С.Б. БЕКТЕМИРОВА1, М.Қ. МӘМБЕТОВА2
филол.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті1 филол.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті2
КИНОМОРФИЗМДЕРДІҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ
Мақалада қазақ/орыс тілдеріндегі ‘ит’ семасымен байланысқан тілдік бірліктер мен бейнелі сөздер этнолингвистикалық тұрғыдан қарастырылады. Қазақ/орыс тілдеріндегі киноморфизмдердің танымдық табиғаты лексикографиялық дереккөздер негізінде ашылады. Олар ұлттың ерекшелігін бейнелейтін мәдени- ұлттық коннотациялы тіркестер. Өйткені мақал-мәтелдердің пайда болуына күнделікті өмір мен өзімізді қоршаған заттар мен құбылыстардың бір-бірінің әсерінен туған бейнелі қабылдаудың ықпалы зор.
Тіліміздегі мақал-мәтелдер айналадағы қоршаған заттар мен құбылыстарға тілдік тұрғыдан баға беру, сипаттау арқылы сол халықтың менталитетін‚ көзқарасын‚ дүниетанымын аңғартады. Ол тілдік бірліктер сол ұлттың ұрпақтан-ұқпаққа қалдырылған материалдық және рухани мәдениеттерінде ғана сақталған. Көп жағдайда жануарлардың эмпирикалық қабылдауында иттің образы мифологиялық тұрғыдан күрделенеді. Бұл негізгі сөздің семантикалық потенциалын кеңейтіп‚ мәдени коннотацияны байытады.
Түйін сөздер: Киноморфизм, коннотация, семантика, сема, лексика, мақал-мәтел.
Әр ұлт өз тілінде дүние‚ әлем туралы түсініктерін түрлі тілдік фактілер арқылы кесіп-пішеді‚ қоршаған әлемнің тілдік әлемі‚ негізінен алғанда‚ адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар арасындағы ұқсастықтар ұғым категория- ларын жасайтын лексемалардың толығуына әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы атаулары (аттары) тілдің негізін құраса‚ әлемнің‚ ондағы құбылыстардың тілдегі бейнесінен ұлт ерекшеліктерін танып білуге болады. Ол – ұлттың ерекшелігін бейнелейтін мәдени-ұлттық кон- нотациялы тіркестер. Өйткені фразеологизмдердің пайда болуына күнделікті өмір мен өзімізді қоршаған заттар мен құбылыстардың бір-бірінің әсерінен туған бейнелі қабылдаудың ықпалы зор. Бірақ көп жағдайда жануарлардың эмпирикалық қабылдауында иттің образы жан-жақты ойла- уда мифологиялық тұрғыдан күрделенеді. Бұл негізгі сөздің семантикалық потенциалын кеңейтіп‚ мәдени коннотацияны байытады. Егер төмендегі сөздерді дәл айтқанда‚ шөп үстіндегі ит, сөзбе-сөз аудармасы: собака на сене; иттің суығы, сөзбе-сөз аудармасы: собачий холод; иттегі бесінші аяқтай, сөзбе-сөз аудармасы: как собака пятая нога; иттің құйрығының артына тастау, сөзбе-сөз аудармасы:
«бросать собаке под хвост»; итті ілу, сөзбе-сөз аудармасы: вешать собак; иттің биі, сөзбе-сөз аудар- масы: собачий вальс; итшіленіп кетті, сөзбе-сөз аудармасы: устал как собака; итті жеу, сөзбе-сөз ау- дармасы: съесть собаку және т.б семантикалық таңбасын ұғу үшін мифтік‚ архитиптік таным қажет. Ғалым Р.Ә. Авакованың: Халықтың рухани творчествосының жемісі, тілдің ажарын кіргізетін, оның құдіретін арттыра түсетін, ойды бейнелеп, астарлап, өзінің нақышымен жеткізетін, ата-ба- бадан мұра ретінде келген сөз қазынасының дайын қолданылатын үлкен саласы фразеологизмдер этнос тілінің құрамдас бөлігі болғандықтан, оларға этнолингвистикалық талдаудың ғылым үшін құндылығы ерекше. Адамзат тарихын өз бойына сақтаған халықтың фразеологиялық қорына философиялық ойлары, дүниені танып-білуі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық мәдениеті көрініс тапқан, – деген [1, 57-58 бб.] қағидасын ұстана отырып, этнолингвиста ғылымының негізін қалаған көрнекті ғалым Ә. Қайдардың «Бір мың әсерлі де бейнелі оралым»/»Тысяча метких и образных выражений» атты этнолингвистикалық түсініктеме берілген қазақша-орысша фразеологиялық сөздігінің ішінде
[2, 347-367 бб.] біздің зерттеп отырған ‘ит’ семасымен байланысқан бірнеше әсерлі де бейнелі оралымдарға тоқтала кетелік.
Ит арқасы қиянда «өте алыс‚ ит өлген жер‚ бір қиыр шет» фраземасы біреудің тұратын тұрғылықты жерінің алыстығы деген мағынада айтылады. Берілген тіркестегі ит арқа (тәуелденгендегі форма- сы ит арқасы) сөзін көптеген тіл ұстанушылар екі сөз ретінде қабылдайды. Ит арқа, иттің арқасы күрделі сөзі итарқа – хибарка, лачуга иттің арқасына ұқсайтын үй. Осы түрдегі формасы мен мағынасы (итарқа) көркем әдебиеттер мен сөздіктерде де осылай берілген. Мысалы, Үлкен үйлер тігілмей, ұранқай, абылайша, жаппа, итарқа деген неше түрлі кішкене, тар, аласа күркелер тігіледі (М. Әуезов). Екінші қарастыратынымыз қиян(да) сөзі – алыс, қол жетпейтін жер. Бұл тіліміздегі аз қолданыстағы сөздердің бірі. Яғни біз бұл сөзді жеке алып қолдана алмаймыз. Мысалы, Түу ит арқасы қияннан басын қауіпке тігіп сен болмасаң‚ қай екі туып‚ бір қалғаным іздеп келеді‚ – деп желдей есті (О. Бөкей).
Ит байласа тұрғысыз «адам тұрып‚ тіршілік жасап болмайтын‚ жайсыз‚ көңілсіз‚ суық үй‚ ме- кенжай» фраземасы адам тұрып, тіршілік жасай алмайтын, тұруға ешқандай жағдайы (мүмкіндігі) жоқ, әрі адам өміріне керекті қарапайым нәрселердің (жағдайдың) (жылылық, дүние-мүлік, тамақ т.б.), сонымен бірге сыртқы табиғи ортаның (адамдар жоқ көңілсіз бос жер) жоқтығын бейнелі түрде суреттеу. Мысалы, Осы ит байласа тұрмайтын‚ жан адам білмейтін‚ шалғайдағы қойнауға қалай келеді (М. Мағауин).
Ит басына іркіт төгілу «ішкені алдында‚ ішпегені артында болды‚ молшылық‚ ауқатты тұрмыс орнады» фраземасы тілімізде барлық жағдайда тұру (мүмкіншіліктің болуы), жоғары жетістікте, берекелік, молшылық, көл-көсірлікте өмір сүру деген мағыналарда қолданылады. Қазақ халқы молшылықтың, берекеліктің бәрі ет пен сүтте деп ұққан. Олар ішуден артылған сүтті жинап айран қылып, содан кейін оны арнайы тігілген дорбаға құйып, сары суын сүзіп іркіт жасаған. Осы сүзбеден құрт жасаған. Кейде біз ит басына іркіт төгілу тіркесінің орнына ақ түйенің қарны жарылды деген тіркесті қолданамыз. Ол ішкені алдында, ішпегені артында болды, ағыл-тегіл болды, молшылық, ауқатты тұрмыс орнады дегенді білдіреді. Аталған фразеологизм көркем әдебиеттер мен тарихи шығармаларда кеңінен қолданылады. Мысалы, Аста-төк мол тамақтың қысымдап‚ шым-шымдап келген сараң аузы сөгіліп‚ ит басына іркіт төгілгендей думанды кеш болды (О. Бөкей).
Ит жеккен жер «алысқа‚ қиыр қиянға жер аударды» фраземасы тарихи тіркес ретінде қаралады. Бұрын патшаға қарсы шыққандарды алысқа, қиырға жер аудартқан екен. Ол жерде оларды ит секілді жұмыс істетіп, ит секілді асыраған екен. Сол себепті осы тіркес қалыптасқан. Бұл тіркестің түрленген формалары: …ит жеккен жер,…ит жеккен ел, …ит жеккенде, …ит жеккенге кету, … ит жеккенге айдалу және т.б. Бұлар тек жер аудару деген мағынада ғана емес, сонымен қатар белгілі бір жазаны өтеу үшін қиыншылықта өз еліңнен жат жерде өмір сүру – деген мағынада да қолданылады. Мысалы, Қызылтабан қылып ит жеккенге айдап салмай ма? (О. Бөкей).
Ішінде ит өліп жатыр (пасық‚ арам; ішінде талай пәле жатыр) фраземасындағы иттің өзі мен оның өлімі бір бірімен байланысты. «Иттің адамның ішінде өлуі» оқиғасында әйтеуір бір адам айтқысыз істегі түсінбеушілік, абсолютті белгісіздік. Халық даналары: Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді деп айтқан екен. Ауру ит емдік шөпті іздеп, ауылдан, үйден алысқа жол тартады. Егер ит сол шөпті тау- ып, одан жазылса, қайтадан үйіне қайтады, ал егер ол табылмаса, ел көзіне көрінбей, аулақта, ешкім білмейтін жаққа барып өледі.
Міне, осы бір себеп арқылы адам баласының бір жағдайды өз ішінде сақтап тіс жармауы, ешкімге айтпауы, ешқандай сырын ашпауы, өз пікірі өз ішінде болуы, ойында не барын ешкім білмеуі осы сөз тіркесінің шығуына түрткі болған деседі.. Осы тіркеспен бірге тілімізде …ішінде ит өліп жатқанын кім білсін, … ішінде ит өліп түлкі тұншығып жатса да ол айтпайды деген тіркестер қатар қолданылады. Мысалы, Ішінде ит өліп жатса да Қасен бұл жігітке келгендегі алғашқы маска- сын бұзбастан: — Жарайды‚ енді бұйрығы болар‚ — деп шығып кетті (М. Әуезов).
В.В. Красныхтың «Лингвистикалық мәдениеттану сөздігі»/ «Лингвокультурологическая сло- варь» атты еңбекте орыс халқының итке берген мінездемелерін қарастырып көрелік [3, 152-159 бб.]. Ит – 1) орыстың мифологиялық бейнесіне жатпайды; 2) стереотиптік бейне ретінде көрінеді;
3) адамның мінез-құлқын суреттеуге пайдаланылады.
1. Ит орыс фольклорының негізгі кейіпкері болмағанымен, кейбір ертегілерде (мысалы, «Репка»,
«Заячая избушка» сонымен қатар авторлық мысалдарда, айталық И.А. Крыловтың «Слон и Моськасында») кездеседі. Ит бейнесі халық наным-сенімдерінде айқын бейнеленбесе де, халық арасында мынадай сенімдер бар: ит адам қайтыс болғанда ұлып отырады, яғни өлім шақырады. Би- блия бойынша, ит «лас жануар» болып есептеледі; пес сөзі қашқын, өтірікші, қу, алдамшы мұғалім,
таза емес, күнәқар адамдарды бейнелеу үшін қолданылады. Орыстар үшін ит – адамдардың өздері асырап алып, үйге үйреткен адамның ежелгі және бірінші досы, аң аулауда көмек беретін жолсерігі, қарауылшысы. Алғашында (ауылдарда) ит көшелерде, күркелерде (иттің үйшігінде) тұрған, бай- лаулы отырып, қожайынның үйін күзеткен. Иттің белгілері бұл жануардың тәртібі мен қылығына байланысты дамыған. Орыстарда ит сөзімен бірге төбет, кәндек сөздері де қолданыла береді.
2. Ит бейнесі жағымды және жағымсыз мінездері арқылы көпқырлы болып келеді. Ол өз иесіне сенімді және адал болып келеді, иесімен қоштасқанды көтере алмай сағынады. Көбінесе итке адамға тән ойлау мен сезу қабілеттерін балайды, себебі ол адам сияқты бәрін түсінеді, тек сөйлей алмайды. Иттің толғаныстары оның көзқарасынан көрінеді, иттің көзі – қайғылы, бәрін түсінетін, сөйлеп тұратын көздер. ‘Ит’ өз иесіне тәуелді, оған бағынышты қызмет атқаруға, ол үшін отқа да, суға да түсуге дайын. Сонымен бірге ‘ит’ орыстар үшін тістей алатын және кек сақтай алатын жауыз жануар. Ол тоқтамай үре алады.
3. Қазіргі кезде орыс халқы төмендегі мінездемелерді итке балап, кейбір бейнелерді итке теңейді.
> Басқа біреулерге жауыздығын білдіріп тұрған (ит сияқты жауыз) адам. Мысалы, Они (стару- хи), Зинаида, темние, сил нет. Есть злые как собаки. Да что собаки, хуже собак! Чуть цыкнешь, хвосты прижимают. Все больше попрошайки, настоящих нищих здесь почти что и нет. А ты ходи, ходи, не бойся! (Л. Улицкая).
> Өзі ұнатқан адамға сенімді, адал адам. Мысалы, Она протянула мне раскрытую ладонь, и я вложил туда свою руку. Я дал ей лапу как собака, и так же посмотрел в глаза. Она не приняла мой взгляд. Не взяла мнея в собаки и не пошла в хозяйки (В. Токарева).
> Біреуге қарсы шыға алмайтын, қорқақтығы бар, біреуге тәуелді, табынуға дайын тұратын адам. Мысалы, А. Суриков так и не понял ничего. Не поверил, что Бахметьева могла так с ним поступить. Как собака, которую хозяин бьет, а она ему руки лижет (А. Маринина).
> Әр уақытта қолы бос болмайтын, бір орында отырмайтын, тек жұмыспен шұғылданатын адам. Мысалы, В последнее время вступил в кооператив, стал разрабатывать две тысячи в месяц. Нули замаячили. Не человек – гончая собака. И уже ни томления, ни страдания – завелен делами выше головы (В. Токарева).
Ит сөзі көбінесе (әмбебап) балағаттау ретінде қолданылады. Сонымен бірге ‘ит’ сөзі ер адамға қатысты айтылса, кей кезде кез келген төменгі дәрежедегі жаман іс-әрекеттер жасайтын адамның мінез-құлқын көрсету үшін қолданылады. Енді осыларды бейнелейтін орыс халқының тілінде кездесетін бейнелі оралымдар, яғни фраземаларға тоқталып көрелік:
Гавкать (лаять) как собака «Ашумен қатты айқайлап сөйлеу, көңілі толмай, реніш білдіру», сөзбе- сөз аудармасы: ит сияқты үру. Мысалы: Трамвай ползет, как черепаха, Кондуктор спит, как бегемот, Водитель лает, как собака: – Пройдите, граждане, вперед! (Из детского фольклора).
Грызыться как собак: лаяться «ылғи ұрсысу, жанжалдасу, тату-тәтті өмір сүре алмау», сөзбе-сөз аудармасы: ит сияқты қырылысу. Мысалы: Мерным шагом… шли толпы замученных усталостью и зноем богомолок. Они отвешивали Тихону Ильичу низкие, смиренные поклоны, но теперь ему уже опять все казалось жульничеством. – Смиренницы! А грызутся небось на ночевках, как собаки! (И. Бунин).
Заживает как на собаке «өте тез жазылады, бұл иттердің өмір сүру мүмкіншілігімен байланы- сты», сөзбе-сөз аудармасы: иттікі сияқты тез жазылады. Мысалы: Кроме того, Рикардо пытается заколоть его уже не в первый раз, но, по счастью, все заживает на нем, как собаке (Л. Филатов).
Каждая собака знает/помнит «кез келгені біледі, бәріне таныс», сөзбе-сөз аудармасы: кез келген ит біледі. Мысалы: Сударь, я шапочных и шляпочных дел мастер. Я делаю лучшие шляпы и шапки в мире. Я очень знаменит в этом городе. Меня тут каждая собака знает (Е. Шверц).
Как (будто, словно, точно) с цепи сорваться «өз іс-әрекетінің келеңсіздігінің нәтижесінде соның шегіне жеткен, шыдамы таусылған, тоқтаусыз адам. Осының негізінде ашу мен ызаның тууы» жіптен немесе шынжырдан (тура, дәл, әдейі) үзілген сияқты. Мысалы: … Великий князь довольно резко сказал ему, что желает побыть в одиночестве, и молодой человек с видом побитой собачонки остался ждать за перилами (Б. Акунин).
Как собака (измучиться, устать; замерзнуть; быть голодным) «өте қатты, жоғары дәрежеде шар- шау, мұздау, ашығу», сөзбе-сөз аудармасы: ит сияқты (шаршау, қажу); мұздау; ашығу. Мысалы: Часы на башне Гордоской Думы пробили одиннадцать раз, и Константинов сосчитав удары, зло сплюнул себе под ноги. Он измучился, как собака, обойдя уже множество заведений всех рангов – от шикарных ресторанов с цыганскими хорами до… жалких питейных домов, не имеющих даже названий (Л. Юзефович).
Как собаке пятая нога (нужен, нужна, нужно, нужны) «мүлдем керегі жоқ», сөзбе-сөз аудармасы: итке бесінші аяқтай қажет. Мысалы: – И на кой черт вас в роту прислали? Нужны вы мне как собаке пятая нога (А. Куприн).
Легавый (легавый) пес «алғаш аңшы иттерін осылай атаған, қылмыстық ортада бұл атаумен заң қорғау органдарының жұмыскерлерін атайды», сөзбе-сөз аудармасы: тазы, тазы ит. Мысалы, За- стрелили Яшку псы легавые, полгода тому (Б. Акунин).
Псу под хвост «құрдан-құр, бекерден бекер, бостан босқа», сөзбе-сөз аудармасы: иттің құйрығының астында. Мысалы: Если бы мы с тобой замешкали, их бы агентура взяла с деньгами, и все псу под хвост. Считай тогда, что Арсений впустую смерть принял, и Жюли с Иглой зря про- пали… (Б. Акунин).
Собака на сене «өзі де қолданбайтын, өзгеге де қолдануға бермейтін адам немесе топ», сөзбе-сөз аудармасы: шөп үстіндегі иттей. Мысалы: Вы прямо собака на сене, Валентин Николаевич. Ни себе ни людям (Л. Филатов).
Собачий холод «өте суық», сөзбе-сөз аудармасы: ит суығы. Мысалы: – Вот так и занимается: в куртках, в перчатках, а шапках… (речевой).
Собачится «құрдан-құр, бекерден-бекер, бостан-бос ұрысу, жанжалдасу», сөзбе-сөз аудармасы: итке ұқсау. Мысалы: У Артамона Сергеевича одна лейб-гвардейская рота – мушкетеры, у Милос- лавского другая – копейщики. И те, и другие ставят поперек решетки и караулы, собачатся меж со- бой, бывает, что и подерутся (Б. Акунин).
Собачья жизнь «жақсы жағдай жоқ ауыр өмір», сөзбе-сөз аудармасы: ит өмір. Мысалы: Пиши, малый, записывай… Уж я постараюсь. Все расскажу народу про мою собачью жизнь (С. Довлатов). Бұлар ‘ит’ семасымен келген фраземалық бейнелердің пайда болу негіздерін түсінуге, олардың ұлттық санамен, болмыспен, тарихпен, рухани мәдениетпен, халықтың әдет-ғұрыптары және салт- санасымен байланысын түсінуге жол ашады. Демек, ғасырлар сыры мен құпиясын сақтай білген
рухани байлық – халықтың фразеологиялық қоры.
REFERENCES
1 Avakova R.A. Frazeologyalik semantyka. – Almaty: Qazaq unyversyteti, 2002. – 150 б. 2 Qaydar A. Tisyacha metkyh y obraznyh virajenyy. – Almaty, 2003. – 368 b.
3 Krasnih B.B. Lingvokulturologysheskyy slovar. – M., 2003. – 500 s.
В статье рассматриваются языковые единицы и образные слова тюркского/славянского языков, со- держащих сему ‘собака’ с точни зрения этнолингвистики. Познавательная ценность киноморфизмов в тюркском/славянском языках будет раскрыта на основе лексикографических источниках. Они культурно- национальные словосочетания, описывающие национальную особенность. Так как образное восприятие, по- лученное в результате влияния друг другу повседневной жизни и предметов и явлений, которые окружают нас имеет отношение к формированию пословиц.
Пословицы в языке определяют менталитет, взгляды, мировоззрение того или иного народа путем оце- нивания и описания предметов и явлений в окружающей среде с лингвистической точки зрения. Эти языко- вые единицы сохранились только в материальной и духовной культуре, переданной из поколения в поколение. Во многих случаях в эмпирическом восприятии животных образ собаки становится сложным расскрыть с мифологической стороны. Это расширяет семантический потенциал и обогащает культурную коннотацию основного слова.
Ключевые слова: Киноморфизм, коннотация, семантика, сема, лексика, пословицы.
In the article language units and figurative words of the Turkic/Slavic languages containing the seme ‘dog’ from the point of ethnolinguistics are considered. The informative value of cynomorphisms in the Turkic/Slavic languages will be disclosed on the basis of lexicographic sources. They are the cultural-national phrases describing national feature. As the figurative perception received in the result of influence of daily living and subjects and phenomena on each other which surround us is related to formation of proverbs.
Proverbs in language define mentality, views, outlook of these or those people by estimation and description of subjects and phenomena in surrounding world from the linguistic point of view. These language units were saved only in the material and spiritual culture transferred from generation to generation. In many cases in empirical perception of animals the image of dog becomes difficult to be defined from the mythological point. It expands semantic potential and enriches a cultural connotation of the main word.
Keywords: Cynomorphism, connotation, semantics, sema, lexis, proverbs