АБЫЛАЙ ХАН БАСТАҒАН ҚАЗАҚ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ЦИН ИМПЕРИЯСЫ БАСҚЫНШЫЛЫҒЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСІ
Қанат Еңсенов,
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты
Қазақ елінің тарихта жүріп өткен жолы, өзіндік тағдыры мен тарихы бар. Сол тарихи кезеңдерде халықты басқарып, елдікті сақтау үшін күрес жасаған тарихи тұлғалар да баршылық. Жаугершілік заманда қазақ халқының арасынан шыққан билер, батырлар, жыраулар мен ақындардың барлығы өз заманында елі мен жерін қорғауда батылдық танытты. Осындай ерлік пен серіліктің ғажап көрінісі дана кемеңгер Абылай хан заманындағы қазақтың қаһарман ұлдарына да тән болды. Ол уақытта қазақ елінің басына күн туған қиын-қыстау заманда тығырықтан жол тапқан билеуші, қолбасшы, мәмілегер Абылай ханның тарихтағы рөлі ерекше еді. Абылай Қазақ елінің төңірегіндегі алты бірдей елмен арпалысып, елдікті сақтау, халықты қырғыннан қорғау мәселелерін жетік ойлап, кейде қолына найза алып, ақбақай атына мініп, ақ туын көтеріп қазақ әскерін жорыққа бастаса, бірде қолына қалам алып, көрші елдің басшыларымен келіссөздерге көшіп, мәмілегерлік саясат ұстанды .
Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781ж.ж.) — қазақ ханы, мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай — Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
Қазақ Хандығында Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады [1]. Кейін қазақ-жоңғар соғысында асқан ержүректігімен көзге түсіп, халықтың қалаулы азаматына айналып, дара дарынымен ел басқару тізгінін қолына алған.
ХVIII ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.Левшин: «1739 жылы Орта жүзде Сәмеке (Орта жүздің батысындағы аз санды руларды биледі) ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген» [2], — деп жазды. Шоқан Уалиханов та осы пікірді қолдайды.
Қазақ елінің тарихында Абылайдың сыртқы саясаты икемділігімен және ымырашылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан, Ресей протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділік көрсетуге тырысты [3].
Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 жылы тамызда Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Цин империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербор мен Бейжіңге елшіліктер аттандырды. 1757-1777 жылдары Бейжіңге 10 елшілік жіберген). Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 жылы Қалдан Серен дүние салғаннан кейін Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті
Жазба деректерде Абылайдың шет ел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендегі айқын көрсетіледі. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы-жазы үзбестен қатысты. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды) шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының беделді қайраткерлері деңгейіне көтерді.
Қазақ хандығы мен Цин патшалығы арасындағы ресми қарым-қатынас Жоңғар хандығы ыдыраған кезде бірте-бірте орнаған. Мұндай қарымқатынастың басталуы Абылайдың одақтас болған әрі Жоңғар хандығына түгел билікке ұмтылған соңғы тұлға болып тарихта қалған Әмірсананың Цин патшалығының қуғындауына байланысты Қазақ жерін паналауына тікелей қатысты еді. Осымен байланысты тарихи оқиғалардың өрбуі Абылайдың Цин патшалығы жөнінде ұстанған саясатын айқын көрсетеді [4].
Казахи защищая свой очаг, свою землю, осторожно сражались, используя подвижность своей конницы, они наносили захватчикам серезный урон, одерживали победы. Неоповерживым доказательством может служить то, что маршал Церен, возглавлявший «великое войско», вторгшееся в Джунгарию, за победу над ойратами буквально был осыпан наградами. Но упорное сопротивление отрядов Абылая буквально парализовало и расстройло действия цинских войск, которым командовал «полководец, усмеряющий заподные провинции» Церен. В мае 1756 года Указом императора Церен был разжалован и наказан. Теперь ответственность за западный путь передана Дардане, аза Северный путь – Хадаке. Оба они являются храбрыми войнами [5].
1756 жылдың жазында Қазақстан аумағында екі ірі топқа бөлінген Цин армиясы басып кірді. Солтүстіктегі армияны маньчжур генералы Хадаха, батыстағысын – генерал Дардана басқарды. Қазақтар мен қытайлардың ең алғашқы қақтығысы 1756 жылдың мамырында Шаған Оба ауданында болды. Қантөгісті шайқастан кейін қазақтар батысқа қарай шегінуге мәжбүр болды.
Келесі үлкен шайқас Қарқаралы тауларында Жарлы өзенінің жағасында өтті. Қазақтар қытайларға тау шатқалдарында тосқауыл жасады, алайда тәжірибелі генерал қулықты біліп қойды. Табан тірескен шайқас қытайлардың жеңісімен аяқталды, оның барысында 500-ден астам қазақ өлтіріліп, 11 адам тұтқынға түсірілді. Шегінушілерді өкшелей қуып, қытай армиясы Нұраның жағасына жетті, бұл жерде Әмірсана мен Қожаберген батырдың тобы қарсы тұрды. Қазақтар мен жоңғарлардың табан тіресіп қарсыласуына қарамастан, цин әскерлері өзінің батысқа қарай ілгерілеуін жалғастыра берді.
Бұл кезде Абылай Баянауыл тауларында әскер жинап жатқан еді. Хадаханың хабарлағанындай, күздігүні маньчжурлар «Абылайдың Бөгенбай бастаған жасағымен … шайқас жасады». Шайқас Баянауылдың батысына қарай Шідерті өзенінің бас жағында болды. Маньчжур генералының патшаға берген мәліметіне қарамастан, цин әскерлері зор шығынға ұшырады, шайқас болған жерді қазақтар «Шүршітқырылған» деп атап кетті. Одан кейін Нияз таулары маңында қытайлардың Бөгенбай батырдың топтарымен шайқасы болды. Қазақ жасақтарымен көптеген қақтығыстар және олардың табандылықпен қарсыласуы цин генералдарының Солтүстік және Батыс армияларын суық түскенге дейін біріктірмек болған бастапқы жоспарларын бұзды. Екі армияда көп шығынға ұшырады, тың күштер мен азық-түліктің жетіспеушілігін басынан кешірді. Олардың көп қиындықпен 1756 жылдың қазан айында Есіл жағасында бірігуінің сәті түсті. Цин империясы әскерлері өте қиын жағдайға ұшырады. Аттары болдырды. Қатаң қыс түсті. Азық-түлік жеткізілмеді. Ақыры цин өкіметі әскерін Қазақстаннан кері шығарып әкетуге мәжбүр болды [6].
Но, увы, этим маршалам также не повезло. Подводя итоги военных действий в Казахстане за 1756 г., император Цяньлун разжаловал в рядовые обоих командующих – Дарданы и Хадаки. В полне понятно, что причиной провала военной кампании цинов в Казахстане, были не глупость и бездарность военачалников, а решительные и смелые боевые действия казахских отрядов, возглавляемых Абылаем. Дарданы и Хадаки сменили новые командующие «великой арми», то есть китайских войск – Зянцзюнь Чжаохой и Фу Дэ. Именно с этими цинскими военачальниками в 1957-1958 годах вел переговоры султан Абылай. Общая численность цинских войск, которыми командовал Чжао Хой и Фу Дэ, составил до 170 тыс [5, 105].
Қазақ-қытай қатынасында Абылай әуелде Жоңғарияның қазақ қоныстарын қытай басқыншылығынан қорғап, аралық рөл атқарғанын анық ұғынып, Цин патшалығының «Әмірсананы» бізге тапсыр деген талабын орындаудың орынына Цин патшалық әскерімен соғысуға дейін барды. Алайда, Әмірсананың және Жоңғар хандығының дәурені келмеске кеткенін білді, өз іргесіне ақыры мықтап келіп жеткен жойқын күшпен санасып, қазақ елінің мүддесін мәмілегерлік жолдармен қорғау қажет екендігін түсінді. Сөйтіп Цин патшалығымен бітімге бару, Цин патшалығымен сауда-саттық орнату және Қазақ-Цин арасындағы шекаралық өңірлер мәселесін шешу жолын іздестіру үшін Цияньлунға өз елшілерін жіберді.
Абылай дәуіріне қатысты тарихшы-ғалым Б.Еженханұлы қытай мұрағаттарынан тапқан деректерге сүйеніп, мынадай мәліметтер келтірген: «Абылай хан мен Әбілпейіз хан Цин патшасы Цияньлунға 1757 жылы тамыз айының 30-жұлдызында елшісін жіберген. Бұл туралы цин әдебиетінде көп мәлімет бар және аталмыш оқиғаны қазақтардың Цин патшалығына «бағынатындығының бастамасы» деп көрсетеді. Алайда, осы оқиғаға байланысты цин дәуірі тарихи деректемелердің ішіндегі орда естелігінде және Қытайдың бірінші тарихи мұрағатында сақталған біраз құжаттарға үңілсек, қазақ елшілерінің шекара мәселесін қозғағандығы алдымен назарымызды аудартады. Осы деректемелердің хабарлауынша, елшілер цин патшасына «Тарбағатай біздің бұрынғы көшіп-қонып жүрген жеріміз еді. Өзіңіздің ілтипатыңызды білдіріп, осы жерді бізге берсеңіз» деп талап қойған. Ал Цияньлун патша болса, Абылай ханға жазған жауап хатында «егер сендер
Әмірсананы ұстап берсеңдер, мен ол жерлерді сендерге берер едім» деп саудаласқан.
Цин патшалығымен бітімге келе отырып, Абылай Қазақ хандығының өзіндік саяси-әлеуметтік және қоғамдық құрылысын толық сақтап қалуын, олардың маньчжур-қытай ықпалынан неғұрлым аулақ болуын көздеген» [4,14]. Демек, қазақ халқының елдігін сақтау мақсатында Абылай ханның көреген саясат жүргізгендігін байқаймыз.
Цины потребовали от казахов выдачи Амурсаны, в противном случае, как отмечалось в грамоте императора, «двинем великую армию и полностью уничтожим вас». Тем не менее, Абылай отказался выдавать мятежных ойратов. Казахи в это время были заняты мирном трудом, они, только что, изгнав со свойх исконных земель джунгар, вновь осваивали эти кочевья. Напрашевается вопрос, почему Абылай, рискуя безопасностью страны, не выдавал ойратских беженцев? Прежде всего, видимо, по моральным соображениям: казахи издревле считали позором отказывать в убежище кому бы то ни было, если только он совершил преступления.
Во-вторых, Абылай связан с Амурсаной клятвенной дружбой, сведения об этом имеются и в казахском фольклоре, и архивных источниках. В-третих, и пожалуй, это было главным, Абылай хотел у восточных границ своей страны имет дружественную Джунгарию во главе с Амурсаной, нежели сильную и агрессивную Цинскую империю.
28 июля 1757 г., Амурсана явился в Семипалатинск и попросил убежища. Оттуда он был переправлен в Тобольск, куда вскоре прибыла его жена Битей, доч известного хунтайджи Галдана Церена, с сыном. Однако пребывание Амурсаны в Тобольске длилос не долго, заболев на чужбине оспой, он умер 21 сентября 1757 года [5, 106].
Ғалым Ш.Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие болған бір де бір қазақ ханының болмағанын, оның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттерін, «ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын рубасылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін» тыйғандығын жазды. Шоқан: «Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналған» [7], — деп атап көрсетті.
Қорытындылай келгенде, Абылай хан қазақ хандарының ішінде өзінің аса таланты, қолбасшылығы және мәмілегерлігімен ерекше орынды иеленен. Жалпы, қазақ ұлтының сонау алапат, жаугершілік замандардан аман-есен бүгінгі күнге сақталып жетуі де батыр бабаларымыздың арқасы деп ұқанымыз жөн.
Литература:
1. Абылай хан. Тарихи жырлар. Тарихи жырлар. Т. 4. Алматы., 1993, С. 67.
2. Левшин А.И. Описание киргиз-казьачих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. Алматы., 1996. – 246-б.
3. Цинская империя и казахские ханства. Вторая полавина XVIII – первая треть XIXвв. Сб. Документов и материалов. Алматы, 1989. Ч.2. С. 101-102.
4. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері ІІІ том. (Цин патшалық дәуірінің мұрағат құжаттары) / «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Шығыстану секциясы: / Қытай деректерінен аударған Б. Еженханұлы. Ғылыми редакторы М.Қ. Әбусейтова. Алматы: «ДайкПресс» баспасы, 2006. 13-б.
5. Абуев К.К. Абылай Хан. Современники и наследники: монография. – Кокшетау: Әрекет, 2013. – С. 104.
6. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. – Алматы: «Атамұра», 2010. — 249-250-бб.
7. Уәлиханов Ш.Ш. Шығармалар жинағы. І том. Алматы., 1984. 265-272-бб.