ҚАЗАҚ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚ ЗАНДАРЫ МЕН БИЛЕР ҮКІМІ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
Тлеубердина У.Т.,Сокова А.Т.,Аймуканова А.М.
Көкшетау қ., Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті umsin.tleuberdina@mail/ru
Қазақ соты тарихындағы билер үкімінің алар орны ерекше, тарихы тым тереңде. Өкінішке карай, ол жөнінде жазылған зерттеу еңбектердің көбісі тереңге бара алмай, қазақ заңдарының көшбасы Тәуке ханның «Жеті
жарғысынан» әрі аса алмай келгені мәлім.[1]
Оның бірден бір себебі — кеңестік идеология заң орнына жүрген көне әдетғұрыптарды кең зерттеп, терең талдауға мүмкіндік бермеді. XVII ғасырдағы бірден-бір заңдар жүйесіне айналған «Жеті жарғы» — сот билігінін айнымас кодексі екені даусыз. Бірақ, бізге жазбаша емес, ауызша жеткендіктен өзге өркениетті елдердің заңгерлері бұл маңызды құжатты кодекс ретінде қабылдай қоймады. Өкінішке қарай, кезінде оны негіздеп, тайға таңба басқандай дәлелдеген ғылыми еңбек те жазылмады, дегенменде Сақ, Ғұн, Үйсін, Түрік, Түргеш, Қарлұк, Қара-хан, Алтын Орда, Ак Орда, Дешті Қыпшақ тәрізді мемлекеттердің жүйелі заңы болмаса, Еуразияны уысында ұстап, елінің тұтастығын сақтап, даңқы әлемге жайылып, тарихта қалмас еді.
Қытайдын «Таңнама»,«Ханнама» деген тарихи жылнамасында қазақ сотының ереже үлгілеріне қатысты мынандай деректер бар: «…Сақ, үйсін елдерінде күңнің құны бір түйе, немесе 11- 12 кез мата; құлдын құны бір атан немесе бір ат болады екен. Ол елдің заңында бағып алған баланы құл етуге,сатып жіберуге, кепілге қоюға болмайды. Әрі оны ауыстыратын зат құн емес,сүт ақы деп атала ды», [2]-деп түсінік берілген.
Пекиндегі Ұлттық университеттің түлегі, ғалым Дүкен Мәсімхан өзінің «Ежелгі зандар ережесі» деген мақаласында осы дерекке қоса аталған тарихи жылнамадан мынандай зандар үлгісін келтіреді: «..хұндер мен үйсіндерде ағасы өлсе оның әйелін інісі, інісі өлсе жесіріне ағасы әмеңгерлік ететін заңдары бар еді. Бұл олардың тұқым-жұрағатының құрып жоғалудың алдын алуды, сондайак, рулык түзімді қорғауды көздеген әлеуметтік заң-жарғы еді. Олардың табиғатқа табынған,жазбаша іс-қағазға бой ұрмаған бейресми заңдары болатын.
Мәселен кісі өлтіргенге тиісінше үкім шығару, айыбы үшін мал-мүлкін алу, тәнін кесу сиякты жазалары бар еді…» [3], -деген нақты деректер келтіреді. Бұл екі мысалды автор бұдан 2 мың 200 жыл бұрын жазылған «Таннама» мен «Ханнама» жылнамаларынан алып отыр.
Ел билігін ұстаған билер мәртебесі халық алдында үстем болғандығын, ғасырдан ғасырға өнеге ретінде үзілмей жалғасып отырғанын білдіреді.
Оның үзілмегендігін V ғасырларда тарих сахнасына шыққан Түркілер өз заманына сай колдана білді. Түркілердің мемлекеттік тарихы, дәстүр-салты, мәдениеті туралы толымды ойлар айткан Еуразияға даңқы жайылған Лев Гумилев «Көне Түріктер» деген көлемді енбегінде заң орнына жүрген ережелер туралы мынандай деректерді:
«…Түркілерде өте қатал, тіпті қатыгез құкық заңының өзі әйелді қолдап, қорғаған. Күйеуі бар әйелді зорлаған кісі өлім жазасына кесілген. Қыздың арына дак салған еркек, оған дереу үйленген. Әйелді зорлау ең ауыр кылмыскөтеріліс жасау, опасыздыкпен кісі өлтіру, тұсаулы атты ұрлау сиякты жазалармен тең қаралған..» [4] деген ереже-баптардың сорабын кемел оймен мысалға келтіріп, көне түркілер дәуіріндегі зандардың қоғамдық рөлін жоғары бағалаған.
Қазақта билік туралы айтқанда «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген аталы сөз еске түседі. Бір ғажабы осы Майқы би мен Шыңғысханның есімі тең аталып, мемлекет баскаруда бірінің ісін бірі толықтырып түратыны — тарихи тұрғыдан бірнеше рет дәлелденген нәрсе. Сонда мұның астарында қандай сыр бар?!
Шыңғысхан дәуіріндегі «Семсерлер ғасырын» әскери күштің айбындылығымен өлшеп қарасақ, жүздеген жылдар бойы әлемдегі талай іргелі мемлекеттерге билік жүргізгенде, даңқты қаған, басқа елдерді өзі құрған көшпелі қоғамдық құрылыстың зандылық ережелеріне бағындырып, әскери феодалдык жарғылардың деңгейінде ұстағанын кез келген тарихшы теріске шығармайды. Сонымен қатар, Шыңғысхан құрған Ұлы империяның құрамына енген көшпелі тайпалар өз еркімен оның қағандығын мойындап, бұрыннан қалыптасқан ел басқару ісін, дәстүр-салтын, заң жарғысын баяғы қалпынша сақтап қалды. Оған мысал: көшпелі қоғамға тән әдет-ғұрыптағы құқықтық зандардың қазақ ұлысындағы ру-тайпаларда «қаймағын бұзбай» бертінге дейін сақталып, одан сайын өміршең бола түсуі [5]. Басқа емес, Майқы бидей дана, көреген, «түгел сөздің түбіне» жеткен ақылгөй бабамыздың басқа емес Шыңғысханға бас уәзір болуы -қазақ халқы үшін үлкен олжа. Дәлірек айтқанда Майқы би тек қана шешендік сөздің майталманы, білгір би ғана емес. Ол -сол дәуірдегі түркі тілдес Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түрікпен, Татар халықтарының мемлекеттік басқару ісіне өлшеусіз үлес қосқан коғам қайракері.
Майқы би мемлеrет атынан шыққан тәртіп-ереже, салт-сана, зандылық құкықтарын Ұлы империя атынан бірізділікке түсіріп, сол бойынша заңдылық ережелерін қалыптастырып, жарлық шығарған мемлекет қайратқері, әрі оның бас биі болған данагөй.
Шыңғысхан құрған Ұлы империя өзінен кейін қатарынан 300 жыл Еуразияның апай төс даласында каһарлы да пәрменді мемлекет ісін табандылықпен жүргізе білді. Бұған мирасқор болған Бату хан Алтын Орда хандығын әлемге барынша даңқты етіп, ел басқарудың зан жобаларын айбындылықпен жүргізгені баршаға мәлім.
Осы орайдан алып қарағанда ежелгі қазақ зандары мен сот билігінін әлемге танылған тұсы -осы Бату хан құрған Алтын Орда мемлекетімен тығыз байланысты. Өйткені сол замандағы қазақ ұлысы Алтын орда мемлекетінің негізгі құрамында болған. Мемлекеттік билік есебінде берілген хан жарлықтарын қазақ ұлыстары да ел басқаруға пәрменділікпен қолданып келді. Мұны сол кезеңнен бізге жеткен архивтік құжаттар мейлінше растай түседі. [6]
Қазак хандығының қалыптасып өркен жайған дәуірін, жеке мемлекет екенін мойындап дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан Орта Азиядағы Шайбани, Қырым, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтары туралы еларалық жазбалар мен Шығыс Азиядағы Иран, Ирак, Араб, Мысыр, Қытай елдерінен табылып отырған дерекнамаларда Қазақ хандығын (1465 жылы күрылған) қуатты мемлекет есебінде танып білуі жөнінде мол мағлұматтар бар. Әсіресе, өзге емес, өз ұлтымыздың төл перзенті, бұған дейін тоталитарлық қыспақтан жарық қөре алмай келген Өтей-бойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян»деген аса құнды тарихи-ғылыми еңбегіндегі (1467 жылы жазылған) құқықтық әдет-ғұрыптарда некелік зандарға байланысты мынандай деректер кездеседі.«Ақорда ханы Жәнібек әздің жарлығында» тұрақсыз неке, жат қылықтарды тыю керектігін айта қеліп, мұндай ерсілік іс жұртшылықты бұзатынын, алаш ұранды қазақ бұқарасының алдымен өздерін, кейін келер ұрпақтарын әлжуаз, кемтар ететінін ескертіп, «мінсіз бітістік болмағаны үшін» жарғы шығарады. «Жатта өсектік, жаман қылық шықса қара сиырға теріс мінгізіліп елден аластау керек, жұрт жат қылықтан осылай арылсын» дейді. Соны айта келеді де:
«Жеті атаға толмай қыз алысу бүгіннен бастап болмау шарт»,- дейді. «Егер олай болса, болғанына көз жетсе, жұбайлардың бастары тең қылышталмақ»,- деп қатаң ескерткен. Оған қоса жөнсіз беттен сүю, бір ыдыстың ернеуімен бірнеше адамның қайыра-қайыра ас ішуі де неше алуан ауру тудыратынын айтып, оған да тыйым салдырады. Бір өкініштісі, «Ақ Орда ханы Жәнібек әздің жарлығының» отыз беттік басқа бір үлгісі із-түзсіз жоғалып кеткен.
Әз Жәнібек те, Жиренше шешен де аңыз кейіпкерлері емес, таза тарихи тұлғалар. Шу өзені мен Қозыбасы тауы аралығында Қазақ хандығын құрған мемлекеттің бірі -ханы, екіншісі- уәзірі. Сондықтан мұндай тарихи кұнды деректер мемлекетіміздің заң жүйесіне, сот ісінің ежелгі үлгісіне ерекше меңзеу жасайды. Қазақ хандығынын кемелденген тұсы- «Қасқа жолы» Қасым ханның мемлекет басқарған кезеңі (1511-1523 жылдар аралығы).
Ол — өзінің хандык билігі кезінде саяси дипломатияда, мемлекеттік ішкісыртқы саясатта және әскери соғыс ісінде зор табыска жеткен ең көрнекті мемлекет қайраткері. Тарихымызда, әсіресе, қазак сотының билер ережесінде «Қасым ханның қасқа жолы» деп ерекше аталуы да осындай өресі биік дара түлға екенін танытады. Қасым хан ішкі-сырткы саяси жағдайды, халық бұқарасы мен билер сотының іс жүргізу байыбын қарап, ежелден келе жаткан әдет-ғұрып, ереже-тәртіпке елеулі өзгерістер енгізді. Оны сол замандағы елге әйгілі билер кеңесіне салып, «Жарғы заңын» мақұлдатты. Қасым хан исламның «Шариғат заңын» қазақ сотының билер ережесіне енгізбеген, жаңашыл бағыт ұстанған. «Қасым ханның қасқа жолы» делінуі де сондыктан. Мұндағы бастыбасты деген бес қағида-ережені алып қаралық:
1.Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері).
2.Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал тонау, ұрлык қылмыстарына жаза).
3.Әскери заң (қосын кұру, аламан міндеті,қара казан,ердің құны,тұлпар ат).
4.Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік).
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, тұтқауылдардың міндеті).
Тақырып атауынан басқа ереже баптары қалмаған бұл заңдардың әр сөзіне байыппен ой жүгіртсек, мемлекеттік маңызы зор, толыққанды жарғы үлгісі болғанын байқаймыз. [7]
Осы бес түзілімнен тұрған жарғыны Қазақстан Республикасынын сот құрылымындағы іс жүргізу инстанцияларының аткарып отырған міндеттер мен салыстыра қарасақ, бір-бірінен алшақ кетпейді. Мәселен,қылмыс заңын алайық. Мұндағы қамтылып отырған жаза түрлері қылмыстық алқа қарайтын істер мен жаза түрлеріне, осы алқа қарайтын сот істерінің жүйесіне дәл келіп түр.
Мүлік заңы мен жұртшылық заңы езінің тақырыбынан-ақ азаматтық істер мен шаруашылық істеріне тән дау-жанжал, азаматтық ар-ождан, ел бірлігі, халық дәулетін еселеу сияқты нағыз қоғамдық тәртіп, тәрбиеге сүйеніп заң жарлықтарын, іс қарайтын баптарын түзгені әбден аңғарылады.
Әскери заңның құрамына енген жарлық-жарғылар да қазіргі әскери істер жөніндегі сот алқасының атқарып жүрген міндеттерінен онша алыс кетпейді. Отан қорғау,оның жауынгер ұлы болып, елдің шетін,тұтастығын көздің қарашығындай сақтау — адал борыш, азаматтық парыз екенін танытады. Оны орындамау — ер азаматтың абырой-беделіне түскен үлкен кінә, опасыздық деп түсіндірілген. «Қасым ханның қасқа жолы» заң жарғысындағы ерекше көзге түсіп тұрған ереже — елшілік жоралары. Бұл Қасым ханның өзге мемлекет қайраткерлерінен оқ бойы озық, терең ойлы ел билеуші екенін танытады. Оның халықаралық қатынастарда елшілердің ерекше рөл атқаратынын, алғыр ой, шешендік сөз, сыпайыгершілік пен әдептіліктің ел мен елдің арасында ерекше маңызға ие екенін сұңғылалықпен түсіне білгенін жоғары бағалау керек. Қазақтың «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан»деген халық мәтел інде осындай өрелі істің ой орамы жатыр емес пе!? Мұндай елшілікке тән ереже — баптың халықаралық дәрежеде өркен жаюы — біздің халық үшін ерекше мәртебе деп есептеген жөн.
Ал «Есім ханның ескі жолы» деген ауыздан-ауызға көшіп бізге жеткен мәтел — қағидаға айналып кеткен азын-аулақ ереже қалдығы ғана. Мұндағы «Қасқа жолға» қосылған жаңа ереже түзілімі: «Хан болсын, ханға лайық заң болсын; Би болсын, би түсетін үй болсын; Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын; Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын»,- деген хандық құрылым жүйедегі саяси-әкімшілік,әскери,рухани және сот істерін жөнге салып отыраты басты-басты төртке бөлінген төрт тірек екенін танытады. Мұны қазіргі сот алкаларының мәжілісіндегі іс қарау ауқымымен шендестірсек, еш айыбы жоқ.
Қазақ сотының тарихын талдап көрсеткенде XVII ғасырдың соңында қазак мемлекетінің саяси құрылымында, басқару жүйесінде Әз Тәуке хан, Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке би «Күлтөбенің басында күнде кеңес» құрып ұлттық мүдеге үйлесетін жаңаша заңдар ережесі — әйгілі «Жеті жарғыны» өмірге әкелді.
«Жеті жарғы»- халық жадына терең сіңген, ұлттық дәстүр-салтымызбен біте қайнасқан шоқтығы биік зандар ережесі. Өйткені Есім хан тұсынан басталған ойрат — жоңғарлардын қазақ жерінің шұрайлы қоныстарын басып алуы, ірі феодалдар иемденген мал жайылымдарының тарылып кетуі қазақ қоғамындағы бұрыннан қолданылып келе жатқан бес түрлі зандарға қосымша тарау енгізуге себепкер болған. Шөбі шүйгін, қойнауы құт шұрайлы өрістерге талас-тартыстың барған сайын жиілей түсуі, онын соңы кісі өлімімен аяқталуы — мемлекеттік тұрғыдан билік айтатын билер үшін жаңаша зңндар үлгісін өмірге әкелу қажеттігін туғызды. Қасым хан мен Есім хан тұсынан келе жатқан заңдар ережесін ой сарабынан өткізген Әз Тәуке хан үш жүздің ұлы билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің кемел ойлап, кең пішкен даналық ой жемісінің арқасында ежелден өзге заңдармен тең қаралып келе жатқан жер дауын мүлік заңынан бөліп алып, жеке ереже ретінде билік нормасына енгізді. Бұл негізінен алғанда феодалдық қоғамның мықтап дамыған тұсы болғандықтан «феодалдық мүддені қорғаған заң» ретінде тарихта қалды. Бұл заң феодалдық қондырғыға (базиске) қызмет атқарғандықтан сол қоғамдық меншікті корғауға, оны нығайтуға қызмет етті.
Тәуке хан тұсында бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрып заңдарының нормалары өз заманына сай қайта жасалып, кемелдене түсті. Әсіресе билер сотының тәжірибесі, кесімді биліктер, шежірелік мәні бар шешендік сөздер үлгісі жинақталды. Бұған дейін ұсақ хандықтарға, сүлтандыққа бөлінген ұлыстарды біріктіріп, ауызбірлікті сақтаудың сара жолы қөрсетіліп, оларды өзара ынтымақтастыруда сыртқы жауларға қарсы тұрудың ұйтқысын жасады. Сондай-ақ, әрбір руға билік жүргізген билер мен батырлардың саясиэкономикалық рөлін арттырып, іргелі елдермен дипломатиялық және сауда қатынасын нығайтуға арналған заңдар мен жазба актілерді енгізді. Тақырыбы жағынан алғанда Тәуке хан кезіндегі құқық ережелерінің жеке салаларына: қылмыстық заң, отбасы, неке, шариғат ережелерін жатқызған жөн.
Кеңестік дәуірге дейін қазақ қоғамындағы зандар ережесін біршама зерттеген өз халқымыздың өкілі Х.Өскенбаев, өзге елдің өкілдері А.И.Левшин, Сперанский т.б. ғалымдардың еңбегінде «Жеті жарғы» туралы толымды ойлар айтылып, кұнды пікірлер қалған. [8]
Әдебиеттер:
1. Н. Мыңжан.Қазактың кысқаша тарихы. А., 1994, 318-б.
2. Известия общества археологии, истории и этнографии.- Казань, 1904.Т. XX,- Вып. 4 и 5; Гурлянд Я. И. Степное законодательство с древнейших времен по XVII столетие.29б
3. Толыбеков С.Е( Кочевое общество в XVII — нач. XX века.- Алма-Ата, 1971.- 343-344-беттер.)
4. ГумилевЛ.Н. «Хундар»Қазакстан. 1998. 201-бет.
5. Кенжалиев 3.«Көшпелі қазак қоғамындағы дәстүрлі құқықтык мәдениет». Алматы, «Жеті жарғы». 1997. 90-101-беттер.
6. Созақбаев С. «Тәуке хан және Жеті Жарғы».-Алматы, Санат, 1994. 10-бет.
7. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов.— Алма-Ата: Изд. АН КазССР, 1955. 51-52-беттер.
8. Материалы по истории государства и права Казахстана ( МИГПК). Алматы, 1994.19-бет.