МАД«Қарлығаш» Тәуелсіздік мерекесіне арналған тақырыптық оқу қызметі
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім-байлығым»
Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту,құрастыру
Мақсаты: Балалардың Отаны,Рәміздері,желтоқсан оқиғасы,Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін кеңейту.Отанын,елін сүюге тәрбиелеу.Париоттық және адамгершілік сезімдерін ояту.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру,ойын,ән айту.
Балалар қолдарын жалауша ұстап,тауелсіз туралы әнмен балалар кіреді.
Балалар шаттық шеңберге тұрады.
Шаттық шеңбер: Тауелсіз мерекесі құтты болсын!
Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!
Бәрі бірге: Тәуелсіздік заман болсын!
Жоғары қарап күн көрді ,
Төмен қарап жер көрдім,
Онға солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні айтылады.
Оқу қызметінің барысы:
Тәуелсіздік туралы қысқаша түсіндіріп өту.
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан
-Рәміздеріміз-Гимн,Елтаңба,Ту.
-Еліміздің бас қаласы қай қала?
-Балалар Қазақстанымыз қандай мемлекет?
Балалар,бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні.
Балалар Тәуелсіздікті Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда алған.Содан бері 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні деп аталады.
Мотивациялық қозғаушы:
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс
-Қыс айларын атаңдаршы
-Желтоқсан, қаңтар,ақпан.
Балалар желтоқсан айында қандай мерекелер бар екен?
1-ші желтоқсан қандай мерекені атап өттік?
Енді, балалар, бүгін біз Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім-байлығым»атты ашық оқу қызметін өтеміз.
Балалар тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауабы тындадым және тәуелсіздік туралы кеңінен түсіндіріп өттім, және Қазақстан дегенде біздің көз алдымызға елестейтіні ең бірінші еліміздің рәміздері:ту,елтаңба,гимн.
Балалар рәміздерге не жатады?
Рәміздерді атап және белгілерін жеке түсіндіремін.
Балалар рәміздер және тәуелсіздік туралы кім тақпақ біледі?
Назерке:Естісін ел үніңді
Дүние түгел естісін
Тәуелсіздік туыңды,
Биік ұста бүлдіршін
Арсен:Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға.
Бекзат:Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным
Жантөре:Айнымайды аспанан
Біздің тудың бояауы,
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Аяла:Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Сергіту сәті:Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып,бір тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
Дидактикалық ойын: «Күн сәулесі»
Тақтада ілініп тұрған домалақ күннің сәулелерін жапсыру. Яғни қиылып дайын тұрған күн сәулесінің артында сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы, күн сәулелерін орнына қояды. Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.
-Қазақстан призденті кім?
-Тәуелсіздік мерекесі қай кун?
-Қазір қай мезгіл?
-Қыс мезгілдің айларын ата?
-Төрт мезгілді атай аласыңба?
Шығармашылық жұмыс: «Гүлденген Қазақстан»
Түрлі түсті қағаздан қайшының көмегінсіз қайырып гүл жасап және ол жасаған гүлді,тақтада ілініп тұрған Қазақстан картасындағы қалаларға жапсыру.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстанымды гүлдендіремін деген мақсатта.
Бірінші қалай жасалу керек жолын мен яғни тәрбиеші көрсетемін
Соған қарай балар жасайды.
Қортынды: Балалардың орындауында «Қазақстаным Отаным» әні.