Сәбит Мұқанов

Сәбит Мұқанов (1900-1973)
Шығармашылық өмірі. Өлеңдері. Поэмалары. «Сұлушаш» (1928). Поэманың сюжетіне негіз болған материал. Ақынның ойдан қосуы және оның шығарманың көркемдік-идеялық жүйесіәндегі орны. Сұлушаш, Алтай, Қайсар бейнелері. Поэманың көркемдік ерекшеліктері. Ақынның өз заманы туралы жазған шығармалары. «Майға сәлем», «Ақ аю», «Колхозды ауыл осындай», «Сөз Советтік Армия», «Поэзия маршалы», т.б. Олардағы ақындық ізденіс іздері. Ақынның В.Маяковскийден үйренуі, қазақ өлең құрылысына енгізген жаңалығы. Прозалық шығармалары. «Адасқандар» (1931), «Жұмбақ жалау» (1938), «Ботакөз). Романның қазақ әдебиетінде реализм әдісі негізінде көрінген шығарма екендігі. Жазылу тарихы. Тақырыбы мен көтерген мәселесі. Романның сюжеттік желісін құрған тарихи оқиғалар, оларды жинақтау мен даралаудағы суреткерлік нысана. «Менің мектептерім», «Өмір мектебі», «Есею жылдары». Шығарманың жанрлық сипаты, онда қазақ халқының өмірінің суреттелу жолдары. Баяндауышының өз бейнесі. Дәуір шындығы және көркемдік жинақтау. «Сырдария» романы (1948-1951). Тақырыбы. Еңбек адамдарының бейнелері. Байжан, Айбарша, Дәулет, Сырбай, Анатолий, Самархан, наталья, Рахмет сияқты басты кейіпкерлердің образдары, олардың өсу жолы. Романдағы халықтар достығы. Романның көркемдігі. Баяндау, суреттеу, әңгімелеу жолдары. Шығарманың тілі. «Мөлдір махаббат» (1959) романы. Шығарма тақырыбының тууы. Жазушының өмір шындықтарын жинақтау жолдары. Бүркіт пен Бәтестің махаббат тарихы, олардың еркін өмір жолындағы әрекеттері. Романның басты кейіпкерлері және олардың прототиптері. Драмалық шығармалары: «Күрес күндерінде» (1938), «Сәкен Сейфуллин» (1964), «Қашқар қызы» (1972), «Шоқан Уәлиханов» (1953). «Аққан жұлдыз» (1967, 1970). Романды тетрологиялық деңгейде жазу туралы автордың ойы. Ол ойдың толық жүзеге аспауы. Романның алғашқы екі кітабында көрініс тапқан өмір шындықтары. Шоқан Уәлиханов бейнесі. Әдебиет сыны мен әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектері «Өсу жолдарымыз», «Халық мұрасы», «Жарқын жұлдыздар». «XYIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихының очерктері» оқулығы. Жазушы творчествосының зерттелу жайы, қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *