ОРХОН МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ТУЫНДЫ ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮЛГІЛЕРІ

 


А.Қ. КУПАЕВА
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің III курс PhD докторанты, Астана қ., Қазақстан

ОРХОН МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ТУЫНДЫ ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮЛГІЛЕРІ

Мақалада ерте орта ғасыр түркі жазба мұраларындағы зат есімдердің сөзжасамы туралы жазылады. Мақала авторлары ескерткіштер тіліндегі аффикс арқылы жасалған туынды зат есімдердің құрылымдық үлгілерін бере отырып, әрбір үлгідегі туынды түбірлердің сөзжасамдық семантикасына тоқталады. Ту- ынды түбірлер түп негіз сөздің сөз табына қарай етістік негізді және зат есім негізді туынды түбірлерге бөлініп қарастырылады. Сонымен бірге сөзжасамдық үлгілердегі жұрнақтардың мағыналық ерекшеліктері мен этимологиясына қатысты ғалымдардың тұжырымдары беріледі.
Түйін сөздер: үлгі, сөзжасаушы жұрнақ, түп негіз, семантика, этимология, туынды түбір, туынды мағына.

Сөзжасамдық үлгі ұғымы лингвистикалық зерттеулерде түрлі деңгейде қарастырылып жүр. Көптеген лингвист ғалымдардың еңбектерінде сөзжасамдық тип пен сөзжасамдық үлгінің аражігі ажыратылмаған [1, 43 б.; 2, 88-89 бб]. Н. Оралбаева сөзжасамдық үлгіні типтен гөрі тар мағынада қолданылатын туынды сөздің нақтылы жасалу үлгісі деп береді [1, 43 б.].
Сөзжасамдық үлгі жұрнақ арқылы жасалған сөздердің иерархиялық тобы [2, 88 б.]. Ю.С. Азарх сөзжасамдық модельді белгілі бір семантикасы бар сөз жасаудың үлгісі ретінде қарастырады [3, 5 б.].
Сөзжасамдық үлгінің құрылымы ғалымдар арасында екі түрлі бағытта зерттеліп жүр. Мәселен чуваш тіліндегі етістіктің жасалу жолын қарастыратын түркітанушы Е.А. Андреева сөзжасамдық үлгінің үш компоненттен, яғни негіз сөз, сөзжасамдық формант және туынды сөз деп қарастырады:

зат есім+-лат (-лет) = етістік, сын есім+-ал (-ел) = етістік [4, 32-33 б.]. Алтай тілін зерттеуші ғалым А.В. Колесникова мен хакас тіліндегі туынды зат есімдерді зерттеп жүрген ғалым И.М. Тараканова сөзжасамдық үлгіннің құрылымы негіз сөз бен форманттан, яғни екі компоненттен тұрады деген пікірді ұстанады [5, 15 б.; 6, 48 б.].
Қазақстандық ғалымдар Н. Оралбаева мен К. Құрманалиев сөзжасамдық үлгіні негіз сөзбен жұрнақ арасындағы байланыс ретінде қарастырады [1, 44 б.].
Шор тілінің сөзжасам жүйесін зерттеп жүрген ғалым А.Есипова сөзжасамдық үлгі А.В.Колесников пен И.М.Тараканованың үлгісін біршама дамыту арқылы қарастырады. Мысалы: Тараканова мен Колесниковада Тn – ла, Тn – чы деп алса мұндағы Т түбір сөз (n) түбір сөздің қайсы сөз тапқа жататынын көрсетсе, ла, — чы жұрнақтар. Ал А.В.Есипова жоғарыдағы айтылған ғалым үлгісіне өзгерістер енгізу арқылы: Тv→[+(А)Аны]. Т – негіз сөз, әріптік индекс көрсеткіш – түбір сөздің қайсы сөз табына жататынын көрсеткен. Т↔[+(А)АчЫ]² мұндағы жұрнақтардан индекстік көрсеткіш (1) – зат есім тудырушы, (2)² сын есім тудырушы омоним суфикстерді ажыратуға мүмкіндік береді. Дат тілінің сөзжасамдық жұрнақтардың үлгісін [[Х]V — baar] A. Х кез – келген V етістік сөз болуы мүмкін. [[Х] — baar] сөзжасамдық тұлғалар, яғни түбір сөз бен жұрнақ, ол А жақшаның сыртында А туынды сөздің қайсы сөз табына жататынын көрсетеді. Eetbaar – Х бұл eet — V →Х сөз етістік дегенімізді білдірсе – baar жұрнақтары жалғанып «жеуге жарамды» А сын есім жасалып отыр.
Біз осы келтірілген сөзжасамдық модельдердің барлығын саралай келе [Хn↔-čI] N Мұндағы Х түбір сөз, себебі кез – келген сөз түбір болуы мүмкін, (n) түбір сөздің сөз таптық көрсеткіші зат есім + Suf. жұрнақ жалғау арқылы тік жақша сыртқы туынды сөздің сөз табы. Ал түбір сөздің дыбыстық ерекшелігіне қарай жалғанған жұрнақтардағы дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке бо- лып келетінін ескере отырып, дауысты дыбысты үлкен әріппен белгіледік –čI. Кейбір жұрнақтардың түбірдің фонетикалық ерекшелігіне қарай қатаң, ұяң, жуан, жіңішке түрлерінің болуына байланы- сты өзгеріп отыратын дауыссыз дыбысты да үлкен әріппен бердік, ал дауысты дыбыстың тік жақша ішіне алыну себебі дауыссыз дыбыстың жеке өзі ғана жалғануы мүмкін. Мәселен –ig/-ïγ;-üg/-uγ ;-ik/ ïq; –üg/uγ; ük/uq жұрнақтармен жасалған туынды түбірлердің үлгісі былай беріледі: [Хv↔[I]G].
‘X — ті жасайтын адам’ мағынасын білдіретін туынды сөздер: tamγa ‘таңба’ + čï → ‘таңбаны ойып жазатын адам’, bediz- ‘бедер, ою-өрнек’ +či → ‘бедер салатын адам’ bitiq- ‘жазу’ + či → ‘тасқа жа- зуды қашап жазатын адам’,
‘X-ті айтатын адам’: aiγu- ‘ақыл’+ čï ‘ақылшы’, sab- ‘cөз’ +či → ‘хабаршы ’. ‘X-ті иеленуші адам ’: tuγ- ‘ту’+ čï → ‘ту ұстайтын адам’.
‘X-тің өкілі’: el- ‘ел, мемлекет’ + či →‘елші’.
Бұл -čï сөзжасамдық үлгісінің кейбірі негіз сөздерінің күрделілігімен ерекшеленеді.
Bitigči ‘бітіг жазушы’ түбір сөз bitі – жазу → bitig ‘жазу іс –әрекет нәтижесі заттық ұғымы’. ajγučï → aj – ‘айту’ → ajγu – ‘айғай (ақыл)’ іс –әрекет нәтижесі абстракт ұғымы’.
[Xv↔-čÏ]→ Nomina Agentis үлгісіндегі туынды сөзге ‘Xv-ті жүзеге асырушы адам, іс-әрекет иесі’ мағынасын береді: sïγït- ‘сықтау’ + čï → ‘сықтаушы’, žoγu- ‘жоқтау’ +čï → ‘жоқтаушы’ , ter- ‘тер, теру, жинау’ ДТС, 553; ter+ či ‘жарақшы’ Сартқ. II, 240 б.
Сөзжасамдық үлгінің бұл түрі ескерткіштер тілінде өнімді сөзжасам болып табылады. [ДТС, 650; 7, 163 б.], Субъектілік мәнді білдіретін -čі жұрнағы кәсіп иесін, іс – әрекет иесін белгілейді. Бұл жұрнақтардың этимологиясы туралы ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Белгілі ғалым В.И. Рамстедт -či жұрнағының шығу тегін сонау Алтай дәуірінен бастайды. Қытай, Корей тілдері čija ‘адам’ мәнін білдіретін сөзімен байланыстырады. Ғалым бурят тілінің материалдарына сүйене оты- рып дәлел келтіреді [7, 164 б.]. Белгілі түркітанушы, этимолог Э. Севортян -či жұрнағы арқылы жасалған зат есімді -lі жұрнақты туынды сөзбен байланыстырып қарастырады. Бұл екі топтағы туынды зат есімдер адам мен заттардың қасиет-белгілерін білдіреді дегенді алға тартады. Ал А.Н. Кононов көне түркі тілінің грамматикасына қатысты еңбегінде –či жұрнағы мен –čïn, –čïl, –čïr, –čaŋ
> –čan/–čaγ(q), якут тіліндегі -sït/-–čït жұрнақтарының арасында генетикалық және семантикалық байланыс бар деген пікір айтады. Ғалым –čïn, –čïl, –čïr, –čaŋ > –čan/–čaγ(q), якут тіліндегі -sït/-– čït жұрнақтарындағы сөз соңындағы дауыссыз дыбыс –či жұрнағынының жинақтау, жалпылау сияқты т.б. мағыналарын береді дейді [8, 85 б.]. Жоғарыда айтылған ғалымдардың пікірінде уәж бар. Себебі –či жұрнағы мен қатыстық сын есім жасаушы –lі, зат есім жасаушы –čïn, –čïl, –čïr, –čaŋ
> –čan/–čaγ(q) жұрнақтарының ортақ мағынасы ‘адам’ семасын білдіреді, бірі адамның қасиет- белгісін басқа бір затқа қатысты білдірсе, енді бірі адамның белгілі-бір іс-әрекетке бейімділігін

іс-әрекет иесі ретінде білдіреді. Мысалы орхон мәтіндеріндегі –lі жұрнағы арқылы жасалған қатыстық сын есімдерінің кейбірі контекстік заттану нәтижесінде ‘адам’ семасын алады: “Bašlïγïγ žükündürmiš, tizligig sökürmüš” (KTк , II.). Аудармасы: «Бастыларын бағындырдық, тізелілерін» Сөйлемдегі bašlïγïγ, tizligig туынды сөздерінің мағынасы ‘басты (адам)’ және ‘тізелі (адам)’, яғни адамға қатысты болған, оказианалды заттану нәтижесінде жеке тұрып ‘адам’ семасын алып отыр. Сонымен бірге bašlïγïγ, tizligig сөздері мен [Xn↔-čI] үлгідегі туынды зат есімдердің арасындағы семантикалық байланыс заттың иесін білдіреді. ‘X-ті иеленуші адам’: tuγ- ‘ту’+ čï → ‘ту ұстайтын адам’, bašlïγïγ→ ‘басы бар’→басты→басты (адам), tizligig → ‘тізесі бар’ тізелі→мықты→мықты (адам).
Дегенмен, бұл дәлелдер жұрнақтардың арасында генетикалық байланыс бар деуге жеткіліксіз болуы мүмкін.
Етістік негізді [Хv↔[I]G] сөзжасамдық үлгісіне зат есім жасаушы –ig/-ïγ;-üg/-uγ ;-ik/ ïq; –üg/uγ; ük/uq жұрнақтармен жасалған туынды түбірлер кіреді.
V→‘іс-әрекет, қимылдың атауы, абстракт ұғым’: bilig КТү. 50. ‘білік, білім’> bil ‘біл, білу’ > bil↔-ig ; ötüg БҚ. 39 ‘өтініш’ öt↔-üg öt ‘ сұрау, өтіну’.
V →‘әс-әрекет нәтижесі, абстракт ұғым’: ülüg Тон. 4. ‘бөлік, үлес’> ül- ‘үлестіру, бөл, бөлу’; bitig МЧ. 20, ‘жазу’> biti- ‘жазу’ +ig; jazïq МЧ. 14. ‘күнә, адасу’ >jaz- ‘күнә жасау, қателесу’ +ïq қателесудің нәтижесі →‘күнә’; ölig Тон.4. ‘өлік, жансыз дене’ > öl- ‘өл, өлу’ + ig нәтижесі → ‘өлік, жансыз дене’. artuq ‘артық’ КЧ. 13;Тон. 40. → art- ‘арттыр, арттыру’ артырудың нәтижесінде ‘артық’;
V →‘әс-әрекет нәтижесі, нақты зат’: barïq 1. ‘күмбез, ғимарат, үй, кешен, қорғаныс дуалы’ КТк. 13, 14; БҚ. 34, 37; МЧ. 24 > bar -‘тұрғызу, орнату’+ ïq [8, 89 б.]; barïq туынды сөзіне қатысты ғалымдар арасында түрлі көзқарастар бар. С. Малов ‘ мағынасын береді десе, Зенкер ‘bar-’ түп негіз сөзімен байланыстырып ‘дүние, мүлік’ деп береді. Э.Р. Севортян бұл туынды түбірді eb- barïq тіркесінде қарастырып ‘семья и добро’ деген мағына береді деген пікір айтады. Орхон мұраларын зерттеуші, ғалым Қ. Сартқожаұлы бірнеше дәлелдер келтіре отырып бұл сөздің екі мағынада ‘шіркеу, храм’ және ‘қорғаныс дуалы’ мағынасында қолданылатынын айтады. Орта ғасыр зерттеушісі М. Қашғари сөздігінде barïq мағынасы ‘ғимарат’ деп беріледі. Біздің ойымызша barïq > bar -‘тұрғызу, орнату’ түбірінен шыққан. Себебі туынды сөздің ‘күмбез, ғимарат, үй, кешен, қорғаныс дуалы’ мағыналарының барлығы ‘адам қолымен тұрғызылған артефакт, құрылыс обьектісі’ өзек семасы- нан тараған деген түйін жасаймыз.
V →‘іс-әрекет обьектісі нақты заттық ұғым’: qapïγ KTү.4. ‘қақпа’> qap- ‘жап, жабу’ жабудың обьектісі →‘есік’; ičig ‘ішімдік’ KTү.4. ‘қақпа’> ič- ‘іш, ішу’ ішудің обьектісі →‘ішімдік’;
V→‘іс-әрекет иесі, субьект, нақты зат’: körüg ‘жау елінен саяси, әскери мүдде үшін ақпарат жеткізіп отыратын адам’ Тон. 8, 29.> ‘kör ‘көр, көру’ көрудің субьектісі, иесі ‘көруші’→ ‘тыңшы’; bujruq ‘бұйырық беруші адам’ шен → bujr- ‘бұйыр, бұйыру, әмір беру’ бұйрық берудің субьектісі, иесі ‘бұйырушы’→ ‘әскери шен’; učuq ‘жыртқыш құс’ Тон. 8. → uč- ‘ұш, ұшу’ ұшатын субьект ‘ұшқыш’→ ‘құс’; qaraγ ‘қарауыл, күзет’ Тон. 53.> qara- ‘қара, қарау’ қараудың субьектісі, иесі ‘қарайтын адам’→ ‘қарауыл, күзет’; Рунолог Қ. Сартқожаұлы ескерткіштер тіліндегі qaraγ сөзін qïraγaγ ‘қарауыл’ деп оқып сөзжасамдық қалыптасуын qïraγaγ >qïraγ ‘қырғи’, құстың қасиет-белгісі негізінде ‘шапшаң секем алу, тез шамдану, қырағы болу, сезімтал болу’ семантикасы qïraγaγ ‘қарауыл’ мағынасының қалыптасуына тірек болғанын меңзесе керек [9, 129 б.].
V →‘іс-әрекет, қимыл орнын білдіреді, абстракт ұғым’: kečig ‘өткел’ Тон. 35 > keč- ‘өт, өту’ өтетін жер → ‘өткел’; turïq ‘аялдама’ КЧ. 21; МЧ. 30; КТк. 9. > tur- ‘тұру, тұрақтау’ тоқтап тыныс алатын орын → ‘аялдама’;
V →‘іс-әрекет құралы, нақты зат’: süŋüg ‘ұшы үшкір, ұзын суық қару’ Тон. 28; КТү. 35 > süŋü- ‘шаншу, кіргізу, сұғу’ құралы → ‘сүңгі, найза’. А.Н. Кононов туынды сөздің түп негіз sü- ‘әскер’ > sün + gü ‘’ мағыналарымен байланыстырады [8, 88 б.]. Сэр Дж. Клосон этимологиялық сөздігінде туынды сөздің түбірін süŋ- ‘to fight’ (шайқасу) деп береді [10, 842 б.]. Түрік ғалымы Т. Текин süŋüg> süŋü- ‘тығу, кіргізу, сүңгілеу’ түбірінен таратады [11, 111 б.]. Аталған ғалымдардың пікірін негізге ала отырып süŋüg сөзжасам тізбегін былай береміз süŋüg > süŋü- ‘шаншу, кіргізу’.
Орхон мұралары тіліндегі қосымшаларды жан-жақты зерттеген ғалым А.Есенқұлов [Хv↔IG] сөзжасамдық үлгісіндегі зат есім жасаушы –ig/-ïγ;-üg/-uγ ;-ik/ ïq; –üg/uγ; ük/uq жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздерді мағыналарына қарай: 1. Абстракт ұғымды білдіретін сөздер (bilig,tirig, joruq т.б.); 2. Нақтылық заттық мағынаны білдіретін сөздер (ölig, körüg, kečig т.б.) деп екі топқа бөліп қарастырады [12, 70 б.]. А.Н.Кононов осы үлгідегі жұрнақтарды –ig/-ïγ;-üg/-uγ және -ik/ ïq;
–üg/uγ; ük/uq екі бөлек қарастырады. Ғалым –ig/-ïγ;-üg/-uγ сөзжасаушы жұрнақтарды сөзжасамдық

мағынасына қарай алты топшаға бөліп көрсетеді: 1. Со значением названия акта процесса (bilig ‘знание’ >bil- ‘знать’ т.б.); 2. Со значением результата действия (ölig ‘мертвый, мертвец’> öl- ‘уми- рать’ т.б.); 3. Со значением обьекта действия (qapïγ ‘ворота’ > qap- ‘закрывать’); 4. Со значением действующего лица, субьекта действия (körüg ‘соглядатай’ > kör- ‘видеть’); 5. Со значением ме- сто действия (kečig ‘преправа, брод’ > keč- ‘проходить, переходить’ т.б.); 6. Со значением ору- дия действия (süŋüg ‘копье’ > süŋ- ‘войско’) [8, 88 б.]. Зат есім жасаушы –ig/-ïγ;-üg/-uγ ;-ik/ ïq; – üg/uγ; ük/uq жұрнақтардың бастапқыда инфинитив мәнде қолданылып, семантикалық даму мен транформациялық үдерістерге байланысты есім сөздерге айналғанғандығы жөнінде А.М. Щербак, М.Ескеева т.б. түркітанушылардың еңбектерінде айтылады [13, 109 б.; 7, 170 б.]. Етістіктен зат есім жасаушы жұрнақтардың мағыналарында айырмашылық жоқтың қасы болғандықтан, сөзжасаушы жұрнақтардың жуан, жіңішке варианттары ретінде бір сөзжасамдық үлгіде қарастырдық. Сондай- ақ туынды сөздердің семантикасына қарай жеті семантикалық үлгілерге бөлдік:
V→‘іс-әрекет, қимылдың атауы, абстракт ұғым’ V →‘әс-әрекет нәтижесі, абстракт ұғым’
V →‘әс-әрекет нәтижесі, нақты зат’
V →‘іс-әрекет обьектісі нақты заттық ұғым’ V→‘іс-әрекет иесі, субьект, нақты зат’:
V →‘іс-әрекет, қимыл орнын білдіреді, абстракт ұғым’ V →‘іс-әрекет құралы, нақты зат’.
Етістіктен зат есім жасаушы [Хv↔Üš] сөзжасамдық үлгісіне зат есім жасаушы –iš/-ïš;-üš/-uš жұрнақтармен жасалған туынды түбірлер кіреді. [Хv↔Üš] сөзжасамдық үлгісі әс-әрекет, қимыл үдерісін, атауын білдіреді.
V →‘іс-әрекет үдерісі, абстракт ұғым’: tegiš ‘ұрыс, шабуыл’ КТү. 45 > teg- ‘тиісу, шабуылдау’ процесі → ‘ұрыс, шабуыл’; uruš ‘ұрыс’ Он. 2 > ur- ‘ұру, соғу’ процесі → ‘ұрыс’; süŋüš ‘шайқас’ Он. 2 > süŋ- ‘соғысу, шайқасу’ процесі → ‘соғыс, шайқас’. Мәтіндерде süŋüš туынды түбірі š~s дыбыстық алмасулармен қолданылулары кездеседі: süŋüš ~süŋüs (КТү. 32). Ескерткіштер тіліндегі кейбір қосымшалардың š~s дыбыстық алмасулармен қолданылуы туралы М. Ескеева: «Аталған дыбыстардың ортақ графикалық таңбамен белгіленуі көне түркілер тілінде š~s сәйкестігінің семантикалық мағына жүктемей де жиі қолданылатынын көрсетеді» -деп жазады [7, 173 б.].
Зат есім жасаушы –iš/-ïš;-üš/-uš жұрнақтарының қызметі туралы А. Кононов «…-мало продук- тивный, образует отглагольные имена, обазначающие процесс, реже результат действия» — деп ой түйеді [8, 92 б.].
Етістіктен зат есім жасаушы [Хv↔Im] сөзжасамдық үлгісіне зат есім жасаушы –im/-ïm; жұрнақтармен жасалған туынды түбірлер кіреді.
V →‘іс-әрекет обьектісі, нақты зат’: kedim ‘киім, сауыт, қару-жарақ’ КТү. 33; МЧ. 33. > ked- ‘кию, киіну’ обьектісі→ ‘киім’;
V →‘іс-әрекет үдерісі, өлшемдік абстракт мағына’: batïm ‘батым, бататын’ КТү. 35; БҚ. 26. > bat- ‘бат, бату’ үдерісінде қалыптасатын өлшем → ‘бататын тереңдік’;
V →‘іс-әрекет нәтижесі абстракт зат есім’: barïm ‘байлық, барлық’ КТү. 41; МЧ. 15; БҚ. 24. > bar- ‘бар болу’ нәтижесі → ‘байлық, барлық’;
А. Есенқұлов көне түркі тіліндегі етістікке жалғанып зат есім жасаушы –im/-ïm жұрнағының бес түрлі семантикасын көрсетеді: «1. Мөлшер мен өлшемдік мағына. 2. Іс-әрекет нәтижесін білдіреді,
3. Заттық атауды, обьектіні көрсетеді, 4. Процесс және оның нәтижесін білдіреді және кейде субьект мағынасын береді»- деп атап көрсетеді [12, 89-90 б.].
[Хv↔[-n]č] сөзжасамдық үлгісіне зат есім жасаушы -č/-nč жұрнақтар арқылы қалыптасқан туын- ды түбірлер кіреді. [Хv↔[-n]č] сөзжасамдық үлгісі қимыл, үдеріс атауы абстракт ұғымды білдіреді. V →‘ қимыл, үдеріс атауы абстракт зат есім’: ötünč ‘өтініш, тілек’ Тон. 15. > ötün- ‘өтіну’ ата- уы → ‘өтініш, тілек’; bïlγanč ‘бүлік, былық’ Тон. 22. > bïlγan- ‘бүлік шығару, былғау’ атауы → ‘былғаныш, бүлік’; tarqanč ‘тарқасу’ Тон. 22. > tarqan- ‘тарқау, тарап кету’ атауы → ‘тарқасу (саяси дағдарыс)’ [7, 174 б.]. Зерттеушілер көне түркі тіліндегі –nč жұрнағын –n және -č жұрнақтаарының қосындысынан жасалған құранды жұрнақ деп қарастырады [8, 94 б.]. Етістіктен зат есім тудырушы
–nč жұрнағынның мағынасын ғалымдар қимыл, үдеріс атауын және заттың белгісін білдіреді деп көрсетеді [7, 174 б.].
[Хv↔-mA] сөзжасамдық үлгісіне зат есім жасаушы -ma/-me жұрнақтарымен жасалған сөздер кіреді. Етістікке -ma/-me жұрнақтары жалғану арқылы туындаған сөздер нақты затты, қимыл атау- ын білдіреді ДТС, 657.

V →‘ қимыл, үдеріс атауы нақты заттық атау’: jalma ‘сауыт’ КТү. 33. > jal- этимологиясы белгісіз
→ ‘сауыт’;
V →‘ қимыл, үдеріс атауы, адам’: jеlmе ‘шолғын арнайы жасақ’ МЧ. 24. > jal- ‘?’этимологиясы белгісіз → ‘сауыт’;
V →‘ қимыл, үдеріс нәтижесі дерексіз зат’: körügme ‘құмар’ КТү. 33. > körüg- ‘құмар, құмарту’ нәтижесі атауы → ‘құмар’;
V → ‘қимыл, үдеріс орны, обьект’: jatïγma ‘жатақ’ Тон. 44. > jatï- ‘жату, орынығу’ ЭСТЯ, 157-
158. жату орны → ‘жатақ’;
[Хv↔-mA] сөзжасамдық үлгісі қимыл, үдеріс атауы нақты және дерексіз заттық атауды білдіреді. Етістікке -ma/-me жұрнақтары жалғану арқылы туындаған сөздер обьектілік мәнде қолданылып, белгілі бір іс-әрекеттің атауын білдіреді.
[Хv↔-In] сөзжасамдық үлгісіне зат есім жасаушы -an/-en; — ïn/-in; — un/- ün форманттарымен жасалған туынды түбірлер кіреді. Етістікке жалғанып -an/-en; — ïn/-in; — un/- ün жұрнақтары туынды зат есімдер қиымыл нәтижесін, заттық атауын білдіреді ДТС, 658.
V →‘ қимыл субьектісі, нақты заттық атау’: kelin ‘келін, некелік тыустық атау’ КТү. 49. > kel- ‘кел, келу’ субьектісі келген адам → ‘келін’; qatun ‘әйел, ер адамның жары, некелік тыустық атау, жалпы тұрмысқа шыққан әйел заты’ КТү. 31. > qat- ‘қос, косу’ субьектісі қосылған қосағы
→ ‘қатын’. Мағыналық кеңеюіне байланысты ‘ханым’ семасын қосып алады. Кейбір зерттеушілер qatun сөзін калькалау арқылы парсы тілінен енген кірме элемент деп қарастырады [8, 104 б.]; Орыс ғалымы А.М. Малолетко б.з. I мың жылында иран тілдес соғдылардың тілінен алынуы мүмкін де- ген болжам айтады. Ғалым бұл сөзді соғды-будда мәтіндерінде кездесетін xwatuni ‘патшайым’ > qatun сөзімен байланыстыра отырып, қазіргі иран тілінің язгумен диалектісінде xatun сөзінің ‘әйел’ мағынасында қолданысын алға тартады [14, 22-23 б.]. Белгілі этимолог түркітанушы Э. Р. Севор- тян qatun сөзін qat- етістігіне –un жұрнағы жалғану арқылы жасалған таза түркілік туынды сөз деп береді [15, 297 б.]. Біз qatun сөзінің этимологиясына қатысты ғалымдардың пікірін саралай оты- рып, qat- етістігіне –un жұрнағы жалғану арқылы жасалған таза түркілік туынды сөз деген пікірді қолдаймыз;
V →‘ қимыл атауы, дерексіз зат’: qïjïn ‘қиындық’ Тон. 32; МЧ. 14. > qïj- ‘қию, қинау’ нәтижесі
→ ‘қиындық’;
[Хv↔-KIš], [Хv↔-t], [Хv↔-z], [Хv↔-gÜ], [Хv↔-z], [Хv↔- γan], [Хv↔- ï] үлгілері Орхон мұраларында етістіктен зат есім жасаушы өнімсіз жұрнақтар арқылы жасалған сөзжасамдық модель- дерге [Хv↔-KIš] сөзжасамдық үлгісі ескерткіштер тілінде –qïš/-kiš сөзжасаушы жұрнақтары етіскке жалғанып, іс-әрекеттің, үдерістің атауын білдіріп, абстракт ұғымды білдірумен қатар нақты затты да білдіреді. Зерттеушілер qïš/-kiš форманттарын –q/-k; -g/- γ — š; ïš/-iš; -s;-ïs/-is қосымшаларының бірігуі арқылы жасалған құранды жұрнақ ретінде қарастырады [7, 185 б.].
V → ‘қимыл атауы, дерексіз зат’: arqïš ‘керуен’ КТү. 8. > ar — ‘арту, жануардың артына арту’ арқасына артудың атауы → ‘артқыш, артылған’; tirkiš ‘тіркес’ КТү. 8. > tir- ‘тіркеу, артынан тіркеу’ үдерісінің атауы → ‘тіркес’;
Орхон мұраларында [Хv↔-KIš] сөзжасамдық үлгі арқылы жасалған осы екі туынды түбір ‘керу- ен’ мағынасындағы аrqïš -tirkiš сөз тіркесінде кездеседі. Дегенмен arqïš туынды түбірі жеке тұрып та ‘керуен’ мағынасында қолданылады.
Орхон мәтіндерінде [Хv↔-t] сөзжасамдық үлгісінде sïγït, jïγït сөздері кездеседі. А.Н. Кононов еңбегінде sïγït, jïγït туынды түбірлерінің құрылымын етістікке – t жұрнағы жалғанып үдеріс атауын білдіретінін жазады [8, 94 б.].
V →‘үдеріс атауы, дерексіз зат’: sïγït ‘сықтау’ КТү. 51. > sïγ- ‘сықта, сықтау’ үдерісі атауы → ‘сықтау’; jïγït ‘жылау’ КТү. 51. > jïγ- ‘жыла, жылау’ үдерісі атауы → ‘жылау’. Бұл екі туынды түбір sïγïtčï , jïγïtčï туынды зат есім жасауға негіз болып, күрделі сөз тіркесінде қолданылады sïγïtčï – jïγïtčï ‘жылап-сықтаушылар’ көптік ұғымын білдіреді.
[Хv↔-z] сөзжасамдық үлгісі арқылы жасалған туынды түбірлерге köz ‘көз, дене мүшесі’ және tiz ‘тізе, дене мүшесі’ анатомиялық атаулар тіркелген. V →‘қимыл субьектісі, нақты зат’: köz ‘көз, дене мүшесі’ КТү. 5?. > kö- ‘көр, көру’ қимылының субьектісі → ‘көретін мүше, көз’. Түркі тілдеріндегі
-r ~ -z бірдей түбірге жалғана отырып әр түрлі сөз таптарын жасайды [16, 325 б.]; V →‘қимыл субьектісі, нақты зат’: tiz ‘тізе, дене мүшесі’ КТү. 5. > ti- ‘тіркесу’ атауы → ‘ортан жілік пен асықты жілікті бір-бірімен тіркестіру қызметін атқаратын мүше, тізе’. (Коле́нный суста́в (articulatio genus) прерывистое синовиальное соединение бедренной, большеберцовой костей и надколенника. Малая медицинская энциклопедия. — М.: Медицинская энциклопедия. 1991—96 гг.).

[Хv↔-gÜ] үлгісінде бір ғана сөз кездеседі tamγa ‘таңба, жануарларға темірді қыздырып, күйдіріп басатын белгі’. V →‘іс-әрекет нәтижесі нақты зат’: tamγa ‘таңба’ (tamγačï) КТү. 53. > tam- ‘жақ, жағу’ іс-әрекетінің нәтижесінде → ‘таңба’. Түп негіз сөздің мағынасы мен этимологиясы түркі тілдерінің кейбірінде кездесетін отты тамызу ‘отты жағу’, тамызық ‘отты тұтатып, жағатын зат’ сияқты тіркестердегі тамызу және көне түркі тіліндегі tamdur> tam- етістіктерінің мағынасына сүйеніп негізделген ДТС, 531.
[Хv↔- γan] үлгісінде жасалған ‘іс-әрекет обьектісін ’ білдіретін qurγan ‘қорған, қамал’ Тон. 30.
> qur- ‘құру, тұрғызу’ бағытталған обьектісі→ ‘қорған’.
[Хv↔- gü] үлгісінде жасалған ‘іс-әрекет нәтижесін’ білдіретін belgü ‘белгі’ МЧ. 20. > bel- ‘белгіле, белгілеу’ нәтижесінде пайда болған → ‘белгі’.
[Хv↔- ï] сөзжасамдық үлгісімен жасалған туынды түбірлер jazï, qalï сөздерін көрсете аламыз. V →‘іс-әрекет нәтижесі, зат ’: qalï ‘қалғаны (остаток)’ Тон. 30. > qal — ‘қал, қалдыру’ нәтижесі → ‘қалғаны’. Тоныкөк мәтінінде qalïsïz ‘қалмай, түгел’ болымсыз тұлғасында кездеседі; V →‘іс-әрекет нәтижесі, зат ’: jazï ‘жазық дала’ Тон. 30. > jaz — ‘жаз, жазу, созу’ атауы → ‘жазық’.
[Хv↔-sIq] сөзжасамдық үлгісіне ескерткіштердегі етістікке жалғанып зат есім жасаушы -sïq форманттарымен жасалған туынды түбірлер кіреді. [Хv↔-sIq] сөзжасамдық үлгісінедегі туын- ды зат есімдер іс-әрекет нәтижесін, заттық атауын абстракт ұғымды білдіреді. А. Есенқұлов жаз- ба мұраларындағы -sïq сөзжасаушы формантын абстракт ұғымда жұмсалатындығын, етістікке жалғанып, белгілі бір бағытты білдіреді деп жазады [12, 96 б.]. Көне түркі тілінің сөздігінде -sÏq /-sIk;
-sIg/ -sÏγ морфемаларын етістіктің келер шақ есімшесі категориясы ретінде беріп, субстантивтенуі орын алатынын көрсетеді [ДТС, 663 б.].
Келтірілген тілдік деректер орхон ескерткіштерінде зат есім түп негізді туынды зат есімдерге қарағанда, етістік негізді туынды сөздер анағұрлым көп екенін көрсетіп отыр. Орхон мәтіндеріндегі туынды түбірлердің саны мен қолданыс аясына қарай еітстік негізге жалғанатын –ig/-ïγ;-üg/-uγ
;-ik/ ïq; –üg/uγ; ük/uq және зат есім мен етістік түп негізге жалғанатын -čÏ өнімді зат есім жаса- ушы форманттар болып табылады. Тіпті зат есімге жалғанып -čÏ сөзжасаушы жұрнағы арқылы жасалған туынды зат есімдерің кейбірі негіз сөздерінің күрделілігімен ерекшеленеді. Олардың негіз сөздерінің өзі етістік негізді туынды түбірлер. Зат есім жасаушы форманттар негіз етістіктің заттық атауын, етістік білдіретін қимыл, іс-әрекеттің нәтижесін және қимылды жүзеге асырушы адам ұғымын білдіреді. Барлық туынды зат есімдерді семантикасына қарай екі макрокатегорияға бөліп қарастыруға болады: 1. нақты заттық ұғымды білдіретін зат есімдер; 2. Абстракт ұғымды білдірентін зат есімдер.

Шартты қысқартулар
БҚ Бiлгеқаған
КТү. Күлтегiн, үлкен жазба
ДТС Древнетюркский словарь. Под ред. В.М.Наделяева, Д.М.Насилова, Э.Р. Тенишева, А.М.Щербака.
– Ленинград: Наука, 1969. –676 с.
ЭСТЯ Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. –Москва: Наука, I-III т.
1974, 1978, 1980 (IҮ т. соавт. Левитская Л.С.), 1989. –767, 349, 395, 292.
Жолд., Жолдасбеков М., Сартқожаұлы Қ. Орхон ескерткіштерінің толық Атласы. – Астана: Сартқ. Күлтегін, 2005 – 360 б.

ӘДЕБИЕТТЕР
1 Оралбаева Н., Құрманәлиев К. Сөзжасамның жалпы теориялық мәселелері. – Павлодар: Типография Сытина, 2011. – 348 б.
2 Есипова А.В. Тюркское словообразование как языковая система. – Новосибирск: Изд-во СО РАН, 2011.
– 201 с.
3 Азарх Ю.С. Русское именное диалектное словообразование в лингвогеграфическом аспекте. – Москва: Наука, 2000. – 177 с.
4 Андреева Е.А. Аффиксальное глаголаобразование в чувашском языке: учеб. пасобие. – Чебоксары: Чу- ваш. Гос. Пед. Ун-т, 2002. – 112 с.
5 Колесникова А.В. Слообразовательные модели с аффиксом –ла в алтайском языке. // Урал-Алтай: через века в будущее. Материалы науч. конф. – Горно-Алтайск, 2005. – С. 180-185.
6 Тараканова И.Н. Образование имен существительных в хакаском языке: в сопоставительном аспекте.
Дисс. канд. Филол. наук:10.02.20.- Новосибирск, 2005 – 179 с.
7 Ескеева М.Қ. Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негізі. – Алматы: Арыс, 2007.
– 360 б.

8 Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников (VII-IX вв.). – Л.: Наука, 1989. – 245 с.
9 Сартқожаұлы Қ. Орхон мұралары. II-кітап (түпнұсқа, оқылымы, аудармасы, түсініктемесі). – Алматы: Абзал-Ай, 2012. – 328 б.
10 Clauson, Sir Gerard. An Etimological dictionary of Pre-Thirteenth Century Tukish. – London: Oxford University Press, 1972. – 1034 p.
11 Tekin T. Orhon Yazıtları. – Istanbul: Simurg, 1998. – 128 s.
12 Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. – Алматы: Ғылым, 1976. – 240 б.
13 Щербак А.М. Грамматический очерк языка тюркских текстов X-XII вв. из Восточного Туркестана. – Москва-Ленинград: Изд-во АН СССР, 1961. – 204 с.
14 Малолетко А.М. Палеотопонимика. – Томск: Изд. Томского университета, 1992- 252 с.
15 Севортян Э.Р. Этимологический словарь тюркских языков I. – Москва: Наука, 1974. – 767 с. 16 Дмитриев Н.К. Соответствие р //з. – ИСГТЯ, I. М., 1955.

REFERENCES
1 Oralbaeva N., Qurmanaliev K. Sozzhasamnyng zhalpy teorijalyq maselelerі. – Pavlodar: Tipografija Sytina, 2011. – 348 b.
2 Esipova A.V. Tjurkskoe slovoobrazovanie kak jazykovaja sistema. – Novosibirsk: Izd-vo SO RAN, 2011. – 201
s.
3 Azarh Ju.S. Russkoe imennoe dialektnoe slovoobrazovanie v lingvogegraficheskom aspekte. – Moskva: Nauka,
2000. – 177 s.
4 Andreeva E.A. Affiksalnoe glagolaobrazovanie v chuvashskom jazyke: ucheb. pasobie. – Cheboksary: Chuvash.
Gos. Ped. Un-t, 2002. – 112 s.
5 Kolesnikova A.V. Sloobrazovatelnye modeli s affiksom –la v altajskom jazyke. // Ural-Altaj: cherez veka v budushhee. Materialy nauch. konf. – Gorno-Altajsk, 2005. – S. 180-185.
6 Tarakanova I.N. Obrazovanie imen sushhestvitel’nyh v hakaskom jazyke: v sopostavitel’nom aspekte. Diss. …
kand. filol. nauk:10.02.20.- Novosibirsk, 2005 – 179 s.
7 Eskeeva M.Q. Kone turkі zhane qazіrgі qypshaq tіlderіnіng monosillabtyq negіzі. – Almaty: Arys, 2007. – 360 b. 8 Kononov A.N. Grammatika jazyka tjurkskih runicheskih pamjatnikov (VII-IX vv.). – L.: Nauka, 1989. – 245 s. 9 Sartqozhauly Q. Orhon muralary. II-kіtap (tu’pnusqa, oqylymy, audarmasy, tu’sіnіktemesі). – Almaty: Abzal-
Aj, 2012. – 328 b.
10 Clauson, Sir Gerard. An Etimological dictionary of Pre-Thirteenth Century Tukish. – London: Oxford University Press, 1972. – 1034 p.
11 Tekin T. Orhon Yazıtları. – Istanbul: Simurg, 1998. – 128 s.
12 Esenqulov A. Kone turkі zhazba eskertkіshterіndegі qosymshalar. – Almaty: Ghylym, 1976. – 240 b.
13 Shherbak A.M. Grammaticheskij ocherk jazyka tjurkskih tekstov X-XII vv. iz Vostochnogo Turkestana. – Moskva-Leningrad: Izd-vo AN SSSR, 1961. – 204 s.
14 Maloletko A.M. Paleotoponimika. – Tomsk: Izd. Tomskogo universiteta, 1992- 252 s.
15 Sevortjan Je.R. Jetimologicheskij slovar’ tjurkskih jazykov I. – Moskva: Nauka, 1974. – 767 s. 16 Dmitriev N.K. Sootvetstvie r//z. – ISGTJa, I. M., 1955.

Купаева А.К., PhD докторант ЕНУ имени Л.Н. Гумилева
Словообразовательные модели производных существительных в Орхонской письменности
В данной статье рассматривается словообразование существительных в средневековой письменности Тюркских памятников. Авторы статьи разработав словообразовательные модели производных существи- тельных с помощью аффиксов разъясняют семантику основ словообразования. Производные слова рассма- триваются раздельно как производные отглагольных и отсуществительных основ. А также изучены анали- зы и выводы ученых о смысловых особенностях и этимологии суффиксов в словообразовательных моделях.
Ключевые слова: модель, словообразовательный суффикс, корень, семантика, этимология, производная основа, производное значение.

Kupaeva A.K., PhD student L.N. Gumilyov Eurasian National University. Word formation patterns of derivative nouns in Orkhon written manuscripts
This article deals with the word formation of nouns in Turkic written manuscripts of the Early Medieval period. Having worked out the word formation patterns of derivative nouns with the help of affixes the authors of the article gives the interpretation of semantics of stems. The derivatives are studied separately as deverbal and denominal noun formatives on the basis of the parts of speech of root words. Analyses and conclusions of other turkologists on semantic features and etymology of noun forming suffixes have been studied.
Key words: pattern, word formation suffix, root, semantics, etymology, derivative stem, derivative meaning.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *