: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?»-деп айт» («Зумур» сүресі, 9-аят)
«Діни-ағартушы ағым» өкілі Ақмолла ақын:
Ең әуелі тазалау керек іштің кірін, Іште толып жатпасын сасық ірің. О, дариға, іш тазарсын, іс тазарсын,
Болмаса пайда бермес құры білім [9,71], – деген жолдар бізге исламдық құндылық — «көркем мінезді» еске түсіреді.
«Қазақ халқының ұлттық салт дәстүріндегі нормалар ислам құндылықтарымен тығыз байланыста дамығандығына тарих беттері куә. Қазақтың шынайы тарихы ислам дінінен таралған мұсылмандық құндылықтардың қазақ даласының мәдениетіне етене араласуымен тығыз байланысты»[11,200]. Ғалым ислам құндылықтары ретінде атап берген адамгершілік аһлақ қасиеттер, діни-ағартушылық шығармашылығының басты тақырыбы болды. Діни-ағартушылық ағым ретінде аталған ақын- жазушылар, Кеңес өкіметі кезінде баға берілгендей, діни-сенімге, феодалдық қараңғылыққа, ескіше оқуға қарсы шықпады. Олар өлеңдері арқылы халықты ағартуға шақырды. Ескіше мұсылманша оқымаңдар демеді. Керісінше оқу, ғылымға шақырды. Надандықтан құтылуға үндеді. Алдымен мұсылманша оқу керектігін баса айтты, содан кейін орысша, тіпті дүниенің ғылымын меңгеруге шақырды.
«Интеллектуалдылық құндылықтары ретінде әрбір мұсылманның парызы білім іздеу арқылы Аллаға жақындау, оған құлшылық ету болып табылады. Білім іздеуге жұмсалған күш-жігер Алла жолындағы күреске жатады. «Оқы» сөзі – Алладан адамға түскен жолдау»[11,210], — деп түсіндіреді, теолог-ғалым ислам құндылықтарында оқу-білім туралы.
Міржақып Дулатов :
«Һүнермен хасыл болған нәрселер» [12,25].
…Қамалға қарсы шапқан қаһарманым, Жәһәләт микробларын тауыс бәрін» [12, 36].
«Насихат ғумумия»
…Базары һүнер ғылым ашылғанда, Лайық емес сіздерге құр қалатын. Жан фида ғылым үшін мал тәрк ет,
Артылсын күн-күн сайын мағрифатың» [12,56].

…Әуелі үйренетін бір ғылымың, Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың. Шарттарын исламның кәміл білсең, Ақиреттік азық берер шын ғылымың. Бұйырған, тыйған ісің шариғаттың:
Секілді фарыз, уәжіп мұны ұғуың. Хат жазып, түркі танып, құран оқып,
Қираәт, қағидамен жүргізуің [12,61], — деп мұсылмандықты дұрыс үйреніп, білгенімен амал жасау керектігін айтады.
Адамға ауыр дәулет бойын бақпақ, Сөздердің пайдасы жоқ тілін тартпақ. Жігіттік қасиеті-мағрипатта,
Елде өскен өнер емес қылжалақтап [4,251].
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Жер мен көк» қиссасында дүниенің жаратылысы туралы, Алла тағаланың сипатын өлеңмен түсіндіреді.
Алланың өзі жалғыз, құдіреті кең, Бір ғайып аты бар дүр, заһары-мың.

Таурат, Інжіл, Забурда-тоғыз жүзі, Құранда тоқсан тоғыз аты бар шын [1,117]. Міржақып Дулатұлы:
Тамаша көз жеткісіз тоғайларың, Жараттың бір секундта оңай бәрін. Шадлықпен дүниеңнен орын алып, Көкте құс, суда балық, тоғайда аңың. Сонда да панаң күшті, құдіретім, Жылатпау нашарларды-өз міндетің. Қашқан да, қуған дағы барар саған,
Жоқты бар, бар нәрсені жоқ ететін. [12,88]
«Мәшһүр Жүсіп саналы өмірінде дәретсіз жер баспаған, отыз күн оразасын ұстап, бес уақыт намазын қаза қылмаған, аузынан дұғасын, қолынан құранын бірде бір рет тастамаған. Өзінің айтуы бойынша, Алладан басқа тірі жаннан ештеме дәметпеген де, ешкімнен ешнәрсе сұрамаған» [9, 205].
Ашып көр де, Құранды оқып қара Дәл екінші параның аяғында [12.20] .
Насихаттарын «Құлағың естігенді көз бір көрмек,
Бұрын естіп оқығанбыз Құран сөзін», — деп, Құраннан насихат айтып отырған. Тәккәппарлық жайында былай сөз қозғайды:
Тәкаппардың білсеңіз анық жайын, Пенде екенін білсеңіз анық жайын, Алас ұрып аспанға шығып алып,
Әбден ұмытып алады бір құдайын [13,72]. Шікірейіп, я жігіттер, кетпелі, Инсанлыққа ерсі жұмыс етпелік [12,67].
«Такаппар мұнафықтың ғаламатын
Білдірген Алла тағала Құранда айтып [1,139]. Кісі ақысын жемеу:
Дін күткен-ғылымдыға болған жақын, Біреудің борыш қылып, алма қақы [1,140].
Өз шығармаларындағы ең басты тақырып, исламдық құндылықтар және олардың жойылып бара жатуын мына өлең жолдарымен берген:
Қыздырмалы қызыл тіл
Түбіңе жетер-соны біл!» [12,66]. Ысырап жайында:
Файдасы жоқ исрафтан бой тартып, Керексізге бекер малды төкпелік [12,67]. Инабаттылық, көркем мінез туралы: Инабат-діннің бүтіні,
Пайдасына керекті [12,145-146].
Ай қауым, бес намазды қойыңыздар, Ішінде неше түрлі тәртібі бар.
Баршасын орны бірлан ада қылып, Һәм және таһаратты айлаңыздар. Зекетті малыңыздан һәм ада қыл,
Аятпен назыл болған Құранда бұл [1,103] . Такаппарлық кішіпейілділіктің қарсысы Еш білгіш өздерінен өтпейді екен, Қадіріне асыл сөздің жетпейді екеен.
Кітап: «Құран» түспеген ел сияқты, Қожаны, молда менен күтпейді екен. ел ішіндегі жайды баяндайд. [1,144].
«надан қажы» жайында:
Таласар білмеген соң, иланбастан, Кітаптың құлағына сөзі кірмес [1,168]. Мұсылмандықты дұрыс үйрену.
Құранның шын мағынасын шатақ ұғып,

Молдалар маған қоймақ кәпір деп ат. Ақылыңа сынат деп дәлел айтқан Құранннан табылады талай аят.
Тәпсір деп қасиетін талқан қылып, Бұзғанмен құран болмас адасқан хат. Жарық нұрдан жаралған Күн жоғалмас. Бетіне перде жапсаң неше қабат, Құран сырын ұға алмай бұзса-дағы, Жасырылмай жарқырап тұр кәрәмат Жаман тәпсір жайылып жер жүзіне
Дін десе тұра қашты есті азамат [13,263].
Мағжан Жұмабаев жаратылыс туралы дүниетанымын өлең жолдары арқылы былай паш етеді:
Жаратылдым топырағыңнан, сен түбім. Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім [14,26].

Мен кім?
Өзім-Тәңірі, табынамын өзіме,
Сөзім-құран, бағынамын сөзіме! [14,59].
Жұлдыздарға
Жаратқан соң жерден сен,
Берсеңші жердей тыныш жан [14,90].
Кеңестік заманда ислам дінінің құндылықтары қоғамдағы жат қылық саналып, адам бойындағы ең жаман, адам тіксінетін қасиеттер болып көрсетілді. Исламдық құндылықтар бұрмаланып, кеңестік адам бойында болмауы керек мінез-құлық ретінде айыпталды.Кеңестік қоғамның заңы да, дәстүрі де исламдық құндылықтарды жоқ ету жолында қызмет етті. Соған қарамастан ғисламдық құндылықтарды ешқандай күштің түбірімен жоя алмағанын көреміз.
Кеңес әдебиетінде исламдық құндылықтар адам бойындағы жаман мінез-құлық ретінде көрініс тапты. Атеизмнің қараңғылығы басқан о кезеңде өмірге келген сөз өнері туындыларын оқи оты- рып, исламдық құндылықтардың сақталғандығына куә боламыз. Халықтың бұл құндылықтардан мүлдем бас тартпағандығын, немесе ешқандай күштің халық санасынан мүлдем өшіріп тастай алмағандығын көреміз. Халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап өткен Ахмет Байтұрсынов:
Ұмытып Құдайды да, Құранды да,
Бас ұрма Лат, Манат ағашына! — деп жар салады.
Ақын-жазушы қай заманда болмасын замана шындығын көркем сөз арқылы бейнелеуші. Исламдық құндылықтар қоғамнан аласталған кезде де, белгілі бір оқиға немесе құбылысты суретте- генде, баяндағанда сол қоғамға жат құбылыс ретінде болса да көрініс тауып отырған. Бұл исламдық құндылықтардың түбірімен жоқ боп кетпегенін дәлелдейді. Өзгерген тек бұл құндылықтарға деген жасанды көзқарас болатын.
Ислам құндылықтарының қоғам терістеген жат мінез-құлық ретінде суретелуі. Мысалы, Илияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасында исламдық құндылықтардың адам бойындағы жаман мінез- құлықтармен бір санатта қарастырылуы. «Ұры-қары, арызқой немесе байдың малын баққан жалшы сияқты сол қоғамның ең жаман мінез құлқы болса, молда да сол санаттағы қоғамның жек көріп шеттеткен «жемқор» сипатын кигізген сүйкімсіз адам санатындағы кісісі. Өлеңде Ақан осындай қоғамның жаман мінез-құлыққа ие кісісі емес, ол ақын — «сал сүрей, саңлақ мініп, сұлу сүйген» қоғамның ең құрметті кісісі мағынасында қолданылған.
Кісі емес Ақан төрде билік айтқан, Ұры емес, ауыл торып, ел шулатқан. Молда емес, мешіт салып, зекет алып,
Нәжісін дүниенің бойға жаққан [15,92].
Қазақ әдебиеті сөз өнерінің ең көркем туындыларының бірі «Құлагер» поэмасында Қасиетті Кітап-«су жыланға» теңеліп, оны оқыған молда сол арқылы материальдық пайда көздеген «жемқор» бейнесінде суреттелу арқылы ең сүйкімсіз образда бейнеленген. Ақынға сол замандағы болып жатқан оқиғалар — «сопылар тәспі тартып, құман ап жүруін» [15,101], халықтың салт-дәстүрін, қоғамдық шындықты суреттеу қажет болған. Ол кездің қоғамдық шындығы қандай еді? Халық Құран оқыған, шариғаттың шарттарын орындаған. Ақын жырлап отырған сюжеттегідей өмірден өткен адамдарға Құран бағыштап, ас берілген. Халық өміріндегі осы шындық ақын өлеңінен

тысқары қала алмайды. Басқа шындық жоқ. Сол себептен де ең сүйкімсіз қоғамның терістеген си- патында суреттеуге мәжбүр болған. Ортаға да осындай сурет шыққан.
Албасты Арқадағы абы жылан- Молда отыр ысқырынып оқып құран;
Атты арбап, атан жұтып жатыр молда, Құранмен жем түсіріп жуан-жуан [15,100].

Қуанған Құлагердің өлгеніне
Молдасы сауысқанның құран оқыр! [15,143].
«Құран соқ, Құлагерді ұрмағанға!»
Деп халық Батырашты қоршалады [15,146].

Мына өлең жолдарында «Құлагер» поэмасынан:
Ақанды сол күндегі сопы десек, Әсем тау оған құбыла, Мекеге есеп. Ән – азан, әдемі сөз – намаз болып,
Кітап боп көңілін ашқан гүл-бәйшешек [15,94]. Адам көңілін ашатын кітап екенін көреміз.
«Әсем-Мекке-Құбыла», «Әдемі сөз – намаз», «Көңіл ашатын – Кітап» – санада сәулеленген бұл образдар, ақын әдемілікті айтайын дегенде тілінен еріксіз төгіле берген сияқты. Бірақ өкініштісі, исламдық құндылықтардың орнын азанның орнын-ән, намаздың орнын сөз алғанын көреміз. Бұл ақын суреттеп отырған атеистік қоғамның ашты шындығы болатын.
Исламдық құндылықтар сол қоғамдағы ең үздік жетістіктерді бейнелеу құралы ретінде де қолданылған. Мысалы, Сәкен Сейфуллин «Аэроплан» деген өлеңінде заманның ұшақ ұшырған жетістігін, «пайғамбар қиялымен барған ғаршы», — деп теңеу арқылы «мираж» оқиғасына сілтеме жасайды. Діни ұғымдардың барлығы артта қалған ескінің көзі болып есептелген заманның өзінде, сол кезеңнің ең үлкен жаңалығы болған «аэроплан ұшуы» діни ұғыммен салыстырылу арқылы көркемдік сапаға ие болғанын көреміз.
Аспанға қара жерден ұшқан баршы, Жіберген еңбекші тап ұшқыр жаршы. Жаңғырды аэроплан әніменен,
Пайғамбар қиялымен барған ғаршы [15,80].
Сәкен Сейфуллиннің «Бурабай» өлеңінде Бұрабайды суреттеуі, оның «Құбылаға қарап жатыр» деуінің өзі ақын қиялындағы Бурабайдың көркем бейнесін жасауға ақын санасында жанданған қасиетті ұғымдар қол ұшын беріп тұрғандай.
Бурабай «Құбылаға басын беріп шөгіп жатқан, Көк мұнар қалың ойға шомып батқан [15,6].
Мағжан Жұмабаев «Көкшетау» өлеңінде,
Көкшеге мен де шығамын. Аяқ басып Арсыға, Жүгіріп барып қарсыңа,
Тәңірінің тілін ұғамын [14,92]. Мағжан «Көкшетау» өлеңінде:
…Мен де Мұса болар ем, Тілдестірсе Тәңірімен, Көкше маған болып Тор, Құшам Мұса аяғын, Өлеңім-ізгі таяғым.
Бұл өлең жолдарында исламдық құндылықтар көркем бейне жасау құралы ретінде қолданылып тұр. Адам санасындағы заманмен өзгермеген нағыз көркемдік, шын жақсылық ұғымының сәулеленуі іспеттес.
Жаман мінез-құлықтың барлығы ескірген салт-сана, діни ұғымдар болып есептелген кездерде де, керісінше адамзаттың адамгершілік құндылықтар дегендері исламдық құндылықтар екенін сол кезде жазылған әдеби туындылар бізге айтып береді.
Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» романында, Әбдірахманның Шұғаға жазған хатында:
«Болады деген жалғыз ауыз сөз тапсам,
Көңіліме сақтар едім құрандай…» [15,166], — деп көңілге сақтайтын қиелі нәрсенің құран екендігін көреміз. «Құрандай көңілге сақтау» образы арқылы кейіпкер Шұғаның сөзінің маңыздылығын

қасиетті Құранға теңеу арқылы білдірген. Бұдан артық теңеу, бұдан артық жеріне жеткізе айту мүмкін емес шығар. Санадағы Құран түсірген сәуленің ешуақытта өшпегені осыдан көрінеді.
Шұғаның жауабы:
Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,
Астында ақ туының пайғамбардың», деген сөздерге сүйгеніне қосыламаған Шұғаның арманы, дұға-тілегі, үміті бәрі сиып тұр.
«Біз дін мен дәстүрді даналықпен үйлестіріп, өнегелі өмір сүрген халықпыз. Бұл – бабалары- мыздан келе жатқан сара жол. Қазақтың салт-дәстүрлері Исламның асыл құндылықтарымен біте қайнасып кеткен»,- деп Ержан қажы Малғажыұлы айтқандай, қазақ халқының рухани мәдениетін, сөз өнерін, фәлсафалық ой-санасын, салт-дәстүрін ислам өркениеті қасиетті Құран мен сүннеттен бөліп қарау мүмкін емес. Қазақ мәдениетінің, әдебиетінің, қайнар бұлағы Құран кәрім екендігіне тарих қойнауынан келе жатқан жәдігерлер куә. «Шексіз ілім және құдырет иесі жіберген Қасиетті Кітапта жаратылыстағы барлық ақиқаттар мен ілімдердің дәнегі сақталған. Құран – күллі әлемнің ықшамдалған мазмұны іспетті», деген дінтанушы ғалым — Алау Әділбаев. Олай болса, жаратылыстың ақиқаты жөнінде ой-толғап, сезім сырын айтқысы келген әрбір адам баласының ақиқат кітабына тоқталмай кетуі мүмкін бе?
Қазақ әдебиетінде келелі ой айтып парасатты пікір білдірген ақын жазушылар дүниетанымы Құраннан бастау алады. Сол себептен қай кезде өмірге келсе де,замана тезінен өтіп бүгінгі күнге дейін өміршеңдігін жоймай келе жатыр. Тарих қойнауынан сыр шерте отырып, бүгінгі ұрпаққа адамзаттық құндылықтар туралы баяндауда. Қазақ әдебиеті туындылары рухани мәдениетіміздің жәдігерлері ретінде мән, мағанасының күннен күнге арта түсуінің себебі де бұл болса керек. Барлығының да айтайын дегені, Құраннан алынған исламдық құндылықтар болатын. Қазақ әдебиеті өкілдері қай дәуірде өмір сүрсе де, өздері өмір сүрген дәуірлерінің шындығын баяндайтын көркем туындылар қалдырды. Ол туындылардың тақырыбы-уақыт тезінен өткен, мән — мағынасын жоғалтпаған адамгершілік құндылықтар болды.
«Менің хикметтерім Алладан пәрман,
Оқып ұққанға бар мағынасы Құран» [22,119], — деп Йассауи бабамыз айтқандай, мағынасы Құранмен астасып жатқан дүниелер.

ӘДЕБИЕТТЕР
1 Көпейұлы Машһүр-Жүсіп. Өлеңдер, рауаяттар, дастандар. – Алматы, 2003. 2 Жеменей Ислам. Ислам өркениеті және түркілер http://turkiya.kz
3 Әуезов М. Әдебиет тарихы. –Алматы, 1991.
4 Ергөбеков С.С. Қазақтың дәстүрлі жазба әдебиеті (ХІХ-ХХ ғғ) монография. – Түркістан: «Туран» баспа- сы, 2012. – 324 б.
5 Оңғаров Е. А. Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары. – Алматы, 2013. – 272 б.
6 Алиакбарұлы Ұ. Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран Кәрім қиссаларының тигізген әсері. – Шымкент, 2001.
7 Оңғаров Ершат Ағыбайұлы. Абай және сүнниттік ислам, 2014. муфтиат.кз
8 Хасенов Смайыл. Қазақстандағы Құран және тәпсір бойынша әдебиеттер. sunna.kz.
9 Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. – Алматы,1998. – 256 б. 10 Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 2 том. – Алматы, 2005.
11 Оңғаров Е. А. Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары. – Алматы, 2013. – 272 б. 12 Дулатов М. Шығармалары. – Алматы, 2010. – 400 б.
13 Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – Алматы, 1988.
14 Жұмабаев М. Шығармалары 1. Том. – Алматы, 2008. – 208 б.
15 Үш алып. С.Сейфулин, І. Жансүгіров, Б.Майлин. – Алматы, 2007. 16 Иассауй Қ. Диуани хикмет. – Алматы, 1993. – 119 б.
17 Әділбаева Ш. Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз. – Алматы: Көкжиек, 2006. – 280 б.
18 Дербісәлі Ш.Ә. Исламның жауһарлары мен жәдігерлері. Тарихи-филологиялық және теологиялық зерт- теулер, эссе-очерктер, жолжазбалар, сұхбаттар. – Алматы: Атамұра, 2008.
19 Малғажыұлы Е. Дін ме дәстүр. – Алматы, 2013.
20 Назарбаев Н.Ә. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сөзі // Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері мен құрметті қонақтарының екінші съезінде сөйлеген сөздер жинағы. – Астана: Өнер, 2006. – 4 б.
21 Чалышкан И., Қожа Ахмет Яссауидің дуниетанымындағы Құранның алатын орны. icalis@cumhuriyet. edu.tr
22 Құран Кәрім. Кur’an-ı Kerim meali. Diyanet İşleri Başkanlığı. – Ankara, 2007.

REFERENCES
1 Kopeyuli M.J. Olender. Rauayattar. Dastandar. – Almati, 2003. 2 Jemeney I. Islam Orkenyeti jane Turkiler. http://turkiya.kz
3 Auezov M. Adebiyet Tarihi. –Almati, 1991.
4 Ergobekov S. Kazaktin Dasturli Jazba Adebiyeti.(19-20) Monografya. – Turkistan: Turan baspasi, 2013. 5 Ongarov E. Kazak madeniyeti jane islam kundiliktari. – Almaty, 2013. – 272 b.
6 Aliakbaruli U. Kazak Auiz adebiyetine kasyetti Kurani Karim hissalarinin tigizgen aseri. – Shmkent, 2011. 7 Ongarov E. Abay jane sunniyttik islam.2014.muftiyat.kz.
8 Hasenov S. Kazakstanda Kuran jane tapsir boyunsa adebiyetter. Sunna.kz/ 9 Kalijanuli U. Kazak Adebiyetindegi Dini Agartusilik Agim. – Almati, 1998. 10 Abay. Sigarmasiliginin eki tomdik jinagi. 2 tom. – Almaty, 2005.
11 Ongarov E. Kazak madeniyeti jane islam kundiliktari. – Almaty, 2013. – 272 b. 12 Dulatov M. Sigarmalari. – Almaty, 2010. – 400 b.
13 Kudayberdiyev S. Sigarmalari. – Almaty, 1998.
14 Jumabayev M. Sigarmalari 1 tom. – Almaty, 2008. – 208 b. 15 Us Alip. Seyfullin. Jansugirov. Maylin. – Almaty, 2007.
16 Yassauy K. Diyani Hikmet. – Almaty, 1993. – 119 b.
17 Adilbayeva S, Hadis – Gurpimiz, sunnet – saltimiz. – Almaty: Kokjiyek, 2006. – 280 b.
18 Derbisali Sheyh Absattar Kaji. Islamnin jauharlari men jadigerleri. Tarihi filologiyalik jane teologiyalik zertteuler. Esse-ocerkter. Koljazbalar.cukbattar. – Almaty: Atamura, 2008. – 487 b.
19 Malgajiuli E. Din men Dastur. – Almaty, 2013.
20 Hazarbayev N. Alemdik jane dasturli Dinder Liderlerinin II sezinde soylegen sozi. Jinak. – Astana: Oner, 2006. – 4 b.
21 Caliskan I. Ahmet Yassauydin duniyetaniminda kurannin alatin orni. icalis@cumhuryet edu.tr 22 Kurani Karim. Kuran-I Kerim meali. Dianet isler baskanligi. – Ankara 2007.

Статья посвящена исследованию влияния Корана на казахскую литературу. Оцениваются закономер- ности и особенности проявления исламских ценностей в произведениях казахской литературы. Сделаны выводы по характеру произведений, в которых изложены исламские ценности начиная с исламской эпохи по нынешнее время. Анализированы произведения истории казахской литературы «книжные акыны», «религи- озно-просветительское течение», «литература советской эпохи».
Согласно истории казахской литературы историки литературы, которые классифицировали таких уче- ных, как М.Ауезов, А.Коныратбаев, У.Кумисбаев в группу «книжные акыны», единогласно сделали заключе- ние, что творчество акынов взяло начало с Корана.
Акыны 19 века такие как Акмолла, Абубакир, Нуржан, Макыш, Машһур Жусип, Шади, оставившие огром- ное наследство в истории казахской литературы начала 20 века, являются акынами-писателями, которые имели свой собственный стиль. В истории казахской литературы творчество акынов-писателей в данный период именуется как «религиозно-просветительское» течение.
В советский период ценности исламской религии считались чуждым нравом для общества, также отра- жались как самые порочные черты человеческой натуры. Исламские ценности были искажены и осуждены, как предосудительные черты, неприсущие советскому человеку. Целью как и законов, так и традиции совет- ского общества являлись устранение исламских ценностей. Но не смотря ни на что, мы видим что никакая сила не поглотила исламские ценности.
Ключевые слова: Священный Коран, ислам, книжные акыны, хикмет, религия, мусульманин.

The article investigates the influence of the Quran on Kazakh literature. Estimated Regularities and features of the manifestation of Islamic values in the works of Kazakh literatureare estimated . The conclusions on the nature of the works, which set out the Islamic values from the Islamic era till the present time. The worksof history of Kazakh literature as «book akyns», «religious and educational vague», «Literature of the Soviet era» are analyzed.
According to the history of Kazakh literature literary historians, who classified scholars such as M.Auezov, A.Konyratbayev, U.Kumisbayev to the group of «book akyns» unanimously concluded that akyns’ workswere originated from the Koran.
Akynsof 19th century such as Akmolla, Abubakir, Nurjan, Makysh, Mashһur Zhusip, Shadi, who left a great legacy in the history of Kazakh literature in the early 20th century, are akyns-writers who had their own style.
In the Soviet period, the values of the Islamic religion were considered alien to the public temper, also were described as the most vicious traits of a human nature. Islamic values have been distorted and condemned as reprehensible traits, which are extrinsic to a Soviet man. The purpose of the laws as well as the traditions of Soviet society was an elimination of Islamic values. But in spite of that, we see that no force divulged the Islamic values.
Keywords: Holy Quran, Islam, book akyns, Hikmet, religion, Muslim.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *