ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ

 

Ш.Ш. ЖАЛМАХАНОВ
филол.ғ.д., ҚР ІІМ Қарағанды академиясының профессоры, Қарағанды қаласы

ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ

Мақалада ғалым Т. Шонанұлының еңбектеріне жалпы шолу жасалып, лингвистикалық зерттеулері, оқулықтары және мақалалары нақтыланады. Зерттеушінің ХХ ғасырдың 20-30 – жылдарындағы ба- сты туындыларына талдау жасалып, қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасы, пунктуациясы мен орфографиясы, әдеби тілдің стилі мен нормалары, қазақ тілін орыс тілді аудиторияда оқытудың әдістемесі жайындағы пікірлері сарапқа салынады. Зерделеу нәтижесінде лингвист Т. Шонанұлының басқа зерттеушілерден ерекшеліктері мен жаңалықтары айқындалып, қазақ тіл біліміндегі орны белгіленеді.
Мақала авторы Т. Шонанұлының лингвистикалық мұрасы қазіргі мамандардың оқып-үйренуді қажет ететін өзекті, келелі шығармалар деген қорытындыға келеді.
Түйін сөздер: алғашқы мектеп грамматикасы, сауатсыздар мен шала сауаттылар, тіл дамыту, қазақ тілінің емлесі мен тыныс белгісі, орыстарға арналған қазақ тілі және оның әдістемесі.

Телжан Шонанұлы – 44 жыл ғұмырында 1923 жылдан 1939 жылға дейін географияға, тарихқа, әдебиетке, тілге және әдістемеге қатысты жалпы көлемі 4 мың беттей 38 кітап жариялап, 1921-1933 жылдар аралығында ғылымның жоғарыдағы салаларына және дінге, саясатқа арналған 72 мақала жазған лингвист, әдебиетші, тарихшы ғалым, қоғам қайраткері. Кітаптарының жиырма тоғызы қазақ тілі туралы болса, ал тарих, география, геометрия, педагогика, әдістеме, әдебиеттану, көркем әдебиетке бір-бірден кітаптар арналған. Қазақ тіліне қатысты кітаптардың жиырма бірі балаларға арналған әліппе мен оқулық, 6 кітап орыстарға, орыс мектептерінің әліппесі мен оқу құралы және хрестоматия, 2 кітап ересектерді сауаттандыруға, орыс мектептерінің әліппесі мен оқу құралы және хрестоматия, 2 кітап ересектерді сауаттандыруға арналған әліппе, ал 1935 жылы С. Жиенба- ев, Ғ. Бегалыұлымен бірге жазған «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі» әдістемеге арналған. Т. Шонанұлы жоғарыдағы кітаптарын кейбіреуін А. Байтұрсынұлы, М. Жолдыбаев, А. Галяхов- ская деген кісілермен бірігіп жазыпты. 1926 жылы А.Байтұрсынұлымен бірігіп 412 беттік мектеп оқушыларына арналған «Оқу құралы» (хрестоматия түрінде) баспадан жарық көрген.
Т. Шонанұлының тіл білімі, оның әдістемесі мен оқулықтарын академик Ш.Ш. Сарыбаев 4 топқа бөліп қарастырады: 1) әліппе оқулықтары: «Жаңалық» (1928), «Сауаттан» (1929), «Колхоз ауылы» (1930 жылы М. Жолдыбаевпен бірге), 2) бастауыш сыныптарға арналған тіл дамыту оқулықтары:
«Жаңа арна» (1927 жылы М. Жолдыбаевпен бірге), «Тіл дамыту» (1930), «Қазақ тілі (граммати- ка мен емле)» (1934), 3) ересектерге арналған қазақ тілі оқулықтары: «Шала сауатты ересектер үшін оқу құралы» (1926), 4) орыстарға арналған қазақ тілі оқулықтары: «Орыстар үшін қазақша әліппе» (1931), «Қазақ тілінің оқу құралы» (1933), «Учебник казахского языка для взрослых» (1934) [1,7]. Педагог-ғалым мектепте ана тілін оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында А. Байтұрсынұлының
«Баяншы», «Әліппе астары», «Нұсқаушы» және т.б. әдістемелік еңбектерінің жалғасы ретінде
«Жаңалыққа жетекші», «Диаграмдар, графиктер қандай болады?» атты кітаптарымен қатар
«Орыстарға қазақ тілін үйрету әдісі жайында», «Ересектерді сауаттандыру әдісі», «Дауыстап оқытудың әдісі» сияқты мақалалар жазды. 1935 жылы көрнекті әдістемешілер Ғ. Бегалиев, С. Жи- енбаевтармен бірлесіп «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі» деген көлемді еңбекті бастырып шығарды.
Ғалым сол кездің өзекті мәселелерінің бірі емлеге де көп көңіл бөлді. Шетел тілдерінен ен- ген сөздердің жазылуын, жазылуы дүдәмалды сөздерді бір ізге келтіруге ат салысты. Сонымен қатар араб жазуынан латын жазуына көшу науқаны тұсында арабшыларға қосылмай, латыншы- ларды жақтап, жаңа емлеге көшуді ұйымдастырушылардың бірі болды. Қазақстанның орталық

жаңа әліпби комитетінің мүшесі ретінде де жаңа алфавиттің Бүкілодақтық комитетінің ІУ плену- мында Қазақстанда жаңа әліпбиді қабылдау жағдайы туралы хабарлама жасады. Осы пленумда Т. Шонанұлы профессорлар Қ. Жұбанов, С. Аспандияровтармен бірге академик А.Н. Самойловичтің баяндамасы бойынша қабылданатын қарарларды дайындау комиссиясының құрамына сайланды. О.Жандосовпен бірігіп барша латын комитеттері мен латыншылар ұйымдарына арнап ашық хат жариялады. Ғалым сондай-ақ өз кезінде туыс түркі халықтарының жазу емлесінде болып жатқан өзгерістерден де хабардар болып, жұртшылықты құлағдар етіп отырған («Татар жаңа емлесі»,
«Ұйғыр емле конференциясының қорытындысы», «Орта Азияда латын әліппесі», «Түрікте жаңа әліппе» және т.б.).
Т. Шонанұлының лингвистикалық мұрасын қолда бар деректер негізінде ой көзі, зерде зейінін салып көрсек. Әзірге архив деректерінен шолу-талқылауға ұсынарымыз бірнеше әліппе, грамматикалық оқулықтары мен кейбір мақалалары ғана болмақ. Мәселен, «Жаңалық» аталынып 1 – басқыш мектептеріне арналған әліппесі. Бұл әліппе Қызылордада латын әрпімен 1928, 1929 жылы (2 рет), 1930, 1931 жылдары бірнеше рет қайта басылған. Алғашқы басылымында оқулық бөлімдерге, тарауларға, сабақтарға бөлінбеген. Онда әріптерді, дыбыстарды, олардың буын, буындарының сөз құрайтындығын, цифрларды, сандарды түрлі иллюстрациялық безендірулермен (геометриялық фигура, оюлар, сызықтар, суреттер) түсіндіреді. Әліппеде әріптер мен цифрлар- ды игеру мақсатында күн, ай аттары, сөздерді дұрыс жазу, құрастыра білу дағдыларын жетілдіру мақсатында денсаулық сақтау, дұрыс жүріп-тұру тәртібі жөніндегі ережелер, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер берілген. Әліппесінің 3,4 – басылымдарында өзгеріс жоқ деуге болады. Басқа басылымдарының басты өзгешелігі — әңгімелер мен суреттердің көптеп берілуі, сондықтан да кейінгі басылымдар 72 беттен 85 бетке жеткен.
Келесі бір оқулықтары сауатсыз немесе шала сауатты ересектерге арналған. Олар: 1926 жылы 207 бет болып жарық көрген оқу құралы және 1930 жылы Қызылордадан 100 мың дана болып шыққан «Сауаттан» деп аталатын әліппесі. Әліппесі 48 бет. Оны шартты түрде 2 бөлімге бөлуге болады. Алғашқы он бетінде әріптердің үлкен, кіші, жазбаша, баспа түрлерімен таныстырса, екінші бөлімінде тіл дамыту мақсатында әңгіме, кеңес өлең, мақал-мәтелдер беріледі. Бұл бөлім «Ауыл шаруашылығын дамытамыз», «Өнерлі кәсіпті өркендетеміз», «Ауыл шаруашылығының коопе- рациясы», «Кеңес өкіметін бекітеміз», «Қызыл әскер – еңбекшілер қорғаны» деген 5 тақырыпқа бөлінген. Сәкеннің «Жұмысшы», Ілиястың «Зауытта» деген өлеңдері келтіріліп, «Қосылып мәшине алыңдар», «Ақшаңды қалтаңа сақтама, кассаға сал», «Сүтті сиырдың белгісі» деген ұран кеңестер де берілген.
Т. Шонанұлы «Тіл дамыту» деген атпен 4 кітап шығарған. Алғашқысы 1930 жылы, екіншісі 1931 жылы Қызылордадан, үшіншісі де 1931 жылы, бірақ Алматыдан, төртіншісі 1939 жылы тағы да Қызылордадан жарық көрген. Енді қолымыз жеткен екінші және үшінші «Тіл дамыту» оқулықтарының мән-мазмұнын баяндап, бағамдап көрелік.
Тіл дамытудың 1, 2 – кітаптары 1 – басқыш қазақ мектептеріне арналған. Оқулық «Сөйлем»,
«Сөз тұлғасы», «Жалғаулы, жалғаусыз сөздер», «Іс қағаздары» деп аталған 4 бөлімнен тұрады.
«Сөйлем» бөлімі «Мақала. Азатты жол. Жоспар», «Сөйлем мүшелерінің орындары», «Буын, ды- быс, әріп», «Бас әріп. Әріп және сипырмен тіркелген сөйлемдер», «Дыбыстар» деген 7 сабақтан құралған.
«Мақала. Азатты жол. Жоспар» деген сабақта бұл ұғымдарға анықтама берілмейді, бірақ «Жол аузында» деген әңгіменің соңында 1) мақалада неше азатты жол (бас жағы шегініп жазылатын) бар, қандай кезде азатты жолдан басталатынына зейін салыңдар, 2) мақалада неше бөлім бар екенін анықтап, суретін салыңдар, суреттерге ат қойыңдар, 3) қай кезде азатты жол жазылатынының ережесін жазыңдар, азатты жол қандай әріппен басталатынын ұмытпаңдар, 4) мақаладағы ойды қысқартып жазыңдар, бұл мақаланың жоспары болып шығады деген тапсырмалар береді де,
«Барған серуендерің, істеген жұмыстарыңның жоспарын жасап, мақала жазыңдар» деген тапсыр- ма береді. 2 – сабақтағы жаттығуларды жай, сұраулы, лепті (бұйрық, тыңдау) сөйлемдерді айы- рып, соңында қандай тыныстық белгілер қойылады. Сөйлемдер арасына қандай қос нүкте немесе кіші тыныштық белгілер қойылады. Сөйлемдер арасында қандай қос нүкте немесе кіші тыныстьқ (үтір – Ш.Ж) келетінін байқаңдар деген секілді пысықтау тапсырмаларын береді. Сабақты «Сөзбен айтылған ойды сөйлем» дейміз деген анықтамамен қорытады.
«Сөйлем мүшелері» деген 3 – сабақта «Сөйлем ішіндегі бас сөзді бастауыш дейміз. …ой баста- уыш туралы айтылады. Бастауыштың сырын сипаттайтын, жайын, қимылын, күйін баяндайтын сөз баяндауыш аталады» [2] деген анықтамалар береді. Бұдан соң қай сөздің бастауышпен, қандай

сөздің баяндауышпен байланысатыны жаттығулар арқылы түсіндіріліп, тұрлаулы мүшелерге:
«Сөйлемдегі сөздер 2 жікке айырылады: бірі бастауышпен байланысты. Сондықтан бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің бас мүшелері, басқа сөздер жанама мүшелері деп аталады» [2,12-13] де- ген қорытынды жасайды. Анықтауышқа нәрсенің сынын, сырын, сипатын анықтап, қандай? қай? неше? нешінші? кімнің? не етуші? не еткен? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер. Толықтауыш
– нәрсенің қимылын, жайын, толықтайды. Толықтауыш көбіне баяндауышқа байланысып келеді. Кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? не қылуға? кім? не? деген сұрақтарға жа- уап береді және сұрауларға үшін, туралы, мен демеулері қосылуы мүмкін дейді [2,14]. Баяндау- ышты пысықтап, мезгілін, себебін айтып тұратын, нәрсенің қимылын, күйін, жайын толықтайтын, неліктен? қашан? деген сұрауларға жауап беретін сөздер пысықтауыш [2,15] деген анықтамалар берілген. Баяндауыштың астын бір, толықтауышты екі, анықтауышты үш, пысықтауышты төрт сызыңдар, ал бастауыштың астын сызбаңдар деген де нұсқаулар бар. 4 – сабақта сөйлем мүшелерінің орны жөнінде бастауыш сөйлем басында, баяндауыш сөйлем соңында, толықтауыш баяндауыштың нақ алдында, анықтауыштың анықталушы сөздің, яғни толықтауыштың алдында, пысықтауыш толықтауыштың алдында тұратындығын «Колхоз қаладан ауылға жаңа трактор алып келді» де- ген мысалмен дәлелдейді. Тұрлаулы мүшелерді бас мүшелер, тұрлаусыз мүшелерді түсіндіруші мүшелер деп те атайды. 5 – сабақта буындарды: 1) дауыссыздың артында дауысты, 2) дауыстының артында дауыссыз, 3) ортасы дауысты, екі жағы дауыссыз, 4) дауыстының артынан екі дауыссыз, 5) дауыстының алдынан бір, артынан екі дауыссыз келген, 6) жалғыз дауысты дыбыстан ғана тұрған буын деп алтыға жіктеп, оларды 2 топқа біріктіреді. Олар: 1) дауысты дыбысқа тынған буын – ашық буын, 2) дауыссыз дыбысқа тынған буын – бітеу буын. Сабақ соңында дыбысты көруге, естуге, айтуға, ұстауға бола ма? Әріп пен дыбыстың арасындағы айырмашылық не деген пысықтау, бекіту сұрақтар береді. 6 – сабақта бас әріппен жазылатын сөздерге қатысты жаттығулар, пысықтау, бекіту сұрақтары берілген. Соңғы сабақта дыбыстар сөз болады. Дыбыстарды «еркін айтылатындарды
– дауыссыз дыбыстар» [2,23], дауыстыларды естілуіне қарай жуан және жіңішке, дауыстылардың
араласып келе бермейтіндігі, мұндай заңдылықтың үндестік заңы екендігін ескертіп, жаттығу жұмыстарын береді. Үндестік заңына бағынбайтын шет сөздер, «қазақша жалғыз – нікі (дікі, тікі) деген жалғау ылғи жіңішке болады» деп ескертеді. «Үндестік заңына бағынбаған сөздер естілуінше жазылады» [2,30] дейді. Дауыссыздарды созуға көнбейтін болса, қатаң (п, т, с, қ, к), созуға көнсе, ұяң (б, д, ч, ғ, г, з, р, м, н, ң, х, й, у) деп бөледі.
Оқулықтың «Сөз тұлғасы» деп аталатын ІІ бөлімі «Түбір. Жалғау», «Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жалғаулар», «Түбір қайталауы. Қос сөздер» деген тақырыптар 3 сабақтан тұрады.
«Қазақ сөздерінің аяғы өзгереді. Аяғы өзгермейтін сөздер өте аз үшін, тейін, тым, өте, тіпті, сияқты. Сөздің өзгермейтін бөлімін түбір дейді. Өзгергенде түбірге жалғанатын бөлімін жалғау дейді. Ас- симиляция заңдылығына назар аудара келіп, «түбірдің аяғы қатаң дыбыс болса, жалғауы да ұяң ды- быстан басталады» деген ережелерді жаттығулардан, тапсырмадан кейін беріп отырады. Соңында
«Түбір соңындағы ж, с, з айтқанда өзгерсе де жазғанда түбірге жазылады» деген ескерту беріледі. 9 – сабақта «Жаңа сөз тудырып, бұрынғы сөздің мәнісін өзгертетін жалғауды, жұрнақ делік. Сөздің мәні өзгертпей, тек сыртқы тұлғасын өзгертетін жалғауды жалғау деп қоялық» деген [2,35] анықтамаларға жаттығу жұмыстарын береді. Сабақтың соңында бірнеше пысықтау-бақылау сұрақтарын береді. Олардың кейбірі оқушыларды практикалық тұрғыда ғана емес, теориялық тұжырымдар жасауға жетелейді. Мәселен, «Жалғау мен жұрнақтың қайсысы түбірге тете жалғанады?», «Қазақ сөзінің алдында ішнәрсе жалғана ма?», «Қазақ сөзінің түбірі өзгере ме?»,
«Қазақ сөзін жалғаулы тіл десек бола ма?», «Дауысты дыбыстың не деген мықты заңы бар ма?»,
«Жұрнақ сөзге мағына берсе, оны енді түбір болды деуге келе ме?» 10 – сабақта «Жалпылаушы қос сөздер арасы сызықшамен жазылады. Олардың дыбыстары өзгертілмей жазылады». «Кіріккен сөздер бірге жазылады. Кіріккен сөздердегі н дыбысы б, п алдынан м-ға айналады, к, қ, г, ғ алдынан қ-ға айналады» деген ережелер берілген. Бұл жерде ескерер бір жайт – қос сөздердің күшейткіш буын арқылы жасалған түріндегі фонетикалық өзгерімдердің әлі де келелі мәселе екендігі … Кітаптың ІІІ бөлімі «Септеу жалғаулар», «Тіркеу жалғаулы сөздер», «Етістіктің есімге, есімнің етістікке айналуы», «Жалғаусыз сөздер — демеулер» деген 4 тақырыптық сабақтан тұрады. Алғашқы сабақта көмектес септіктен басқа септіктердің сұрақтары мен қосымшалары, қосымшалардың син- гармонизм, ассимиляция заңдарына бағынып жалғанатындығы, септеу жалғаулар есімдерге ғана жалғанатыны сөз болады. 2 – сабақ «Жіктеу жалғаулы сөздер» деп аталады. Айтушының өзі 1 – жақ (мен, біз), сөйлескен екінші адам 2 – жақ (сен, біз), сөзге өзі араласпаған адам 3 – жақ деп түсіндіріледі. Жақтау жалғаулары жіктеу деп аталады. Жіктеу жалғауы қосылатын сөздер етістік

делінеді. Сөз тудырушы жалғаулар етістікке қосылып есім, есімдерге қосылып етістік шығарады деген қорытынды жасайды. 3 – сабақ демеулерге арналып, демеулер жалғаудың да, жұрнақтың да қатарына қосылмайды. Олар жанындағы сөзден бөлек жазылады. Көрі демеулігі ғана жанындағы сөздің ықпалына қарай дыбысы өзгеріп жазылатындығын [2,49] ескертеді. Кітаптың ІV бөлімінде іс қағаздарының анықтама, куәлік, өтініш, хат, баяндама жоспары, аманат хат, айдаушы қағаз деген үлгілерінің жазылуын көрсетеді. Тіл дамытудың ІІІ бөлімі 1931 жылы Алматыда жарық көрген [3]. Еңбек «Сөйлеу ырғағы», «Дыбыс жүйесі», «Сөз түрлері», «Сөз жүйесі», «Жаңадан сөз туғызу»,
«Сөйлем», «Сөйлем құрылысы» деген 7 тараудан тұрады. 1 – тарау «Сөйлеу мен сөйлем»,
«Шұқшылма сөз», «Одағай сөз», «Қыстырма сөз», «Тыныс белгілері», «Дауыс ырғағы», «Тіл шира- ту және кітаппен пайдалану», «Сөйлеуге төселу және кітаппен пайдалану» деген 9 тақырыптан тұрады. «Сөйлеу мен сөйлем» тақырыбына неше бөлім (абзац – Ш.Ж.) бар, әр бөлімінде неше сөйлем барын байқаңдар деген тапсырмадан соң сөйлеу мен сөйлемге анықтама береді. Сөйлеу (абзац – Ш.Ж.) дегеніміз – бір-бірімен байланысы болып барып біткен сөз тізбегі. Сөйлеуде бір сөйлем де, көп сөйлем де болады. Сөйлемде бір сөз де болады. Сөйлемді дауыс ырғағына қарай сұраулы, леп және хабарлаушы деп жіктейді. 2 – тақырып шұқшылма сөзге, яғни қаратпа сөзге арналған. Біреуге төндіре тіреп айтқан сөзді шұқшылма сөз дейміз. Шұқшылма сөз болатын зат есім. Шұқшылма жанында бірнеше үйір сөз болуы мүмкін. Қаратпа сөздің сөйлемнің алдында, ортасында, соңында келетіндігі, оның тыныс белгілері баяндалады. Одағайға арналған 3 – тақырыпта одағайға адамның ойын емес, сезімін көрсететін сөз деп анықтама береді де, шұқшылма сөз бен одағай сөйлем мүшесі болмайтындығын ескертеді. Қыстырма сөзге арналған 4 – тақырыпты қыстырма сөздің сөйлемдегі сөздермен байланыспайтындығын, онда айтушының айтатын ойына қалай қарайтынын көрсетеді, ол белгілі бір ойды көздеп жіберу үшін ұстанатындығын, қыстырма сөзді айтқанда, дауыс бәсеңдейді деген сипаттарын санамалап, жаттығу-пысықтау жұмыстарын береді. Қыстырма сөздің кіші тыныс, сызықша немесе қоршаумен (жақшамен) ерекшеленетініне мысалдар келтіріледі. 5 – тақырыпта «Біреудің айтқан сөзі бұлжытпай ұсталса, оны төл сөйлем дейді. Төл сөйлемді иесінің даусына салып айтады» деген анықтамалар берілсе, төл сөз бен төлеу сөзінің тыныс белгілері қазіргі орфографиялық ережелердегідей. 6 – тақырып біртүрлі мүшелер (бірыңғай мүшелер – Ш.Ж.) мен жалпылауыш сөздің арасындағы тыныс белгілер, көп ноқаттың (көп нүктенің) қойылысы жайлы. Бұл тақырыптық құнды жері – тыныс белгілеріне байланысты, олардың айтылу интонациясын ерекше ескергендігі, яғни тыныс белгілерінің логикалық та катего- рия екендігін байқату. Мәселен, «жалпылауыш сөздер екпінді айтылады да, саналған сөздер бәсең дауыспен үзіп-үзіп айтылады», немесе көп нүктеге байланысты «сөйлем кілт үзілген жерде дауыс көтеріңкі болады». Демек бұл тақырыпта Т. Шонанұлы оқушылар үшін, жалпы тілдің сөйлену әуені нормасының сақталуы үшін пунктуация мен орфоэпияның бірлікте болуы қажет екенін ерекшелеп отыр. 7 – тақырыпта көп буынды сөзді айтқанда бір буындағы дауыстың күшеюін екпін дейді. Оған Біз бостандық үшін күрестік! Біз бостандық үшін күрестік! деген мысалдар келтіріп, екпіннің буын екпіні, сөз екпіні болатынын баяндаған. 8 – тақырыпта автор қазіргі оқулықтарымызда жетіспей жатқан сөйлеу мәдениеті, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқу нормасының әліппесін қарапайым тілмен түсінікті етіп баяндайды. Оған өлеңдерден, жиналыста сөйленген сөздерден мысалдар келтіріп, жаттығу жұмыстарын береді. «Сөйлеу түсінікті болу үшін дауыстың ырғағына келтіріп айту керек. Дауыс ырғағы деп керек жерінде дауысты күшейтуді, жайлап айтуды, тоқтатуды айта- ды. Сөйлемдегі ең керекті емес қыстырма сөздерді шапшаңдатып, дауысты бәсеңдетіп айтады. Былайғы сөздерді жай дауыспен бір сарында айтады. Ұлы тынысқа (нүктеге – Ш.Ж.) ұзақ тоқтайды да, оның алдындағы сөзін күштірек айтады. 2 ноқатқа (қос нүктеге – Ш.Ж) көбірек тоқтап, дауысты бір нәрсені күткен сияқты үзеді, бірақ алдындағы сөзін онша жай да, онша күшті де айтпайды. Көп ноқатқа кілт кідіріп, ұзақ тоқтайды. Сызықшаға дауысты көтеріңкіреп, кіші тыныстағы сияқты сәл ғана дауысты көтеріңкіреп, кіші тынысқа сәл ғана тоқтайды. Лептеу мен сұрау белгілері бар сөйлемде соңғы сөз емес, мәнілі күйінде тұрған сөз күшті айтылады» [3,21]. 9 – тақырыпта тіл сабағының негізгі мақсаты баланың өз ойын дұрыс, нақты, жүйелі түрде жеткізуге үйрету болғандықтан, сөйлеп төселу, кітапты пайдалануға да жаттығулар мен тапсырмалар беріп, пысықтау- бақылау жұмыстар жүргізудің жөнін сілтейді. ІІ тарау қазақ тілінің дыбыс жүйесі турасында автор 1931 жылы Қызылордадан шыққан «Тіл дамытудың» 2 — кітабында да сөз болған. Бұл еңбекте дау- ысты дыбыстың жуан, жіңішкеге жіктелетіні, дауыссыздардың буын құрай алмайтындығы қайталанса да дауыстылар 9 (а, о, ө, ы, ү, ұ, е, і, ә), дауыссыздар 20 (б, ш, ж, д, г, ғ, й, һ, к, у, ц, н, ң, п, р, с, т, з, қ, л) екендігі нақты санамаланады. «І-нің жуан сыңары жоқ» [3,27], а-ның жіңішке сыңары е болып беріледі. «Қ, ғ ылғи жуан кезде, к, г ылғи жіңішке кезде келеді» [3,28] дейді. Дау-

ыссыз дыбыстар айтылғанда шудан басқа дауыста естілмесе, ұяң, тек шу естілсе, қатаң дауыссыз- дар, р, л, н, м, ң айтылғанда шу өте аз, дауыс өте күштірек болғаннан оларды үнді ұяң дейді. Ал й, у, — жарты дауысты ұяңның бір қатаң сыңары бар. Сыңарсыз үнді мен шала дауысты ұяңдар. Қазақ сөзінде еріндік дауыстардың алғашқы буында келетінін, сөз соңында б, д, г, ғ, и дыбыстары келмейтінін ескертеді. ІІІ тараудағы «Сөз түрлері», «Жалғаулы және жалғаусыз сөздер», «Сөз тұлғасының жігі», «Қайталама сөздер – қос сөздер», «Кіріккен сөздер» деген 4 тақырыпқа бөлініп баяндалған. 1 – тақырыптың 2 – кітапта қосымша жаңалықтары баршылық. Мұндағы жалғаулы (мағыналы), жалғаусыз (демеу) сөздер деп отырғаны – тіліміздің қазіргі негізгі және көмекші сөздері. Тек қана көмекші сөздерге (жалғаусыз сөздерге) одағай, шылаудың басқа түрлері, еліктеуіш сөздерді қоспаған. Мағыналы (негізгі) сөздерге сөйлем ішінде тұрса да, жеке айтылса да өз алдына мағынасы бар, демеулерге өз мағынасы жоқ, басқа сөздің мағынасын толықтыратын сөздер деген анықтамалар береді. Демеулерге жалғау қосуға болмайды, мағыналы сөзден бөлек жазылады дейді. Олардың қазақ тілінде аз екендігін айта келіп –ақ, -ай, -ау, -ма? ше? қой (ғой, құрлы, (ғұрлы), мен, да, үшін, берді, көрді, шейін, сайын, деген мысалдар келтіреді [3,42]. 2 – тақырыпта сөз тұлғасының жігін 1) сөздің түпкі мағынасын көрсететін түбір, 2) түпкі мағынасын көрсете алмайтын жалғау деп ажыратады. Жалғау қойылған сөзді тұлғалы сөз, жалғау қосуға келмейтін сөзді тұлғасыз сөз дейді. Кейбір жалғаулар түпкі сөздің мәнісін өзгертіп жаңадан сөз туғызады, олар – сөз туғызушы жалғау немесе жұрнақ. Түпкі сөздің мәнісін өзгерте алмайтындар, тек сөз араларын байланысты- ратындары ғана болады, олар — сөз түрлеуші жалғау не қысқаша айтқанда, жалғау. Жұрнақ бір сөзде біреу ғана болады. Алдымен жұрнақтар, содан соң барып жалғаулар қосылады. 3 – тақырыптағы ерекше бір жаңалық – қос сөздердің жасалуы мен мағынасының бірлігін ашып бергендігі. Мәселен
1) ойды күшейту үшін, көбінесе сөз түбірлері қайталанып қосарланады (қатар-қатар), 2) ойды жал-
пылау үшін қос сөздер көбіне 2 түрлі түбірден құралады (бала-шаға, төсек-орын), 3) нәрсенің сы- нын күшейту үшін түбірдің алдыңғы буынын қайталайды (ерні жып-жыбыр, өзі жұп-жұмыр) [3,42]. 4 – тақырыпта кіріккен сөздер ғана сөз болады. Бұл құбылыстың себебін екі немесе одан да көп сөздің «қатар ұсталып жүргендігінен» деп түсіндіріледі. Кіріккен сөздердің 2 түрі бар 1) «мәнісі де, екпіні де, дыбыс заңдары да бірлеседі» (биыл, сүйтсе де, бүгін), 2) «дыбыстары тегіс үндестік заңына көні болмаса да мәнісі мен екпіні біріккен» [3,47] сөздер. ІV бөлім. «Сөз жүйесі» деп атала- ды. «Есімдер», «Көптік, жекелік жалғаулар», «Жай және тәуелді түрлер», «Тәуелді түрдің септеулері», «Ортақ және оңаша тәуелдеулер», «Есімдіктердің септік жалғаулары», «Етістіктер – жіктеулі сөздер», «Етістіктің жіктеулері», «Етістіктің мәнісін дәлелдейтін жұрнақтар» деген 9 тақырыптың басын біріктірген. Аталған бөлімде есімдерді жалқы есім, жалпы есімге бөліп, оларды мәнісіне қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдікке жіктейді. Есімдердің сөз өзгертуші жалғаулары
– септік, көптік жалғаулар. Есімдерде көптік жалғаулар. Есімдерде көптік, жекелік айырбастар бар. Сын есімде тек сыны (тас көпір, ағаш үй), сыр сыны (жуан, жіңішке) болады. «Сыр сыны мен кейбір зат есімдердің, көбіне адамның қалыбын я мезгілді көрсететін сөздер 3 шырай: 1) жай шы- рай, 2) талғаулы шырай (-ырық, ірік), 3) таңдаулы шырай (ең, тым, өте, аса). Бұдан кейін жай және тәуелді септеу, ортақ және тәуелді септеу, ортақ және оңаша тәуелдік, ортақ тәуелдіктің септелуі, етістіктің жіктелулері, ашық, бұйрық, шартты райлар сөз болады, соңғы тақырыбында «етістіктің мәнісін дәлелдейтін жұрнақтар», яғни туынды етістік (Шонановта – туынды түбір) жасайтын жұрнақтарға мысал келтіріп, беретін грамматикалық мағыналарын баяндайды. V бөлім – «Жаңадан сөз туғызу» бөлімінде сөз болған есімдіктерден туған етістіктер, етістіктен туған есімше, етістіктен туған жай есімше, етістіктен туған жай есімдер, есімнен туған есімдер, көсемше, тіл дамытып, кітаппен пайдалану тақырыптарында ерекше айтар жаңалық шамалы. VІ, VІІ бөлімдер сөйлемнің сөйлем мүшелері, сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері деген 2 мәселесіне арналған. Бөлімде сөйлем мүшелері жеке-жеке, көп бастауышты сөйлем, көп баяндауышты сөйлем, бірнеше бірыңғай тұрлаусыз мүшелі сөйлем, жай және құрмалас сөйлемдер, құрмаластың қиысулы құрмалас деген түрі және сөйлемдегі сөздердің орны деген тақырыптар талданады. Мұндағы автордың қиысулы құрмалас деп отырғаны – «құрылысы жағынан да, мағына жағынан да бір-бірінен айыруға келмейтін болып қосылған сөйлемдер» [3,83]. Мысалдары: 1. Табандап күрескенде ғана төрешілікті құртуға болады. 2. Коммунарларға қарап төңкерісшіл батылдыққа үйренемін.
1934, 1936 жылдары Қызылорда қаласында 3, 4 – кластарға арналған 95 бет болып басылған
«Қазақ тілі. Граматика мен емле» оқулығын Телжан Шонанұлының осыған дейінгі оқулықтарының теориялық жағынан болсын, практикалық жағынан болсын жиынтығы деуге болады. Оқулықтағы грамматикалық ұғымдарға қосымша өзгерістер жоққа тән.
Т. Шонанұлы орыс мектептері, орыстар үшін 5 әліппе және оқу құралдарын (1923, 1925, 1927,

1931, 1935 жылдар) жазған. Олар: 1) Қазақ тілінің оқу құралы (орыс мектептері үшін), Алматы, 1923, 88 бет), 2) Орыстар үшін қазақ әліппесі (Орынбор, 1925, 99 бет), 3) Самоучитель киргиз- ского языка для русских (Словрь и краткая грамматика) (Қызылорда, 1927, 99 бет), 4) Орыстар үшін қазақ әліппесі (Алматы, 1931, 88 бет), 5) Қазақ тілінің оқу құралы (орыс мектептері үшін) (Алматы, 1933, 97 бет). Осы еңбектердің қолымыз жеткен соңғы екеуіне шолу жасап көрелік.
«Орыстар үшін қазақша әліппе» 1931 жылы Алматыда 88 бет болып жарық көрген. «Әліппеде» 70 сабақ және соңында қазақша-орысша сөздік берілген. 1–22 – сабақтарда дауысты дыбыстар- мен таныстырады. Алдымен орыс тілінде бар дыбыстармен, содан кейін барып қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды үйретеді. 22-24 – сабақты қазақ әліппесінің тәртібімен, е-ден басқа дауысты- ларды жуан-жіңішке болып жұптасатындығын, осыған байланысты қазақ сөзінде үндестік заңы (сингармонизмнің) сақталатындығын байқатады. Пысықтау-жаттығу жұмыстарын береді. 25, 26
– сабақтарда қазақ тіліндегі дауыссыздармен таныстырып, олардың қатаң (глухие), ұяң (звонкие) болып бөлінеді, кейбір қатаңдықтардың ұяң сыңарлары бар екендігін түсіндіреді. Сыңарсыз ұяң деп отырғаны қазіргі үнді дауыссыздар. 27-29 – сабақтарда қайда? қашан? деген сұрақтарға жа- уап бергізу мақсатында жаттығу, бекіту жұмыстарын жүргізеді. 30-31–сабақтар қандай? 32-сабақ қанша? неше? нешеу?, 33, 34 – сабақтар кімнің? ненің?, 35–сабақ «Атың кім?», 36–сабақ кімнен?, 37-39 – сабақтар қандай?, 40, 41 – сабақтар қайда? неге? кімге? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерге арналып, жаттығу, бекіту сабақтары келтірілген. 42 – сабақ жоғарыдағы сұрақтарға жауап беру арқылы пысықтау сабағы болып шыққан. 43 – сабақта «Класс» деген лексикалық мәтін беріп, талдатады. 49-70 – сабақтарда алғашқы 42 сабақта өтілген тақырыптар бойынша жаттығулар, тап- сырмалар үйде, класта орындау үшін берілген. Сабақтарда түрлі материалдар берілген.
Орыс мектептеріне арналған «Қазақ тілінің оқу құралы» 1933 жылы Алматыда 97 бет болып басылған. Еңбек 4 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім 15 сабаққа бөлінген. Кіріспеде сабақтарды бастамас бұрын өткен материалдарды пысықтайтын жаттығулар берілген. 1 – сабақ аманда- су, 2 – сабақ адаммен сөйлесу (обращение к человеку), екпінге, 3 – сабақ қ, ғ, ө, г әріптерінің жазылуы, дыбыстардың айтылуы мен әңгіме-диалогқа, 4 – сабақ ү, ң, һ әріптерінің жазылуы, дыбыстардың айтылуы мен сурет арқылы жаңа сөздер үйретуге, 5 – сабақ қазақ әліппесі және қазақ тіліне тән дыбыстардың (ә, ғ, һ, ы, ң, ө, о, ұ, ү, у) дұрыс айтылуы тізбе-кестеде тапқыр да түсінікті етіп баяндалған. 6-9 – сабақтар Қазақстан қалаларына, класты суреттеуге және қатаң, ұяң дауыссыздардың дұрыс айтылуы, жазылуына, 12-15 – сабақтар і, ұ, ү, у әріптерінің дұрыс жазы- луына арналып, қазақ тілінде б, д, ғ, г дыбыстарының сөз соңында келмейтіндігі ескертіледі. ІІ бөлім «Оқу, жазу және сөйлеу» деп аталады. 43 сабақтан құралған. Бұл бөлім Т. Шонанұлының 1931 жылы жазған «Орыстар үшін қазақша әліппесінің» толықтырылған түрі десе де болады. ІІІ бөлімінде қазақ тіліндегі септеу мен жіктеудің үлгілері бұрынғыша, бірақ кесте түрінде беріліп түсіндірілген. ІҮ бөлім – қазақша-орысша алфавиттік сөздік.
Т. Шонанұлының мақалаларының шартты түрде қазақ тіліне (32 мақала), әдебиетіне (4
мақала), педагогика мен әдістемеге (13 мақала), саясатқа, дінге (2 мақала) арналған мақалалар де- ген тақырыптарға жіктеуге болады. Қазақ тіліне қатысты мақалаларының 20-сы латын әліппесін енгізу туралы, 1 мақала араб әліппесінің тарихы жайында (1926), ал 1929 жылдан кейінгі әліппеге арналған 4 мақаласы енді орыс графикасына көшу турасында. Өзге мақалалары орыстарға қазақ тілін үйрету (2 мақала), бір мақаласы тіл үйретудің бағдарламасы, қазақ тілінің жазу-сөйлеу заңдылықтары (2 мақала) туралы. Солардың ішінде қолда бар 3 мақаласының мазмұнымен таны- сып көрейік. 1923 жылы наурыз айында А. Байтұрсынұлының 50 жылдық мүшел тойына арналып орысша жазылып, архивте қолжазба күйінде қалып қойған еңбегі – «Ахмет Байтұрсынұлы халық ағарту және әдебиет саласында» атты мақаласы [4]. Ахмет қазақ мектептерін дүмше молдалар- дан және патша миссионерінен құтқарды, «тіліміздегі барлық дыбыстарды сақтай отырып, дыбыс үндестігінің барлық заңдылығы бойынша жаңа әріптер белгілеп, ана тіліміздің синтаксисі мен этимологиясын жасап шықты» деген [4:125]. баға берді. «Тіл заңын бұзбау керек» атты мақаласы сөйлемдегі сөздердің орыс тәртібіне арналған. Анықтауышқа сөйлем ішіндегі бастауыш пен толықтауыштардың сын-сипатын көрсететін қосар мүше деген анықтама береді. Мәселен, Қысқа жіп күрмеуге келмейді. Мырқымбайдың асығы түгел» деген сөйлемдердегі, қысқа, Мырқымбайдың деген анықтауыштар жіп, асығы сөздерді анықтап тұр. Практикалық синтаксис стилистикасы тұрғысында «қазақша дұрыс сөйлейтін кісі қай күнде де, қай жерде де анықтауышты анықталатын сөздің алдына алып сөйлейді» дейді. Мақалада сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі жайлы газет бетінде, іс қағаздарында «Күшікбайұлы Мырқымбай жолдас Үйшіктен Текеге жүріп кетті» деп жазудан сөйлем мазмұн-мағынасына (сөйлем семантикасына – Ш.Ж.) нұсқан келетіндігінің себебі,

біріншіден, Үйшік, Текенің қала екенін білмейтін адам Күшікбайұлы Үйшік деген кісіден Теке де- ген кісіге жүріп кеткен екен деп түсінуі мүмкін, екіншіден, бұл «тілдің бадырайған заңын елең қылмай, орысша ойланбай еліктеу» деп сынға алады. «Шет сөздер емлесі жайында (емле съезіне ұсыныс ретінде)» атты мақаласында емлеге қатысты 31 ұсыныс тізбеленген. Мақала «Емле негізгі»,
«Шет сөздер дыбыстарын қазақ тілінде қалай өзгертіп жазу керек» деген 2 бөліктен тұрады. Алғашқы параграфтағы 4 ұсыныс шет ел сөздерін дұрыс жазудың теориялық негіздемесі сипатты. Олар 1) шет ел сөздерінің емлесін тіліміздің заңына үйлестіруіміз керек; 2) ол сөздердің түбірі мен қосымшаларын үйлестіру қажет; 3) ол үшін дыбыс негізіне сүйеніп (фонетикалық принцип), жаңа пішін меңзеу заңымен (морфология, аналогия) жазу керек. Пішін меңзеу заңы дегеніміз, мәселен, шет ел сөзі (социалистический) сын есім болса, біз де соның соңына жалғау тіркеуіміз кеерек. Мысалы, тас үй, қазақ малы деген тіркестердегі сын есімдерде жалғау бар ма? деген сауал қояды. Ал дыбыс негізіне сүйену дегеніміз тілімізге ертеректе еніп, тіліміздің заңына бағынып кеткен араб-парсы, орыс сөздерін негізге алайық деген ұсыныс жасайды; 4) тілдерде бір дыуыссыз дыбыс көршілеріне әсер етеді, яғни қатайтады, жұмсартады. Мұны еліктеу заңы (ассимиляция) дейміз. Орыс тілінде тартыншақ еліктеу (регрессивная ассимиляция: пробка-пропка, сбереги-збереги) бол- са, қазақ тілінде итіншек еліктеу (прогрессивная ассимиляция: ұрын, ұтқан, ағза, асқа) бар. Итіншек еліктеу бар тілімізде кейбір сөздерді (әліпбе – дұрысы әліппе) тартыншақ еліктеу заңымен жазып шатасып жүрміз дейді. Тілімізде еліктіруге қарсы іріту заңы (диссимиляция – Ш.Ж.) бар. Іріту заңы дегеніміз – біріңғай айтуға қиын дыбыстар тіркес келеді де оңайлау үшін іріп, олардың әр жол- дан шығуға тырысуы (қазақ тілінде ат+шы болғанымен, түрік тілінде ат+чы). Қазаққа ат айналар деп айтқыза алмайсың. Итіншек еліктіру мен іріту заңы дауыссыз дыбыста болса, дауысты дыбы- старды үндестік (сингармонизм) заңы бар. Бұл заңдылықтарды ұстанбасақ, шетел сөзіне қазақтың тілі келмейді. Оның себебі әр тілде әр дыбыстың жолы (артикуляционная база) болады деп түсіндіреді. Мақаланың 2 – бөлімінде шет ел сөздерін сөз басында, сөз соңында қалай өзгертіп жазу жөніндегі өз ұсыныстарындағы басты ерекешлік – шет ел сөзін ана тіліміздің айтылу ерекшелігіне негізделіп, яғни орфографияны орфоэпияға бағындару.
Жоғарыдағы оқу құралдары мен мақалаларындағы пәндік атауларды (лингвистикалық
терминдерді) Т. Шонанұлына дейін қолданылған және өзінің енгізген терминдері деп бөлуге бола- ды. Алғашқы топта тыныстық белгілер, абзацты сөйлеу, үтірді кіші тыныстық, тұрлаулы мүшелерді бас мүшелер, фонетикалық принципті дыбыс негізді деп атау, 6 септікті ғана сөз етті.
А. Байтұрсынұлынан шылауларды (Т. Шонанұлында демеулер), яғни өзгермейтін сөздер деп бөлу, Ы. Алтынсариннен келе жатқан дәстүрлі атаулар. Екінші кезекте Т. Шонанұлының өз тұжырымдары мен пайымдауларынан туындаған тілдік құбылыстар мен лингвистикалық терминдер де баршылық. Мәселен жаңа жолды азатты жол, абзацты бөлім, тұрлаусыз мүшелерді түсіндіруші немесе жандай шап мүшелер, буынның дыбыстық құрылымын 6-ға жіктеуі, дауысты, дауыссыздардың еркін айты- лу, айтылмау қасиеттерін байқауы, қос сөздер құрамының өзгешеліктерімен байланыстыруы, сеп- теу, жіктеу, жақтау жалғаулары деп атауы, қаратпа сөзді шұқшылма сөз, жақшаны қоршау, төл сөзді кейде төл сөйлем, автор сөзін қыстырма сөйлем, тыныс белгілерінің интонациялық ерекшеліктерін нақтылап баяндауы, бірыңғай мүшелерді бір түрлі мүшелер, сөз екпінін сөз мәнілі, лептеу, сұрақ белгісі деп атау, артикуляциялық базаны дыбыстың жолы, 1929 жылғы мақаласының өзінен-ақ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің сөйлем семантикасына әсері, ассимиляцияны еліктіру заңы, оның тартыншақ заңы, итіншек заңы деген 2 түрін ажыратып, диссимиляцияны іріту заңы деп атауы, 1931 жылғы оқу құралында а-ның жіңішке сыңары е дегенді кейінгі еңбектерінде а-ның жіңішке сыңары ә деп түзетуі, қазіргі үнді дауыссыздарды үнді, ұяң, қазақ тіліндегі кейбір ды- быстар буын таңдайтындықтан, сөз басында, соңында келмейтіндіктерін, негізгі және көмекші сөздерді лексикалық-семантикалық тұрғыда мағыналы, мағынасыз деп, ал морфологиялық тұрғыда жалғаулы, жалғаусыз деп бөлуі, кіріккен сөздің мағынасы (мәнісі), екпіні, дыбыс заңдары бірдей болса, біріккен сөздің дыбыстық заңдарында, өзгешелік бар екенін айқындаулары – қазақ лингви- стикасы үшін ғылыми теориялық іргелі де келелі жаңалықтар.
Қорыта келгенде, Телжан Шонанұлы:
1) қазақтың гуманитарлық ғылымдарының бастауында тұрған тарихи тұлға;
2) латын және орыс әліппесіне негізделген, орыс мектебіне және ересектерді сауаттандыруға арналған әліппелер мен оқулықтардың алғашқы авторларының бірегейі;
3) орыс мектептері және орыстар үшін жазылған алғашқы қазақ тілі оқулығының авторы ғана емес, алғашқы әдістемешісі;
4) қазақ тілінің грамматикасына арналған еңбектері қазақ лингвистикасының қалыптасуына

қосылған қомақты қазына. Шолу мақаланың мақсаты ғылыми мұрасының мазмұнымен таныс болғысы келген зерделі қауымға баяндау мақсатында ғана. Қосқан үлесін салыстырып, саралап салмақтау – Т. Шонанұлының лингвистикалық мұрасымен түгел танысып болып жасалар жұмыс;
5) қазақ тілінің жазушылар шығармашылығында, баспасөз бетінде және іс қағаздарда қолдануында заңдылықтары мен нормаларын сақтап, нағыз әдеби тіл болуы үшін еңбек еткен ғалым;
6) өмірі мен шығармашылығын қазақтың жері, ұлты, тілі, мемлекеттік құрылысы және тәуелсіздігі, яғни дербес Қазақ мемлекетін құруға арналған қайраткер. Шоқан Уәлихановтың «Ұлт болу үшін алдымен тәуелсіздік, содан соң білім керек» деген ұлы тезисін темірқазық етіп өткен күрескер;
7) оқу-ағартушылық, ғылыми-шығармашылық тұрғыда Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхаммедұлы секілді Алаштың алдаспандарымен қатар тұратын ардагер.
Осындай тұлғаның жазықсыздан жапа шегіп жазалануы – тарихи әділетсіздік болса, ал азамат ақталғанда одан қалған мұраны оқып-үйреніп, зердемізге тоқымау, сабақ алмау – одан да өткен әділетсіздік.

ӘДЕБИЕТТЕР
1 Сарыбаев Ш.Ш. Телжан Шонанұлы // «Ана тілі» газеті, 1991. – № 27, 4 шілде. – Б. 7.
2 Шонанұлы Т. Тіл дамыту. 2 – кітап. Білім кеңесі I басқыш қазақ мектебі үшін ұнатқан. – Қызылорда, 1931. – 54 б.
3 Шонанұлы Т. Тіл дамыту. III бөлім. I басқыш мектептер үшін оқу-әдіс секторы ұнатқан. – Алматы, 1931.
– 41 б.
4 Шонанұлы Т. Ахмет Байтұрсынұлы халық ағарту және әдебиет саласында (қолжазбаны қазақшаға ауда- рып бастырған Б.Байғалиев) // «Жұлдыз» журналы. – 1992. – № 2. – Б. 123-128.
5 Шонанұлы Т. Тіл заңын бұзбау керек // Еңбекші қазақ. – 1926. – № 96.
6 Шонанұлы Т. Хрестоматия для малограмотных взрослых. – Қызылорда, 1926. 7 Шонанұлы Т., Жолдыбаев М. Жаңа арна. – Қызылорда, 1928. – 167 б.
8 Шонанұлы Т. Шет сөздер емлесі жайында // Еңбекші қазақ. – 1929. – № 96.
9 Шонанұлы Т. Шет сөздер емлесі жайында // Еңбекші қазақ. – 1929. – № 66-67. 10 Шонанұлы Т. Жаңалық (әліппе). 2 – басылым. – Қызылорда, 1929. – 72 б.
11 Шонанұлы Т. Жаңалық (әліппе). 2 – басылым. – Қызылорда, 1929. – 89 б. 12 Шонанұлы Т. Сауаттан. – Қызылорда, 1930. – 48 б.
13 Шонанұлы Т. Жаңалық (әліппе). 2 – басылым. – Қызылорда, 1931. – 88 б. 14 Шонанұлы Т. Орыстар үшін қазақша әліппе. – Алматы, 1931. – 88 б.
15 Шонанұлы Т. Тіл дамыту. 2 – кітап. – Қызылорда, 1930. – 54 б.
16 Шонанұлы Т. Қазақ тілінің оқу құралы. Орыс мектептеріне арналған. – Алматы, 1933. – 97 б. 17.Шонанұлы Т. Қазақ тілі. Грамматика мен емле. 3-4 – кластарға арналған. – Алматы, 1933. – 97 б.
18 Шонанұлы Т. Латын әліппесін жақтап сөйлеген сөзі // Әліппе айтысы (құрастырушы Ш.М. Мажитае- ва). – Қарағанды: ҚарМУ, 1990. – Б. 46-72.
19 Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағдыры. – Алматы: Санат, 1995.
20 Шонанов Т. А. Байтұрсынов // «Заман-Қазақстан» газеті. – 1996 жыл 26 шілде. – Б. 9.

REFERENCES
1 Sarybaev Sh.Sh. Telzhan Shonanuly // “Ana tili” qazeti, 1991. — № 27, 4 shilde. – B. 7.
2 Shonanuly T. Til damytu. 2 – kitap. Bilim kegesi І baskhysh khazakh mektebi yshin ynatkhan. – Khyzylorda, 1931. – 54 b.
3 Shonanuly T. Til damytu. ІІІ bylim. І baskhysh mektepter yshin okhu-adis sektory ynatkhan. – Almaty, 1931.
– 41 b.
4 Shonanuly T. Akhmet Baitursynuly khalykh agartu zhane adebjet salasynda // “Zhuldyz” zhurnaly. – 1992. № 2. – B. 123 – 128.
5 Shonanuly T. A. Baitursynuly // “Zaman-Khazachstan” qazeti, — 1996 zhyl 26 shilde. – B. 9.
6 Shonanuly T. Khazach tili. Grammatjka men emle. 3 – 4 – klastarga arnalgan. Almaty, 1933. – 97 b.
7 Shonanuly T. Orustar ushin khazachzha alippe. – Almaty, 1935. – 88 b.
8 Shonanuly T. Khazach tilinin okhu khuraly. Orys mektepterine arnalgan. – Almaty, 1933. – 97 b. 9 Shonanuly T. Shanalykh (alippe). 2 – basylym. – Khyzylorda, 1929. – 72 b.
10 Shonanuly T. Shanalykh (alippe). 2 – basylym. – Khyzylorda, 1929. – 89 b. 11 Shonanuly T. Shanalykh (alippe). 2 – basylym. – Khyzylorda, 1931. – 88 b. 12 Shonanuly T., Zholdybaev M. Zhana arna. – Khyzylorda, 1928. – 176 b.

13 Shonanuly T. Sauattan. – Khyzylorda, 1930. – 48 b.
14 Shonanuly T. Til damytu. 2 – kitap. – Khyzylorda, 1930. – 54 b.
15 Shonanuly T. Khrestomatja dlja malogramotnykh vzroslykh. – Khyzylorda, 1926. 16 Shonanuly T. Zher taqdyry – el taqdyry. – Almaty: Sanat, 1995.
17 Shonanuly T. Shet sozder emlesi zhajynda // Enbekshi khazakh. – 1929. — № 96.
18 Shonanuly T. Shet sozder emlesi zhajynda // Enbekshi khazakh. – 1929. — № 67 – 68.
19 Shonanuly T. Latyn alippesin zhaqtap sojleqen sozi // Alippe ajtysy. – Kharaqandy: KharMU, 1990. – B. 46
– 72.
20 Shonanuly T. Til zanyn byzbau kerek // Enbekshi khazakh. – 1926. — № 96.

Жалмаханов Ш.Ш. «Лингвистическое наследие Тельжана Шонанулы»
В статье делается общий обзор трудов и уточняется лингвистическое исследование, учебники и статьи ученого-энциклопедиста Тельжан Шонанулы.
Анализируются главные лингвистические труды исследователя, которые написаны в 20-30 – годы ХХ века, и определяется его вклад в изучение фонетики, грамматики, пунктуации и орфографии, стиля и нор- мы казахского литературного языка, вместе с тем и методики преподавания казахского языка в русской аудитории. В результате изучения наследия лингвиста Тельжан Шонанулы обозначаются особенности его исследований, а также роль трудов Тельжана Шонанулы в казахском языкознании.
Автор статьи приходит к мнению о том, что изучение лингвистического наследия Тельжан Шонанулы для современных специалистов является актуальным и перспективным объектом соискательских работ.
Ключевые слова: первая школьная грамматика, безграмотные и малограмотные взрослые, развитие речи, орфография и пунктуация казахского языка, казахский язык для русских его методика преподавания.

Sh.Sh. Zhalmakhanov “The linguistic heritage of Telzhan Shonanuly”.
In the article the general review of works is made and the linguistic research,courses and articles of scientist- encyclopedist Telzhan Shonanuly is participated.
The main linguistic works of researcher have been analyzing which were written in 20-30 years of the XX century and is determined his contribution in the process of studying phonetics, grammar, punctuation and spelling, styles and norms of Kazakh literary language and at the same time methods of teaching Kazakh language in Russian audience.As the result of studying the heritage of linguist Telzhan Shonanuly the pecularities of his researches and the role of Telzhan Shonanuly in Kazakh linguistics are indicated.
The author of the article comes to opinion that the study of linguistic heritage of Telzhan Shonanuly for modern specialist is an actual and perspective object of competition works.
Key words: the preliminary school grammar, illiterate and lessliterate adults, the speech development, spelling and punctuation of Kazakh language, Kazakh for Russian speaking and its teaching methods.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *