ПРОФЕССОР Қ. Қ. ӘБУЕВТЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА
ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Абдрахманова С. А., Жапарова К.Г.
Ш. Уәлиханова атындағы Көкшетау мемлекттік университеті, Көкшетау қ, abdraxmanova_s@mail.ru
Елімізде соңғы жылдары қазақ халқының тарихи-мәдени құндылықтарына мемлекет тарапынан зор көңіл бөлінуде. Оның айғағы Қазақстан Республикасының Президенті,Елбасы Н.Назарбаевтың 2016 жылғы сәуір айнында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және осы 2018 жылдың қарашасында жария етілген «Ұлы Даланың жеті қыры» [1]сияқтыконцептуалдымақалалары болып табылады.Осы мақалаларда айтылған мәселелердің лайықты шешімін табуы, орындалуы халқымыздың рухани игілігіне айналуы, жер-жерлердегі ұлтымыздың рухани-мәдени көшбасшысы болып жүрген айтулы тұлғаларымыздың қызметіне байланысты екендігі мәлім.
Ақмола-Көкшетау жалпы біздің теріскейдің жұрты үшін сондай тұлғаның бірі де бірегейі – Көкшетау қаласының құрметті азаматы, Ресей мен Еуропаның, АҚШ пен Моңғолияның ғылыми – шығармашылық ортасына аты мәлім, тарих ғылымдарының докторы,профессор Әбуев Қадыржан Қабиденұлы. Ол тәуелсіздікке ие болған халқымыздың жас ұрпағының рухани жаңғыруына зор үлес қосып келе жатқан елімізге әйгілі ғалым, ұстаз. Бүгінде ол кісінің тәуелсіздік жылдарындағы қазақ халқының тарихи санасының жаңғыруына қосқан үлесі турасында айтқан уақытта ең алдымен, оның тарих ғылымындағы бүгінгі күнге дейін жүріп өткен жолына жалпы шолу жасауға тура келер еді.
Қадыржан Қабиденұлы бар саналы ғұмыры мен шығармашылық ерікжігерін өлкеміздегі тарихи білім мен ғылымның өркендеп дамуына жұмсап келе жатқан қаламы қарымды қайраткер.Ол 140-тан астам ғылыми еңбектің, соның ішінде сегіз іргелі монографияның авторы, оның ғылыми шығармашылығына арқау болған тұлғалардың барлығы еліміздің тарихында терең із-рухани мұра қалдырған Абылай хан, Кенесары хан, Шоқан Уәлиханов, Науан Хазірет,Айдархан Тұрлыбаев сияқты алаш жұрты үшін аянбай ерлік қылған, халқына ұшан-теңіз қызмет істеген — Ұлы тұлғалар.Тарих пен әдебиет сынды ғылым-білім салалары тек аса жігерлі, тумысынан пассионарлық рухэнергетикаға ие адамдарға ғана бағынады. Қадыржан Қабиденұлы сөзсіз сондай тұлғалар санатына жатады.Ғалым тарих қойнауын зерделеуді тек өзінің жеке бас зияткерлік қызығушылықтарын өтеу деп қабылдамайды, ол тарихпен ең алдымен, ұлт, қоғам алдындағы азаматтық парызы ретінде саналы түрде айналасады.
Қадірлі ұстазағамызғабілім беру ісіне сіңірген еңбектері дер кезінде бағаланып, ол өзінің ғылым мен білім саласындағы табыстары арқасында екі мәрте «Жоғары мектептің үздік оқытушысы», «Жыл маманы» ұлттық сертификатының иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер деген марапаттар мен құрметті атақтарға ие болған.
Алдыңғы жылы Ресей жаратылыстану ғылым академиясының ұсынысымен әлемге танымал Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік консорцумы тағайындаған «Еңбекпен және Біліммен» орденімен марапатталып, Германиядағы Франкфурт қаласында өткен әлемдік кітап көрмесінде ғалымның Абылай хан, Науан Хазірет, «Көкшетау. Тарихи очерктер» еңбектері көрме катологына енгізілді. Осы аталған еңбектер Ресей ХШЖК-де де алтын медальға ие болды.
Жас ұрпақ тәрбиесінде ұлттың ұлық тұлғаларының орны ерекше, сол себепті Қадыржан Қабиденұлы елімізде тарихшылар мен мәдениеттанушыларға, әдебиеттанушыларға жалпы шығармашыл қауымға үлкен дем берген Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрген 2016 жылы «Шоқан және оның замандастары атты монографиясын» жариялады. Қадыржан Қабиденұлы шығыстанудың жарық жұлдызы деп танылған Шоқан дүниеге келген Сырымбеттен небары 30 шақырым жердегі ауылда туып-өсіп үлкен білім мен ғылым әлеміне сәтті сапар шеккен үлкен ғалым, ұстазға айналған тұлға.
Шоқан ғалымның өзі айтқандай оның шығармашылық ізденісінің әрдайым басты тақырыбының бірі,бағыт ұстар жұлдызы болып қала береді. Бүгінде, Қадыржан Қабиденұлының шоқантануға сіңірген айрықша еңбегін Қазақстан мен Ресей ғалымдары мойындап отыр. Қазіргі күнде тарих білімі мен ғылымы саласында талмай еңбектеніп келе жатқан барша елімізге әйгілі тарихшы, қадірлі ағамыз, ғылым мен білім жолындағы көптеген тарихшыларға ұстаз [2].Өзі негізі қалаған тарих мамандығы бойынша ашылған магистратура мен доктарантурада дәріс беріп, диссертациялық еңбектерге жетекшілік жасап келеді. Қадыржан Қабиденұлы өңірлік ақпарат құралдарына жиі шығып, ел, өлке тарихының, рухани жаңғырудың өзекті мәселелеріне байланысты өзінің ой-пікірлерімен жұртшылық қауыммен бөлісуден жалыққан емес.
Рухани жаңғыру бағдарламасының жоспарына сай Әбуев Қадыржан Қабиденұлы«Ақмола облысының тарих және мәдениет қайраткерлері» атты оның авторлығымен әрі редакторлығымен Көкшетау қ. «Әрекет» баспасынан биографиялық очерктер жинағын шығарып отыр[3]. Аталмыш кітаптың Ақмола жұртшылығына тұсау кесер таныстырылымы Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада өтіп, осы салтанатты рәсімге облыс пен одан тыс жерлерден келген шығармашылық интеллегенция мен облыс басшылығынан өкілдер қатынасты. Жиынға Қостанай қаласынан Қадыржан Қабиденұлының еңбегін аса жоғары бағалап сөз сөйлеген тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы болды [4].
Аталмыш очерктер жинағына Қазақстан тарихында ерекше рөл атқарған Ақмола облысы жерінде жасаған Қазақстанның арғы және бергі тарихында өздерінің шығармашылық, жасампаздық, күрескерлік ерлікке толы қайраткерлігімен Ел көзіне түсіп, жалпы алаш жұртына қала берді алыс-жақын шетелдерге танылған тұлғалар туралы зерттеулері мен ой-толғаныстары енген еді. Осы таныстырылым салтанатында оның толғамды очерктер жинағы жұртшылық тарапынан соңғы 30 жылдан астам уақыт ішіндегі ғылымишығармашылық ізденістерінің тағы бір нәтижесі деген бағалауға ие болды. Халқымыздың тарихи танымы мен білігі құлдырап тұрған өткен ғасырдың 80- ші жж. соңы мен басындағы ғалымның өлкетануға, жалпы тарих ғылымына қосқан үлесі ерекше. Осы ретте тәуелсіздігіміздің таңы жаңа атып «Ұлы дала» тарихының көптеген беті көмескі тартып тұрған шақта,бұрынғы үйреншікті патшалық дәуірдің, кеңестік кезеңнің тарихи дискурстарын сырып қойып, төл тарихымызды Ұлттық тарихи таным тұрғысынан қарастыруға кіріскен қазақ тарихшыларының сол кездегі Манаш Қозыбаев бастаған үлкен шоғырының маңдай алдында өлке тарихының, ел тарихының тамыршысындай болып, осы өңір тарихында қилы рөл атқарған қайраткерлер мен заман турасында терең зерттеулер мен ғылыми ізденістер жасаған Қадыржан Қабиденұлы тұрды. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы,егеменді Ел болуға бет бұруы көптеген жазушылар мен тарихшыларды шығармашылық пен тарихи ізденістердің тың жолына түсуіне дем берді.
Бұл ретте Қадыржан Қабиденұлының жолы болған, заманы туған бақытты зерттеуші ғалым. Себебі, Қазақстан мен Ресей тарихындағы нысаналы қайраткерлердің тарихи тағдырын зерттеуден бастаған Қадыржан Қабиденұлының ең алдымен Абылай хан тақырыбына баруы, ең алғаш тәуелсіздігіміздің шаңырағы жаңа көтерілген кезде Абылай ханның 280 жылдығын Көкшетау баурайында өтуіне мұрындық болуы сол кездегі Ел өміріндегі аса ірі мәдени-саяси оқиға еді. Қадыржан Қабиденұлы шындығына келгенде рухани жаңғыру үдерісін сонау 90- шы жж. өзінде бастап кеткен болатын. Осы бастаманың нәтижесінде «Абылай және оның дәурі» [5] атты айтулы монографиясы дүниеге келді. Аталмыш монография қазақ хандық мемлекетінің шаңырағы шайқалып, елдігі кетіп бара жатқан заманда Алаштың тағдырын өз қолына алып, шаңырағын қайта тіктеген қайраткердің қазақ тарихындағы орны мен рөлін кең көлемді архивтік, тарихи-фольклорлық материалдарды жаңа тарихи парадигма тұрғысынан қарастырып зерттеуі абылайтану тарихнамасындағы ірі жаңалық, әрі қазақ мемлекетшілдігі саясимәдени дәстүрін қайта сабақтап жаңғыртып жалғастыру қызметін атқарды.
Қадыржан Қабиденұлының осы іргелі еңбегі 2013 жылы Абылай ханның 300 жылдығын атап өту қарсаңында Абылай хан энциклопедиялық басылымды шығаруына негіз қалады [6]. Қадыржан Қабиденұлы сол кезден бастап айтулы тұлғалардың өмір тарихын, қайраткерлігін зерттеу мектебінің осы өңірдегі негізін қалаушы болып табылады. Бүгінде оның қаламынан туған «Абылай хан және оның замандастары мен ұрпақтары» [7], «Шоқан және оның замандастары мен ұрпақтары» [8] сияқты іргелі тарихи еңбектері өз оқырмандарын тауып отыр. Оның осындай Қазақ Елі тарихында өшпес жарқын із қалдырған тұлғалардың өмірі мен қызметін зерттеп бірнеше монографияны жариялауы қазіргі заманғы Отандық тарих ғылымындағы тұлғатануға, халқымыздың рухани жаңғыруына қосқан зор үлесі деп білеміз.
Елді көтеретін оның шаруашылық-экономикалық табыстары ғана емес, оның өткен тарихына негізделген рухани үлгі – қазыналары. Сондықтан, елдік рух пен патриотизмді елге қызмет ету қасиеттерін жас — өрендер бойында қалыптастыру үшін бүкіл елге, әсіресе жас ұрпаққа үлгі тарихи тұлғалардың өмір тарихын зерттеп, олардың барлығын тарихи сахна төріндегі өзінің тиісті орнына келтірудің міндеттері тұрды. Қадыржан Қабиденұлы сияқты өте еңбеккор зерттеуші еңбегі арқасында Ақмола мен Көкшетау өңірінде ғұмыр кешіп, ел-жұртына, қазақ руханиятына, қазақ мемлекеттілігіне орасан зор еңбек сіңірген қараткерлердің бүтіндей галереясы жасалынды.
Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ тарихнамасына өзінің іргелі зерттеулері арқасында рухани жаңғыру үдерісіне зор үлес қосып келе жатқан Қадыржан
Қабиденұлының тарихи еңбектері бүгінгі еркін заманда дәуірінде дүниеге келіп, бүгінде ер жеткен, жаңа өсіп — өніп келе жатқан ұрпақ үшін ғибраты мен өнегесі мол туынды болары айқын деп білеміз.
Әдебиеттер:
1. Н. Назарбаев.Ұлы Даланың жеті қыры. //Егемен Қазақстан, № 223 (29454), 2018. -21.11. 2. КузенныйА.Дух просвещения. //Акмолинская правда, №..,2017. -18.03.
3. Қ.Қ.Әбуев. Ақмола облысының тарих және мәдениет қайраткерлері:библиографиялық очерктері. — Көкшетау: «Әрекет», 2018. 336 б.
4. Таева А.Новая книга профессора Абуева. //Акмолинская правда,2018.16.10.
5. Абуев К.К. Хан Абылай и его время. — Астана: Елорда,2006. — 304 с.
6. Қ. Қ. Әбуев. Абылай хан: Энциклопедия. — Көкшетау: «Әрекет», 2013.432б.
7. Абуев К.К.Абылай хан. Современники и наследники.–Кокшетау:
«Әрекет», 2013.- 308 с.
8. Абуев К.К.Шоқан және оның замандастары мен ұрпақтары- Көкшетау:
«Әрекет», 2016.